УДК 811.161
З.Қ. КӨКЕНОВА, Г.М.ЧУМБАЛОВА, Г.С.ЕРМЕКБАЕВА
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, орыс тілі кафедрасы
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОРЫС ТІЛІ ПӘНІНДЕ КӘСІБІ ҒЫЛЫМИ МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Медицина университетінің орыс тілі пәнінде кәсіби орыс тілі пәнінде кәсіби ғылыми мәтіндермен жұмысының ерекшеліктері»
З.Қ. Көкенова, Г.М.Чумбалова, Г.С.Ермекбаеваның мақаласында авторлар студенттердің өзіндік жұмысындағы кәсіби ғылыми
мәтіндермен орындайтын тапсырмалардың түрлері мен нысандарын сипаттайды. Бұл мақаланың мақсаты қазақ бөлімшесінің 1
курс студенттері орыс тілінде кәсіби ғылыми мәтіндердің мазмұнын түсініп, ұғуына түрлі лексикалық тапсырмалар, жаңа
инновациялық технологиялар, тәжірибедегі әдістер ұсынылғандығы баяндалады. Медициналық жоғары оқу орындарында орыс
тіліне оқыту барысында ғылыми мәтіндерді толық меңгеру үшін бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес ұсынылған
тақырыптардың үлгілері келтірілген.
Түйінді сөздер: глоссарий, эссе, реферат, баяндамалар, лингвостилистикалық талдау, мәтіннің құрылымыдық-мағыналық
талдауы, терминдік сөздік құрастыру, іскерлік ойын.
Медициналық ЖОО-да орыс тілі пәнін тиімді және замануи талаптарға сай оқытып-үйретуде инновациялық оқыту әдістерін
қолдану тәжірибелік сабақтарды грамматикалық пен лексикалық тақырыптары бойынша студенттердің ой-пікірлерін ауызша да,
жазбаша да түрлері ретінде бірге ұштастыратын нағыз тілдесудің шығармашығына іспетті. Осыған байланысты ауызекі сөйлесу
табиғатының ерекшелігін түсінусі қажеттілігімен медициналық ғылыми мәтіндерді ұсыныған жағдайда, ғылыми тілдің қатаң
түрдегі нормасымен салыстарғанда жүйелі түрде реттілігімен белгінеді. Медицина университетінде болашақ мамандықтарына
бағыттап оқыту, ғылыми мәтіндердің мазмұнын ұғып, тілдік қорын байытуға ықпалын тигізетін нағыз студенттердің өзіндік
жұмысын орынды ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: орыс тілін медициналық жоғары оқу орындарында арнайы мамандыққа байланысты дайындалған
бағдарлама бойынша оқытудың негізгі мақсаты – медицина мамандығын меңгеруге қажетті лексикалық қорды тілдік қатынаста
қатысымдық тұрғыдан жаңа технология арқылы іске асырудың амал-тәсілдерін іздестіру, оның нәтижесін көрсету.
Жаңа технологиялық амал-тәсілдердің бір түрі – модуль жүйесі. Модуль арқылы тілді меңгерудегі мақсат - студент-дәрігерлердің
болашақ жұмыс жасауына тиімді тілдік материалды жинақтап, жүйелі түрде өзара сабақтастықта игеруге мүмкіндік жасау және
қажетті лексикалық, тілдік материалдарды сұрыптап, топтастыру тек тәжірибелік сабақтарда ғана емес, сонымен қатар әр
үйренушімен дербес өзіндік жұмысына ерекше назар аударып, ізденісте болып, шығармашылық қабілеттерін таныту болмақ.
Зерттеу материалдар мен тәсілдер: орыс тілін оқытып-үйрету бойынша медициналық жоғары оқу орындарында арнайы
мамандықтарға байланысты дайындалған оқу бағдарламалары, ұсынылатын ғылыми мәтіндер, лексика-грамматикалық
тапсырмалар, белсенді сөйлеу материалы, студенттердің өзіндік жұмысына қатысты жеке өздерінің дайындаған жұмыстарына
талдау жасау. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін студенттер өзіндік жұмысын орындау барысында белсенділік танытып, түрлі
тапсырмалармен жұмыс жүргізуі қажет: жеке лексикалық-грамматикалық тақырыптарды өздері дербес оқып үйренуі,
мамандықтары бойынша лексикалық тақырыптарына байланысты әдебиетімен жұмыс жүргізу, оқыған мәтіндер бойынша
тапсырмаларды орындау, талап етілетін стиліне қарай ғылыми мәтіндерді жеке өздері таңдап, іріктеу, ғылыми стилдің түрлі
жанрлары бойынша (ауызша және жазбаша) жұмыстарын әзірлеу, берілген тапсырмалары бойынша мамандықтарына қатысты
арнайы журналдар мен газеттерден материалдардың шолуын әзірлеу; ғылыми мәтіндер бойынша глоссарий әзірлеу,
терминдермен (жалпы медициналық және медицинадағы бір бейін, бір сала бойынша терминдермен жұмыс жүргізу,
медициналық этика мен деонтология, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, түрлі эссе
жазу; зерттеу арқылы ғылыми ізденіс тұрғысынан баяндамалар, рефераттар әзірлеу; медицина ғылымының түрлі салаларына
қатысты ұсынылған ғылыми мәтіндердің негізінде, кітапхана қорлары мен ғаламторға жүгініп, ( тұсау кесер) жұмыстарын
орындау; ғылыми медициналық мәтіндер бойынша түрлі лингвостилистикалық талдау жасау жұмыстары орындалуы қажет.
Бағдарламада ұсынылып, талданған мамандыққа байланысты медицина лексикасының модульдік құрылымын төмендегідей
түрде беруімізге болады: әр мамандық бойынша әртүрлі мәтіндер бойынша студенттің таным-түсінігін қалыптастыруға
байланысты құрылады. Мысалы, I модуль бойынша барлық факультеттерге кіріспе ретінде жалпылексикалық тақырыптар мен
мәтіндер ұсынылады:»Денсаулық. Салауатты өмір салты», «Заң. Адам құқықтары және оларды қорғау», «Байланыс құралдары
және олардың замануи адам өміріндегі рөлі» және т.б. тақырыптары бойынша 1 курс студенттері «Салауатты өмір салты»,
«Экология және адам денсаулығы», «Замануи дәрігер деген қандай тұлға ?» тақырыптары бойынша эссе жазу, «Қазақстан
Республикасында адам бостандығы мен құқықтары», «Ұлы Отан соғыс кезінде медицина қызметкерлерінің ерлігі», «Байланыс
құралдары және замануи адам өміріндегі олардың рөлі», «Мамандығы бойынша медициналық терминдердің этимологиясы» , «
Сөйлеу мәдениеті – дәрігердің жалпы мәдениеттілігінің бір бөлігі» тақырыптарына баяндама әзірлеуі қажет; 2015 жылы Ұлы
Отан соғысындағы Жеңіс Күні мерейтойына арналған студенттердің өзіндік жұмысы бойынша бірнеше түріндегі жұмыстар
жоспарланған, мысалы « Олардың есімдері жүрегімізде» тақырыбында тұсаукесер-баяндамасы
«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ», «Медицина символдары мен нышандары», «Сөйлеу - адамның білімділігі мен мәдениетінің
көрсеткіші ретінде «, «Іскерлік тілдесудің ерекшеліктері» тақырыптарына реферат жазу; ғылыми стилі бойынша «Ғылыми тіл»,
мамандықтары мен кәсіптеріне қарай арнайы ғылыми мәтіндер бойынша құрылымдық- мағыналық талдау, пікір мен ойбөлісу,
аңдатпа, түйін -қорытынды, мәтіннің негізінде қысқа және толық конспектілеу, атаулы, сұраулы, тезистік және т.б. жоспарлар
түрлерін құрастыру; ресми- іскерлік стилі бойынша жеке құжаттардың үлгілерін әзірлеу (өмірбаян, өтініш, мінездеме) әзірлеу;
медициналық құжаттамалар бойынша (оларды дайындау тұрғысынан) жеке тапсырмалар ұсынылған.
II, III және IV модуль бойынша жалпылексикалық тақырыптарға арнайы медициналық мәтіндер ұсынылады «Медицина
нышандары», ( Дәрігер мен науқастың тиімді тілдесуіне теріс ықпалын тигізетін кедергілер, Дәрігер – тұлға, Дәрігерге тұлға
ретінде қойылатын психикалық талаптар, Медициналық сұхбат, Науқастан пікіртерім алу, Денсаулықтарында психикалық
ақаулықтары бар науқастармен тілдесу, Дене қызуы көтерілген науқастардың күтімі; Науқастардың тамақтануы. Біздің
университет ғалымдарының ғылыми жетістіктері. Остеология - сүйектер туралы ілім. Миология – бұлшық ет туралы ілім,
Артрология- сүйектердің қоспасы туралы ілім; Замануи фармакология, Аурулардың профилактикасына арналған дәрі дәрмек
заттары, Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, Жаппай сырқаттанудың профилактикасы, Денсаулықтың детерминанттары,
Замануи стоматология, Стоматологиялық аурулардың профилактикасы , Сау тістер - ұзақ өмір сүрудің негізі, Қоғамдық
денсаулық сақтауды ұйымдастыру, Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджменттің негіздері және т.б. ). Осындай әр
факультет мамандықтарына әртүрлі тақырыптарды өрбіту арқылы іске асыруға болады. Аталмыш ғылыми мәтіндерді
студенттерге түсіндіру үшін Ахметов Мұхамедия Ахмет Төренің «Русско-казахско-английский словарь» деген терминдік сөздігін
сабақта белсенді түрде қолданамыз, ал анатомияға байланысты ғылыми мәтіндер бойынша «Адам денесі» (суретті анықтамалық
ағзаның құрылысы, қызметтері және атаулары) Тони Смиттың қазақ тілінде редакцияланған суретті анықтамалығын, Мәскеудің
баспасында шыққан орыс тіліндегі «Большая медицинская энциклопедия (замануи танымал суреттелген басылымды) және т.б.
материалдарды қолданамыз.
Модульдік оқыту бағдарламасына толықиырулар мен түзетулер енгізу барысында мынадай талаптар ескерілді:
- болашақ маман иелерінің ой өрісі кең, жан дүниесі бай, кәсіби білікті маман ретінде, адамдармен сауатты қатынас жасай алатын
тұлға ретінде қалыптастыруға жол ашу;
- болашақ дәрігердің қазақша тілдік қатынасты жүйелі, тиімді меңгерудің амал-тәсілдерін жинақтап, ойын орыс тілінде жетік
жеткізе алу.
Модуль деген оқытып үйрету жүйесінде белгілі бір функциясын атқаратын дербес бөлігі болса, ал теорияда болашақ мамандардың
кәсіби білімдерін немесе дағдыларын қалыптастыру үшін жеткілікті ақпараттың немесе әрекеттердің белгілі бір «мөлшері»болып
танылады. Модуль танымдылық пен кәсіптік сипаттамасына ие болғандықтан, студенттердің аудиториядан тыс және өзіндік
жұмысын атқару барысында іске асырылатын ақпараттық қамтамасыз етілуі болып табылады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
және ағылшын тілі - жаҺандық экономикаға ойдағыдай кіруге тілі» деп, Үкіметтің алдына «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени
жобасы іске асыру үшін 2009 жылы қойылды. Үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру мақсатында, оқу бағдарламасында және оқу
үрдісінде, әсіресе тілге үйрету кафедраларында, белсенді түрде ғылыми мәтіндермен жұмыс жүргізу барысында терминдердің
мағыналарын үш тілде жазу, есте сақтау, ал мәтіннің мазмұнын ұғып түсінуде, мемлекеттік тілде міндетті түрде түрлі лексикалық
тапсырмалар орындау көзделеді.
