Xxi ғасыр ақпараттандырылған кезең болғандықтан


Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесі



жүктеу 1,94 Mb.
бет3/7
Дата07.12.2017
өлшемі1,94 Mb.
#3493
1   2   3   4   5   6   7

2.2 Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесі


Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма-программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 сипаттамасымен (тақырыбымен) көрінеді. (1-сурет). Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес.

Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатады. Негізгі компонентердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементте панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.

Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оы экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.

Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар (оларды компонент “паспорты” деп те атайды). Қасиет (Сипаттама, параметр)-айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.

Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін ) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект сипаттамасы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events ( Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады (1-сурет). Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар-олардың мәндері.

Форма қасиеттері:



Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің) негізігі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып танитын. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктелген сипаттамасын Form1 орнына KvTend сипаттамасын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name сипаттамасын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады. 3-суретте көрсетілгендей.

3 cурет - Форма қасиеттері


Font ( Шрифт) – формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұқпаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді (4- сурет). Терезеден әдеттегідей қажетті шрифт типін өлшемін таңдап ( мысалы, Times Kaz, 10), ОК түймесін шерту керек .

4 сурет - Шрифт таңдау терезесі

Caption (Тақырып, бетіне жазу) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін Form1 cөзі енгізіліп қойылған. Оны “Redaktor” не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты ( қасиет мәні енгізілген соң КҚ ( каретканы қайтару , енгізу клавишін басып қойған жөн)

Color (түс) –форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі –қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белсісін шерткен кезде мәнедер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен. Соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

Width (Ен), Height (Биіктік) –пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).

Объект қасиетін программа ( программалық код) ішінде орнату да мүмкін. Мысалы, форма тақырыбы шрифтінің өлшемін 14 ету үшін программаға Form1. FontSize :=14 меншіктеу операторын енгізуге болады.

Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Delphi-де анықтамалар ағылшын тілінде жазылады. Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін “Coкpaт 97” сияқты арнайы дайындалған программаны пайдаланған жөн ( мұндай программа компьютерге орнатылса, оны пайдалану қиын емес).

Экранда қасиеттер терезесі көбінесе, оны шығару үшін View-object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.

2.3 Оқиғалар. Программалық код терезесі

Windows-тағы сияқты Dephi –де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнату, формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни , оқиға –программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі .

Dephi-де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.

Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны -35 (5-сурет). Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жзылады. Ол-атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.



5 сурет - Форма оқиғалары

Dephi ортасында жиі кездесетін оқиғалар :

On Click-тышқан түймесін бір рет басу;

OnDblClick-тышқан түймесін екі рет басу;

OnKeyDown-клавишті басу;

OnKeyUp-басылған клавишті босату;

OnMouseDown- тышқан түймесін басу;

OnMouseUp- тышқан түймесін босату;

OnMouseMove- тышқан көрсеткішін жылжыту;

On Create- форманы екі рет шерту, т.б.

Dephi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады:

-алғашқыда автоматты түрде Project1 сипаттамасы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырған.

-Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп , терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды.

Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:

- форманы жабу (түймесін шерту);

- код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірілуі түрде ашылады да онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады (6-сурет), т.б.

Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. 6-суретте көрініп тұрғаны – терезесіне енгізілген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:

Procedure <атау> (Sender: TObject);

<сипаттау бөлімі>

begin


<процедура денесі>

end;


мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайды .

Терезенің сол бөлігіндегі-браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.


6 сурет - Редактор терезесі



жүктеу 1,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау