қайта ресімдеуге арналған өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
жүзеге асыруға (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші
түрінің(-лерінің) толық атауы)
20___ жылғы « » ___________ № ____________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны
қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында
айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____
жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан
Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат
үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін
рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген
лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете
отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы
өзгеруі ____
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы
талап болған жағдайларда ____
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта
ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды
тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
Электрондық поштасы ___________________________________________
Телефондары ___________________________________________________
Факсы _________________________________________________________
Банктік шоты __________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.
Басшы
_____________________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
8-қосымша
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң
экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекцияларының кеңселері (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат (бұдан әрі – рұқсат), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі аралығында үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті брондауға болады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) экспорт кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;
Мемлекеттік корпорацияға:
1) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) экспорт кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) экспорт кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Көрсетілетін қызметті алушыға - өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
3) порталға - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыз болуы;
2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау мүмкіндігінің болмауы;
3) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайының өзгеруі;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына:
1) Халықаралық эпизоотиялық бюро кодексінің стандарттарына, ұсынымдарына және нұсқамаларына сәйкес, Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитариялық фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі расталған, оның ішінде үшінші елдің құзыретті органдарымен байланысы арқылы, келісіміне сәйкес жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу;
2) ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ветеринариялық-санитариялық тәуекелдің қолайсыз деңгейі;
3) ұйымның немесе адамның Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдар тізілімінде болмауы;
4) өтініште көрсетілген жекелеген экспорттаушы кәсіпорынға (экспорттаушы кәсіпорындар тобына) қатысты уақытша шектеулер енгізу;
5) бақылауға жататын тауарлардың әкелуінуі жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағына немесе ол арқылы жүру маршруты өтетін аумаққа шектеу шараларын, карантинді енгізу (егер шектеу шаралары, карантин қойылған тиісті бақылауға жататын тауарлар аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болған жағдайда);
6) ветеринариялық бақылау және қадағалауға жататын таауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмеуі;
7) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайының өзгеруі;
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік қызметтертер көрсету мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, осы шағымға жауапты алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
Электронды өтінімді портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
14. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.minagri.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияда – www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурстағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектiлердiң экспортына, импортына
және транзитiне рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
_________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық
бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________
(заңды тұлғалар үшін: толық атауы, орналасқан
жері, өндіріс объектісінің ведомство берген
есептік нөмірі (коды), заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және
күнi, сәйкестендіру нөмiрi/жеке тұлғалар
үшін: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), есептік нөмірі (коды)
сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкерді
мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің №,
тіркеу күні, телефонның, факстың, ұялы
байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе)
электрондық мекенжайы (егер болар болса))
Достарыңызбен бөлісу: |