Виртуалды анықтамалық Қызметі туралы ереже



жүктеу 55,88 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі55,88 Kb.
#5354

С. Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университеті


Академик С. Бейсембаев атындағы

ғылыми кітапхана



БЕКІТЕМІН

Академик С. Бейсембаев атындағы

ғылыми кітапхананың директоры

______________С. А. Исамәдиева

_______________2015 ж.


С. ТОРАЙҒЫРОВ атындағы

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

АКАДЕМИК С. Бейсембаев атындағы ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ

«БИБЛИОГРАФТАН СҰРА»

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

1.1 С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің (әрі қарай – ПМУ) академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының (әрі қарай – ПМУ ҒК) виртуалды анықтамалық қызметі (әрі қарай – ВАҚ) кітапхана пайдаланушыларына анықтамалық библиографиялық қызмет көрсетудің бірегей жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

1.2 ВАҚ алыстағы пайдаланушылардың бір жолғы сұранысын орындайды. Ақпаратты іздеу барысында Интернет ресурстары, кітапхана қорын көрсететін электронды каталогтар және библиографиялық деректер базасы, сонымен қатар ПМУ ҒК-дағы басқа да дереккөздері пайдаланылады.

1.3 ВАҚ қызмет туралы Ережеге сәйкес жұмыс атқарады.


  1. Міндеттері мен қағидалары

2.1 ВАҚ міндеттері – анықтамалық-ақпараттық қызмет алуға өтініш білдірген барлық пайдаланушыларға, олардың тұратын жеріне қарамастан қызмет көрсетіледі.

2.2 ВАҚ жұмысының қағадалары : барлық пайдаланушыларға жалпы қолжетімділік және тегін қызмет көрсету; қабылданған сұраныстардың орындалу міндеттілігі және талап етілген ақпараттың болмаған жағдайында да жауап қайтару; сұраныстардың орындалу жылдамдығы; пайдаланушы туралы ақпараттың құпиялылығы.

3 Пайдаланушылар категориялары

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері, магистранттары, докторанттары, профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлер, сонымен қатар Павлодар облысының оқу орны мекемелерінің кітапханашыларына қызмет көрсетіледі.



4 Сұраныстардың тақырыбы мен түрлері

4.1 Мекен-жайлық сұраныстар – ПМУ ҒК қорындағы нақты басылымдар туралы библиографиялық анықтама.

4.2 Тақырыптық сұраныстар – орындалу кезінде күрделі библиографиялық қиындықтар туғызбайды, олар ПМУ ҒК-дағы дәстүрлі және электрондық ресурстар, сонымен қатар Интернет ресурстары арқылы орындалады. Егер күрделі ғылыми және оқу жұмыстарына (диссертациялар, дипломдық жұмыстар) ақпаратты іріктеген жағдайда ВАҚ ДБ-дан, электрондық каталогтардан және басқа да ресурстардан зерттеу тақырыбының кілтті сөздері арқылы іздеудің бірінші кезеңін жүзеге асырады және әрі қарай өздігінен іздеу мүмкіндігінің бағдарын көрсетеді.

4.3 Анықтайтын сұраныстар – библиографиялық тұрғыдан сипаттаудың бұрмаланған элементтерін белгілейтін және / немесе оның жоқтығын нақтылайтын анықтама.

4.4 Фактографиялық сұраныстар – кез келген дәлел, оқиға, көрініс, тұлға, ұйым және т. б. туралы мәліметтерді енгізетін анықтама.

4.5 Сұраныстар әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық, биологиялық және техникалық тақырыптар бойынша, ПМУ ҒК пайдаланушыларының оқу және ғылыми, кәсіби қызметтеріне сәйкес қабылданады.

4.6 Сұраныстың хронологиялық шеңбері соңғы 5 жыл арасындағы ақпаратпен белгіленеді.

4.7 Оқу орны кітапханаларының қызметкерлерінен сұраныстар, кеңес түріндегі жорамал жауаптар қабылданады.


5 Көрсетілетін қызметтер
5.1 Пайдаланушының сұранысы бойынша ізденіс қорытындысы библиографиялық тізім (20 атауларға дейін), деректерге сілтемелері бар мәтіндік жауап түрінде, соның ішінде Интернет-қорлары, электрондық каталог және т. б. түрінде ұсынылуы мүмкін. Ол пайдаланушының өздігінен іздеуді жалғастыруына мүмкіндік береді, сонымен қатар оның ақпараттық біліктілік деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

5.2 Интернет желісінен ақпаратты өздігінен шығарып алу үшін пайдаланушы ақпарат дереккөзіне сілтеме алады. Бұл оның сұранысына жауап болады.

5.3 Сұраныстардың түсуі бойынша іздеу жүйесін пайдалану арқылы орындалған ДБ-дан өздігінен ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.

5.4 Библиографиялық тізімді құрастырғанда библиографиялық сипаттаманы аздап редакциялауға тура келеді және оның түпнұсқалық деректер базасындағы жазуына сәйкес түрі беріледі. Сондықтан ол кітапханалық-библиографиялық стандартқа сай келмеуі мүмкін.


6 Сұраныстың орындалу мерзімі
6.1 ПМУ ҒК қорындағы нақты басылымдар туралы сұраныс ВАҚ-тың бір жұмыс күнінде орындалады.

6.2 Орындалу кезінде күрделі библиографиялық қиындықтар туғызбайтын тақырыптық сұраныстар қызметтің 1-3 жұмыс күнінде орындалады.

6.3 Анықтайтын және факторграфиялық сұраныстар қызметтің 1-2 жұмыс күнінде орындалады.

6.4 Орындалу мерзімі оның түскен уақытынан бастап еспетеледі.

6.5 Пайдаланушы өзінің сұранысына жауапты «Орындалған сұраныстардың мұрағатынан» таба алады. Онда сұранысқа берілген барлық жауаптар ретті белгілермен беріледі. Іздеуді кілтті сөз бойынша іске асыруға болады.
7 Қызмет көрсетудің ресурстық базалары

Сұраныстарды орындау барысында кітапхананың дәстүрлі анықтамалық іздеу аппараты, ПМУ ҒК электрондық каталогтар жүйесі және деректер базасы, сондай-ақ басқа да қолжетімді Интернет кітапханалары және ақпараттық орталықтар, толық мәтінді Интернет ресурстары пайдаланылады.



8 Жұмыс істеу тәртібі

8.1 Сұраныстар күн сайын (сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) қабылданады және олардың түсу тәртібіне байланысты орындалады.

8.2 Сағат 16:30-дан кейін түскен сұраныстар келесі күні орындалады.

8.3 Сұраныстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Кітапхана тәулік бойы келіп түскен сұраныстың санын белгілеуге құқылы.

9 Шектеулер

9.1 Ойын-сауық сипатындағы (сөзжұмбақтар шешу, конкурстарға, сұрақ-жауап сайыстарына және т. б. қатысу) ақпараттар беруге байланысты тапсырыстар орындалмайды.

9.2 Құжаттардың сканерленген мәтіні берілмейді.

9.3 Әдепсіз, орынсыз қойылған сұрақтар қарастырылмайды. Қызметкерлер оны өшіріп тастауға құқылы.

9.4 Математикалық, физикалық, химиялық және т. б. есептерін шығару сұраныстары орындалмайды.

9.5 Коммерциялық сипаттағы ақпараттар жайындағы сұрақтар қарастырылмайды.

9.6 Интернеттен нақты кітаптың, мақаланың, диссертацияның, авторефераттың электрондық нұсқасын іздеу туралы сұраныстар орындалмайды.

9.7 Бір тұтынушыдан бір ғана сұраныс қабылданады. Анықтама қызметіне жіберілген сұраныстың ішінде бір ғана тақырыптық, мекенжайлық, анықтайтын немесе фактографиялық сұраныс орындалады.



9.8 Біз электрондық пошта арқылы жіберілген сұрақтарға жауап қайтармаймыз. ВАҚ қызметкерлері Интернет желісіндегі сұранысқа берілген жауаптардың құпиялылығына жауап бермейді.
10 Жұмыстың есебі
ВАҚ жұмысының есебі анықтамаларды есепке алу технологиялық нұсқауға сәйкес және ПМУ ҰС 6.02.2-09 Кітапхананың ақпараттық ресурстарын басқару бойынша ВАҚ сұраныстарын тіркеу дәптерінде жүргізіледі.
11 Жауапкершілік
ВАҚ жұмысын ғылыми кітапхананың ғылыми-библиографиялық бөлім және ақпараттық-кітапханалық үрдістерінің компьютерлік секторы қызметкерлері орындайдй.
жүктеу 55,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау