Зарегистрированы в Министерстве юстиции



жүктеу 41,89 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.12.2017
өлшемі41,89 Kb.
#5933


Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

Қ А У Л Ы С Ы

Алматы қаласы

     2012 жылғы    «___» ____________

№ ___


Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк 

операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 

ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» 

шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық 

мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне кіруін 

қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және

бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын

талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 

2008 жылғы 28 қарашадағы № 95 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржы   ұйымдарының   төлем   жүйелеріне   кіруін   қамтамасыз   ететін 

ұйымдастыру   шараларына   және   бағдарламалық-техникалық   құралдарға 

қойылатын талаптарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық 

Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қазақстан   Республикасының  Ұлттық   Банкі   Басқармасының 

«Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 

ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық 

есеп   айырысу   орталығы»   шаруашылық   жүргізу   құқығы   бар   республикалық 

мемлекеттік   кәсіпорнының   төлем   жүйелеріне   кіруін   қамтамасыз   ететін 

ұйымдастыру   шараларына   және   бағдарламалық-техникалық   құралдарға 

қойылатын   талаптар   туралы   нұсқаулықты   бекіту   жөнінде»  2008   жылғы  

28 қарашадағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 

тіркеу   тізілімінде   №   5411   тіркелген)   мынадай   өзгерістер   мен   толықтырулар 

енгізілсін:

атауында,   кіріспесінде   және   1-тармағында   «Банктердің   және   банк 

операцияларының   жекелеген   түрлерін   жүзеге   асыратын   ұйымдардың»   деген 

сөздер «Қаржы ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының 

жекелеген   түрлерін   жүзеге   асыратын   ұйымдардың   «Қазақстан   Республикасы 

Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық 

жүргізу   құқығы   бар   республикалық   мемлекеттік   кәсіпорнының   төлем 

жүйелеріне   кіруін   қамтамасыз   ететін   ұйымдастыру   шараларына   және 



бағдарламалық-техникалық құралдарға  қойылатын

 

талаптар



 

туралы 


нұсқаулықта:

атауында  «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін 

жүзеге   асыратын   ұйымдардың»   деген   сөздер   «Қаржы   ұйымдарының»   деген 

сөздермен және 1-тармағында «банктер мен банк операцияларының жекелеген 

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер «қаржы ұйымдарының» 

деген сөздермен ауыстырылсын;

мемлекеттік   тілдегі   мәтінде

 «қызметкерлердің»,   «қызметкер», 

«қызметкерлерге», «қызметкерді», «қызметкерлерді», «қызметкерлерден» деген 

сөздер өзгермейді;

2-тармақта   «Қазақстан   Республикасының   Ұлттық   Банкін   (бұдан   әрі   – 

Ұлттық Банк) қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақта:

2)   тармақшада   «қалыптастыру»   деген   сөзден   кейін   «немесе   өзгерту» 

деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5)   төлем   жүйесінің   пайдаланушысы   –   Орталықпен   төлем   жүйесінде 

қызмет көрсету туралы шарт жасаған қаржы ұйымдары және Орталық»;

7) тармақша «не оның қосымшасы» деген сөздермен толықтырылсын;

11)  тармақшада   «.»   деген   тыныс   белгісі   «;»   деген   тыныс   белгісімен 

ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы

 

12) тармақшамен толықтырылсын:



«12)  төлем   жүйесі   терминалының   қосымшасы   –   төлем   жүйесінің 

терминалымен   қашықтықтан   жұмыс   істеуге   арналған   арнайы   бағдарламалық 

қамтамасыз ету.»;

5-тармақта   «операторларының,   басқарушысының   және   қауіпсіздік 

офицерінің»   деген   сөздер   «пайдаланушысының   жұмыс   орны 

операторларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақта   «бір   жыл»   деген   сөздер   «алты   ай»   деген   сөздермен 

ауыстырылсын;

9-тармақта «жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны орналасқан үйден 

50   (елу)   метр   радиуста   күзетілетін   және   бақыланатын   аймақ   болмаған,  

сондай-ақ осы үйде басқа ұйымдар орналасқан жағдайда, төлем» деген сөздер 

алып тасталсын;

13-тармақта «Ұлттық Банкті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкін (бұдан әрі – Ұлттық Банк)» деген сөздермен ауыстырылсын;

21-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3)   хабарларды   төлем   жүйесінің   пайдаланушысынан   Орталыққа   және 

Орталықтан төлем жүйесінің пайдаланушысына қабылдау және беру;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

2



«7)  хабарлардың  электрондық  цифрлық қолтаңбаларын қалыптастыру 

және тексеру;»;

мынадай мазмұндағы

 

8) тармақшамен толықтырылсын:



«8)  хабардың  электрондық   цифрлық   қолтаңбасының  төлем   жүйесінің 

пайдаланушысына   немесе   оны   қоюға   уәкілетті   Орталыққа   тиесілі   екенін 

тексеру.»;

22-тармақта   «жүйесі»   деген   сөзден   кейін   «пайдаланушысының   жұмыс 

орны» деген сөздермен толықтырылсын;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Төлем   жүйесі  пайдаланушысының   жұмыс   орны  операторлары   мен 

басқарушыларының төлем жүйесінің терминалына кіруі техникалық құралдар 

немесе парольдер арқылы қамтамасыз етіледі.»;

мынадай мазмұндағы

 

25-1-тармақпен толықтырылсын:



«25-1.  Төлем жүйесінің терминалын немесе оның  қосымшасын басқару 

төлем жүйесі  пайдаланушысының жұмыс орнынан  тікелей және төлем жүйесі 

пайдаланушысының   жұмыс   орны   қауіпсіздік   офицерінің   қатысуымен   жүзеге 

асырылады.»;

28-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын: 

«Негізгі   ақпаратқа   рұқсат  төлем   жүйесі  пайдаланушысының   жұмыс 

орнының операторлары үшін ғана берілуге тиіс.»;

37-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) негізгі ақпараты бар сыртқы тасымалдауышқа бөтен ақпарат жазуға;»;

мынадай мазмұндағы

 

6) тармақшамен толықтырылсын:



«6) бөтен негізгі ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.»;

41-тармақта «пайдаланушысының» деген сөзден кейін «жұмыс орнының» 

деген сөздермен толықтырылсын;

44-тармақта   «төлем   жүйесінің   қауіпсіздік   жөніндегі   офицерінің»   деген 

сөздер «төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орны қауіпсіздік офицерінің» 

деген сөздермен ауыстырылсын;

45-тармақта   «жүйесі   пайдаланушысының  жұмыс   орнына»  деген   сөздер 

«жүйесінің терминалына» деген сөздермен ауыстырылсын;

50-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1)  төлем жүйесі  пайдаланушысының жұмыс орнын басқарушы – төлем 

жүйесінің терминалын басқаруды тікелей жүзеге асыратын тұлға;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнының операторы - өзінің 

ашық және құпия кілттерін жасауды және пайдалануды, кілттерді Орталықта 

тіркеуді,   сондай-ақ   төлем   жүйесінің   хабарларын   дайындауды,   өткізуді   және 

қабылдауды тікелей жүзеге асыратын тұлға;»;

3



3) тармақшада «төлем жүйесінің  қауіпсіздігі   жөніндегі   офицер»   деген 

сөздер «төлем жүйесінің пайдаланушысы жұмыс орнының қауіпсіздік офицері» 

деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы

 

50-1-тармақпен толықтырылсын:



«50-1.   Қызмет   көрсететін   қызметкерлердің   жұмысын   ұйымдастыру 

кезінде мыналарға:

1)  төлем жүйесі  пайдаланушысының жұмыс орны операторының төлем 

жүйесінің   терминалы   не   оның   қосымшасы   арқылы   МТ   100   және   МТ   102 

форматында төлем хабарларын жасау мүмкіндігінің болуына;

2)   бір   тұлғаның   санаттарды   немесе   осы   Нұсқаулықтың   50-тармағында 

көрсетілген әр түрлі санаттардың жекелеген функцияларын қоса атқаруына жол 

берілмейді.»;

54-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4)   атқаратын   қызметтері   көрсетіле   отырып,

 төлем   жүйесі 

пайдаланушысының   жұмыс   орны   қауіпсіздік   офицерлерінің, 

басқарушыларының   және   операторларының   функцияларын   орындайтын 

қызметкерлердің тізімі;»;

мынадай мазмұндағы

 

6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:



«6-1) рұқсат деңгейі және орындайтын функциялары көрсетіле отырып, 

осы   Нұсқаулықтың   46-тармағында   көрсетілген   ресурстарға   рұқсаты   бар 

қызметкерлердің тізімі;

6-2)  рұқсат   беру   мақсаттары   көрсетіле   отырып,   желі   және   деректерді 

берудің   өзге   де   техникалық   арналары   арқылы

 төлем   жүйесі 

пайдаланушысының   жұмыс   орнына   рұқсаты   бар   қызметкерлердің   және 

ресурстардың тізімі;»;

7) тармақшада:

«атқаратын   қызметтерін»   деген   сөздерден   кейін   «және   рұқсат   беру 

мақсаттарын» деген сөздермен толықтырылсын;

«көрсете   отырып,»   деген   сөздерден   кейін   «төлем   жүйесі 

пайдаланушысының   жұмыс   орнына   аппараттық   және   бағдарламалық 

құралдарды орнату мен теңшеу, » деген сөздермен толықтырылсын;

55-тармақта   «2)   -   6)   тармақшаларында»   деген   сөздер   «2)   –   6-2) 

тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

57-тармақта   «төлем   жүйесінің   басқарушысы   және   төлем   жүйесінің 

қауіпсіздігі жөніндегі офицер» деген сөздер «төлем жүйесі пайдаланушысының 

жұмыс   орнының   операторы   мен   қауіпсіздік   офицері»   деген   сөздермен 

ауыстырылсын;

4



2.

 Осы   қаулы   Қазақстан  Республикасының   бұқаралық   ақпарат 

құралдарында ресми жариялануға тиіс және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 

қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк   

 Төрағасы

 

Г. Марченко

5

жүктеу 41,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау