Внутренний конкурс среди государственных служащих государственного органа



жүктеу 136,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі136,5 Kb.
#23755
түріКонкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған жалпы конкурс туралы хабарландыру
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары

С-О-5 санаты үшін:

жоғары білім;



мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.



_____________________________________________________

*Жалпы конкурс конкурсқа қатысқан жағдайда функционалдық бағытына сәйкес салалардағы жұмыс өтіліне мемлекеттік қызмет өтілі кірмейді.
С-О-6 санаты үшін:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83352, 87

112375, 95

С-О-6

75035, 28

101580, 78



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, анықтама үшін телефон: 8 (727) 375-21-88, факс 8 (727) 376-03-28 электронды почта a.abdikarimova@economy.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:


  1. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2020 жылдың 02 қаңтарына дейінгі бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Жұмыс міндеттері: Статистикалық көрсеткіштер талдауын жүргізу, экономикалық талдау үшін кешенді жиынтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру; қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндама, баяндаманың «қалта» қосымшасын, қысқаша және толық статистикалық жылнамаларды шығару; пайдаланушыларды белгіленген тәртіппен дұрыс және объективті деректермен қаматамасыз ету; Департамент қызметінің қорытындысы бойынша материал дайындау; статистикалық ақпаратты, статистикалық жинақтар мен бюллетендерді шығаруды қамтамасыз ету; баспасөз хабарламаларын, ай сайынғы статистикалық жұмыстар жоспарын дайындау; заңды және жеке тұлғаларға статистикалық есептілікті ұсыну тәртібі мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсету; департаменттің құрылымдық басқармаларымен өзара әрекет ету; баспасөз конференцияларын, брифингтерді, Ашық есіктер күндерін, статистикалық ақпарат пайдаланушыларға арналған оқытушы семинарларды ұйымдастыру және өткізу; ақпараттық материалдарды дайындау және оларды шығаруға қатысу, ақпарат дайындап, БАҚ (теледидарлама, радио) өкілдерінің алдында сөз сөйлеу; басшы үшін қажеттілігіне қарай баяндамалар дайындау (жиналыстар, алқа мәжілістері кезіндегі және т.б. шаралар бойынша), пресс-релиз және департамент қызметіне қатысты оқиғалар мен іс-шаралар туралы басқа да ақпаратық материалдардын уақытылы шығарылуын қамтамасыз ету; сайтпен жұмыс істеу, статистикалық ақпараттың сайтта орналасуын қамтамасыз ету; салалық басқармалармен бірлесіп сайттағы «Сұрақтар және жауаптар», «Сіз тілектеріңізді жазатын кітап» таураларындағы сұрақтарға берілетін жауаптарды дайындау; департамент сайтында жауаптарды уақытылы орналасуын қамтамасыз ету; жоғары тұрған органдарға есептілікті (апта сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) белгіленген тәртіппен дайындау және ұсыну; құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлткісіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз ету, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.


  1. Респонденттермен жұмыс басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 3 бірлік (негізгі қызметкерлердің 2019 жылдың 18 тамызына, 2019 жылдың 26 сәуіріне және 2019 жылдың 28 шілдесіне дейінгі бала күтіміне байланысты демалыс кезеңдеріне).

Жұмыс міндеттері: Бастапқы статистикалық мәліметтерді қабылдау, бастапқы статистикалық мәліметтерді қабылдағанда келу тәртібімен қағаз жүзінде қабылдау туралы белгі, жеке мөртаңба қою, лауазымдық тұлғаның қолы мен қабылдау күнін статистикалық нысан мен респонденттің данасында қою; респонденттерді статистикалық нысандар мен толтыру бойынша нұсқаулықпен қамтамасыз ету; респонденттерге бастапқы статистикалық мәліметтердің толық, уақытылығына, растығына және құпиялығына қойылатын негізгі талаптарды және статистикалық байқаудың әдістеріне түсіндірме беру; статистикалық есеп нысанының тізбесін белгілі бір заңды тұлғаға қағаз түрінде немесе электронды нысанда немесе электронды поштаға жіберуді жүзеге асыру; статистикалық нысанды қабылдағаны туралы мәліметтерді, байланыс деректерін (нақты мекенжай, е-mail, телефон нөмірлері) «алғашқы статистикалық деректерді жинауды есепке алу ақпараттық жүйесі» бағдарламалық кешеніне енгізу; статистикалық байқауға түскені және бастапқы статистикалық ақпаратты ұсыну үшін статистикалық нысан және нұсқаулығы жөнінде ақпарат алмаған респонденттерге телефон арқылы хабарлау, олардың электронды мекен-жайларына жолдау; алғашқы статистикалық деректерді on-line режимде ұсынатын респонденттерге жәрдем көрсету; статистикалық нысандар жөнінде статистикалық әдістемені оқу, құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны заңдылықтарда белгіленген тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар (автоматтандыру мен басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы мен программалық қамтамасыз ету) саласындағы жоғары білім.