Соңғы жылдары оқыту үрдісінде үйренушілердің белсенділігіне, басқаруды дамытуға, оны өзін өзі басқаруға айналдыруға ерекше
назар аударылады. Оқыту үрдісінде өзара әрекеттесуді іске асыру үшін базисты жағдайды құруға назарды аудару қажет. Ондай
жағдайат үйренушілердің дайындық деңгейін көрсете алады. Дәстүрлі оқыту барысында, яғни оқытушы мен студенттің арасында
шынайы қарым-қатынас туралы айтуға болады? Өйткені, оқытушымен сабақ барысында оқытушы мен үйренушінің арасындағы
білім алудың негізгі мақсаты біріншісі екіншіге ақпарат беру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, сабақ барысында ұстаз
басқа функцияларды қолдану қажеттігін ұмытып, «ақпараттық инъекцияларды»жасағандай болады. Мұндай педагогикалық
үрдістің тиімділігі үйренушінің өзі барынша белсенді болса, ал оқытушы әр үйренушіге жеке көзқарасты таныту негізінде кеңес
беру мен үйлестіру функциясын іске асырады. Модуль арқылы оқытудың негізінде, медицина жоғары оқу орындарының
студенттері орыс тіліне кәсіби тіл ретінде үйрену кезінде, сабақ барысында оқытушыдан алған ақпараттық құралды алып, яғни
ұғып, күрделі мәселелердің шешімін іздестіріп, жеке өзі дайындалып, кітапханалар мен ғаламтор арқылы ізденіп, ғылыми зерттеу
жұмысына белсеенді қатысып, силлабустағы көрсетілген өзінідік жұмыстағы тапсырмаларды орындай алады.
Модульдық бағдарлама бойынша студенттердің өзінідік жұмысын орындау, белгілі деңгейге дейін үйренушілермен білімін жеке
өздері ұғуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар студенттер өзіндік жұмысын орындау барысында педагог ақпараттық функциясын орындаудан босатуға, сонымен
оның кеңес беру мен үйлестіру функциясын атқару үшін айқын жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.
Модульге алынған мәтіндердің әрқайсысы белгілі бір мағына түрін көрсетеді. Мәтіндердің сұрыптау ұстанымы халық арасында
тараған аурулардың жиілігіне және әр мамандықтың ерекшелігіне байланысты анықталады. Бағдарламада игерілетін қатысым
әдісінің негізі болып саналатын сөйлесім әрекетінің іске асыру тиімділігі деңгейлік жаттығулар жиынтығы арқылы анықталады.
Медицина лексикасының толығу жолының бірі – сөздердің бірігіп келіп, жаңа сөз тудыруы. Осы мәселеге дәрігер студенттердің
назарын аудара отырып, теориялық материал нақты мысалдармен баяндалып, ғалымдар еңбектерінен біріккен сөз туралы
пікірлер қарастырылады.
Медицинадағы лексикалық тұлғалардың жасалу жолдарын түсіндіру міндеті: сөздердің бірігуіне пайда болған жаңа лексикаларды
халық арасында жиі кездесетін ауру аттары мен ауру нышандарын іріктеу.
Тапсырма: Мәтінді оқып, оны атаңыздар. Мәтіннен түсініксіз сөздер-терминдерді теріп жазыңыздар, ( олардың аудармаларын үш
тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, ал латын тілін үйреніп, циклдан өтіп келген студенттер топтарына сол терминдерді
латын тілінде де жазып), терминдік сөздікпен қолданып, олардың мағыналарын тауыңыздар. Жалпығылыми терминдермен үш
сөйлем, арнайы терминдермен үш сөйлем құрастырыңыздар.
Келесі тапсырма медициналық терминдердің жасалым тәсілдеріне арналған: аффикс арқылы жасалған терминдер: дермати-т,
ларинги-т, остеи-т, оти-т, склери-т және т.б.; префиксты тәсілмен жасалған терминдер: моноартирт, полиартрит, мононеврит,
полиневрит; префиксты және аффикс арқылы жасалған терминдер: астигмати-зм,гипертире-оз, атирео-з; сөз тіркестері,
фразеологизм сияқты.
Тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннің мағыналық бөліктерін көрсетіңіз, негізгі ақпарат бойынша тұжырымдама жасаңыз. Мәтіннен
ғылыми мәтінге тән сөйлемдер мен құрылымдарды белгілеңіз.
Тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Аталмыш мәтінге сұрақтар құрастырыңыз, жоспар әзірлеңіз, етістіктен жасалған және субсиантивті
терминдік тіркестерді табыңыз.
Шығармашылық тапсырма жұмысы берілген мамандыққа байланысты мәтінді оқыту арқылы орындалады. Міндеті: тапсырма
күрделі түрде беріліп, шығармашылық сипатта құрастырылған мәтін мазмұнын практикалық тілдесім әрекетіне дайындау: тірек
сөзді таба біліп әңгімелету; мәтіндегі аналитикалық жолмен жасалған жаңа сөздерге талдау жасау арқылы түсінігін бекіту.
Зерттеудің қорытындысы: 1 курс студенттері үшін өзіндік жұмысты орындау бойынша кәсіби мәтіндермен (болашақ
мамандықтары бойынша: жалпы медицина, стоматология, фармация, мейірбике ісі, фармацевтикалық өндірістің технологиясы,
денсаулық сақтау ісіндегі менеджменті, медико-профилактикалық ісі мамандықтарына арналған арнайы ғылыми мәтіндермен
түрлі талдау тапсырмаларын орындау қиындық туғызатындығы белгілі. Мысалы, Медицинадағы замануи технологиялар деген
жалпы лексикалық тақырып бойынша жалпы медицина мамандығы студенттеріне «Аурулардың күтімі: стационардағы киімдерін,
төсек төсенгіштерін ауыстыру, тері, шаш, көз бен тырнақтарының гигиенасы» ұсынылатын ғылыми мәтіндермен не
студенттердің өздерінің қалауы бойынша таңдаған мамандығына қатысты ғылыми мәтінге СӨЖ кезінде құрылымдық-мағыналық
талдау жасау қажет. Ғылыми мәтінді талдау үшін студенттер терминдерді іріктиейді, зат есімдерді заттай және дерексіз түрлері
ғылыми мәтіндердегі орыс тілінде көпше түрінде қолданады, мысалы: шумы в сердце; кеңінен родительный падеж, яғни 2 (ілік
септігі) қолданады: установление (чего?) диагноза, лечение (чего?) болезни,пересадка (чего?) органов және т.б.
Ғылыми стилдегі қолданылған сөздің нақтылығы және тек бір мағынада болатындығы терминдердің қолдануына байланысты,
сондай-ақ ғылыми стильде нақтылығына қол жеткізу үшін терминологияда синонимдердің қолданбауы орынды. Ғылыми стилде
зат есімдері етістіктерге қарағанда басымды болады, етістіктер 3 жақтың тек осы шағында қолданады, сонымен етістіктің осы
нысаны тұйық райына қарағанда басымды болады. Ғылыми стилде сөйлемдердегі сөздер кезең -кезеңімен ретінде қолданады.
СӨЖ орындау барысында студенттер ғылыми мәтіннің тақырыбын мәтін атауымен байланыстырып, ондағы қаралатын заты не
құбылыс болып табылады. Ғылыми мәтіннің құрылымы мәтін атауынан, кіріспе бөлігінен, негізгі бөлігінен және
қорытындысынан тұрады. Ғылыми мәтіннің атауы тақырыбына және мәтіннің мазмұнына сәйкес келуі керек. Кіріспе мәтіннің
негізгі тақырыбын ашатын алғы сөзі, ал негізгі бөлігі - тақырыптың атауын сипаттайтын мәтіннің ең үлкен бөлігі болады;
қорытындысы - мәтінді аяқтайтын соңғы қорытындылайтын бөлігі болады.
