[Введите текст]
149
тарихын, қалыптасуы мен даму жолдарын, жанрлық
жүйесі мен ізденістерін жеке-жеке мәселе ретінде
қарастырып, сахна өнерінің өзіне ғана сай ерекшеліктерін
айқындап берген ретте ғалым трагедия, комедия, драма
түрлерін арнайы зерттеп, ішкі даму заңдылықтарын да
айқындап береді.
Зерттеушінің бұрындары жазылған «Телағыс»,
«Қазақ революциялық поэзиясы» атты кітаптарындағы
ойлар бүгінгі күн талабына сай жаңаша жазылып, әдеби
дәстүр мен әдеби байланыс, туынды мен тұлға табиғаты,
ұлттық
поэзияның
көркемдік
қырлары
сияқты
әдебиеттану ғылымының ең маңызды мәселелері сөз
болады. Р.Нұрғалидің «Әуезов және Алаш » (1997) атты
еңбегі екі үлкен бөлімнен тұрады.«Алаш ұранды әдебиет»
атты бірінші бөлімде ХХ ғасырдың жиырмасыншы
жылдарындағы әдеби - сын мәселелері, оның үздік
өкілдері, қазақтың ұлы қаламгерлері Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек
Аймауытов,
Әлихан
Бөкейханов
т.б
өмірі
мен
шығармашылықтарына арналған тараулардан тұрады.
Атап айтар болсақ, ол тараулар : «Қаз едік қатар ұшып
қаңқылдаған» (Ахмет), «Қазақты ақ жолға саламыз
десек» (Әлихан), «Мен біткен ойпақ жерге аласа ағаш»
(Міржақып), «Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да»
(Мағжан), «Ой, кер заман, кер заман» (Жүсіпбек),
«Сахнада шындықты тану» (Жұмат) т.б деп аталады.
Қазақтың
атақты
қаламгерлеріне
арналған
шығармашылық портреттерде олардың өмір мен өнер
жолдарындағы қиын тағдырлары нақты тарихи деректер
арқылы дәйектеліп, ғылыми тұрғыдан талданады.
Бұрындары айтыла бермейтін тарихи деректер мәлім
болып,оқушысын ынтықтыра түсетін тұстары да
баршылық.
Кітаптың
екінші
бөлімі
түгелдей
заңғар
жазушы,әйгілі әдебиет зерттеушісі Мұхтар Әуезовтің
шығармашылығына арналған.Жалпы көлемі 250 беттей
болатын «Әуезов әлемі» бөлімі (жеке бір зерттеу еңбекке
бергісіз ) : «Ей, халайық, барым ең сен» және соңғы сөз,
яки «Алаш ұранды әдебиеттің негізгі сипаттары» атты
тараулардан
құралған.
Зерттеуші
өзін
белгілі
әуезовтанушы ретінде танытумен қатар ұлы жазушы,
драматургтың шығармаларын, ондағы кәсіби біліктілікті,
суреткерлік шеберлікті шебер талдап, жан-жақты зерделей
білген.
2002 жылы 344 беттік көлемде жарық көрген
филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Достарыңызбен бөлісу: