Үшінші есепті «Бұралу» тақырыбын оқып, щығарылған есептерді талдағаннан кейін шығаруға кірісіңіз.
Сыртқы күштердің әсерінен біліктердің көлденең қималарында ішкі қүш факторларынан тек бұраушы момент нөлден ерекше болатын деформацияны бұралу деформациясы деп атайды.
Кез келген қимадағы бұраушы моменттің шамасы қиманың бір жағында жатқан сыртқы айналдырушы моменттердің алгебралық қосындысына тең.
Шартты түрде бұраушы моменттерге төмендегідей таңбалар ережесі қабылданған: егер айналдырушы момент қалған бөлікті қима жағынан қарағанда сағат тілі бағытына қарсы айналдырса онда бұраушы момент оң, ал сағат тілі жүрісімен бағыттас айналдырса - теріс таңбалы (15 – сурет).
Бұралу деформациясындағы қима бетіндегі жанама кернеудің таралу заңдылығы мынадай
,
мұндағы - бұраушы момент; - өрістік екпін моменті; - қиманың ауырлық центрінен нүктеге дейінгі ара қашықтық.
Достарыңызбен бөлісу: |