[Введите текст]
85
Түркі тектес халықтардың бұдан 2500 жыл бұрын 26
әріптен тұратын өз әліппесі болғанын ғалым осы
еңбегінде
нақты
деректер
арқылы
дәлелдейді.
Зерттеушінің бұл тұжырымдарын бүгінде көрнекті ғалым
Мекемтас Мырзахметұлы мақұлдап, бұлтартпас дәлелдер
келтіреді. Ол «Жазу таңбаларын өзгерту сыры неде ? »
деген мақаласында («Алтын Орда» 7 қараша 2007):
«..Бүгінде бүкіл әлем халқына танымал қазіргі түрік тілді
халықтардың түп аталары болып саналатын ғұн, сақ,
үйсін, қаңлылардың б.э.б. ғасырлардан бастап, Ү-ҮШ
ғасырлар арасында мемлекеттік тұрғыдан қолданысқа
түскен жазу таңбалары бір сөзбен атағанда ойма жазу
(тасқа қашалып жаазылуы себепті) деп аталады. Оның
шығу төркіні ру таңбаларында жатқаны ғылыми
әдебиеттерде айтылып жүр. Әлемде монотеистік
дүниетанымда тұңғыш рет келген түріктер «А» сызықты
жазудың оқылуына орай тұңғыш өркениетке қолы
жеткендер де солар екені туралы тарихи жаңатаным
ұсынылып отыр», - деген ойлар айтады. Осы ойма
жазудың тарихы мен оның түркі өркениетінде атқарған
рөлі жөнінде М. Мырзахметұлы бірнеше зерттеу
мақалалар жазып, батыл ойлар мен ұсыныстар айтып жүр.
Бірақ, оған жіті көңіл бөліп, ой қосқан қазақ зиялылары
байқалмайды. Ойма жазудың кейбір тілдер сияқты жиі
қолданыстан алынбай келуінің себебін «Өйткені өзіндік
эволюциялық даму, қалыптасу кезеңінен өткен өзіндік
қайталанбас даму, қалыптасу жолы бар ерен мәдени
құбылыс» екендігінде деп түсіндіреді.. Әйтседе халықтың
тарихи жадын өшіріп, мәңгілік рухани құлдық
тұтқынында ұстау үшін жазу таңбасын жоюға
отаршылардың бәрі де құмар болған.
А.Қыраубаева ХШ-ХІҮ ғасырлардағы «Рабғұзи
қиссалары», «Махаббатнама» атты тарихи жәдігерлердің
бірін – аударма-нәзира, екіншісін-тыңтума әдебиет деп,
олардың жанрлық, тақырыптық, көркемдік сипаттарын
қарастырады.
Ежелгі
дәуір әдебиетінің күрделі мәселерін
зерттеген ғалым оны тұтас ғылыми концепция
тұрғысынан қарап одан кейінгі еңбектерінде үзбей
сабақтастықта жалғастырып отырды.
1997 жылы жарық көрген «Шығыстық қисса-
дастандар» деген монографиясында қазақ қисса-
дастандарының тарихына, олардың өзге елдердің әдеби
жәдігерлерімен шығыс дәстүрімен байланыстыра отырып,
олардың өзіндік өрнектерін, ерекшеліктерін айқындап
берді.
«Ұстазы Бейсенбай Кенжебаев қазақ әдебиеті
тарихын 13 ғасырға жылжытып тереңдетсе, шәкірті Алма
Қыраубаева әдебиет тарихы бастауларын мың жылдықтан
әрі асырды» дейді ф,ғ.д. Өмірхан Әбдіманұлы («Жас
қазақ»газеті. 4 мамыр. 2008).
Қазақ
әдебиеттануы
ғылымында
Орхон
ескерткіштерін тұңғыш зерттеген, осы салаға соны
соқпақ салған көрнекті ғалым, әдебиет тарихшысы
[Введите текст]
86
Мырзатай Жолдасбековтің де қазақ сөз өнерінің
тарихына қосқан үлесі қомақты.
Зерттеуші көне түрік тіліндегі «Күлтегін» мәтінін
тікелей түпнұсқадан жаңа түрік тіліне, яғни қазақ тіліне
аударды. Осы арқылы көне әдеби жәдігердің жаңа бір
қырлары ашылды. «Күлтегін» ескерткіші тек түркілер
қағанатының тарихи шежіресі ғана емес,ескі түркі
тіліндегі ғажайып әдеби мұра екендігі де дәлелденді.
Бүгінде эпосы көп, сөз өнерінің қазба байлығы жөнінен
әлемдегі бірден-бір бай ел саналатын қазақтың әдеби
мұраларының қайнар бұлағы, түп-тамыры қайда
екендігіне нақты көркем мәтіндер, ғылыми тұжырымдар
арқылы көз жеткізілді.
М.
Жолдасбековтің
мемлекет
басшыларына
сұраныс жасай жүріп, «Күлтегіннің» көшірмесін
Астанаға әкеліп орнатқанын көзі қарақты оқырман
жақсы білсе керек. Ғалым концепциясындағы тұтастық
оның негізгі ғылыми еңбектерінде ( «Ежелгі дәуір
әдебиеті» (1967), «Күлтегін» (1986), “Асыл арналар”
(1986), «Мөлдір бастаулар» (1992), «Жүз жыл жырлаған
жүрек» (1993), «Асыл сөздің атасы» (1996), «Тоқсан
толғау» (1992), «Тастар сөйлейді» (2001), «Ел тұтқа»
(2002), «Шың мен шыңырау» (2002), «Орхон
ескерткіштерінің толық атласы» (2005) т.б) жүзеге
асырылғаны мәлім.
«Ежелгі
дәуір
әдебиеті»
атты
оқулық–
хрестоматиясында ғалым ҮІІ ғасырдағы Орхон – Енисей
жазба ескерткіштерінің өзіне тән стилін сақтай отырып,
алғаш рет толық аудармасын жариялады. Аталмыш
ғылыми еңбектің нәтижесінде, қазақ әдебиетінің тарихы
он екі ғасырға дейін тереңдеді. Осы зерттеуі арқылы
Мырзатай Жолдасбеков қазақ әдебиеттану ғылымына зор
жаңалық енгізіп, қазақ әдебиетінің тарихы ҮІІ ғасырдағы
Орхон ескерткіштерінен басталатынын бұлжымас
ғылыми негізбен дәлелдеп шықты.
Ғалымның негізгі ұстанымдары халқымыздың
рухани мұрасын жүйелеп зерттеуге айналған. Жоғарыда
аталған әдеби һәм тарихи жәдігерлерге сүйене отырып,
түркілердің жазба әдебиетінің негізі VII–VIII ғасырларда
қаланған деген нақты ғылыми тұжырым жасайды. Ең
бастысы, ғалымның пікірінше, қасиетті бұл мұралар тек
түркі жұртының ғана рухани қазынасы емес, бүкіл
адамзатқа ортақ мәдени ескерткіш және исі түркі тектес
халықтарының әлемдік өркениетке қосқан сүбелі де
айшықты үлесі болып табылады.
Тәуелсіздік кезінде көрнекті ғалым
Достарыңызбен бөлісу: