ІІІ кезең. «Венгр» сөзжұмбағы
ІV кезең. «Кім жылдам» сайысы
V кезең. «Бәйге» топбасшылар сайысы
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезең
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Марапаттау
Жүргізуші:
Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп.
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып 8-9 сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Үздік информатик» атты шарамызға қош келдіңіздер! Осындай екпінді ду қол шапалақпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстыра, - дей отырып ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» сайысын бастаймыз.Сайыскерлер өз топтарының төсбелгілерін және өздерін таныстырады. (2-3 минут уақыт беріледі). І кезеңдың соңында «Таныстыру» сайысының қорытындысын әділ-қазылар алқасы баяндайды. Әрбір топтың жинаған ұпай қорын білейік.
«Таныстыру» сайысының ұпай сандарын білсек ІІ кезеңымызды бастайық.
Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уакыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
ІІ бөлім «Құпия жәшік» сайысы. Бұл бөлімде сайыскерлерге жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда (Ақпарат)
Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (Компьютерлік вирус)
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)
Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл. (Архив)
Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады? (алгоритм)
Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)
1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз. (Герман Холлерит)
... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдық алгоритм)
Осылай ІІ бөлімд аяқтай келе қазылар алқасынан бөлім бойынша ұпай қорын анықтасақ.
Достарыңызбен бөлісу: |