  1. Құрылымдық статистика басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2018 жылдың 13 қазанына дейінгі бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Жұмыс міндеттері: Бастапқы статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу және талдауының әдістемелік талаптарына сәйкес қамтамасыз ету; серпінділік қатарларды көрсеткіштер бойынша жүргізу, экономика салаларының дамуы туралы деректерді экономикалық талдау негізінде талдау жазбахаттарды, баяндамаларды, жинақтарды, статистикалық ақпаратты дайындау; жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша басқарушы органдар үшін деректерді дайындауға қатысу; статистикалық ақпаратты әзірлеу, әдіснама мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен өзара әрекет ету; құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; атқарымдық міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджмент жүйесінің талаптарын орындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны заңдылықтарда белгіленген тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялығын сақтау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.


  1. Респонденттермен жұмыс басқармасының жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2021 жылдың 15 қаңтарына дейінгі бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Жұмыс міндеттері: Бастапқы статистикалық мәліметтерді қабылдау, бастапқы статистикалық мәліметтерді қабылдағанда келу тәртібімен қағаз жүзінде қабылдау туралы белгі, жеке мөртаңба қою, лауазымдық тұлғаның қолы мен қабылдау күнін статистикалық нысан мен респондеттің данасында қою; респонденттерді статистикалық нысандар мен толтыру нұсқаулығымен қамтамасыз ету; респонденттерге бастапқы статистикалық мәліметтердің толық, уақытылығына, растығына және құпиялығына қойылатын негізгі талаптарды және статистикалық байқаудың әдістеріне түсіндірме беру; есептіліктің статистикалық нысанының тізбесін белгілі бір заңды тұлғаға қағаз түрінде немесе электронды нысанда немесе электронды поштаға жіберуді жүзеге асыру; статистикалық нысанды қабылдағаны туралы мәліметтерді, байланыс деректерін (нақты мекенжай, е-mail, телефон нөмірлері) «алғашқы статистикалық деректерді жинауды есепке алу ақпараттық жүйесі» бағдарламалық кешеніне енгізу; статистикалық байқауға түскені және бастапқы статистикалық ақпаратты ұсыну үшін статистикалық нысан және нұсқаулығы жөнінде ақпарат алмаған респонденттерге телефон арқылы хабарлау, олардың электронды мекен-жайларына жолдау; алғашқы статистикалық деректерді on-line режимде ұсынатын респонденттерге жәрдем көрсету; статистикалық нысандар жөнінде статистикалық әдістемені оқу; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны заңдылықтарда белгіленген тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар (автоматтандыру мен басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы мен программалық қамтамасыз ету) саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;



5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);



9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін несе дәйексіз мәлеметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың


  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің www.kyzmet.gov.kz;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің www.stat.gov.kz;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаментінің www.stat.gov.kz/almaty сайттарында соңғы жарияланудан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша Департаментке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзгеде олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлеметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаментінде, Абай даңғылы, 125 ғимаратында өтеді.


Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.



Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



"Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасушыларға

ЖАДЫНАМА
Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

- Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

- Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынуға.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

- Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге;

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.



"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 Нысан

__________________________


(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ _________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________ _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

________                                      ____________________________________



(қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
"___"_______________ 20 __ ж.


Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 Нысан


"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"





_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения













_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата





жүктеу 136,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау