[Введите текст]
154
Махамбет, Дулат тұр. Бұл құбылыс Абаймен жалғасты.
Жаңа жанрлар туды. Европалық мәндегі жаңа жазба
әдебиет қалыптасты. Мысал, сықақ, сатира жанры
жаңғырып, жанданды поэма туды. Сырлы да нұрлы
лирика толысты. Сал-серілер өнері шарықтады.Айтыстың
мәні, мазмұны тереңдеді.Поэманың алғашқы нысандары
көрінді.Тарихи жырлар туды”,-деп сол кезеңдегі
көркемдік құбылыстарды нақты тарихи фактілер негізінде
дәлелдеп береді. Одан әрмен автор өз еңбегін бес тарауға
бөліп,сол
кезең
әдебиетінде
өзіндік
өрнегімен
танылып,жаңа жанрлық түр болып қалыптасқан “Қисса
өлең”,”Тарихи өлең”,”Ән өлең”,”Айтыс өлең”,”Зар заман
өлең” деген тақырыптар төңірегінде ой толғайды.
“Абай және Абай дәуіріндегі қазақ өлеңі” атты
көмекші құралында (Алматы.”Қазақ университеті.2007
жыл.99 бет) зерттеуші өзінің ғылыми мақсатын “ХІХ
ғасырдағы өлең құрылымы”,”ХІХ ғасыр өлеңіндегі сөз
ұнасымы” және “ХІХ ғасырдағы ауызша әдебиет пен
жазба әдебиеттің айырым белгілері мәселесі ” деген
тараулар төңірегіне топтастырып, сол кезеңдегі ұлы ақын
шығармашылығындағы көркемдік құбылыстарды бүгінгі
талап тұрғысынан талдап,таразылайды. Әдебиеттанушы
ф.ғ.д.
профессор, А.Ісімақованың «Казахская художествен-
ная проза. Поэтика, жанр, стиль ( начало ХХ века и совре -
менность)» (А, Ғылым, 1998) монографиясында қазақтың
көркем прозасы қалай туды, қандай жанрлық бастаулар
әсер етті деген мәселе зерттелген.
Ауыз әдебиеті дәстүрін саралай келе зерттеуші толғау
жанрының бұл процеске ерекше әсер еткенін қарастырған.
Прозаның дамуына Абайдың классикалық стилінің әсер
етуі теориялық талдаулар арқылы дәлелденген. Сонымен
қатар, зерттеуші осы тұста классикалық стиль ұғымын
теориялық тұрғыдан арнайы сөз еткен. Кітап 4 тараудан
тұрады:
1) Жанровые предыстоки казахской художественной
прозы.
2) Классический стиль Абая Кунанбаева и его роль в
зарождении казахской художественной прозы. Открытие
эстетического треугольника «Автор – герой – читатель» в
«Ғақлия». Художественное открытие новой концепции
человека и его места в
вечно меняющемся мире
3) Экзистенциальная проблематика возвращенной
литературы (Ш.Кудайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов,
М.Жумабаев, М.Ауэзов)
4) Культурные архетипы современной казахской
прозы. Соотношение литературного и лиро-эпического
кодов в структуре художественного текста (Т.Ахтанов,
А.Кекильбаев, О.Бокеев, С.Санбаев)
«Жанровые предыстоки казахской художественной
прозы» атты бірінші тарауда поэтика мәселесі қойылып,
әдеби жанрдың жадында сақталатын сөз өнері тарихының
поэтикалық жетістіктері айқындалған. Осы ретте
«Әдебиет
танытқыштағы»
дарынды
сөз
жүйесі
қарастырылып, оның айтылу түріне қарай негізделген –