Word pad мјтіндік редакторы



жүктеу 10,53 Kb.
Дата24.02.2018
өлшемі10,53 Kb.
#10680

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, “С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясы” КММ

  • Бастауыш сынып информатика пәні мұғалімі:
  • Кусаинова Айнур Рахымжановна

Тақырыбы: “Paint графикалық редактор”

Кіріспе XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры болғандықтан, қазіргі заманда адамдардың барлығы компьютерде жұмыс жасауды білулері тиіс. Қазіргі таңда адамдардың барлығы ақпараттарды ғаламтор арқылы алады. Ғаламтор бүкіл дүниежүзілік өрмек. Оның пайдасы бізге өте көп. Ерте кезден – ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз. Қарастырып отырған графикалық редактор растрлік бейнелермен жұмыс істеуге арналған (яғни, компьютер жадында, жеке нүктелер жиынтығы ретінде сақтаулы сурет). Ол қарапайым түрлі – түсті және ақ – қара суреттерді салуға және де бейнелерді өңдеудің кейбір операцияларын орындауға мүмкіндік береді.

Өзектілігі: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізлетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Зерттеу мақсаты: Оқушыларға графикалық редактор жайлы түсінік беру.

Зерттеу нысаны: Оқушылардың дүниетанымдарын, ой – өрістерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Болжам: Графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады, редакторды іске қоса алады, сурет салу кезеңдерін білетін болады, графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.

Негізгі бөлім: ДК – нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы операциялық жүйесі болып табылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған. Редактор: Құрал- саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға; суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға; суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға; бар графикалық объектілерді түзетуге; схемаларды сызуға және тағы басқа мүмкіндік береді.

Paint графиктік редакторын іске қосу: Пуск – Программы- Стандартные –Графический редактор – Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал – саймандар тақтасын, палитраны және қалып – күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

Сурет салу кезеңдері: құрал – саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және ол мынадай құрал – саймандары бар, суреттің ерікті аймағын белгілеу, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу, суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш, тұйық контурды құю, суреттен түс таңдау, экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб, жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш, ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть, түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш, мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу, түзу сызықтарды салуға арналған сызық, қисық сызықтарды салуға арналған қисық, тікбұрыш көпбұрыш және эллипс- қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал – саймандар фигура дұрыс салынуы үшін мауысты жылжытқанда шифт пернесін басып ұстау керек, салынған кескінді болдырмау үшін пернесін басу керек.

«Звезда» және «прямоугольник» (пунктирлі) – еркін түрде салынған суреттің қиындысын (әрі қарай көшіру, тасымалдау үшін) ерекшелейді. «Ластик» - бейнені өшіруге мүмкіндік береді. Атрибуттарды таңдау арқылы ластик көлемін өзгертуге болады. «Заливка» - («ластиктің» оң жағында орналасқан таңбаша) – тұйық аймақты негізгі және фондық түспен толтырады (сәйкесінше маустың сол жақ немесе оң жақ батырмасын басқанда). «Выбор цветов» - (ластик астындағы таңбаша) – суреттің керек жерін мауспен шерту арқылы сол жердің түсін негізгі немесе фондық түс ретінде таңдаймыз. (маустың оң немесе сол жақ пернесін басуға байланысты).

Қорытынды. Оқушылар графикалық редакторда сурет салуды және редактордың әр түрлі құралдарын үйренді. Сабақ барысында оқушылар Paint графикалық редакторында геометриялық фигураларды, жәндіктерді, жануарларды, өсімдіктерді, адам бейнесін, жыл мезгілдерін, әр түрлі ойыншықтарды, гүлдерді, мектепті, көліктің суреттерін салуды меңгерді. Балалардың суретке деген қызығушылықтары одан әрі артты. Графикалық редактор бейнелеу сабағымен тығыз байланысты. Бейнелеу сабағында олар әр түрлі түсті қарындаштар, өшіргіш, сызғыш пайдаланса, графикалық редакторда тура осындай құралдарды компьютер арқылы пайдалануға болатынына көзі жетіп, жақсы өнімдер шығара бастады. Оған дәлел- оқушылардың компьютерлік графикадан байқауларға қатысып, жүлдеге ие болуы.

  • Назарларыңызға
  • рахмет!!!
  • С
  • А
  • У
  • Б
  • О
  • Л
  • Ы
  • Ң
  • Ы
  • З
  • Д
  • А
  • Р
  • !!!

жүктеу 10,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау