Юридические науки



жүктеу 388 Kb.
бет1/7
Дата14.06.2020
өлшемі388 Kb.
#30744
  1   2   3   4   5   6   7



ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ




ЮРИДИЧЕСКИЕ НАУКИ







ЖОК 368: 347
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ

ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕСІ
Е.А.Сарымбетов

М.И.Усеинов



Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы мен сақтандыруды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама басымдықтары, оны халықаралық сақтандыру стандарттары мен талаптарына сай жетілдіру туралы қарастырылған. Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің жеткілікті дәрежеде дамуына жағымсыз әсер еткен себептер туралы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру мәселесін шешу үшін қандай шаралар жасалуы керектілігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметінің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді.

Қазақстандағы сақтандыру рыногы айтарлықтай деңгейде қалыптасқандығы-мен жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы мен сақтандыруды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама басымдықтары, оны халықаралық сақтандыру стандарттары мен талаптарына сай жетілдіру көздейді. «Сақтандыру рыногы деп сақтандыру қызметін сату-сатып алу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз».

Мемлекеттік бағдарламада осы сақтандыру рыногын жедел, ұтымды дамытудың мына басымдықтары көзделген:



  1. ұлттық сақтандыру жүйесінің негіздерін жетілдіру;

  2. сақтандыруды қолдану аясын кеңейту;

  3. сақтандыру индустриясының қызметін белсенді түрде пайдалану;

  4. міндетті сақтандыру түрлерінің оңтайлы тізбесін айқындау, оларды жүргізу ерекшеліктерін заңды түрде бекіту;

  5. өмір мен денсаулықты сақтандыру, аннуитеттер жүйесін және сақтандырудың басқа да әлеуметтік негізі бар түрлерін жедел дамыту;

  6. ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын және әлеуетін дамыту;

  7. сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеуді және сақтандыру және сақтандыру қызметін қадағалауды күшейту;

  8. сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың заңды мүдделерін қорғау;

  9. Қазақстанның халықаралық сақтандыру схемасына кіруі жөнінде қажетті шаралар әзірлеу және республиканың сақтандыру рыногына шетелдік қатысу шарттарын айқындау.

«Бұл жерде ең бастысы сақтандыру рыногының барлық субъектілерінің сақтандыру заңдарын бұлжытпай сақтауларына тиімді мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру қажет» /1/.

Еліміздің сақтандыру рыногының қалыптасуның бастапқы кезеңдері Қазақстанның дербес мемлекет ретінде нарықтық қатынастарға өту барысындағы күрделі жай-жағдайларды бастан кешірді. Осы уақыт ішінде қандай нәтижелерге қол жеткізгендігімізді білу мақсатында сақтандыру рыногының қазіргі кездегі дамуының жай-күйіне талдау жасау қажет деп санаймыз. Талдау жасау процесіндегі ең тиімдісі салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалану болып табылады.

Олардың қатарына сақтандыру сыйлықақысының жан басына шаққандағы орта көлемі және олардың елдің жалпы ішкі өнімі көлемінен алатын үлесі жатады. 1999 жылдың қорытындысы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақысынң жан басына шаққандағы көлемі 380 теңгеге жуық, соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 3 теңгеден кем болды. Сақтандыру сыйлықақысы көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы 0,3 пайызға жуық болса, соның ішінде өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының көлемі – 0,002 пайыз. Бұл деректер дамыған және жекелеген дамушы елдердің тиісті көрсеткіштерімен әлі салыстыруға келмейді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін елдерде бұл көрсеткіштер халықтың жан басына шаққанда орташа алғанда шамамен 1800 АҚШ долларын және тиісінше ішкі жалпы өнімнің 8,5 пайызын құрады. Сондықтан жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдары санының көптігі мен жалпы көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру рыногы экономикада және халықтың өмірінде әлі маңызды рөлге ие бола қойған жоқ, әрі өзінің бастапқы даму сатысында тұр деп қорытындылауға болады.

Бүгінгі күні сақтандыру қызметінің сапасы төмен болып отыр, ал олардың тізбесі көптеген сақтандыру ұйымдарында негізінен ең аз шамада күш-жігер мен шығын жұмсай отырып, клиенттер тарту мүмкіндігі болатын міндетті сақтандыру түрлерімен шектелген. Отандық сақтандыру ұйымдарының ірі шығынның орнын жабу жөніндегі қаржылық мүмкіндіктері де қанағаттанарлықсыз, бұл сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруды арттыру мен олардыірілендіру туралы мәселені шешуді талап етеді. Қазақстан қаржы рыногының басқа бөліктеріндегі реформалау тәжірибесі көрсеткендей, дәрменсіз қаржы ұйымдары индустрияның келелі міндеттерін шеше алмайды және олардың халықаралық стандарттарға қол жеткізуі айтарлықтай шектеулі.

Қазақстан қайта сақтандыру саласындағы сақтандыру индустриясы қазіргі кезге дейін негізінен шетелдік рыноктарға бағдарланған. Қайта сақтандыру шарттары бойынша шетелдік рыноктарға бағдарланған. Қайта сақтандыру шарттары бойынша шетелдік қайта сақтандырушыларға төленген сақтандыру сыйлықақысының 1999 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақысының жиынтық көлеміне қатынасы 46 пайызды құрады. Сонымен бірге республиканың ішкі сақтандыру рыногындағы қайта сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемінің қайта сақтандыру бойынша сақтандыру көлемінің жиынтығына қатынасы 1999 жылы тек 2 пайызды ғана құрады.

Республикадағы сақтандыру әзірше инвестициялық климатты жақсартудың негізгі құралы, ал сақтандыру ұйымдарының өздері – нақты институционалдық инвесторлар бола алмай отыр.

Істің қалыптасқан жағдайы сонымен қатар сақтандырушы – жеке тұлғаларға және олардың жеке сақтандыру жөніндегі жұмыс берушілеріне қазіргі салық салу тұрғысынан да әсер етеді. Атап айтқанда, сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемдерін жүзеге асырғанға дейін ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру жарналарынан жеке тұлғалар үшін табыс салығын төлеудің мерзімін ұзарту тетігі пайдаланылмайды. Жеке жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін көбейтуге бағытталған сақтандыру ұйымдарының инвестициялық кірістерінің жинақтаушы зейнетақы қорларынан айырмашылығы – жылдық жиынтық кіріске енгізіледі және табыс салығы ұсталынады.

Сақтандыру қызметін біздің агенттіктің қадағалап, реттеп отыратыны да, тауар өндірушілерден әр түрлі арыз-шағымдардың да келіп түскені рас. Ауқымды проблемалар да бар. «Егер олқылықтар орын алса, сақтандыру компанияларына жазалау шаралары қолданылып, айыппұл салынады» /2/. Сақтандыру компаниялары біздің назарымызда. Заңда қарастырылған негізгі жайттарға келер болсақ, сақтандырушылардың төлемі және мерзіміне де қатысты ескерілмей қалғаны жетерлік. Алаяқтыққа қатысты мәселе барын да ұмытуға болмайды. Қазақстандағы транзитті экономика, нарықтың дамуы жағдайында заңды өзгертіп, жетілдіруге тиіспіз. Тағы да бір айтуға тиісті жайт, күні бүгінге дейін «Казгидрометтің» республиканың барлық жерінде жергілікті стансалары болмай тұрып, сақтандыру төлемі мәселесін қалай шешуге болады? Инфрақұрылымды жетілдірмейінше, проблема бола береді. Шын мәнінде бұл өсімдік шаруашылығының ғана проблемасы емес.

Біздің елде сақтандыру қызметі тым жас, ол әлі аяғынан тік тұру керек
Ғалым Байназаров, қаржыгердің айтуы бойынша мынаны түсінуге болады:
– ««Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру» туралы заңның қалай қабылданғанын білеміз. Сол кезде-ақ заңның тұжырымдамасы шығынның норма-ларына күмән тудырғаны рас. Бұл жерде шаруаларға да, сақтандыру компания-ларына да кедергі келтіретін факторлар жеткілікті. Фермерлік шаруа-шылықтардың шығынын құрайтын нәрселердің жылына неше рет ауысатынын білеміз» /3/. Мәжіліс қарауына ұсынылған заң жобасында сақтандырушы компания мен сақтандырылушылардың міндеті мен жауапкершілігі біршама реттелді. Атап айтқанда, егін шықпай қалса, шеккен шығын мөлшерін сақтандыру компаниясы төлейтіні айқындалды. Оның орындалу механизмінде біршама нақтылық бар. Бірақ сақтандырылған кездегі баға мен оны төлейтін кездегі бағадағы өзгерістер айырмашылығы, шаруаның тыңайтқыштарға, транспорттық шығындарға жұмсайтын шығыны, бағадағы өзгерістер, жер құнарлылығына байланысты табыс мөлшеріндегі айырмашылықтар ескерілмеген. Бұл түптің түбінде шаруаның емес, сақтандырушы компанияның пайдасына шешілетіндіктен, оны шешуге мемлекеттің араласуы қажет. Бұл мәселе жөнінде кезінде мамандар арасында пікірталастар, ұсыныстар болса да, Парламент қарауына ұсынылған заң жобасында өзгеріссіз қалдырылыпты.

Біздің мемлекетіміздің құрылуының бастапқы сатысында сақтандыру жаңадан қоғамға ене бастаған еді, енді бүгін Қазақстанда сақтандыру экономикалық қатынастардың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасында сақтандырудың сапалы жаңа дәрежеге жетуі республиканың өз егеменділігін алғаннан соң басталды. Осы үрдістің негізгі құқықтық бастамасы болып, 1992 жылдың 3 шілдесіндегі №1510 XII «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы табылады. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының дамуының ең басты қадамдарының бірі 1998 жылы сақтандыру ісін қадағалау мемлекеттік органының қызметтері мен құзыретінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіне өтуі болып саналады.

2000 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі сақ-

тандыру ісін қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ретінде

сақтандыруды қадағалау органдарының Халықаралық Ассоциациасының торлық құқықты мүшесі болып табылады. Соңғы жылдары сақтандыру рыногының мәселе-лерін шешуде мемлекет беделді түрде қатысуда. Бұл сақтандырудың және сақтандыру қызметінің өзектілігіне, сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге зор септігін тигізуде. Қажетті мөлшерде сақтандыру ұйымдарында қаржы тәртіптілігі жақсарды.

Шамалы мерзімнің ішінде сақтандыру қызметін дамытуға байланысты біршама жұмыстар жасалды. Біріншіден, бұл сақтандыру заңнамасының жетілдірілуі. Бүгін сақтандыру және сақтандыру қызметі Қазақстан Ресмпубликасының 2000 жылдың 18 желтоқсанындағы №126 «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының сақтандыруға сәйкес баптарының негізінде жүзеге асырылады. Екіншіден, уәкілетті мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісімен сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған сақтандыру ұйымдарына талаптар мен нормативтерді енгізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісімен сақтандыру қызметін дамытуға байланысты жұмыстар жасалып жатыр. Ол жұмыстардың бірі ретінде Қазақстанда актуарийлік орталықтың ашылғанын айтуға болады. Ол сақтандыру ақпараттарын құрудың бірыңғай әдістемелік базасын өндіруді қамтамсыз етеді және сонымен қатар актуарийлік есептерді қолданумен байланысты және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құруға байланысты мәселелерді шешуді қамтамсасыз етеді.

Әрине, бұл көрсеткіштер мен дәрежелер басқа дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттермен салыстыруға болмайды және де бізде сақтандыру қызметіне байланысты шешілмеген мәселелер көп, бірақ сақтандыру қызметі біздің елімізде дамып келе жатқандығы сөзсіз. Алға қойылған мақсаттардың ішінде сақтандыру сыйлықақыларының көлемдерін төмендету мен ұзақ мерзімді өмірді сақтандыруды дамыту болып табылады.

«Өз елінің сақтандыру рыногының ашықтығы немесе жабықтығы жөніндегі мәселе кез келген мемлекеттің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, кез келген мемлекеттің алдында тұрған сұрақ, бұл өз елінің территориясында шетелдің сақтандыру компанияларына сақтандырушы ретінде сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат беру немесе тыйым салу арқылы тек қана ұлттық сақтандыру ұйымдарына сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат береміз бе? деген сұрақ әлі күнге дейін мемлекет алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады» /4/. Жабық сақтандыру рыногы ұлттық сақтандырушыларға тиімді жағдай туғызады, өйткені ұлттық сақтандыру компанияларының шетелдік сақтандыру компанияларымен бәсекелестікке түсуден құтылады.

Ашық сақтандыру рыногы сақтанушыларға тиімді екендігі сөзсіз, өйткені сақтанушылар алдында отандық және шетелдік сақтандырушылар арасында таңдау жасауға мүмкіндік береді, яғни сақтандыру қорғауының беріктігін көбейтеді, өйткені біздің отандық сақтандыру ұйымдары өздерінің күшінің аздығына байланысты мұндай қорғануды қамтамасыз етуге жағдайы жоқ. Сонымен қатар, отандық сақтандыру ұйымдары шет елдік сақтандыру ұйымдарымен бәсекелестікті көтере алмай, өз сақтандыру қызметтерін тоқтатуына тура келеді, яғни мемлекет өзінің жеке сақтандыру индустриясын құра алмайды, ал егер өзінің жеке сақтандыру индустриясы бар болса, онда одан айырылады. Басқа жағынан алып қарағанда, шетелдіктермен бәсекелестік ұлттық сақтандырушылардың қызметін жақсартады және тұтынушы-ларға сақтандыру қызметін көрсетудегі сапасын жоғары деңгейге көтереді, яғни сақтандыру аумағында сақтандыру қызметін жетілдіру құралы болып табылады деп

есептеймін.

Сондықтан, сақтандыру рыногының жабықтығы немесе ашықтығы – бұл ағаштың екі ұшы сияқты, яғни оның өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері болады.

Қазақстан Республикасы бұл екі нұсқаны да пайдаланып көрді. Ең басында сақтандыру рыногы толығымен ашық болған, сондықтан шетелдік сақтандыру-шыларға шектеусіз ерікті қызмет берілген еді. Бірақ кейіннен ұлттық сақтандыру-шылардың жан-жақтан жасалған қысымның нәтижесінде сақтандыру қызметіне байланысты заңнамаларға түзетулер енгізілді, мұның нәтижесінде сақтандыру рыногы толықтай жабылды.

Қазіргі уақытта аралық жол таңдалды. Бір жағынан, бұрынғыдай шетелдік сақтандыру компанияларының Қазақстан Республикасының территориясында тікелей сақтандырушы ретінде қызмет атқаруына тыйым салынады. Бірақ басқа жағынан, шетелдік заңды тұлғалар, сонымен қоса шетелдік сақтандыру компаниялары және шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының қатысушылары болуына құқығы бар.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы сәл ғана болса да ашықтау болды. Бұл өз кезегінде сақтандыру индустриясына тек қана шетелдік инвестицияларды келтіріп қоймай, сонымен қатар сақтандыру қызметін жүзеге асырудың алдыңғы қатарлы технологияларын да келтірді.

Сақтандыруға жеке тұлғалардың қатысу аз болып табылады. Бұл ең бірінші сақтандыру мәдениетінің жоқтығына, яғни жеке тұлғалардың сақтандыру ұйымдарына сенімсіздікпен қарауына байланысты болып келеді. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде көптеген тұрғындар сақтандыруды тәуекелден қорғаумен байланыстырмайды. Тәжірибелі түрде жеке тұлғаларды сақтандырудың ең көп тараған түрі бұл – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру болып табылады. «Сақтандырудың бұл түріне сұраныстың көптігінің себебі, сақтандыру полисі жол полициясымен тексерілетіндігімен байланысты» /5/.

Сақтандыру қызметін қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі сақтандыру заңнамасын жетілдірудің әдістері мен мақсаттарын қарастыруда.

Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің жеткілікті дәрежеде дамуына жағымсыз әсер еткен мынадай себептер:



  1. тұрғындардың қазіргі төлем қабілеттілігінің төмен деңгейінен сақтандыру қызметтеріне деген жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарының төмендігі;

  2. міндетті сақтандырудың жеткілікті дәрежеде дамымауы, өз кезегінде ерікті сақтандырудың да дамуына әсер етеді;

  3. міндетті сақтандырудың орындалуын мемлекет тарапынан қадағалаудың жоқтығы;

  4. сақтандыру заңнамасын жетілдіру шараларының жоқтығы;

  5. сақтандыру ұйымдарының төмен деңгейдегі капиталдандырылуы;

  6. сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қызметі туралы ақпараттың жабықтығы, бұл сақтанушылардың тұрақты сақтандыру ұйымдарын таңдауына қиындық туғызады;

  7. сақтандыру қызметін қадағалаудың құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыздандырылуының жетілмегендігі.

Адам және азаматтың құқықтарын қорғау барысындағы сақтандыру қызметін

жетілдіру мәселесін шешу үшін мынадай шаралар жасалуы керек деп санаймын:



  1. сақтандыру заңнамасының және сақтандырудың мақсатын түсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізу;

  2. сақтандыру қызметінің тұтынушыларының құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру;

  3. тұрғындардың сақтандыру мәдениетінің деңгейін көтеру;

  4. сақтандыру ісін ақпараттандыру аумағында қазіргі жаңа технологияларды қолдану;

  5. міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін жоғарылату;

  6. сақтандыру қызметінің аумағындағы мамандарды дайындау және дәрежелік біліктілігін көтеру;

  7. сақтандыру қызметін қадағалуды және реттеуді жүзеге асыру жүйесін ұйымдастыру;

  8. қайта сақтандыру мен ортақ сақтандыруды дамыту;

  9. өмірді сақтандыру және сақтандырудың әлеуметтік маңызы бар түрлерін жеделдетіп дамыту.

Сақтандыру қызметін жетілдіру жөніндегі мәселелердің біріне республика-дағы өмірді сақтандыру және жеке сақтандырудың басқа да түрлерінің жеткілікті дәрежеде дамымағандығы себеп болды. Сонымен қатар, бұл мәселелердің біріне сақтандыруға, әсіресе өмірді сақтандыруға сақтанушылардың қызығушылығының төмендігін жатқызуға болады, өйткені тұрғындар көбінесе өз қаражаттарын банкке сеніп тапсырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда өмірді сақтандыру бойынша екі компания қызмет атқарады. Сақтандыру сыйақыларының толық көлемінің 1,5%-ын өмірді сақтандыру құрайды.

Жеке сақтандыруды дамыту, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі.

«Біздің Қазақстанда өзара сақтандыру институты мүлдем қолданбайды. Оның ең басты себебі өзара сақтандырудың құқықтық статусы мен олардың қызметінің шарттарын анықтайтын заң актілерінің жоқтығы» /6/.

Сақтандыру қызметін жетілдірудің ең басты мақсаты тұрғындардың сақтандыру мәдениетін қалпына келтіру және жоғарылату болып табылады. Өйткені тұрғындардың сақтандыру мәдениетінің төмендігі сақтандыру қызметін жетілдіруге кері әсерін тигізуде.

Тұрғындардың сақтандыру мәдениетінің төмендігі мына жағдайларға байланысты:



  1. тұрғындардың сақтандыруға деген жағымсыз қатынасы;

  2. тұрғындардың мемлекет тарапынан әлеуметтік және басқа да көмек күтуінің тарихи қалыптасқан бейімділігі;

  3. сақтандыру ұйымдарының қызметтері туралы ақпараттардың жоқтығы;

  4. жарнаманың белсенділігінің төмендігі;

  5. сақтандыру қызметінің түсінігін түсінбеуі;

  6. тұрғындардың кірістеріне сәйкес келмейтін жоғары сақтандыру тарифтері;

  7. сақтандырудың тиімсіз шарттары.

Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін сақтандыру рыногының барлық кәсіби қатысушыларының қатысуымен біріге отырып, тұрғындарды сақтандыруға қызықтыратын шараларды жүзеге асыру қажет.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Қазақстанның сақтандыру рыногында тек сақтан-

дыру делдалдары мен актуариилер көрсетілген. Сондықтан сақтандыру делдал -

дығына байланысты заңнамаларды жетілдіру керек деп санаймын. Өйткені, Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңда сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қызметтері толықтай көрсетілмеген, сондықтан сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қызметтерін толық және нақты түрде айқындап көрсету керек деп санаймын. Айта кететін жайт, сақтандыру қызметі дамыған елдерде сақтандыру брокерлері делдалдық қызметті көрсетуден басқа сақтандырушы мен сақтанушы арасында тәуекелдерді сақтандырудың бағалауын жүзеге асырады, шығындарды реттеуге байланысты сұрақтарды шешеді.

Сақтандыру ұйымдарының саны 1998 жылдан бастап қазіргі 2007 жылға дейін құбылмалы түрде өзгергендігін мына мәліметтер бойынша көруге болады. 1998 жылы – 71; 1999 жылы – 70; 2000 жылы – 42; 2001 жылы – 38; 2002 жылы – 34; 2003 жылы – 33; 2004 жылы – 32; 2005 жылы – 34; 2006 жылы – 37; 2007 жылы - 41 сақтандыру ұйымдары қызмет атқаруда.

Көрсетілген мәліметтер бойынша соңғы жылдары сақтандыру ұйымдарының санының жылдан-жылға азаюының себебі, сақтандыру ұйымдарының қызметтеріне, әсіресе олардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне деген заңның талаптарының жоғарылауы себеп болып табылады. «Осының нәтижесінде, сақтандыру рыногынан сенімсіз, қаржылық тұрақсыз сақтандыру ұйымдары ығыстырылып шыға бастады. Ал кейіннен, яғни 2005 жылдан бастап, сақтандыру ұйымдарының саны көтеріле бастады. Бізге негізінен сақтандыру ұйымдарының санының өскендігі емес, сапасының жоғары болуы қажет» /7/.

Сақтандыру қызметіне тікелей қадағалауды жүзеге асыратын бұл – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің банктік және сақтандыруды қадағалау Департаменті.

Сонымен қатар, қазіргі кезде біздің елімізде сақтандыру алаяқтығы туралы мәселе де өз шешімін таппай отыр. Өйткені, қазір жалған полистер пайда бола бастады. Ол жалған полистерді жасауда озық технологияларды қолдана отырып, түрлі-түсті көшірме арқылы басып шығаруда. Сонымен бірге екінші бір мәселе осы жағдайға байланысты полистердің заңды түрдегі бланкте жазылып, бірақ сақтандыру сыйақысы сақтандыру компаниясына түспейді. Мұндай полистер уақытша беріледі. Ал мұндай полисті арзанға сатып алған тұлға, кейіннен сақтандыру төлеміне ие бола алмайды. Сондықтан ақшаны сыртқа шашқаннан гөрі заңды түрде полисті сатып алған дұрыс деп санаймын.

Айта кететін жайт, сақтандыру шартын жасасқаннан кейін бірден пайда болатын сақтандыру жағдайы күмән туғызатыны сөзсіз. Өйткені, бұл ұйымдасқан қылмыстылық арқылы жасалатын алаяқтық деп санаймын. Ал, сақтандыру алаяқтығы туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде қарастырыл-маған. Ал сақтандыру алаяқтығы үлкен құқық бұзушылық болып табылады. Сондықтан, менің ұсынуым бойынша сақтандыру алаяқтығына байланысты Қылмыстық кодексте жеке бап ретінде қаралса деп есептеймін.
Әдебиет


  1. 2000 жылғы 27 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Заң шығару және ұйымдастыру базасын жақсарту» бөлімі.

  2. Жуйриков К. Страховой рынок Казахстана: Современное состояние и проблемы

развития. // Республика. 2001. 26 апрель. Стр. 6.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өндірісін міндетті сақтандыруды жүргізудің тәтібі мен шарттары туралы» Ереженің II-тарауының 11-тармағы.

  2. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты, №643 қор, №1 жазба, №41 іс, 12-13-бет.

  3. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты, №30 қор, №1 жазба, №558 іс, 24-27-бет.

  4. Сансызбай Жолдасбаев «Міндетті сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғау».

Заң 12/2005

  1. Сембеков А. Этапы формирования страхового рынка в Казахстане. Стр. 30.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз





жүктеу 388 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау