Wabtec”, “біз” немесе “бізге



жүктеу 235,7 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.02.2020
өлшемі235,7 Kb.
#28638


ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ 

Wabtec Corporation жəне оған толық тиесілі жəне еншілес ұйымдары (бірге алғанда 

Wabtec”, “біз” немесе “бізге”) құпиялылыққа қатысты мəселелеріңізді құрметтейді. Осы 

құпиялылық саясатындағы “Wabtec”, “біз”, “бізге” жəне “біздің” сілтемелері - Жеке 

деректеріңізді өңдеуге жауапты тұлғаға сілтеме, ол əдетте сіздің жеке деректеріңізді 

алатын тұлға болып саналады. 

Осы Құпиялылық саясаты Wabtec жеке меншіктері, соның ішінде осы құпиялылық 

саясатын қарайтын жəне сілтеме жасалатын веб-сайттар, ұялы құрылғы қолданбалары 

жəне əлеуметтік желілер парақтарынан (“Интернет арналары”) алынатын жеке 

деректерге қолданылады. Бұл Құпиялылық саясаты бөлек құпиялылық саясаттарын 

жариялайтын өнімдер мен қызметтерге қолданылмайды. 

Бұл Құпиялылық саясаты Интернет арналары арқылы алынатын Жеке деректердің 

түрлерін, сол Жеке ақпаратты қалай пайдалануымыз мүмкін, оны кіммен бөлісе аламыз 

жəне Жеке деректерді өңдеуге қатысты өз құқықтарыңызды қалай қолдана алатыныңызды 

сипаттайды. Құпиялылық саясаты, сонымен қатар, біз алатын Жеке деректерді қорғау 

үшін қолданылатын шараларды жəне құпиялылықты қолдануға қатысты тəжірибелеріміз 

бойынша бізге қалай хабарласуға болатынын сипаттайды. 

Интернет арналары Wabtec тікелей немесе жанама түрде иеленбейтін немесе 

басқармайтын үшінші тараптардың веб-сайттары мен қызметтеріне сілтемелер ұсына 

алады. Біз үшінші тараптардың құпиялылық саясаттарына жататын құпиялылықты сақтау 

тəжірибелеріне жауапты емеспіз. 

Тізімделген бөлімге өту үшін төмендегі сілтемелердің бірін басыңыз: 

• 

Wabtec құпиялылық тəжірибелеріне қысқаша шолу

 

• 



Біз алатын жеке деректер

 

• 



Біз жеке деректерді қалай қолданамыз

 

• 



Жеке деректермен бөлісу

 

• 



Деректерді табыстау

 

• 



Сіздің таңдауларыңыз

 

• 



Біз жеке деректерді қалай қорғаймыз

 

• 



Жеке деректердің сақталуы

 

• 



Қосымша ақпарат

 



Калифорния тұрғындарына хабарлама

 



Балалардың жеке деректері

 



Біздің Құпиялылық саясатымызға өзгерістер

 

• 



Бізбен байланысу жолдары

 

Wabtec құпиялылық тəжірибелеріне қысқаша шолу 



Мақсаты 

Заңды негіз 

Маңызды жеке 

Сақтау мерзімі 


деректер 

Байланысу 

Заңды қызығушылық: сіздің 

контактілеріңізді алғаннан 

кейін сізбен байланысу 

Аты, телефоны, 

электрондық пошта 

мекенжайы 

Соңғы байланыстан кейін 

24 ай 


Сұрақтарға жауап 

беру 

Заңды қызығушылық: 

байланысу нысаны арқылы 

жіберілген сұрақтарға жауап 

беру 


Аты-жөні, электрондық 

пошта мекенжайы, 

телефон, факс 

Соңғы байланыстан кейін 

24 ай 

Шектеулі веб-сайтқа 

кіруді сұрау 

Келісімшарт: Шектеулі веб-

сайтқа кіру үшін жазылуға 

келісім беру 

Аты-жөні, электрондық 

пошта мекенжайы, 

телефон, факс 

Жазылу мерзімі 

аяқталғаннан немесе 

тоқтатылғаннан кейін 24 

ай 

Электрондық 

поштаға жазылу үшін 

тіркелу 

Заңды қызығушылық: сізді 

жазылған жаңалықтарыңыз 

бойынша қамтамасыз ету 

Электрондық пошта 

мекенжайы 

Соңғы сəтсіз байланыстан 

кейін 24 ай 

Бағасын беру 

Заңды қызығушылық: баға 

көрсеткіші нысаны үшін сұрау 

арқылы сұралған баға туралы 

ақпаратпен қамтамасыз ету 

Аты, электрондық 

поштасы, мекенжайы 

Жинағаннан кейін 24 ай  

Жұмысқа тарту 

Заңды қызығушылық: жұмыс 

өтініші бойынша жауап беру 

Аты-жөні, телефон 

нөмірі, электрондық 

пошта мекенжайы, елі, 

түйіндеме, туған жылы, 

ұлты, жынысы 

Соңғы байланыстан кейін 

24 ай 

Біз алатын жеке деректер 

Біз жеке деректерді Интернет арналары арқылы алуымыз мүмкін. “Жеке деректер” тікелей 

немесе жанама түрде жеке тұлға ретінде анықтау үшін, атап айтқанда, жеке сəйкестендіру 

нөмірі, интернеттегі идентификаторы немесе жеке тұлға ретінде сіздің жеке басыңызға 

тəн бір немесе бірнеше факторлар тəрізді бізге қолжетімді басқа ақпаратпен бірге 

қолданылатын ақпаратты қамтиды 

Біз алатын Жеке деректердің түрлеріне жатуы мүмкін: 



• 

сіз үшін немесе басқалар үшін (мысалы, сіздің бизнесіңіздің басшылары) байланыс 

ақпараты (мысалы, аты-жөні, телефон жəне факс нөмірі, электрондық поштасы жəне 

пошта мекенжайы); 

• 

онлайн есептік жазбаңызды жасау үшін қолданылатын ақпарат (мысалы, пайдаланушы 



аты, құпиясөз жəне қауіпсіздік сұрағы мен жауабы); 

• 

Кез келген жағдайда нəсілдік немесе этникалық шығу тегіне, саяси көзқарастарына, діни 



немесе философиялық наным-сенімдеріне немесе кəсіподақ мүшелігіне қатысты емес 

өмірбаяндық жəне демографиялық ақпарат, жеке тұлғаны жеке сəйкестендіру мақсатында 

биометриялық деректер, денсаулығы бойынша деректер немесе жеке тұлғаның жыныстық 

өмірі немесе жыныстық бағдары (мысалы, туған күні, жасы, жынысы, қызмет 

атауы/лауазымы, отбасы жағдайы жəне отбасы құрамы, жұбайы жəне басқа отбасы 

мүшелері туралы ақпарат); 

• 

сатып алу жəне тұтынушыға қызмет көрсету тарихы; 



• 

қаржылық ақпарат (мысалы, төлем туралы ақпарат, оған аты, төлем мекенжайы жəне 

төлем картасының мəліметтері (мысалы, карта нөмірі, жарамдылық мерзімі жəне 

қауіпсіздік коды); банк шоты туралы ақпарат; қаржылық есептер; кіріс; несие тарихы); 

• 

орналасу орны туралы деректер (мысалы, IP мекенжайдан, елден жəне индекстен алынған 



деректер) жəне біз қажетінше сізге хабарлама мен таңдау беретін ұялы телефонның нақты 

геолокациясы; 

• 

біз байланысқанды қалайтын достарыңыз немесе басқа адамдар туралы байланыс 



ақпараты; 

• 

сіздің желідегі əрекеттеріңіз туралы кіру туралы мағлұматтар жəне басқа ақпарат 



(мысалы, құрылғыларыңыз туралы, шолу əрекеттері жəне үлгілерді пайдалану туралы 

ақпарат), оған біз cookie файлдары, веб-шамшырақтарды жəне ұқсас технологияларды 

пайдалану арқылы алатын Интернет арналары жəне үшінші тарап веб-сайттары (біздің 

Cookie саясатымызды

қараңыз) жатады; жəне 

• 

сіз бізге жіберген контенттегі басқа жеке ақпарат (мысалы, “Бізбен байланысу” мүмкіндігі 



арқылы). 

Wabtec біздегі жеке деректерді дəл жəне жаңартылған күйде сақтауға тырысады. Бізге 

хабарлайтын Жеке деректердің дəл жəне жаңартылған болуын тексеріңіз. 

Біз Интернет арналары, соның ішінде cookie файлдарын жəне ұқсас технологияларды 

қолданатын Google Analytics қызметімен байланысты үшінші тарап веб-сараптама 

қызметтерін Интернет арналарын қолдануын жəне олармен өзара əрекеттесуін бағалау 

үшін деректерді (мысалы, IP мекенжайларын) жинауға қолданамыз. (Google жарнама беру 

қызметтері, оның ішінде Google Analytics қазіргі уақытта қолжетімді ақпараттан бас тарту 

механизмдері туралы мына жерден білуге болады. 

Осы және басқа талдау қызметтері туралы

және ақпараттан бас тарту туралы көбірек білу үшін біздің

Cookie саясатымызды

қараңыз)

 

Егер арнайы Жеке деректерді бермеуді таңдасаңыз, сізге арнайы өнімдер мен қызметтерді 



ұсына алмауымыз мүмкін жəне сізге Интернет арналардың кей мүмкіндіктері қолжетімсіз 

болуы мүмкін. 



Басқа ақпарат көздерінен жинайтын жеке деректер. 


Біз жəне біз жұмыс істейтін үшінші тараптар сіздерден жəне Интернет арналары арқылы 

жинайтын ақпаратты арасында басқа көздерден алынған ақпаратпен біріктіруі мүмкін. 

Бұл

бізге ақпараттың жалпы дәлдігі мен толықтығын жақсартуға көмектеседі әрі сізбен қарым-



қатынасымызды дұрыс бейімдеуге көмектеседі

 (алдымен біздің 

Cookie саясатымызды

оқыңыз


). 

Біз жеке деректерді қалай қолданамыз 

• 

біздің өнімдеріміз мен қызметтерімізді ұсыну жəне басқару; 



• 

тапсырыстарды өңдеу жəне орындау жəне тапсырысыңыздың күйі туралы хабарлау; 

• 

біздің өнімдер, қызметтер, оқиғалар, бағдарламалар жəне науқандар туралы (мысалы, 



ескертулер, науқандық материалдар, ақпараттық хаттар жəне басқа маркетингтік 

коммуникациялар жіберу арқылы) байланысу жəне оларды басқару; 

• 

деректерді аналитикалық талдауды (мысалы, нарықтық зерттеу, трендтерді талдау, 



қаржылық талдау жəне клиенттерді сегменттеу) орындау; 

• 

жарнамалық қайта бағыттауға қатысу жəне біздің маркетингтік шараларымыздың 



тиімділігін бағалау (соның ішінде жарнама желілеріне қатысу арқылы); 

• 

тұтынушыларға қолдау көрсету; 



• 

талаптарды, сұрауларды жəне өтініштерді өңдеу, бағалау жəне оларға жауап беру; 

• 

есептік жазбаңызды құру, басқару жəне ол бойынша сізбен байланысу (кез келген сатып 



алулар мен төлемдерді қоса); 

• 

маркетинг жəне сату бойынша қызметтерді (соның ішінде əлеуетті клиенттердің 



дерекқорын құру, маркетингтік перспективаларға ұмтылу, маркетингтік зерттеулер 

жүргізу, жарнамалық жəне маркетингтік кампанияларымыздың тиімділігін анықтау жəне 

басқару жəне брендімізді басқару) жүргізу; 

• 

бизнесімізді жүргізу, бағалау жəне жақсарту (мысалы, өнімдер мен қызметтерді басқару, 



кеңейту жəне жақсарту; жаңа өнімдерді, қызметтерді жəне Интернет арналарын дамыту; 

байланыс қызметтері жəне тұтынушылармен қарым-қатынасты басқару; жəне есеп, аудит, 

шот, салыстыру жəне жинау қызметін орындау); 

• 

жеке басын куəландыратын жəне алаяқтық пен басқа да заңсыз əрекеттерден, рұқсат 



етілмеген транзакциялардан, шағымдардан жəне басқа міндеттемелерден қорғау жəне 

болдырмау, тəуекелге бейімділік пен сапаны басқару; жəне 

• 

тексерулерді жүргізу жəне қолданыстағы заңнама талаптарын, тиісті салалық 



стандарттарды, келісімшарттық міндеттемелерді жəне біздің саясатымыз бен 

шарттарымызды (мысалы, осы Құпиялылық саясаты жəне басқа да Интернет арналарын 

пайдалану шарттары) орындау жəне қамтамасыз ету; өнімдеріміздің, қызметтеріміздің, 

Интернет арналарының, желілік қызметтердің, ақпарат көздерінің жəне қызметкерлердің 

жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтау жəне кеңейту. 

Біз Интернет арналары арқылы алатын Жеке деректерді басқа арналар арқылы алатын 

ақпаратпен жоғарыда сипатталған мақсаттар үшін немесе басқа арналар арқылы 

деректерді жинау кезінде сипатталғандай біріктіре аламыз. Біз жеке ақпаратты анонимді 

түрде бере аламыз немесе біріктіре аламыз жəне оны жоғарыда сипатталған мақсаттарда 

жəне қолданыстағы заңмен рұқсат етілген дəрежеде басқа мақсаттарда пайдалануға 

құқығымыз бар. Сондай-ақ, біз Жеке деректерді жинау кезінде анықталғаннан басқа 

қосымша мақсаттар үшін, егер мұндай басқа мақсаттар бастапқы мақсаттармен үйлесімді 

болса пайдалана аламыз. Кез келген жағдайда, біз сізге осындай қосымша мақсаттар 



туралы хабарлаймыз жəне заңмен талап етілетін дəрежеде сіздің алдын-ала келісіміңізді 

сұраймыз. 

Қолданыстағы заңмен бекітілген дəрежеде, тікелей маркетингтік мақсаттар үшін сіздің 

Жеке деректеріңізді өңдеуге келісім беруіңізді сұрауымыз мүмкін. 

Жеке ақпаратыңызды жоғарыда сипатталғандай өңдеу үшін Wabtec ұйымының заңды 

негізі əдетте төмендегілердің бірі болады: 

• 

Сіздің келісіміңіз; 



• 

Сізбен келісімшартты орындау; 

• 

Біздің заңды мүдделеріміз; немесе 



• 

Заңды міндеттемелерімізді орындау. 

Қосымша деректерді Wabtec құпиялылық тəжірибелеріне қысқаша шолу бөлімінен 

қараңыз. 



Жеке деректермен бөлісу 

Біз тек осында немесе жинау кезінде сипатталған жағдайлардан басқа сіз туралы жеке 

деректерді сатпаймыз немесе басқалай жария етпейміз. 

Жеке деректерді Wabtec тобына осы Құпиялылық саясатында сипатталған мақсаттар үшін 

бөлісе аламыз. 

Біздің бизнесімізді жүргізу, Интернет арналарымызды, өнімдерімізді жəне қызметтерімізді 

жеткізу, жетілдіру жəне бейімдеу, бизнесімізге қатысты маркетингтік жəне басқа да 

қарым-қатынастарды тарату, жұмыс өтініштеріне жауап беру жəне қажет болған жағдайда 

сіздің келісіміңізбен Жеке деректеріңізді Еуропалық Одақ (“ЕО”) немесе Экономикалық 

Аймақ (“ЕЭА”) ішінде немесе одан тыс орналасқан аймақта біздің атымыздан жəне біздің 

нұсқауларымыз бойынша жұмыс істейтін еншілес ұйымдарымызбен жəне басқа үшінші 

тарапты бизнес серіктестерімізбен, провайдерлерімізбен, жеткізушілерімізбен жəне 

мердігерлерімізбен бөлісуіміз мүмкін. 

Сондықтан, біз Жеке деректерді келесі тəсілдер арқылы бөлісе аламыз: 

• 

Wabtec ішінде жəне ЕО/ЕЭА ішінде немесе одан тыс орналасқан кез келген еншілес 



ұйымдар жоғарыда аталған мақсаттарға байланысты Жеке деректерді өңдеу немесе сақтау 

мақсаттары үшін; 

• 

Wabtec бизнес серіктестерімен, жеткізушілерімен, өкілетті үшінші тарапты агенттерімен 



немесе мердігерлерімен біздің өнімдерімізді жəне қызметтерімізді ұсыну немесе 

транзакцияларды жеңілдету. Мысалдар төмендегілерді қамтиды, бірақ олармен 

шектелмейді: өңдеу немесе тапсырыстар, веб-сайттарды орналастыру жəне қолдау 

көрсету; жəне 

• 

Компания активтерін сату, біріктіру немесе қайта құрылымдау, қаржыландыру немесе 



басқа компания біздің бизнесімізді толық немесе ішінара сатып алуына байланысты 

немесе келіссөздер барысында. 




Сондай-ақ, сіз туралы жеке деректерді келесі жағдайларда жарялауымыз мүмкін: (1) 

заңмен талап етілетін немесе рұқсат етілген жағдайда немесе сот процесінде (мысалы, сот 

шешімі немесе шақыру қағазы), (2) заң талабы бойынша құқық қорғау органдарына 

немесе басқа мемлекеттік ресми тұлғаларға беру (3) егер ақпаратты жариялау физикалық 

залалдың немесе қаржылық шығынның алдын алу үшін қажет болса, (4) заңды 

құқықтарымызды орнату, пайдалану немесе қорғау; (5) күдікті немесе нақты алаяқтықты 

немесе заңсыздықты тергеуге байланысты немесе (6) басқа жағдайда сіздің келісіміңізбен. 

Деректерді табыстау 

ЕО/ЕЭА ішінде жəне одан тыс орналасқан еншілес ұйымдардың дүниежүзілік ұйымы 

жəне шекара арқылы іскерлік қызметтері бар дүниежүзілік ұйым ретінде, біз сіздің жеке 

деректеріңізді Wabtec ұйымдарына, соның ішінде АҚШ-тағы, жəне/немесе ЕО/ЕЭА басқа 

үшінші тарапты бизнес серіктестері, провайдерлер, жеткізушілер жəне мердігерлерге 

жоғарыдағы “Біз Жеке деректеріңізбен қалай бөлісеміз” бөлімінде сипатталған 

мақсаттарға, соның ішінде Wabtec атынан жəне бақылауымен деректерді өңдеу немесе 

сақтау мақсаттарында бөлісуіміз мүмкін. 

Wabtec жеке деректерді қорғау туралы (“GDPR”) 27 сəуір 2016 жылғы (ЕО) 2016/679 

ережесін қоса алғанда, құпиялылық пен деректерді қорғаудың қолданыстағы ережелеріне 

сəйкес трансшекаралық табыстауды жүзеге асырады. Қолданыстағы заңнама талап еткен 

жағдайда, Жеке деректеріңіздің тиісті қорғаныс деңгейіне ие болуын қамтамасыз ету 

үшін, Wabtec жеке деректеріңіздің Wabtec еншілес ұйымдары мен жоғарыда аталған 

үшінші тараптармен сəйкес келуін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қолданады жəне 

құпиялылық пен деректерді қорғаудың қолданыстағы заңдарын құрметтейді. Іс-шаралар 

деректерді табыстау туралы келісімді қамтуы мүмкін. 



Сіздің құқықтарыңыз 

Сіз өзіңіз туралы сақталған барлық Жеке деректеріңізге қол жеткізуге, қағаз немесе 

электрондық көшірмесін алуға, қарауға, түзетуге жəне жаңартуға, атап айтқанда оның 

дұрыстығын растауға құқығыңыз бар. Тиісті заңды талаптар мен міндеттемелерден босату 

шаралары болған жағдайда, сіз Жеке деректеріңізді өңдеуге қарсы болуға немесе оны 

шектеуге не Жеке деректеріңіздің кей файлдарын біздің файлдарымыздан жоюды сұрай 

аласыз. 

Егер сіз ЕО/EEA аумағында тұрсаңыз, Жеке деректеріңізді тасымалдау құқығын 

пайдалана аласыз, мұнда өңдеуге заңды негіз болады: (i) (а) келісім-шарт немесе (b) сіздің 

келісіміңіз жəне (ii) мұндай өңдеу əрекеті автоматтандырылған құралдармен іске 

асырылса. Мұндай сұраным тек сіз берген немесе сол уақытта бізде болатын дербес жеке 

деректермен шектелуі мүмкін жəне сəйкестікті тексеру рəсімдерін қоса алғанда, кез келген 

заңды талаптар мен міндеттемелерден босату шараларына қатысты болуы мүмкін екенін 

ескеріңіз. 

Мұндай сұранымдарға заң тыйым салмаған болса немесе Жеке деректеріңізді сақтаудың 

заңды мақсаты болмаса, Wabtec жоғарыда аталған сұранымдарды орындау үшін ақылға 




қонымды күш-жігерлер салады, бұл жағдайда біз сізге кешіктірусіз хабарлаймыз. Жеке 

деректеріңізді өңдеуімізге қатысты кез келген сұранымға дейін жеке тұлғаны растау 

құқығын өзімізде қалдырамыз. Жеке деректеріңізге қатысты кез келген сұрақтарыңызды 

осы Саясаттың соңында көрсетілген байланыс мəліметтері арқылы жіберіңіз. 



Біз Жеке деректерді табыстауды қалай қорғаймыз 

Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі мен құпиялылығы біз үшін маңызды. 

Интернет арналары арқылы бізге берілген Жеке деректерді заңсыз немесе рұқсатсыз 

бұзылудан, жоғалудан, өзгертуден, пайдаланудан немесе жариялаудан немесе оған қол 

жеткізуден қорғау үшін қауіпсіздік пен құпиялылықты қамтамасыз ету үшін алынған 

Жеке деректерді заңды талаптарға сəйкес əкімшілік, ұйымдастырушылық рəсімдерді, 

техникалық жəне физикалық қорғау шараларын орындаймыз. 

Осылайша, Wabtec бізде бар Жеке деректерді қорғау үшін ақылға қонымды шараларға 

сүйенеді, соның ішінде: 

• 

Жеке деректерді пайдалану, қауіпсіздігі мен құпиялылығын сақтау бойынша топтық 



саясаттар мен рəсімдерді орындау; 

• 

“Ақпаратты білу қажет” қағидаты жəне құпиялылықтың қатаң талаптары бойынша сол 



қызметкерлерге жəне үшінші тарап қызмет провайдерлеріне ғана жеке деректерге 

қолжетімділікті шектеу; 

• 

Табыстау кезінде деректерді қорғау үшін технологияларды қолдану, мысалы, Интернет 



арналары арқылы берілетін кей деректерді SSL шифрлау жəне біз жинайтын жəне 

сақтайтын деректерді қорғау үшін тиісті қауіпсіздік шараларын қолдану; 

• 

Біздің компьютерлік жүйелеріміз бен желілерімізге орынсыз бұзып кіру əрекеттерін 



анықтау жəне оларға жауап беру үшін ақылға қонымды шаралар мен үдерістерді қолдану. 

Интернет жəне ондағы кез келген қарым-қатынастың əрқашан қауіпсіз болуына кепілдік 

берілмейді жəне бізге осы технология арқылы берілген кез келген жеке деректердің 

қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз. Осыған байланысты бізде кез келген деректер 

қауіпсіздігінің бұзылуына қатысты қабылданатын шаралар бар жəне заң талаптарына 

сəйкес сізді жəне күдікті бұзушылық туралы сізге жəне бақылау органына хабарлаймыз. 



Жеке деректердің сақталуы 

Қолданыстағы заңмен рұқсат етілген дəрежеде сіз туралы алатын жеке деректерді мына 

жағдайларда сақтаймыз: (1) ол осы Құпиялылық саясатының ережелеріне сəйкес біз алған 

мақсаттар үшін қатаң түрде қажет немесе (2) осы Құпиялылық саясатында немесе жинау 

сəтінде мəлімделген Жеке ақпаратты алудың бастапқы мақсатына қызмет ету үшін қажет 

кезеңнен тыс уақытта ақпаратты сақтау үшін бізде басқа заңды негіз бар. 

Сақтау мерзімдері туралы көбірек ақпарат алу үшін жоғарыдағы “Wabtec құпиялылық 

тəжірибелерін қысқаша шолу” бөлімін қараңыз. 



Қосымша ақпарат 


Калифорния тұрғындарына хабарлама 

Калифорния заңы бойынша арнайы шектеулер болған жағдайда, Калифорния тұрғындары 

бізден (1) кідіртпей алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде біз тікелей маркетингтік мақсаттар 

үшін үшінші тұлғаларға жариялаған жеке ақпарат санаттарының тізімін (2) сол үшінші 

тараптардың жеке тұлғасын ұсынуды сұрай алады. Осы ақпаратты алу үшін тақырып 

жолына “Калифорнияның жарықты жарқырату заңы бойынша құпиялылық талап” деп 

жазып жəне хабарлама мазмұнымен 

 

 электрондық хат жіберіңіз. 



Балалардың жеке ақпараты 

Интернет арналары жалпы аудиторияға арналған жəне 18 жасқа толмаған балаларға 

бағдарланбаған. Біз Интернет арналары арқылы 18 жасқа толмаған балалардан біле тұра 

жеке ақпаратты жинамаймыз немесе талап етпейміз. Егер біз 18 жасқа толмаған баладан 

жеке ақпаратты жинағанымыз туралы хабардар болсақ, оны жазбаларымыздан дереу 

жойып тастаймыз. Егер сіз 18 жасқа толмаған бала бізге жеке ақпаратын берді деп 

санасаңыз, осы Құпиялылық саясатының “Бізбен байланысу жолдары” бөлімінде 

көрсетілгендей 

бізбен байланысуыңызды сұраймыз



Таңдау жəне ақпаратты алудан бас тарту 

Біз сізге электрондық пошта арқылы өзіміз қамтамасыз ететін өнімдерге немесе 

қызметтерге қатысты қызмет байланыстарын жіберуіміз мүмкін (мысалы, бізден сұраған 

өнімге немесе қызметтегі өзгерістер туралы, біздің ережелеріміз мен шарттарымызды 

немесе осы Саясаттағы өзгерістері туралы хабарлау үшін). Мұндай қызмет байланыстары 

біздің өнімдерімізді немесе қызметтерімізді қамтамасыз ету немесе заңды 

міндеттемелерсіз орындау мақсатында қажет болғандықтан, сіз сондай ақпаратты 

қабылдаудан бас тарта алмайсыз. 

Сіздің таңдауларыңызға байланысты біз сізге электрондық пошта арқылы да нарықтық 

байланыстарды жібере аламыз. Біздің əр электрондық поштамыздың маркетингтік 

коммуникацияларында болатын “Жазылудан бас тарту” сілтемесіне қоса, сіз Wabtec 

ақпараттық хаттарын немесе Wabtec ұйымынан басқа электрондық пошта маркетингтік 

коммуникацияларын кез келген уақытта 



Біздің құпиялылық саясатымызға өзгерістер 

Біз өнімдерімізге немесе қызметтерімізге кез келген өзгерістерді көрсету үшін немесе 

заңды жəне/немесе нормативті міндеттемелердегі өзгерістерге сəйкес болу үшін мезгіл-

мезгіл осы Саясатты жаңарту құқығын сақтаймыз. Егер біз Саясатымызды өзгертетін 

болсақ, өзгертілген нұсқаны өзгертулер күшіне енгенге дейін кемінде отыз күн бұрын 

жаңартылған өзгеріс күнімен арнайы Интернет арналарында жариялаймыз. Егер мұндай 

өзгерістер елеулі болса, біз сізге өзгертулер күшіне енгенге дейін, басқа тəсілдер арқылы, 

мысалы электрондық пошта хабарландыруын жіберу немесе Интернет арналары, өнімдер 

немесе қызметтер арқылы хабарлаймыз. Мұндай өзгерістер күшіне енгенде отыз күннен 



кейін біздің Интернет арналарымызды қолдануды жалғастыру арқылы сіз түзетулерді 

қабылдайсыз жəне келісесіз жəне оларды орындайсыз деп саналады. 



Бізбен байланысу жолдары 

Оы Құпиялылық саясатына қатысты сұрақтарыңыз немесе түсіндірмелеріңіз болса немесе 

сіз туралы немесе артықшылықтарыңыз туралы ақпаратты жаңартуымызды қаласаңыз, 

төменде берілген электрондық хат жіберу мекенжайы арқылы хабарласыңыз немесе бізге 

мына мекенжай бойынша хат жазыңыз: 

Attn: Chief Privacy Officer 

1001 Air Brake Avenue 

Wilmerding, PA 15148 - USA 

Телефон: 412-825-1000 

Факс: 412-825-1019 

Электрондық пошта мекенжайы: 

 

Егер сіз біздің жауаптарымызға немесе осы Саясатқа қатысты Жеке деректеріңізді өңдеу 



бойынша біздің əрекеттерімізге қанағаттанбасаңыз, сізде деректерді қорғау жөніндегі 

уəкілетті органға немесе құзыретті сотқа шағымдануға құқығыңыз болуы мүмкін. Егер сіз 

Еуропалық Одақтың аумағында тұрсаңыз, ұлттық деректерді қорғау органдарының тізімін 

осы жерден таба 

аласыз: 

http://ec.europa.eu/justice/dataprotection/bodies/authorities/index_en.htm







жүктеу 235,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау