-
- Қалдаяқов Шәмші (1930-1992 жж.) - аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы.
- Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер. Осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келеді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды.
- 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда В.В. Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруда, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.
- МЕНҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ
- Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
- Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!
- Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!
- 2. Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!
- Махаббат
- тақырыбындағы
- әндері
Мұғалім: Шәмші өзінің әкесі қайтыс болғаннан кейін басына кесене орнатты. Ал анасына арнап әннің ең асылын, нәзігін жазды. Ол – «Ана туралы жыр». Бұл әннің де шығу тарихы бар. - Мұғалім: Шәмші өзінің әкесі қайтыс болғаннан кейін басына кесене орнатты. Ал анасына арнап әннің ең асылын, нәзігін жазды. Ол – «Ана туралы жыр». Бұл әннің де шығу тарихы бар.
- Жәмшид Шәмші атанып, композиторлық атағы шыққан кезде, анасы айықпас ауруға шалдығады. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдағы Шәмшіні шақыртып: - Балам, мен өмірден жас кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай бұйыртпады. Тағдыр солай, қайтейін! Бар тілеуім Сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін, ұзаққа жетсін. Бақытты бол, балам!- дейді. Ананың ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінеді. Анасының ең жақын жан екенін түсінген Шәмші: - Ана, мен сенің басыңа кесене, ғимарат орната алмасамда, бірақ мен саған әннің ең асылын, ең нәзігін арнап жазамын, ол ешқашан да ұмытылмайды,- дейді. Бұл 1957жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші өзінің сөзін 1961жылы орындайды.
Ана туралы жыр - Ана туралы жыр
- Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
- Сөзін жазған: Ғафу Қайырбеков
- Әлемнің жарығын,Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін,Жинадың сен маған. Сен берген құстардың,Қанатын самғаған. Балалық құштарым,Өзіңе арнаған
- Қайырмасы:
- Әлдилеп аялап,Өсірген жемісің. Самал жел, сая бақ,Құшағың мен үшін. Есейіп кетсем деМен саған сәбимін Көңіліңді көктемдей,Көзіңнен танимын
- Өтеуге борышым,Анашым, жан сырым
- Іздедім сен үшін, Әлемнің асылын. Әлемнің байлығын,Сыйлар ем кеш мені. Сыйлар ем ай, күнін, Қолыма түспеді.
- Ете гөр қанағат, Әзірге берерім Балалық махаббат, Балалық жүрегім Бол риза, анашым, Қолдағы осы бар Өзіңе арнаған, Әнімді қосып ал
Шәмшi ағаның әнiн тыңдаған ағылшындық мейман Роберт Файлер тiлмаш арқылы: – Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. Үш жүзге жуық ән шығару деген – ұлы ерлiк. Ескерткiш орнату керек! – дедi. Шетелдiк қонақтың мақтау сөзiн Шәмшi аға өте қарапайымдылықпен қабылдаса да, көзi жасаурап қалды. - Шәмшi ағаның әнiн тыңдаған ағылшындық мейман Роберт Файлер тiлмаш арқылы: – Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. Үш жүзге жуық ән шығару деген – ұлы ерлiк. Ескерткiш орнату керек! – дедi. Шетелдiк қонақтың мақтау сөзiн Шәмшi аға өте қарапайымдылықпен қабылдаса да, көзi жасаурап қалды.
- Қуаныш ТӨЛЕМЕТОВ, Қазақстан Республикасы Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты
Ұлы Абайдың Францияда өткен 150 жылдық тойына қатысқан қазақстандық делегацияны Иманғали Тасмағамбетов басқарып барды. Мерейтойдың ашылу рәсiмiнде француздың бiр әнiн орындадым. Бiрақ жұрттың сұрауы бойынша Шәмшiнiң “Менiң Қазақстаным” әнiн iле-шала орындауыма тура келдi. О, құдiрет! Бұл әндi Жамал Омарова апайдан кейiн қанша орындасам да, дәп осы Парижде айтқандай айтқан емеспiн. Әсiресе, Әлiбек Дiнiшев қатты ризашылық бiлдiрдi. Шәмшiнiң әндерi ХХ ғасырдағы қазақ эстрадасының паспорты. Сара ТЫНЫШТЫҒҰЛОВА, халық артисi - Ұлы Абайдың Францияда өткен 150 жылдық тойына қатысқан қазақстандық делегацияны Иманғали Тасмағамбетов басқарып барды. Мерейтойдың ашылу рәсiмiнде француздың бiр әнiн орындадым. Бiрақ жұрттың сұрауы бойынша Шәмшiнiң “Менiң Қазақстаным” әнiн iле-шала орындауыма тура келдi. О, құдiрет! Бұл әндi Жамал Омарова апайдан кейiн қанша орындасам да, дәп осы Парижде айтқандай айтқан емеспiн. Әсiресе, Әлiбек Дiнiшев қатты ризашылық бiлдiрдi. Шәмшiнiң әндерi ХХ ғасырдағы қазақ эстрадасының паспорты. Сара ТЫНЫШТЫҒҰЛОВА, халық артисi
- Бір күні маған: «Саған арнап ән шығарып қойдым, ұнамаса ренжіме. Егер көңіліңнен шықса рахметті алдымен Мақсұтбек Майшекинге айтарсың, өйткені сөзін жазған сол», – деді. Аккордеонды қолына алып, «Бәрінен де сен сұлуды» орындай жөнелді. Шынын айтсам, сол кезде онша мән бермедім бе, әйтеуір: «Сол-ақ па?» – дедім. Ол саспастан: «Ұнамады ғой білем. Асықпа, мен саған басқа ән арнаймын. Бұл әнімді жақында Ілия Жақанов той жасайын деп жатыр, соған тарту етемін»-деді. Кейіннен бұл ән қаншалықты танымал болғанын өздеріңіз де білесіздер.
Ұлымыз Әбілқасым бір жарым жасқа толғанда Шәкең «Бақыт құшағында» деген ән жазды. Әннің тууына орай сол күні отбасымызда кішігірім той болды. Шәмші ерекше шаттанып жүр. Сөйтсем, бұл баламыз өмірге келгеннен бері, яғни бір жарым жылдан бері толғағы жетпей жүрген дүние екен. Сөзін жазуға Нұтфолла Шәкеновке тапсырма берді. Ол кісінің жазған өлеңі әнмен үйлеспеді-ау деймін, кейіннен Тұманбай Молдағалиевке басқа сөз жаздырды. Әнді алғаш болып Рашид Абдуллин орындады. «Қайықтаны» Жамал Омарова, «Ақ маңдайлымды» Роза Бағланова, «Қаракөзді» Әнуарбек Үмбетбаев орындап шықты. - Ұлымыз Әбілқасым бір жарым жасқа толғанда Шәкең «Бақыт құшағында» деген ән жазды. Әннің тууына орай сол күні отбасымызда кішігірім той болды. Шәмші ерекше шаттанып жүр. Сөйтсем, бұл баламыз өмірге келгеннен бері, яғни бір жарым жылдан бері толғағы жетпей жүрген дүние екен. Сөзін жазуға Нұтфолла Шәкеновке тапсырма берді. Ол кісінің жазған өлеңі әнмен үйлеспеді-ау деймін, кейіннен Тұманбай Молдағалиевке басқа сөз жаздырды. Әнді алғаш болып Рашид Абдуллин орындады. «Қайықтаны» Жамал Омарова, «Ақ маңдайлымды» Роза Бағланова, «Қаракөзді» Әнуарбек Үмбетбаев орындап шықты.