Ал мәтіннің абзацында сол мәтіннің маңызына қатысты бөлігі, онда белгілі ақпарат көрсетіледі және де шағын тақырыпшасымен
байланысты болады. Бұл тапсырманы СӨЖ кезінде орындау студенттердің жеке өздері ғылыми мәтінді түсініп, ұғуын білдіреді.
«Миология – бұлшықет туралы ілім» тақырыбы бойынша студенттер анатомия немесе басқа оқитын пәндері мамандығы
бойынша ғылыми мәтінді таңдап, сол мәтінге пікір жазады, ал қалай сын пікірді және оң пікірді жазу тәжірибелік сабақтарында
үйренеді, үлгілері ұсынылады. «Артрология- сүйек байланыстары туралы ілім « тақырыбы бойынша ғылыми мәтіндерге қатысты
түйін - қорытынды әзірленеді. Ал ғылыми мәтінге лингвостилистикалық талдау жасау үшін студенттердің кәсіби деңгейңінде
сөйлесуінде жіберілген стилистикалық қателері және сөйлеу мәдениетіндегі ақаулықтарына жол бермеу мақсатында , СӨЖ
тапсырмаларын орындау кезінде осындай қателері жойылады, байланыс мәтін ретінде сөйлеу ойын жеткізуде сөз бірліктерін
орынды және дұрыс таңдап, іріктеу қажет екендігін сондай лингвостилистикалық талдау барысында көзі жетеді .
Сонымен оқу үрдісі болашақ дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерінің уәждеме саласын белсендіруге ықпалын тигізетін
жағдай жасау және оқитын пәнге тұрақты қызығушылықты қалыптастыратын, шығармашылық режимінде оқуға үйрететін
біліктілікті нәтижелі меңгеру маңызды факторы болып табылады. Егерде оқыту үрдісі инновациялық оқытудың негізгі
талаптарын есепке алуымен жүргізілетін жағдайда, оқыту уәждемесі орыс тілі кафедрасындағы тәжірибелік сабақтарында
нәтижелі қалыптастырылуда:
Үйренушілердің білімі мен біліктілік жүйесін қалыптастыру үдерісінде қажетті жағдайларын жасау ретінде алдағы нәтижеге
бұрынырақ сезуіне ықпалын тигізу;
Әр студент үшін максималды деңгейде білім алу үдерісінде үйренушілердің міндетті түрде қосылуы және оны іске асыруда
белсенді қатысуы;
Барлық деңгейлерде тілдік бірліктерімен жұмысты ұйымдастыратын оқытушымен материалдарды ұсыну кезінде онымен оқу
материалын ұғу кезінде әсер алу саласына сүйенуі;
жаңа оқу оқиғаларында сенімділік, икемділік, ұғып, елестете алушылық, қызмет ету білімін қамтамасыз ететін эмоциялық
жадына сүйенуі;
оқыту барысында оқу танымдылық әрекеттерін шығармашылық деңгейіне ауыстыруын қамтамасыз ететін шығармашылық
әрекеттерінің тетіктеріне ( талдаудың тетіктеріне синтез бен эмоциялық пен оңтайлы байланысы арқылы ассоциативті,
эврестикалық) сүйенуі.
Инновациялық технологияның ұйымдастырушылық жағы оның екі түрінде: лингвистикалық мәліметтерінің метафорлану
тәсілінде; сөйлесудің инновацияллық дамуы тәсілінде қызмет ететін инновациялық оқытудың әдісін іске асыруын қамтамасыз
етеді. Инновациялық технологияның материалдық-дидактикалық тұрғысы инновациялық тірек (лингвистикалық метафора –
«айқын» ассоциативтік қатарындағы бейнесі мен мәтіні) және оның трансформациялық нәтижелері ретінде осындай маңызды
түсігіні кіреді.
Сонымен, оқытушы медицина университетінің 1 курс студенттерін кәсіби орыс тіліне оқытуда инновациялық технологияларды
қолданып, студенттердің өзіндік жұмысын тиісті әдістерімен ұйымдастырған жағдайда, үйренушілер өзге тілде болашақ кәсіби
тілді лайықты меңгере алады, ғылыми мәтіндерді ұғып, өзіндік жұмысын тапсыру барысында белсенділік, талпыну, жаңа
материалды ұғып, өз ойларымен мазмұндай алады, тіпті рөлдік ойындар арқылы ғылыми стильдің талаптарын сақтай
отырып,түсіндере алады. Соның арқасында болашақ медицина қызметкерлері тілдесудің кәсіби саласында сөйлесу үшін
коммуникативтік құзыреттің қажетті және ұтымды деңгейіне қол жеткізуге ықпалын тигізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе. – М.: 2009. – 119 с.
2 Модель медицинского образования КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова. – Алматы: С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2010. – С. 7-
8.
3 С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасының жұмыс бағдарламасы. – Алматы: С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,
2013. – С. 4-5.
4 Ұ.А.Жанпейіс Учебное пособие по русскому языку (I II III IV модуль) – Алматы: С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2013. - 2014. -
Б. 107-119.
5 Тони Смит редакциясы. Адам денесі. Суретті анықтамалық.Организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары // Dorling
Kindersley London ∙ New York ∙ Munich ∙ Melbourne ∙ Delhi. - Алматы: 2006. - 239 б.
З.Қ. КӨКЕНОВА, Г.М.ЧУМБАЛОВА, Г.С.ЕРМЕКБАЕВА
Казахский Национальный университет имени С.Д.Асфендиярова, кафедра русского языка
ОСОБЕННОСТИ РАБОТЫ С НАУЧНЫМИ ТЕКСТАМИ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ НА ЗАНЯТИЯХ ПО РУССКОМУ
ЯЗЫКУ В МЕДИЦИНСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ
Резюме: Целью данной статьи является облегчить изучение и восприятие научных текстов по специальности, предназначенных
для студентов 1 курса казахского отделения, при помощи специальных лексических заданий, использования новых
инновационных технологий и методов. Авторы описывают методику организации форм и видов проведения самостоятельной
работы студентов. При изучении русского языка в медицинском вузе для лучшего усвоения научных текстов по специальности
приведены примеры из опыта работы с описанием использования инновационных технологий обучения русскому языку по
рекомендованным темам в соответствии утвержденной рабочей программе.
Ключевые слова: глоссарий, эссе, рефераты, доклады, лингвостилистический анализ, структурно-смысловой анализ текста,
составление терминологического словаря, деловые игры.
Z.K. KOKENOVA, G.M. CHUMBALOVA , G.S. ERMEKBAEVA
Kazakh medical university named after S.D.Asfendiarov the department of Russian language
FEATURES OF WORK WITH SCIENTIFIC TEXTS ON SPECIALITY ON THE LESSONS OF RUSSIAN LANGUAGE
IN MEDICAL UNIVERSITY
Resume: Aim of this article is to facilitate a study and perception of scientific texts on speciality intended for the students of a 1 Kazakh
separation, through the special lexical tasks, use of innovative NT and methods. Authors describe forms and types of organization of
independent work of students. At the study of Russian in medical institution of higher learning for the best mastering of scientific texts
examples are on speciality made from experience on the recommended themes in accordance to the ratified executable code.
Keywords: glossary, essay, reports, lectures,linguistic analysis, structurally semantic analysis of the text, drafting of terminological
dictionary, business games.
Достарыңызбен бөлісу: |