|
Xii – XV ғасырдың бірінші жартысындағы ҚазақстанАлтын орда хандары Тохты хан (1290 – 1312 ж.ж)
|
бет | 4/5 | Дата | 06.10.2024 | өлшемі | 0,99 Mb. | | #45036 | түрі | Презентация |
| Алтын ордаАлтын орда хандары Тохты хан (1290 – 1312 ж.ж) - Алтын орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан.
- Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандырып, Египет мәмлүктерімен тығыз қарым – қатынаста болған.
- Алтын орданың гүлденген кезі Өзбек хан (1312 – 1342 ж.ж) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342 – 1357 ж.ж) билік еткен тұстары болды.
- Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген.
- Сарай – Беркеге жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейткен.
- Қалаларда медресе салдырып, мұсылман дінінің таралуына себебін тигізген.
- Өзбек хан Египет сұлтанына жазған хатында өз елінде дінсіздердің азайғанын хабарлаған.
- Өзбек ханның кезінде 1312 жылы мұсылман діні – мемлекеттік дін болып жарияланды.
Алтын орданың құрылымдық қоғамдық құрылысы - Хандық өкімет хан ұрпақарының иелігі болып табылады.
Алтын Орда хандары Ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізген. - Білекшілер – Хатшылар (жазу істерін, іс қағаздарды жүргізді).
Мемлекет ұлыстарға, ал ұлыстар ұсақ үлестерге бөліп басқарылған: - Әмір – Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілері.
- Беклербек – әскери істерді басқарды (нояндар бағынған).
- Уәзір – азаматтық билікті жүргізді.
- Ноян – тайпа көсемі (мыңдықтар бағынған).
- Мәлік – жергілікті билік басшысы (түркі әулеттерінен шыққан).
- Даруғалар – салық жинаумен шұғылданды. Сонымен қатар халық санағын өткізу, әскер жинау, байланыс қатынасын ұйымдастыру сияқты жұмыстарды атқарған.
- Басқақтар – жергілікті халыққа әскер бақылау жүргізді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысты.
Алтын орданың әлсіреуі - XIV ғасырдың ІІ жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейеді.
- 1357 – 1380 жылдар арасында 20 хан ауысты.
- XIV ғасырдың 60 жылдардың өзінде мемлекеттін астанасы Сарайда бір жылдың ішінде төрт хан ауысады.
- Ішкі саяси жағдай әлсіреді.
- Бұны тарихта «Ұлы дүрбелең» кезеңі деп атайды.
- Осындай ішкі талас – тартыстан әлсіреген Алтын Орда:
- 1380 жылы Куликово даласында Мамай қолбасшылық еткен әскер Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі.
- Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде әлсірейді.
- Бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|