– Көп адамдар «Шәмші әндерін мандолинмен шығаратын еді» дейді. Шәмші көшеде ыңылдап келе жатып та, фортепьянода ойнап та шығаратын. Ән жазып болғаннан кейін көңілі жадырап, балаша шаттанатын. «Жәмила, тыңдашы, мынадай ән шығардым», – деп бірнеше мәрте орындап беретін. Әсері сонша, ол әндерді мен де лезде жаттап алатынмын. Бір қызығы, Шәмші өз әндерінің өлеңін дұрыс білмейтін. Қонақтар келгенде «сен айт, мен айтпен» ақыры әнін фортепьянода орындап беретін. Бүгін де ел аузында жүрген әндердің бірінші тыңдаушысы болғанымды өзімше мәртебе санаймын. Сол үшін де бақыттымын. - – Көп адамдар «Шәмші әндерін мандолинмен шығаратын еді» дейді. Шәмші көшеде ыңылдап келе жатып та, фортепьянода ойнап та шығаратын. Ән жазып болғаннан кейін көңілі жадырап, балаша шаттанатын. «Жәмила, тыңдашы, мынадай ән шығардым», – деп бірнеше мәрте орындап беретін. Әсері сонша, ол әндерді мен де лезде жаттап алатынмын. Бір қызығы, Шәмші өз әндерінің өлеңін дұрыс білмейтін. Қонақтар келгенде «сен айт, мен айтпен» ақыры әнін фортепьянода орындап беретін. Бүгін де ел аузында жүрген әндердің бірінші тыңдаушысы болғанымды өзімше мәртебе санаймын. Сол үшін де бақыттымын.
Нұрғиса Тілендиев: - Шәмшіні не үшін жақсы
- көретінімді өзім де білмеймін.
- Мүмкін іштарлығы жоқ кеңдігін,
- болмашыңа қуана білетіндігін,
- тіпті өзіңді еріксіз баурап әкететін
- жұғымдылығын, кейде нартәуекелі басым мәрт көңілін жаныммен ұнататындығым шығар. Не істесек те бір-бірімізге адал болдық. Ол інілік жолын білетін. Мен ағалық жолымды сақтадым. Менің әндеріме ғашық еді. Мен оның вальстеріне іңкәр көңілімді айтып жеткізе алмайтынмын.
Шәмші Қалдаяқов – аса сезімтал композитор, тақырыпты таңдап, талғап жазады. Жырлайтын тақырыбына “жүз ойланып, мың толғанып” барып ырғақ, әуен, әуезді саралап қолданады. - Шәмші Қалдаяқов – аса сезімтал композитор, тақырыпты таңдап, талғап жазады. Жырлайтын тақырыбына “жүз ойланып, мың толғанып” барып ырғақ, әуен, әуезді саралап қолданады.
- Мысалы, “сыр сұлуы” әнінде
- Жайраңдап жазда салатын еді,
- Есімде қайран Сыр сұлу.
- Таңертең сонда баратын еді,
- Толқынға құмар бір сұлу –
- деген ән жолдарында туған жерге деген сағыныштың сары табы әуеннен бірден көзге ұрады.
Роза Бағланова - Шәмші Қалдаяқовтың әндерін
- нақышына келтіре орындайтын
- әншілердің бірі.
- Орындайтын әндері:
- Ақ маңдайлым, Қайықта, Еркежан
- т.б.
- «Шәмшiнiң кеудесiнен
- күмбiрлеп туған әр әнiн
- әуелетiп шырқаған сайын
- жайлауда жүргендей жарқын
- әсерге бөлендiм»
- Роза БАҒЛАНОВА,
- халық артисi, халық қаһарманы
Композитор - Композитор
- Роза
- Бағлановамен
- бірге.
Бибігүл Төлегенова - Шәмші Қалдаяқовтың әндерін алғаш орындап, бағын ашқан әншілердің бірі.
- ..Шәмші Қалдаяқов тау бұлағындай таза әуенiмен ән-жырға сусаған халқының мейiрiн қандырды. Бибiгүл ТӨЛЕГЕНОВА, Еңбек ерi, халық артисi
Нұрғали Нүсіпжанов - Орындайтын
- әндері: Теріскей,
- Сыр сұлуы.
- Ақ ерке – Ақ жайық.
- т.б.
Мақпал Жүнісова - Орындайтын
- әндері:
- “Бәріненде де сұлу”,
- “Бақыт құшағында”
- т.б.
- Орталық концерт залында өткен
- Шәмшi ағаның 60 жылдық
- мерейтойында ұлы композиторды
- бiрiншi және ақырғы рет көрдiм.
- “Бақыт құшағында”, “Бәрiнен де
- сен сұлу” әндерiн орындағанымда
- Шәмшi аға бата бердi. Шәмшi ағаны
- Көзi тiрiсiнде көрiп, ақ батасын
- алуым – мен үшiн үлкен бақыт!
- Мақпал ЖҮНIСОВА, халық артисi
Композитор жанұясымен – Достыққа адал, адамгершілігі мол, ақкөңіл еді оның мінезі. Өзіне ерекше тартып тұратын, сөйлескен адамын еріксіз баурап алатын қасиеті бар болатын. Сол үшін оның жанында жүруге құмартатындар көп еді. Сөзі мәнерлі, әңгімесі әсерлі болатын. Еттен жасалған тағамдарды сүйсініп жейтін. Біреуді жамандау деген оған жат нәрсе еді. Балаларына мейірімді болды. Екі ұлының атын да өзі қойды. Әбілқасымды – Әбілқасым Фирдоусиге, Мұхтарды – Мұхтар Әуезовке ұқсасын деп ниет етті. Екеуі де өнерден алыс кеткен жоқ. Үлкені – пианист. Екіншісі қазір Абай атындағы опера және балет театрында дирижер болып жұмыс істейді. Екеуінен төрт немереміз бар. Шәмшінің ауылына жиі келіп тұрамыз. Әруағына бағыштап құран оқытып тұруды ұмытқан емеспіз. - – Достыққа адал, адамгершілігі мол, ақкөңіл еді оның мінезі. Өзіне ерекше тартып тұратын, сөйлескен адамын еріксіз баурап алатын қасиеті бар болатын. Сол үшін оның жанында жүруге құмартатындар көп еді. Сөзі мәнерлі, әңгімесі әсерлі болатын. Еттен жасалған тағамдарды сүйсініп жейтін. Біреуді жамандау деген оған жат нәрсе еді. Балаларына мейірімді болды. Екі ұлының атын да өзі қойды. Әбілқасымды – Әбілқасым Фирдоусиге, Мұхтарды – Мұхтар Әуезовке ұқсасын деп ниет етті. Екеуі де өнерден алыс кеткен жоқ. Үлкені – пианист. Екіншісі қазір Абай атындағы опера және балет театрында дирижер болып жұмыс істейді. Екеуінен төрт немереміз бар. Шәмшінің ауылына жиі келіп тұрамыз. Әруағына бағыштап құран оқытып тұруды ұмытқан емеспіз.
Балаларымен бірге Мұхтар Қалдаяқов - Мұхтар Қалдаяқов
- Шәмші Қалдаяқовтың ұлы: - Оның әрбір әуені, үлкен тебіреніс, жүректен шыққан дүние. Әрине, ол дарын! Халқы оны – 100 жылда, тіпті 200 жылда бір дүниеге келетін жан деп жатады.
Өткен ғасырдың екiншi жартысында Шәмшiнiң әндерi бүкiл қазақ даласын бесiктей тербеттi. Академик Ахмет Жұбанов: Шәмшінің әндері космосты Гагариннен бұрын шарлап өттi”, – деген едi. Аузы дуалы академик ағамыз айтқандай, егер егемендiгiмiз ертерек, сол жылдарда келсе, онда Шәмшiнiң әндерi шартарапты шарлап кеткен болар едi. - Өткен ғасырдың екiншi жартысында Шәмшiнiң әндерi бүкiл қазақ даласын бесiктей тербеттi. Академик Ахмет Жұбанов: Шәмшінің әндері космосты Гагариннен бұрын шарлап өттi”, – деген едi. Аузы дуалы академик ағамыз айтқандай, егер егемендiгiмiз ертерек, сол жылдарда келсе, онда Шәмшiнiң әндерi шартарапты шарлап кеткен болар едi.
- Қаршыға АХМЕДЬЯРОВ, профессор, халық артисi
Ән әлемінің падишасы - Шәмші ағаның әндері,
- Жүректерді тербеді.
- Көңілдегі жақсы үміт,
- Әнмен бірге жаңғырып,
- Болашаққа беттеді.
- Жақсы әндердей мәңгілік,
- Ұрпақтарды таң қылып,
- Тозбасын тарих беттері..
Достарыңызбен бөлісу: |