жалғасы
Бұл есепті ерітіндінің анықтайтын зат арқылы титрін пайдаланып та шығаруға болады -
Бұл 1 мл NaOH ерітіндісі 0,006382 г H2C2O4.2H2O-пен әрекеттесетін көрсетеді. Эквивалентті нүктеде заттардың эквивалентті мөлшерлері әрекеттесетін болғандықтан:
Осыдан:
Титрлеу барысында эквиваленттік нүктеге дейін немесе эквиваленттік нүктеден кейін анықталатын заттың немесе титранттың концентрациялары келесі формула бойынша есептеледі:
Эквиваленттік нүктеге дейін артық мөлшерде анықталатын зат болады, эквиваленттік нүктеден кейінгі - титрант.
Зерттелетін ерітіндегі анықталатын заттың мөлшерін есептеу
Титриметриялық талдауда титр, анықталатын зат бойынша титр, түзету коэффициенті, массалық үлес, молярлы, нормальды түрде өрнектелген ерітінділерді пайдаланады.
Ерітіндінің массалық үлесін есептеу (ω) – әрбір 100 грамм ерітіндідегі еріген заттың массасын білдіреді.
Массалық үлес - еріген заттың ерітінді массасына қатынасына тең:
Массалық үлесін есептеу
Мысалы.
Техникалық бураның 0,2298 г мөлшері судың белгісіз көлемінде ерітілді. Осы ерітіндіні титрлеуге 10,60 мл 0,1000 М НСІ ерітіндісі жұмсалды. Таза бураның массалық үлесін табу керек.
Na2B4O7 + 2HCl + 5H2O = 4H3BO3 + 2NaCl
Массалық үлесін есептеу
2,6060 г сода 250,0 мл өлшемдік колбада ерітілген. Осы ерітіндінің 25,00 мл көлемімен әрекеттесуге 22,45 мл 0,1095 М тұз қышқылы жұмсалды (индикатор метилоранж). Na2CO3-тің массалық үлесі неге сәйкес?
Метилоранж индикаторы қатысындағы реакцияның теңдігі:
Na2CO3 + 2НСІ = H2O + CO2 + 2NaCl, fэкв(Na2CO3)=1/2.
7. Зерттелетін ерітіндегі анықталатын заттың мөлшерін есептеу
(г, жеке өлшенділерді титрлеу әдісі)
(г, тамшылату әдісінде)
(%, жеке өлшенділерді титрлеу әдісі)
(%, тамшылату әдісінде)
Мұндағы:
gА - анықталатын зат, г;
NВ -титрантің нормальді концентрациясы;
VВ -титрантің көлемі, см3;
ЭА-анықталатын заттыңэквивалентінің молярлы массасы, г/моль;
WА -зерттелетін ерітіндінің көлемі, см3;
VА -зерттелетін ерітіндінің аликвоттік көлемі, см3;
aA - зерттелетін ерітінді дайындау үшін өлшендінің массасы, г.
Достарыңызбен бөлісу: |