Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет3/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

9
Табиғи  ғылымдар  ішінде  физика  пәні  ерекше  орын  иелейді.  Алғашқы 
тақырыпта  айтып  өткеніміздей,  бұл  пәннің  зерттейтін,  үйренетін  аясы 
өте  кең.  Физиканың  жаңадан  үйренілетін  әрбір  заңдылығы  қоғамның 
дамып,  өркендеуіне  күшті  әсерін  тигізеді.  Осыған  орай  біздің  сүйікті 
Өзбекстанымызда  да  физика  ғылымын  дамыту  бойынша  ауқымды 
жұмыстар  жүргізіліп  жатыр.  Бұл  істермен  негізінен  Өзбекстан  Ғылым 
академиясына  қарасты  ғылыми-зерттеу  институттары  мен  жоғары  оқу 
орындарының зертханаларындағы ғалымдар шұғылдануда.
Бүгінгі таңда Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ұлықбек 
атындағы  Астрономия  институтында,  академик  С.А.Азимов  атындағы 
«Физика-Қуёш»  ғылыми  өндірістік  бірлестігі  жанындағы  Физика-техника 
институты  мен  Материалтану  институтында,  Ғ.Мавлонов  атындағы  Сейс-
мология  институтында  және  Қарақалпақстан  табиғи  ғылымдар  ғылыми-
зерттеу  институтында  механикалық,  жылу,  электр,  жарық  және  дыбыс 
құбылыстары бойынша ғылыми iзденiстер жүрiп жатыр.
4-ТАҚЫРЫП
ФИЗИКАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ТЕРМИНДЕР
Табиғатта кездесетін барлық денелерді физикалық дене деп атайды. 
Мәселен: күн, жұлдыздар, ғаламшарлар, тастар және т.б.
Кейбір  физикалық  құбылыстар  нақ  бір  денедегідей  болып  жүзеге 
асатын денелердің жинағы денелер жүйесі деп аталады. Мысалы, ав-
томобиль  түрлі  бөлшектерден  құралса  да,  нақ  біртұтас  денедей 
қозғалыста болады.
Құбылыстар  кезінде  затты  құрайтын  бөлшектер  өзгеріссіз  күйінде 
қалса,  бұндай  құбылыстар  физикалық  құбылыстар  деп  аталады. 
Мәселен,  тастың  түсуі,  доңғалақтың  айналуы,  судың  қайнауы  мен 
мұздауы,  шамнан  жарықтың  тарауы,  радиодан  дауыстың  шығуы  секілді 
үдерістерде оны құрайтын бөлшектердің ішкі құрылысы өзгермейді.
Физикалық  құбылыстарды  тікелей  бақылау  және  тəжірибе  жүзінде 
сынау арқылы заңдар жасалады.
Құбылыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы мөлшерлік бай-
ланыстан тұратын өрнек физикалық заң деп аталады.
Болып жатқан құбылыстың ерекшелігін оған тікелей ықпал жасамай 
зерттеуді бақылау деп атайды. Мәселен, денелердің Жерге түсуін зерттеген 
кезде  бұл  құбылысты  бірнеше  рет  бақылаған  соң  ғана  оның  заңдылығы  та-
былады.  Бұл  үшін  арнайы  т
əжірибелер  жүргізіледі.  Тәжірибелер  барысында 
бақылаумен қатар өлшеу жұмыстары да қоса жүргізіледі.


10
Мәселен,  судың  қайнау  үдерісін  бақылау  кезінде  термометрдің 
көмегімен оның температурасы да өлшеніп тұрады.
Сонымен  біз  физикалық  білімдердің  қайнар  көзі  бақылаулар  мен 
тəжірибе жүргізулерден тұратынын біліп алдық.
1.  1-суретке  қарай  отырып,  физикалық  денелер  және  денелер  жүйе-
сін көрсетіңдер.
2. Бақылау мен тәжірибе жүргізудің арасында қандай айырма бар?
3. Физикаға қатысты тәжірибелерге мысал келтіріңдер.
5-ТАҚЫРЫП
БАҚЫЛАУЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР
Айналамызды  қоршап  тұрған  әлем  жөніндегі  алғашқы  білімдерді  біз 
құбылыстарды бақылау арқылы аламыз.
Болып  жатқан  құбылысқа  ешқандай  ықпал  жасамай  тұрып,  оның 
ерекшеліктерін  зерттеуді  бақылау  деп  атайды.  Мысалы,  адамзат 
денелердің  Жерге  түсу  құбылысын  өте  ерте  замандардан  бері  бақылап 
келеді. Бақылаулар барысында мынадай екі сұрақ туылған: неліктен денені 
еркін жіберсе, ол тек төмен қарай ғана қозғалады? Оның түсу жылдамдығы 
нелерге  байланысты?  Ежелгі  грек  ғалымы  Аристотель  осы  сұрақтарға  жа-
уап  табуға  әрекет  жасаған.  Ол  дененің  салмағы  қаншалықты  ауыр  болса, 
оның түсу жылдамдығы да соншалықты тез болады деген идеяны ұсынған. 
Итальян  физигі  Галилео  Галилей  өз  заманында  осы  идеяны  тексеріп  көру 
үшін  тәжірибе  жасайды.  Аңыздарға  қарағанда,  әйгілі  Пизан  жантайма 
мұнарасынан шар тәрізді жеңіл және ауыр салмақты денелерді бір мезгілде 
тастап көреді. Бұл денелердің жерге бір мезгілде келіп түскеніне сол арада 
тұрғандардың бәрі де куә болады. Бұл құбылысты сан рет қайталап сыннан 
өткізген  соң,  заңдылық  ашылған.  Осылайша  Галилей  жүргізген  тәжірибе 
негізінде Аристотель идеясының дұрыс еместігі дәлелденген.
Жоғарыдағы  үдерісті  бақылау  кезінде  оның  барысы  қандай  болғанын 
және  оның  себебін  анықтауға  әрекет  жасайық.  Ойды    қорыту  кезінде  
бақыланып отырған құбылыстар жөнінде гипотеза деп аталатын алуан 
түрлі  болжамдар  туындайды.  Гипотезаны  тексеру  үшін  арнайы  тəжі-
ри  белер жүргізіледі. Бұндай тәжірибе лерді эксперимент деуге де болады.
Тәжірибе  өткізу  кезінде  бақылаумен  қатар  өлшеу  жұмыстары  да 
жүргізіледі.  Мысалы,  судың  қайнауын  бақылағанда,  термометрдің 
көмегімен  оның  температурасы  да  өлшенеді.  Кез  келген  гипотеза 
айтылғанда оның дұрыс не дұрыс еместігіне көз жеткізу үшін эксперимент 
арқылы анықтаймыз.


11
Сонымен,  физикалық  білімдер  төменде  келтірілген  бірізділік  бойынша 
орындалатын жұмыстар арқылы иеленетін болып шықты:
бақылаулар → гипотеза → эксперимент → тұжырым.
Тәжірибелер жасау мен бақылаулар жүргізу кезінде өлшеу жұмыстарын 
орындау  үшін  өлшеу  аспаптары  пайдаланылады  (2-сурет).  Олардың 
кейбіреулері  өте  қарапайым  жасалған.  2-суретте  келтірілген  аспаптардың 
бірі – штангенциркуль,  ол  денелердің  қалыңдығын  немесе  қыртыстарының 
енін өлшеуде қолданылады.
 
Өлшеу таспасы 
Штангенциркуль
 
Таразы
 
 
Сызғыш 
Мензурка 
Секундомер
2-сурет.
Өте дәл әрі күрделі өлшеулер кезінде күрделі аспаптар, мәселен, уақыт-
ты, жылдамдықты, ауаның қысымын өлшейтін аспаптар пайдаланылады.
1. Гипотеза дегенде нені түсінуге болады?
2. Бақылаудың эксперименттен қандай айырмасы бар?
3. Өлшеу аспаптары қандай мақсаттарда пайдаланылады?
4. Сен тағы қандай өлшеу аспаптарын білесің?
Практикалық тапсырма
Секундтық  тілі  бар  сағатты  немесе  ұялы  телефонның  сағатын 
пайдаланып,  өзіңнің  және  жолдасыңның  бір  минуттағы  тамыр 
соғуын есепте.


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау