Әкімбекова Ғ.Ү. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен ұқсатуды дамытудың болашағы. //Жаршы, АШМ, 2005, №4, 3б.
Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі. Алматы: Білім, 2011, 123-255 б.
Садуакасова К., Становление и развитие агротехсервиса в условиях рыночных отношений. //Вестник СХН. -2003.-19б.
Организация технологического обеспечения в АПК. Уч. пособие. Под редакцией Аутова Р.Р., Алматы: ЭК., 2009, 230б.
ӘОЖ 338.4:502.1:664(574)
ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ТАМАҚ ӨНІМ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ
Есқара М. – а.ш.ғ.д., профессорЕсенов М.К. – магистрант.
Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Summary
In this article, the authors discuss the importance of producing environmentally friendly products for the economy of our country. Also discusses subsidies and support by support of low-interest loans credits. Given the selection of environmental friendly product and green business. Identified problems and solutions development of the market environmental friendly products. Lists the international standard definition of the net product. Given the socio – economic consequences of the consumption of non-compliant products.
Резюме
В данной статье авторы рассматривают важность производства экологической чистой продукции для экономики нашей страны. Также рассматривается субсидии и поддержка низкопроцентными кредитами. Выявлены проблемы и пути решения развития рынка экологический чистой продукции. Перечислены международные стандарды определения чистого продукта. Приведены социально – экономические последствия потребления несоответствующих стандартам продуктов.
Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар экологиялық таза өнім өндірудің ел экономикасы үшін маңыздылығын көрсетеді. Және де субсидия мен төмен пайызды несие берумен қолдау жағы қарастырылған. Сонымен қатар экологиялық таза өнім нарығының дамуын тежеп отырған проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастырады. Экологиялық таза өнім өндірудегі халықаралық стандарттарды қарастырып өтеді. Экологиялық таза тамақ өнімін тұтынудың әлеуметтік-экономикалық салдарына талдау жасалады.
Түйін сөздер
Экологиялық таза өнім, органикалық өнім, азық түлік, өндіріс, тұтынушы, азық-түлік қауіпсіздігі, экологиялық таза өнім стандарттары, минералды және органикалық тынайтқыштар.
Қазақстандағы экологиялық таза тамақ өнімі нарығын қарастыра отырып, бастапқыда ішкі және сыртқы нарық деп бөліп алған абзал. ҚР-да бастапқы кезеңде ішкі нарығын дамыту кезінде, оның импорттық сипаты байқалады және экологиялық таза тамақ өнім премиум классын жоғары бағамен ұсынатын топтар, шетелдіктер үстем етуде. Қазақстанда экологиялық таза тамақ өнімін өндірушілер көбісі, керісінше тамақ өнімін шетелге экспорттаумен айналысуда. Қазақстанның экологиялық таза тамақ өнімінің әлемдік нарығындағы бәсекеге түсуге және халықаралық стандарттар сәйкестігіне шыдау қабілеттілігі өте жоғары. Оны келесі себептермен түсіндіруге болады:
- батыс Қазақстандағы егін өсіру мәдениеті төмен немесе мүлдем өсірілмейді, мысалы кейбір отандық жабайы өсетін жидектер, санырауқұлақтар, самырсын жаңғақтары, емдік өсімдіктеріне – әлемде ұқсас түрлері жоқ. Мамандардың бағасы бойынша, экологиялық таза ауыл шаруашылығының Қазақстан индустриясына, экологиялық өсімдік өсіру шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, техникалық мәдениет пен жабайы өсімдіктер өндіру бағыттарында келешегі зор.
- батыс елдеріне қарағанда, әдеттегі қазақстандық өнімдерге мемлекеттік стандарттары, аса қатал. Еліміздегі минералды және органикалық тынайтқыштарды қолдану, өзге елдерге қарағанда, он есеге аз, мысалы, АҚШ-тан 11 есеге аз, Қытай еліне қарағанда 23 есеге аз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында әр түрлі зиянкестер мен алаңдағы ауруларға химиялық қорғану қоспалары төмен мөлшерде қолданылады. Тап осы жағдайда: отандық тамақ өнімдерінде төмен мөлшерде химиясы аз, импорт тамақ өнімдеріне қарағанда, сол себепті Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығында, онымен қоса халықаралық нарықта оң мән алып жатыр.
- Қазақстандағы жер қорының көптігі: экологиялық жүйелерді енгізу үлкен аумақтарда іске асырылуы тиіс, көптеген шағын меншік иелерімен келісу. Экожүйелердің тұрақтылығын алуан биологиялық түрлілігі мен аумағындағы ауданы арқылы анықталады. Аумақ үлкендігіне қарай, алуан түрлі флорасы мен фаунасы антропогендік және техногендік факторлардың зиянды әсерінен жүйесі тұрақты болады.
2012 жылы 332 қазақстандық ауыл шаруашылық өндірістерден аграрлы-азық түлік саясаты комитетінің сұхбаты бойынша, зерттеу нәтижесі:
- 1% шаруашылық иелері ешқашан химиялық пестицидтер мен минералды тынайтқыштар қолданбаған;
- 53% шаруашылық иелері экологиялық таза технолония енгізуге тырысқан;
- 62% шаруашылық иелері Қазақстанда экологиялық таза өнімдер үшін нарық жоқ деп есептейді;
- 72% шаруашылық иелері экологиялық таза технологияны қолданнып жатырмыз деп есептейді;
- 89% өндірушілер экологиялық таза өнім өндіру үшін сертификация керек деп есептейді;
- 61% өндірушілер экологиялық тәсілді қолданған жағдайда өндіру шығыны көбейеді деп есептейді;
- 36% респонденттер экологиялық таза өндіріс тез табылатын табыс көзі деп есептейді;
- 50% сұраныс алғандар экологиялық таза өндірісті бастауға дайынбыз деп есептейді.[1]
Экологиялық өндіріс тәсілдерін енгізілуін айта келе, онымен қатысты проблемаларын қарастыру:
1. Агро өндірістегі экологиялық жобалардың қымбаттылығы. Қазақстандағы ауыл шаруашылығында іске қосылған, төрт пилоттық жобаның, ҚР-да типтік проблемалар мен шығын мөлшерін көрсетті. Қазақстандық шарушылықтың негізгі және басты қымбат проблемаларының бірі, сертификацияланған тынайтқыштарды енгізу үшін қажетті техника және оны дұрыс сақтауға орын жоқтығы, механикалық орау мен бұтақтарды кесуге, бұрау жүйе жабдықтарының жоқтығы. Қажетті технологияны енгізу үшін кететін қаржылық шығындары, 1 га егіс алқапына 200-1000 доллар, және 1 га жеміс-жидек өсіру үшін 5000-8000 долларға бағаланады. Осындай өндіріс аса тиімді болып саналады, себебі ұсынылатын сапалы товарларды іске асыру үшін өндірушіге жоғарғы бағамен сатуға кепілдік береді.
2. Сертификацияланған жерлердің болмауы (ҚР тек 0,003% ауданы ғана ауылшаруашылық жүргізуге болады, жалпы ауданы 103 млн. га жер ішінен. Жерді сертификациялау 4 жылдан кем уақыт алуы мүмкін, егерде егіс жердің тарихы және тағы басқа құжаттары дұрыс жүргізілсе, ал топырақтың химиялық көрсеткіштері қажетті деңгейге сәйкес келеді.
3.Уақыттық шығындардың өсуі және өндірістегі экологиялық таза өнімнің тоқтап қалуы, осыған орай өндірістегі кәдімгі өнімнен уақытша шығындары бірнеше есе асады. Мысалы, экологиялық таза бидайды өсіру үшін, екі жыл қажет, ал шөжектерге алты ай.
4. Экологиялық таза өнімнің көлемі әлі салыстырарлық үлкен емес, оны неорганикалық өніммен араластыру тәуекелінен болдырмауға кепілдік қажет.
Қазақстандағы экологиялық таза өнім нарығының дамуын тоқтатып түрған, негізгі факторы, ол мемлекеттік стандарттың болмауы. Халықаралық үлгіге сәйкес, стандарттар мен сертификацияларды құрып, енгізу қажет. «Экологиялық таза өнім» (органикалық немесе биоөнім) түсінігі нақты қалыптаспағаннан және көптеген рұқсат етілмеген маркировкалар, тұтынушылар арасында сенімсіздікті тудырады.
ҚР Минздравоохранениясымен келісе отыра, экологиялық таза тамақ өнімдеріне орнатылған талаптар болмағандықтан, экологиялық таза деген атауы өнімде немесе тауар сипаттамасында қолдануға берілмеген, өйткені ҚР экологиялық баға критерисы құрастырылмаған.
Экологиялық таза өнімге Қазақстан нарығындағы негізгі «тәжірибелі алаңы» болып Астана бола алар еді. Бұл біріншіден келесі жағдайларға байланысты:
- басқа облыстармен салыстырғанда, өмір сүру деңгейі жоғары, халықтың үлкен төлем қабілеттігі, сатып алушылардың қымбат азық түлікке алуы;
- астаналық нарықтағы жоғары бәсекелестік, осыған орай өндірушілерге бәсекелік басымшылық іздеу керек;
- көптеген өндірушілерге Астанадағы тәжірибелік алаң ретінде өздерінің жаңа азық түліктері мен технологияларын қолдану;
- аса жоғары тұтыну мәдениеті және халық санасындағы экологиялық деңгейі;
- халық арасындағы салауатты өмір салты таралуы;
-қаладағы қиын экологиялық ахуалы, экологиялық проблемаларға азаматтардың аландаушылығын көбейтеді.
2010 жылдан бастап Астана супермаркеттерінде, азық түліктерге ерікті экологиялық маркировка жүйесі енгізілді. Таңба өздігінен жасыл ақ қайын жапырақ эмблемасымен, оның үстіне құлап тұрған көгілдір тамшы жазуымен «Қазақстандық экологиялық тамақ» тұрады.
Қазақстан нарығындағы экологиялық таза тамақ, ағымдағы сәтте қарқынды дамып келе жатқанын айтуға болады. Үкімет осы нарыққа көнілін аудара бастады. Экомаркировка, өндіріс туралы заң құрастыру, қайта өндеу, транспортировка, сақтау және экологиялық таза тамақ өнімін таратуын енгізе отырып, бірінші арнайы дүкендер ашылды, осының барлығы Қазақстандағы индустриясында экологиялық таза тамақ өнімінің болашағы үлкен екенін көрсетеді.
Бүгінгі күнге Қазақстандағы экологиялық таза өндіруші компаниялар саны 74. Бұлар сүт сатушылар, құстар ұстаушылар, су мен нан өндірушілері. Өнеркәсіп тауарлары да бар, соның ішіндегі құрғақ қоспалар, сантехника және тағы басқа. Реестр 4 жыл жұмыс істеуде, бүгінгі күнде бұл көрсеткіш әрине төмен, өйткені экологиялық таза тамақ өнімі реестріне кіру өте қиын. ҚР көп кәсіпорындар санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес келмейді, сол үшін сертификатты алуға талпынбайды. Бір жылға берілетін сертификатты алу үшін, тауарды лайықты экспертизадан өткізу керек.
Экологиялық таза өнім шығару және сертификациялау, оның Кеден одағына және ДСҰ енген аясындада тиімді. Қазақстанның кеден одағында көрші елдерге ұсынатын бәсекелестік артықшылығы, ол экологиялық таза ет пен бидай, және де өсімдік өсіру нарығы. Шет ел тәжірибесімен салыстырмалы көрсеткіші, Қазақстанда экологиялық таза тамақ өнімінің жұмыс істеу нарығы жоқ, оны сәйкестік таңбасы мен дәлелдік база сапасының расталу жоқтығы.[2].
Біздің еліміз ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өндіру және сатуын техникалық регламенттермен сақталып мониторинг жүргізіп, заманауи жүйесін құруға ниетті. Бұл тек адал бәсекелестік арту ғана емес, тұтынушыны шын мағлұматпен және сапалы тауармен қамтамасыз етеді, және де отандық өнім өндірушілерді қорғайды. Қазірше Қазақстанда азық-түлік тамақтарын сертификаттау, оның экологиялық қауіпсіздігін растайтын нәрсе болмау себептерінен, Қазақстан нарығындағы органикалық азық-түлікті Европа елдерінен импорт алмастыру болып тұрады. Қазақстандағы азық-түлік нарығы енді дамып келуде. Бізде ауыл шаруашылығына пайдаланатын үлкен қажет емес аймақтар болғандықтан, үлкен мүмкіндіктер бар.
Маркетингті мүмкіншілік айналымы, Қазақстандағы кәсіпорындардың экологиялық таза тамақ өнімі нарығының дамуына жол ашады:
1. Перспективалық бағытта, өнім ассортиментінің кеңейтілуі.
2. Жаңа және дамушы жоғары өнімді тұтыну сегментіне қол жеткізу.
3. Конкуренттерден бөлек жаңадан салу.
4. Нарықтағы бос кеңістікті алу.
5. Қазақстан және шет ел нарығында жоқ, уникалды отандық өнім шығару.
6. Халықаралық сертификат алу, экологиялық таза өнім нарығына оңай шығуы. Халықаралық экологиялық таза өнім нарығында сұраныс ұсынысы жоғары, сондықтан ол сертификатталған импорттық өнімдерге ашық. Қазіргі жағдайда әлемдегі экологиялық таза өнім нарығында, бірде-бір мемлекет өз еліне, экологиялық өніммен толық қамтамасыз ете алмайды.
7. Қазақстандағы экоагроөндірістегі бастапқы жақсы мүмкіндіктері салдары ретінде, жоғары бәсекеге қабілетті қазақстандық экологиялық таза өнімдерді халықаралық нарықта: төмен өзіндік құны, жоғары экологиялығы. Қазақстандағы кәдімгі агроөндірістегі азық-түліктері, батысқа қарағанда экологиялық қолайлы, бұл оның құрамында генетикалық түрлендірілген болмауынан, және органикалық емес тынайтқыштарды қолданудағы қатал стандарттар.
8. Батыс экожобаларының жоғары кірістілігі мен танымал шетелдік серіктестер мен инвесторларды тарту үшін нақты мүмкіндік.
9. Экологиялық органдар мен тұтынушылар үшін кәсіпорынның оң беделін қалыптастыру.
Осылайша, бүгінгі күні, Қазақстандағы өндірушілерді ынталандыруға, экологиялық таза өнімдерді қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
http://wap.bnews.kz/ru/blogs/proon/post/91
http://www.rusnauka.com/7_NITSB_2012/Tecnic/3_102368.doc.htm
ЗАҢҒЫЛЫМДАРЫЖҮЙЕСІНДЕГІМЕМЛЕКЕТПЕНҚҰҚЫҚТЕОРИЯСЫНЫҢАЛАТЫН ОРНЫ
Сейділла Абылайхан Жарылқасынұлы
Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, Шымкент қ.
Резюме
Теория государства и права является базовой юридической наукой и по праву занимает ведущую роль в системе правоведения. Рассматривая соотношение теории государства и права с другими юридическими науками, следует, прежде всего, отметить, что наиболее тесно теория связана с историей государства и права, а также с историей политических и правовых учений.
Resume
If knowledge of the subject of the theory of state and right allows a clear answer to the question that examines the science, the knowledge of the methodology allows us to give an answer to another important question: how science is doing, by what methods and techniques. Theory of law is closely connected with the social sciences such as philosophy, sociology, political economy, political science, ethnography - and this relationship is mostly is held in the methodological field of scientific knowledge.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары». Демек, елімізде мемлекет пен құқықтың арасында тығыз байланыс орнатылған. Ал мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы, дамуы, қызмет етуі және мәні туралы, мемлекет және құқықтың жалпы заңдылықтары туралы білімдер жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына тікелей әсер беретін, мемлекет және құқық туралы ілімдердің барлық саласында әдістемелік маңызға ие базалық ғылым.
Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары болса гуманитарлық ғылымдардың бір түрі, мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар болып табылады.
Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады:
- мемлекет және құқық теориясы;
- тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы);
- салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және т.б. құқық салалары);
- қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.).
Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т.б. тығыз байланысқа түседі. Мысалы, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, нәтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі пайда болады. Өз кезегінде, мемлекет және құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар үшін нақты материалдар береді.
Саясаттанудың деректерін қолдана отырып (саясат және саяси өмір туралы ғылым), мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды саяси орта ретінде қарастырады. Мысалы, мемлекетті саяси жүйенің құрамдас бөлігі ретінде талдай отырып, оның өзге де элементтерімен – түрлі партиялармен, қозғалыстармен және өзге де қоғамдық қауымдастықтармен қоса мемлекеттің мәнін, оның осы қоғамның саяси ұйымындағы орны мен рөлін толығырақ және тереңірек түсінуге болады. Саясаттануды мемлекет және құқық секілді (мемлекеттің ұғымы, белгілері, нысандары және атқаратын қызметтері, саяси режимдер мен мемлекеттік-құқықтық тәртіптердің қатынасы және т.б.) әлеуметтік институттармен байланысты теориялық қорытындылар мен жалпыламалар қолданады.
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы ғылымы және құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Оларға қарағанда, жалпытеориялық және әдістемелік қызметті орындай отырып, ол белгілі бір бағдарлық қызмет атқарады. Оның мемлекеттік-құқықтық даму заңдылығы мен қарқынын ашатын сипаты нақты заң ғылымы және пән өкілдері зерттейтін құбылыстарының жаңа жағын және қырын байқайды, оны түсіндіруде және талдауда жаңа көзқараспен қарау мүмкіндігі туындайды. Сонымен қоса нақты заң ғылымдары өз зерттеу қызметінде мемлекет және құқық теориясының мемлекеттік-құқықтық аясын қамтиды. Соның ішінде мысалы:
- құқық пен заңның мазмұны мен бағыты бойынша ұқсас еместігін танытатын айырмашылығын ажырата білу қажеттілігі;
- мемлекеттік ұйғарымның басымдылығы, олардың билік құрылымының мәжбүрлік күші арқылы нығайтылғандығы және шартсыз міндеттілік сипатының болуы;
- құқықтық актілер иерархиясының сақталу маңыздылығы, соның ішінде конституция ең жоғары күшіне ие сияқты ұғымдық және түсініктемелік аппараттарды кеңінен қолданады.
Сол сияқты мемлекет және құқық теориясында құзырет, заңдық мәртебе, құқықсубъектілік, азаматтылық, иммунитет, депортация, қылмыстылық және құқық бұзушылық, заңшығарушылық және т.б. ұғымдар қазіргі таңда құқықтанудың жалпы құндылығы болып табылады.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарының ортақтығы олардың мемлекет пен құқықты біртұтас қарастыруында. Айырмашылығы, тарихи-құқықтық ғылымдары (мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы) мемлекеттік-құқықтық нысандардың дамуын сатылы тәртіпте зерттейтіндігінен, яғни тарихи әдістерді басымырақ қолданатынынан көрінеді. Ал теория осы үдерістердің жалпы түсінігін береді, мемлекет және құқықтың негізін, олардың қызметтерінің заңдылықтарын және т.б. зерттейді, яғни логикалық (қисындық) әдісті (бұл да тарихи әдіс, тек барлық кездейсоқтылық пен негізсіздіктен босатылған) қолданады.
Салалық заң ғылымдарымен салыстырғанда мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы ретінде көрінеді. Біріншіден, ол мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал қандай да болсын салалық ғылымның пәні құқықтың саласына сәйкес қоғамдық қатынастардың белгілі бір ауқымымен ғана байланысты. Екіншіден, мемлекет және құқық теориясы барлық салалық ғылымдарға ортақ мәселелерді (құқық нормалары, құқықтық қатынастар, құқықтың субъектісі, құқықбұзушылық, құқықтық жауаптылық) зерттейді. Үшіншіден, ол құқықтануда әдістемелік рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы салалық ғылымдармен тығыз байланысқа түсе отырып, «салалық» ғылыми мәліметтерді жалпылауға бағытталған, олардың мазмұнындағы фактілік материалдардан келіп шығатын өзінің байлам-түйіндерін қалыптастырады.
Құқық – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған, қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалді анықталған заңдық нормалар жүйесі.
Құқық анықтамасынан шығып оның келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:
мемлекетпен байланысы – құқық қоғамнан емес мемлекеттен туындайды, қоғам еркінің емес мемлекет еркінің жүзеге асырылуы ретінде, яғни билік басында тұрған саяси күштердің мемлекеттік еркі; тек мемлекет арнайы құзырлы орган атынан құқық нормаларын қабылдай алады;
жалпыға міндеттілік – құқық жалпы сипатқа ие, құқық нормалары олардың алдын ала көрсеткен жағдайына тап болғандардың барлығына және әрқайсысына бағыталған; құқықтық норма кімге бағытталса соларға орындау үшін міндетті, құқықтық норма талаптарын орындамаған жағдайда заңдық жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қолданылуы мүмкін;
формальды анықталғандық – құқық нормалары нақты құрастырылған және жазбаша нысанда бекітілген, жүйеленген түрде заңдарда, жинақтарда берілген, осы арқылы құқық тағдырлық өзгертулерден қорғалып, оның белгілі бір тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Құқықтың мәні дегеніміз қоғамдағы тағайындалуын және шынайы табиғатын өрнектейтін негізгі ішкі, қатысты тұрақты сапалық тұғыры.
Құқықтың мәнін қарастырғанда келесі екі аспектіні ескеру қажет:қандай да құқық бәрінен бұрын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатындығы; кімнің мүддесін білдіретіні және қорғайтыны.
Бәрінен бұрын құқық объективтік тұрғыда - нормалардың жүйесі, бірақ ол әрекет етуші жүйе нормасы – аталмыш норма бағытталған тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне және мемлекеттік органдардың құзырына сәйкес белгілеу жолымен қоғамдық қатынасты реттейтін, тәртіпке келтіретін мінез-құлық ережелер, бостандық көлемі болып табылады. Басқаша айтқанда, құқықтың өзара әрекеттенуінің объективтік және субъективтік мағынасын көрсететін нормалардың жүйесі.
Сонымен, адамгершілік тұрғыдағы құқық түсінушілік құқықтың орнына қоғамдық, топтық және жеке санада қалыптасқан жақсылық пен арамдық, теңдік пен теңсіздік, мақтанатын және жиренетін, моральды және моральға жат түсініктер туралы қарама қайшы және әралуан пікірлерді қабылдайды және бере алады.
Заң ғылымдар жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының орны ерекше. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тән ортақ белгі – олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырмашылықтары мынада – тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тәртіпте зерттесе, мемлекет және құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мәнін, олардың қызмет ету заңдылықтарын және т.б. зерттейді.
Осыдан ширек ғасыр бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің халқымыз буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді. Нормативтік-құқықтық базамыз да өмір ағынына сай жаңарды.
Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам бастық. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдіміз. Себебі біздің басты күшіміз – халықтар достастығы мен бірлігінде.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. (2016 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен).
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.2017 жыл.
ӘОЖ 338.4:502.1:664(574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРКЕТИНГІҢ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТУ
Есқара М. – а.ш.ғ.д., профессор., Есенов М.К. – магистрант
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Summary
To date, with an increase of uncultivated industrial waste, air pollution, lakes and rivers, deteriorating health, as well as the emergence of various diseases are closely linked with the growing ecological problems, the solution of which is of great importance. Global organizations, enterprises are considering environmental issues at a high level and to avoid these problems ecological marketing was used, and in Kazakhstan this experience is not developed to a sufficient level. The President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev in his message to the people “Strategy 2050” says that we must create a national domestic brand, which will be competitive and meet ecological standards. Therefore it is very important to determine consumer demand for environmentally-friendly and safe products, implement ecological marketing strategies for businesses to create a market for ecological products and most importantly make friendly products that will be useful to public health and be competitive. In connection with this work there was estimated production company, determined the level of implementation of ecological marketing and a model of development and implementation of an enterprise.
Аннотация
В современных условиях увеличение производственных отходов, загрязнение воздуха, озер и рек, ухудшение здоровья населения, а также появление различных заболеваний непосредственно влияют на рост экологических проблем. Международные организации, предприятия для решения экологических проблем используют экологический маркетинг. В Казахстане данный опыт не развит на достаточном уровне. Президент РК Н.А.Назарбаев в послании народу “Стратегия-2050” говорит о том, что мы должны создать собственный национальный бренд, который будет являться конкурентноспособным и соответствовать экологическим стандартам. Поэтому очень важно определить спрос потребителей на экологически чистые и безопасные продукты, реализовать экологические стратегии маркетинга на предприятиях, создать рынок экологических продуктов и самое главное разработать необходимые продукты, которые будут полезны для здоровья и в конечном счете станут в будущем конкурентноспособными. В связи с этим была оценена деятельность отечественных предприятий; определен уровень реализации в них экологического маркетинга; представлена модель внедрения и развития данного вида маркетинга в их деятельность.
Аңдатпа
Қазіргі таңда бүкіл қоғам алдында қайта өңделмейтін өндіріс тік қалдықтардың көбеюі, ауаның және өзен-көлдердің ластануы, адам денсаулығының нашарлауы, түрлі аурулардың пайда болуымен байланысты экологиялық мәселелер туындап отыр және оны шешу үлкен маңыздылыққа ие. Әлемдік қауымдастықтар, кәсіпорындар экологиялық мәселелерді жоғары дәрежеде қарастырып, оны болдырмауды экологиялық маркетинг арқылы шешуде, ал Қазақстанда бұл жеткілікті деңгейде дамымаған. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Стратегия-2050» жобасында бәсекеге қабілетті және экологиялық стандарттарға сай ұлттық бренд болатын өнімді қалыптастыруымыз қажет деген болатын. Сондықтан экологиялық таза және қауіпсіз өнімдерге тұтынушылардың сұранысын анықтау, кәсіпорындарда экологиялық маркетинг стратегияларын жүзеге асыру, экологиялық өнімдер нарығын қалыптастыру және одан бұрын қоғамның денсаулығына пайдалы және бәсекеге қабілетті таза өнімдер қалыптастыру бүгінгі таңда өте маңызды болып отыр. Осыған орай өндірістік кәсіпорындардың жұмыстары бағаланып, олардың экологиялық маркетингті жүзеге асыру деңгейі анықталып және оны кәсіпорын қызметіне енгізу мен дамыту моделі ұсынылды.
Түйін сөздер: экологиялық маркетинг, экологиялық таңбалау,экологиялық таза өнім.
Демографиялық жарылыс, тұтыну темпінің жоғарлауынан биосфераға қалпына келмейтін зардаптардың келуі, нарықтық экономика шарттарының өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау сұрақтарының маңызға айналуы, тұтынушылар талғамының жоғарлауы және олардың салауатты өмір салтына көшуі, т.б тенденциялар ірі компаниялардың экологиялық маркетингті компания қызметіне енгізіп, жүзеге асыруына әкелді. Экологиялық маркетинг адамзат өркениеті мен табиғат, ұйымдастырушылық құрылым фирмаларындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалана отырып тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты экологиялық нарық қағидасын ұстанатын процесс. Батыстық компаниялардың 60%-ы өздерінің жалпы даму стратегиялары на табиғатты қорғау жобаларын енгізді. Бұл бір жағынан тұтынушылар тарапынан қойылып жатқан қалау мен талаптар болса, екінші жағынан кәсіпорындардың жаңа бағытқа, яғни қызметін экологияландыруға бет бұруы болды. 2010 жылы әртүрлі елдерден 2687 менеджерлер компанияның акционерлік құнына әсер ететін маңызды факторлардың ішінде өнімнің экологиялық тазалығын бірінші орынға қойды. Қазіргі уақытта экологиялық тауарлар мен қызметтер нарығы 230 млрд АҚШ долларын құраса (олардың 76 млрд – тұрақты экономика, 27 млрд – салауатты өмір салты, 30 млрд – баламалы медицина, 10 млрд – жеке өсу, 81млрд – экологиялық өмір салты). Бұл тез өсіп келе жатқан нарықтардың бірі болып табылады. АҚШ-та экологиялық ғимараттарға деген сұраныс жыл сайын 5-10%-ға өсуде, ал экотуризм қызметтеріне – 5%-ға артуда. АҚШ-та экологиялық тауарлар саны 2004 жылы 100-ден 2009 ж. 1570-ке дейін, ал экологиялық тауарларды тұтынудың өсуі жылына 5,6%-ды құрайды. АҚШ-та тұтынушылардың 82%-ы экологиялық тауарларды сатып алады [1]. Сонымен қатар, шетелдік компаниялар өнімді ISO «қоршаған ортаны басқару» TC 207 стандарты және ISO 14020 Халықаралық стандартымен бекітіп экологиялық сертификаттауды жүзеге асыруда. Тауардың экологиялық оңтайлы жағдайын анықтайтын «Көк періште», «Ақ аққу», «Эко-белгі», т.б. белгілерге ие болуда [2]. Бұл статистикалық мәлімет әлемдік нарықта қызмет етуші кәсіпорындардың бизнес стратегияларында экологиялық мәселелерді, қоршаған ортаны, қоғам денсаулығын басты орынға қойып, экологиялық маркетингті бизнестің негізгі құралы ретінде қолданып жатқандығын көрсетеді. Себебі экономикалық жағынан қарқынды дамып кеткен алпауыт елдердегі кәсіпорындардың эколологиялық маркетингке қатысты тәжірибесі, қалыптасқан жағдайы қазіргі күннің өзінде біздің мемлекеттің де басына түсіп отыр.
ҚР-ғы кәсіпорындарда экологиялық маркетингті дамытуға себеп болатын, қазіргі таңда мә селеге айналып отырған жағдайлар бар:
Қазақстан территориясында 20 млрд тоннадан астам өндірістік және тұтыну қалдықтары жиналған және олар жинақтау орындарында экологиялық нормалар мен талаптардың орындалмауынсыз сақталынуынан топырақ, жерасты сулары, жер үсті сулары көптеген аудандарда қарқынды ластануға ұшыраған. Қатты тұрмыстық қалдықтардың үлкен бөлігі белгілі бір компоненттерге бөлінбей шығарылып, ашық қоқыс алаңдарына лақтырылады, Оның 97%-ы ҚР-ның санитарлық және табиғатты қорғау заңына сәйкес келмейді. ҚР-ғы қатты тұрмыстық қалдықтардың тек қана 5%-ы қайта өңдеумен жағуға ұшырайды.
Қазақстандық Biomarket.kz компаниясының тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесінде еліміздің дүкендеріндегі өнімдердің 3%-да ғана ГМО-ң өнім құрамында жоқтығы туралы ақпарат бар, ал қалған 97% өнімдер кез келген құрамда болуы мүмкін, тіпті зиянды заттар да бар болуы мүмкін дегенге әкеледі [3]. Бұның өзі өндіруші кәсіпорындардың өнімдерді өндіруде стандарттарға сай, қоғам денсаулығына пайдалы өнімдерді өндірмеуін, әсіресе тұтынушылардың қалауларын ескермеуін, кәсіпорын қызметінде экологиялық маркетингті қолданбауын көрсетеді.
Өнімдерді пайдаланғаннан кейінгі тасталынатын қоқыстың өзі қоршаған ортаға біраз зиян әкелетіні анық. Орта есеппен алғанда, бір адам тәулігіне 2,5 кг қоқыс тастайды екен. Сонда жылына, бір адам қоршаған ортаны 912,5 кг, яғни 1 тоннадай қоқыспен ластайды. Ал, елімізде 17 млн халық бар екенін және оның жыл сайын өсіп келе жақанын ұмытпайық. Қарапайым қағаздың толық топыраққа сіңіп кетуі үшін 1 жылдан кем емес уақыт қажет, ал күнделікті тауарлардың сыртын қаптайтын пластмасса, салафан, темір-қабықтардың бәрі қоқыс болып жатыр.
Қазақстандағы экологиялық мәселелерді ұзақ уақыт бойы әкімшілік құқықтық және экономикалық тәсілдермен мемлекеттік реттеу әлі күнге қоршаған орта жағдайының анық жақсаруына әкелмеді. Ал, қоршаған ортаны қорғау заманауи маркетингтің негізгі мақсатына айналуы үшін ол өзімен пайданың жоғарлауына әкелуі қажет. Осы жағдайда ғана өндіруші және кәсіпкер экологиялық сұрақтарды шешуде қызығушылық танытады және бизнесті жүргізуде экологиялық философияны қолданып, дамытатын болады. Осы мақсатта 2006 жылы №60 «Экологиялық таза өнім» стандартизациясы бойынша Техникалық комитет құрылып, «Халықаралық Экология Академиясы» мекемесінің базасында қызмет етіп келеді және Халықаралық ТК/ ИСО 207 «Экологиялық Менеджмент» стандарты ұйымның мүшесі болып табылады. Халықаралық Экология Академиясымен бірнеше техникалық регламенттер жасалды: «Экологиялық таза өнімге қойылатын талаптар» және СТ РК 1618 – 2007 «Экологиялық таза өнім. Негізгі жағдайлары» атты мемлекеттік стандарт құжаты; СТ У 40331327-02-2007 «Экологиялық таңбалау. Экологиялық таза өнім белгісімен таңбалаудың тәртібі» атты ұйымдық стандарты; СТУ 40331327-01-2007 «Экологиялық таза өнім белгісі» және тағы 6 стандарт жасалып, заңнамаға енгізілді [4].
Елімізде осы экологиялық маркетингті қолданудың бастапқы қадамы ретінде 2007 жылдың наурыз айында ҚР-ның Экологиялық кодексі қабылдаған заңын атауға болады. Кодекстің мақсаты болып, тұтынушыға өнім немесе қызметтің экологиялық аспектілері туралы нақты, сенімді ақпаратты жеткізу болып табылады. Осы Экологиялық кодекстің 32-бабында «Экологиялық таңбалау» туралы бөлім бар. Бұл бап өнімді экологиялық таңбалаудың негізгі ережелерінен тұрады:
– қоршаған ортаға қауіп төндіретін өнімдерді қолданудан тұтынушыларды қорғау;
– өндірістің және өнімнің технологиялық процестерін, құрал-жабдықтарды экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;
– отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экспортталуын қолдау.
Аталған заңнама негізінде елімізде экологиялық таза өнім, өндірісті экологияландыру түсініктері қалыптасып, кәсіпорындардың назарына іліге бастады.
Қазақстанның тек 86 компаниясы экологиялық таза өнім сертификатына ие. Бірақ бұл көрсеткіш тұрақты емес. 2011жылы 83 кәсіпорын болса, 2012 жылы олардың саны 81-ге төмендеп, 2013 жылы 86-ға өскен [3-4б]. Оның ішінде, сүт өнімдерін өндірушілер, құс шаруашылығының өнімдері, су, нан, сонымен қоса өндірістік тауар компаниялары бар. Бірақ мұның барлығы экологиялық стандарттарға сай келе бермейді. Бұл белгіні алған кәсіпорындар Ауыл шаруашылығы министрлігінен екі еселенген субсидия алу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар, еліміздегі көптеген өндірістік кәсіпорындар нормаға сай емес өндіріс қалдықтарын шығарып, адам денсаулығына зиян радиациялардың мөлшерден тыс таралуына себеп болып, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіруде. Бұл кәсіпорындардан үлкен зардаптардың болуы экологиялық маркетингті олардың өндірістік қызметіне енгізуді кәсіпорын тарапынан ғана емес мемлекет, халық тарапынан да талап етіліп отыр. Мұндай кәсіпорындар Техникалық Комитеттің бағалауы кезінде анықталған. Мұндай әрекет етуші кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша төмендегі кәсіпорындар тізімі жасалды:
– ЖФ «Казфосфат» ЖШС НДФЗ;
– «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауыты;
– ГКП «Чулактау» алаңы;
– ЦОФ ГПК «Каратау» алаңы;
– ГПК «Каратау» «Городские объекты»;
– «Ақсай» алаңы «Казфосфат» ЖШС, ГПК «Чулактау»;
– ГКП «Каратау» карьері «Донгулек»;
– ГКП «Каратау» карьері «Тогызбай»;
– ГКП «Каратау» карьері «Юго-восток»;
– Рудник «Центральный», ГПК «Каратау»;
– Рудник «Кис-Тас»;
– Карьер «Кок-Су»;
– Профилактории «Кок-Тал»;
– Дробильноразмольная фабрика;
– «Жулдыз» балалар сауықтыру лагері [4]. Жоғарыда аталған зауыттар мен кәсіпорындар қоршаған ортаға үлкен көлемде зиян келтіруде. Олардың өндірісі жаңа жоғары технологиямен жабдықталып, қалдықтарды қайта өңдеу процесін жүзеге асыруы тиіс. Себебі аталған ұсыныстар ғана оларды экологиялық маркетингке жақындатады. Аталған отандықкәсіпорындардан бөлек қоршаған орта мен қоғам денсаулығына орасан зиян тигізіп жатқан кәсіпорындарда бар.
ҚР кәсіпорындарының қоршаған ортаға үлкен зиян келтіру негізіндегі (III стадия) әсер етуін бағалауға келетін болсақ, оларға төмендегі кәсіпорындар жатады :
РГП «Казахавтодор» ДЭУ-25, АБЗ, ЩҚО, Семей қ.;
РГП «Казахавтодор» ДЭУ-28, АБЗ, ШҚО, Калбатау ауылы [4].
Аталған екі кәсіпорын күрделі экологияландыруды қажет етеді, яғни қалдықсыз таза өнім шығаратын жаңа техникамен жабдықтау, заманауи өндірістік экологиялық технологияларды қолдануы керек. Қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтармен жұмыс істеудің тиімді жолын таңдауы тиіс. Себебі аталған кәсіпорындар қоршаған ортаға зиян келтірудің үшінші сатысында тұр.
Сонымен қатар, қоршаған ортаға эмиссияның нормативтері проектісі бойынша атмосфераға зиянды қалдықтарды тастаудың шекті нормасын бұзған кәсіпорындарға төмендегілер жатады:
ГПК «Каратау», «Казфосфат» ЖШС;
РГП «Казахавтодор», ДЭУ-25, АБЗ, ШҚО, Семей қ.;
РГП «Казахавтодор» ,ДЭУ-28, АБЗ, ШҚО, Калбатау ауылы;
ГУ «Учреждение ЛА-155/12», Алматы обл, Заречный ауылы;
РГП «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты»;
ГУ «Балқаш аудандық эксплуатационды аумағы» [4].
Бұл кәсіпорындарда белгілі бір деңгейде болсын экологиялық маркетингті жүзеге асыруды, қолдануды қажет етеді. Мұндай жағдайдың алдын алу шаралары ретінде нормадан тыс зиян тигізген жағдайда айыппұл салу, салық мөлшерін көбейту, т.б. шектеу шараларын жүзеге асыру керек.
Экологиялық маркетингті жүзеге асырудың негізгі жолдарының бірі қалдықтармен жұмыс болып табылады. Өндірістік қауіпті қалдықтардың паспортын тексеру бойынша екі кәсіпорын анықталды:
1.ЗК ОФ РГП «Казахавтодор», Орал қаласы;
2. ГКП «Кызылордатепло-электроцентр» [4]. Бұл екі кәсіпорын өздерінен шығарылатын қауіпті қалдықтар негізінде адам денсаулығына, қоршаған ортаға қайтарымсыз зардаптар әкелу де. Сонымен жоғарыда аталған қоршаған ортаға, адам денсаулығына әртүрлі тәсілдермен зиян келтіріп отырған отандық кәсіпорындар тізімі көрсетілді.
Бұл аталған кәсіпорындар Техникалық комитет бақылауында қаралады және әр жыл сайын толығып немесе азайып отырады. Мұндай тенденцияның болуы кәсіпорын қызметінде экологиялық маркетингтің дамымауымен, яғни экологиялық маркетинг кешені бойынша «ЭКО» тауар белгісі бар өнім ассортиментінің орамы мен тауарлық белігінің сай болмауы, оған дұрыс баға қоймау, оны сату орындарын дұрыс ұйымдастырмау, жылжыту құралдарын жеткілікті пайдаланбау, тұтынушыларға ЭКО өнім туралы ақпартты жеткізе алмау, тұтынушының нақты қалауын, қажеттілігін түсіне алмау, оларға зерттеу жүргізбеу т.б. себеп болып отыр. Сонымен қатар, кестеден байқағанымыздай әр деңгейдегі кәсіпорынның негізгі қызмет ету бағыты тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру болап табылады.
Үшінші деңгей кәсіпорындары экологиялық маркетинг принциптерін шұжық өнімдері, кондитерлік өнімдері, күріш өндірісі, ауыз суы өндірісінде әлсіз қолданатындығы анықталды. Бұл дегеніміз жоғарыда аталған кәсіпорындардың экологиялық маркетинг принциптерін өндірістің кейбір бөліктерінде ғана, кейде тіпті мүлдем қолданбайтындығымен сипатталады. Жалпы жоғарыда аталған отандық кәсіпорындардағы экологиялық маркетинг принциптерінің қолданылуының көрінісі өндірістің қалдықсыз технологияға бейімделуімен, заманауи техникаларды қолдануымен, тауар орамында «ЭКО» тауар белгісінің болуымен, қоршаған ортаға келетін зиянның нормадан аспауымен ғана сипатталады.
ҚР-да қалыптасқан отандық кәсіпорындар дың өз қызметінде немесе өндірісінде экологиялық маркетингті жүзеге асырудағы тәжірибенің жоқтығы мен ол туралы толық түсініктің қалыптаспауы еліміздегі отандық кәсіпорындарда экологиялық маркетингті тәжірибе жүзінде іске асырудың моделін жасау қажеттілігі туындайды және бұл жоғарыда аталып өткен көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан төмендегідей модельді ұсынамыз
(1-сурет):
Достарыңызбен бөлісу: |