Ж
ас адамдардың өз өмірлеріне ықпал
ететін шешімдер қабылдауға дауыс
беру және қатысу құқығы бар.
Қоғамдық өмірге белсене араласудың жас
адамдар үшін пайдасы зор әрі ол қоғамның
өзі үшін қолайлы. Жергілікті, ұлттық және
жаһандық деңгейлердегі өзгерістерге жетуге
күш-жігер жұмсау қоғамға оның маңызды
бөлігі ретінде жас адамдар қатысқан
жағдайларда ғана ұзақ мерзімді нәтижелер
береді.
2012 жылы ЮНИСЕФ 1000-нан астам жас
адамға сауалнама жүргізе отырып, Шығыс
Қазақстан облысының 6 ауданында (Аягөз,
Жарма, Зырьян, Абай, Қатонқарағай және
Риддер) жасөспірімдер мен жастардың
негізгі мұқтаждықтарын бағалау үшін зерттеу
жүргізді
1
.
Мұнымен бірге, жастардың, әсіресе көбірек
қолдауды қажет ететін осал топтардың
мұқтаждықтарын қанағаттандыруда олар-
дың мүмкіндіктерін анықтау мақсатында
жұмыс істеп жатқан жастар ресурстық
орталықтарының (ЖРО) жағдайы баға-
ланды. Бағалау нәтижелері ЖРО-ның күшті
және осал тұстарын анықтап берді. ЖРО
материалдық-техникалық қамтамасыз ету,
қызметкерлермен
жабдықталу
түрінде
үкіметтен қолдау алады, алайда, орталық-
тардың нақты стратегиялық пайымы
мен мақсаттарын әзірлеу қажет. ЖРО
кадр әлеуетін күшейтуге, жастармен
тікелей жұмыс жасайтын орталықтардың
қызметкерлерінің білім мен білік дағдыларын
арттыруға мұқтаж. Жүргізілген зерттеулер
мен талдау нәтижелері бойынша ЮНИСЕФ
пен ШҚО әкімдігі жастар саясатын дамыту
және өңірде жастар ресурстық орталықта-
рын құру бағытында жұмыс істейді.
Жоба мынадай іс-шараларды қамтиды:
• 2013 жылы ЮНИСЕФ ШҚО-ға әлемдік
тәжірибе мен озық практиканы ескере-
тін, жас адамдардың осал топтарының
мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін
ескеретін жастар ресурстық орталық-
тарының орнықты моделін әзірлеп,
іске асыруға көмек көрсету үшін жас-
тар саясатын дамыту саласындағы
халықаралық сарапшыларды тартты.
1 Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл жастарының
мұқтаждықтарын бағалау, ЮНИСЕФ сайтынан оқуға болады:
http://unicef.kz/publication.html?id=126
• 2014 жылы ШҚО-дағы барлық жастар
орталықтарының директорлары мен
облыстық жастар саясаты мәселелері
жөніндегі басқарма қызметкерлеріне
(40 қатысушы) арнап жастарға арналған
қолда бар ресурстар мен ұйымдарды
картаға түсіру, еріктілер қозғалысын іл-
гері апару, жастар орталықтарын ұйым-
дық дамыту және ішкі және сыртқы өзара
байланыстарын жақсарту мәселелері
бойынша семинарлар өткізілді.
Аягөздегі жастар ресурстық орталығы
халықаралық сарапшылардан ауыл
жасөспірімдері мен жастарымен жұмыс
және оларды қамтуға қатысты интенсивті
оқу курстарын алды.
• 19 ауылдық жастар орталығына арнап
жас адамдар үшін нәтижеге негізделген
халықаралық тәжірибе негізінде ұйым-
дық модель әзірленуде.
• Бұнымен бір мезгілде облыстағы жас-
тардың жағдайына, олардың мұқтаж-
дықтарына жауап беретін бағдарла-
малар мен саясатқа талдау жасау
және мониторинг жүргізу үшін жастар
саясатының индикаторларын әзірлеу
басталды
2
.
• Жастар ресурстық орталықтарын дамыту
моделі мен ШҚО-ға арнап әзірленген
жастар
саясатының
тиімділігіне
мониторинг жүргізуге арналған инди-
каторлар жобасы 2014 жылы 5 жел-
тоқсанда
Қазақстан
Республикасы
Парламенті Мәжілісінің арнайы көшпелі
отырысына ұсынылды, онда елдегі
жастар саясатын әрі қарай дамыту үшін
ұсынымдар қабылданды.
Жобаның дамуындағы жаңа кезең ретінде
2015 жылы ЮНИСЕФ арасында ШҚО
өкілдері бар Қазақстан делегациясы
үшін Ұлыбританиямен танысу сапарын
ұйымдастырды, оның мақсаты жастар
саясатының негізгі өңірлік және ұлттық
басқарушыларын британ жастар орта-
лықтары мен Ұлыбритания үкіметінің жұмыс
тәжірибесімен таныстыру болды.
2 Шығыс Қазақстан облысына арналған өңірлік жастар
саясатының индикаторлары, ЮНИСЕФ сайтынан оқуға
болады: http://unicef.kz/publication.html?id=124
34
ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ИНДИКАТОРЛАР
ЖАСТАРДЫҢ
МҰҚТАЖДЫҚТАРЫ МЕН
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНЕ
ТАЛДАУ ЖАСАУ –
ЖАСТАР БОЙЫНША
ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ
ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕР
ӨҢІРЛІК ІС-ҚИМЫЛ
ЖОСПАРЛАРЫ
БАҒДАРЛАМАЛАР, ІС-
ШАРАЛАР, ЖОБАЛАР
(МЫСАЛЫ, ЖРО)
ТҰРАҚТЫ
МОНИТОРИНГ
ЖАСТАРДЫҢ ӨҢІРЛІК
ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ФОРУМДАРЫНДАҒЫ
МЕРЗІМДІ БАҒАЛАУЛАР
ЖАСТАРДЫҢ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ШАРАЛАРДЫҢ
МІНСІЗ ЦИКЛЫ
Семинарлар мен тренингтерге қатысу,
өңірлік және аудандық маңызы бар
мемлекеттік органдардың үкіметтік емес
ұйымдармен, жасөспірімдермен және олар-
дың ата-аналарымен, жергілікті қоғам-
дастықтармен өзара іс-қимылын терең
зерттеу Шығыс Қазақстан, Маңғыстау
және Қызылорда облыстары әкімдіктері
басшыларының, Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісі мен ҚР Білім және
ғылым министрлігі өкілдерінің және жастар
ресурстық орталықтары басшылары үшін
демеу және ынталандыруға айналды.
БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛДАУ КӨРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫ
35
ЖАС АДАМДАР
ҮШІН НӘТИЖЕЛЕР