ҮҚЦ-нің қызметі мен ерекшелігі
Энергия алмасудың екінші сатысы – үш карбон қышқылының циклі немесе лимон қышқылының циклі немесе Кребстің циклі деп аталады. Циклді алғаш рет 1937 жылы неміс ғалымы Ганс Кребс ашқан. Бұл цикл митохондрия матриксінде көптеген фер- менттердің қатысуымен жүреді. ҮКЦ процесінде ацетил-КоА-ның ацетил тобы тотығып, көмір қышқыл газы (СО2), тотықсызданған никотинамидадениндинуклеотид (НАД·Н) жəне тотықсызданған флавинадениндинуклеотид (ФАДН,) түзеді. Процеске тотыққан
НАД+ пен ФАД+ электрондардың акцепторы ретінде қатысады. Барлық цикл жалпы мына теңдеу арқылы сипатталады:
CH3 ─ COOH + 2H2O → 2CO2 + 8H+
Ал ҮКЦ-нің жалпы барысын былай көрсетуге болады (аэробты жағдайда):
АСҚ + 3НАД + ФАД → 2СО2 + 3НАДН2 + ФАДН2 + ГТФ
Достарыңызбен бөлісу: |