Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



жүктеу 6,68 Mb.
Pdf просмотр
бет48/85
Дата08.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#41201
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
102
шыға алмайтын терең құз екенін, оған құлаудың 
оңай, ал шығудың қиын боларын сезбейді.
Егер де жұрт дұрыс ниетпен қарыз алуға келсе, 
ондайда теріс айналмаймын. Кезінде өз басым қарыз 
алу арқылы саудамен айналыстым ғой.
Дегенмен ойсыз-қамсыз жастар келгенде өсімқор 
не істеуі керек? Тығырықтан шығар жол таппай, 
қиналып жүргені көрініп тұр. Қарызды өтеуге тіпті 
талпынбайды да. Баласына көмек қолын созған әке-
нің жері мен малын иеленіп кеткім келмейді.
– Маған көп қызықты әңгіме айттың, – деді 
Родан. – Бірақ өз сауалыма жауап естімедім ғой. 
Күйеубалама елу алтын тиын бергенім жөн бе? Ол 
ақша маған сондай қымбат.
– Қарындасың абыройлы әйел, оны өте сыйлай-
мын. Оның күйеуі маған келіп, қарызға елу алтын 
тиын сұраса, сол қарызға алған алтынды қалай іске 
жаратпақ екенін алдын ала біліп алар едім.
Егер ол да өзім секілді саудамен айналысып, асыл 
тастар мен қымбат жиһаз сатуды ойластырса, мы-
надай сұрақ қояр едім: «Сауда жөнінде не білесің? 
Тауарды ең арзан бағаға сатып алатын жерді біле-
сің бе? Арзандау алып, қалай қымбатқа сатасың?» 
Қалай ойлайсың, ол осы сұрақтарға жауап бере ала 
ма?
– Жауап бере алмас, – деп келісті Родан. – Ол бар 
болғаны маған найза жасауға көмектесті ғой.
– Онда оған жоспары әлі шикі екенін айтар едім. 
Саудагер қолға алар ісін толық зерттеуі керек, 
ал оның ниеті қиял ғана, ол әлі нақтыланбаған. 
Қысқасы, оған алтынды бермес едім.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
103
Ол, мәселен, мынаны айтты дейік: «Иә, сауда-
герлерге жәрдемдестім. Смирнуға барып, ол жақ-
тан арзан кілем сатып әкелуді білемін. Сондай-ақ 
Вавилондағы көптеген бай адамдарды танимын, 
оларға тауарды жақсы пайда әкелетіндей бағамен өт-
кізе аламын». Бұл жағдайда оның ниеті нәтижелі бо-
ларын мойындап, қолдау көрсетер едім. Егер қарыз-
ды қайтаруға кепілдік бере алса, елу алтын ақшаны 
қолына ұстата саламын. Бірақ ол: «Адал адаммын, 
қарызымды қайтаруға уәде беремін, бұдан басқа ке-
пілдігім жоқ» десе, менің: «Әрбір тиынды қадір тұ-
татын адаммын. Смирнуға барар жолда қарақшылар 
алтыныңды тартып алса немесе қайтарыңда кілем-
деріңді тонап кетсе, қарызыңды қайтаратындай еш-
теңе қалмайды, менің алтыным да құрдымға кете-
ді», – деп жауап қайтаратыным анық.
– Көрдің бе, Родан, өсімқорлық та – сауданың бір 
түрі, басқаша айтқанда, тек ақшаны айналдыру. 
Қарыз ақша беру қиын емес, бірақ негізсіз берілген 
ақшаны кері қайтару – қиынның қиыны. Білікті 
өсімқор ақшасын тәуекелге тікпейді, оған қайтарым 
кепілі керек.
Иә, бақытсыздыққа ұшырағандарға, тағдырдың 
соққысына төтеп бере алмағандарға көмектесу қа-
жет. Жұмысын енді бастап, қоғамда абырой мен құр-
метке бөленгісі келетіндерге де көмектескен абзал. 
Бірақ көмекті ақылға сүйеніп берген мақұл, әйтпесе 
бөгденің міндетін өзіне артып алған есектің күйін ке-
шуің әбден мүмкін.
Көздеріңнен тағы бір сұрақты оқып тұрмын, 
Родан. Оған жауабым мынадай: алтыныңды өзіңде 



жүктеу 6,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау