В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет38/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65

87 
механизмі бола отырып, рефлексия жеке кәсіптік  іс-әрекетін өзінің ықпалының 
нысанына айналдыра отырып, жобалауға және болжауға мүмкіндік береді, яғни 
білім  алушының  кәсіптік  даярлау  үдерісінде  рефлексия  механизмін  қосумен 
тиімді болады. 
Осылайша,  зерттеу  аясындағы  рефлексия  аграрлық  саладағы  зерттеу 
университеті  студентініңөзінің  педагогикалық  іс-әрекетін  жобалау  және 
болжау, оның нәтижелерін өзіндік талдау және өзіндік бағалауды жүзеге асыру, 
білім  алушыларда  орындалатын  кәсіптік    іс-әрекетке  және  өзіне  зерттеуші-
ғалым  ретінде  эмоционалды  қатынас  тәжірибесін  қалыптастыру  қабілетін 
сипаттайды. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік 
даярлаудың  ғылыми-әдіснамалық  негіздерінің  болмыстық  сипаттамасы  оның 
критерийлерін (өлшем) анықтауға мүмкіндік берді. 
Қысқаша  философиялық  энциклопедияда  «критерий»  ғылымда  белгілі 
түсінік  ретінде  түсіндіріледі  және  әлденені  өлшеу  құралы,  бағалау  жүргізетін 
белгі; бағалау өлшемі ретінде анықталады. 
Зерттеу  аясында  критерий  белгі  ретіне  қарастырылады.  Бұл  белгінің 
негізінде  аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік 
даярлау  құрылымдық  компоненттерінде  орын  алған  өзгерістер,  және  сол 
өзгерістердің бағасы ретінде қарастырылады. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік 
даярлаудың  ғылыми-әдіснамалық  негіздері  келесі  компоненттерді  қамтиды: 
мотивациялық-дербестік  (олардың  құндылығы  мен  мағынасын  ұғыну, 
эмоционалдық-мотивациялық 
қатынастарды 
дамыту), 
когнитивті-
интеллектуалдық 
(теориялық-әдіснамалық 
білімдердің, 
әдіснамалық 
бекітулердің,  ойлаудың  ғылыми  стилінің  болуы),  креативті-рефлексиялық 
(шығармашылық  және  зерттеушілік  біліктерді  игеру,  өз  шешімін  қазақ  және 
ағылшын  тілдерінде  негіздеу,  дәлелдеу,  талқылай  алу,  ойын  жазу  арқылы 
жеткізу  қабілеттерінің  болуы,  орындалатын  кәсіптік  іс-әрекеттің  рефлексивті-
тұлғалық тәсілі). 
Сөзсіз,  аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік 
даярлаудың  ғылыми-әдіснамалық  негіздерін  басқа  да  қырларын  анықтайтын 
басқа  да  құрауыштары  туралы  айтуға  болады.  Дегенмен  біз  өз  зейінімізді 
кәсіптік  дайындық  үдерісінде  дамуы  мүмкін  және  жеткілікті  нақты  өлшенген 
тұлғалық көріністерге аударамыз.  
Соған  сәйкес,  аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  студентін  кәсіптік 
даярлау үдерісі 8-кестеде көрсетілген критерийлер бойынша анықтала алады. 
Біз  аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік 
даярлаудың ғылыми-әдіснамалық қалыптасу деңгейін студентте өзін зерттеуші-
ғалым  ретінде  ұғындыратын,  орындалатын  кәсіптік  іс-әрекетте  өзінің 
субъектілік  зерттеушілік  ұстанымын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ететін 
сапалардың  болуын  сипаттайтын  көрсеткіштердің  көрініс  дәрежесі  ретінде 
қарастырамыз. 
Кесте  8  -  Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік 


88 
даярлаудың  ғылыми-әдіснамалық  негіздері  компоненттері,  критерийлерімен 
көрсеткіштері 
 
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау құрылымы 
Компоненттер 
Критерийлер (көрсеткіштер) 
Мотивациялы
қ-дербестік 
Мотивациялық-дербестік компонент болашақ кәсіптік іс-әрекетке 
құндылықты қатынас; педагогикалық еңбек пен оның ізгіліктің 
болмысының қоғамдық маңыздылығын ұғыну; жүзеге асатын кәсіптік іс-
әрекетте өзі үшін мағына таба алу қабілеті: мемлекет алдындағы 
жауапкершілік, кәсіпте өзін-өзідамыту және өзін-өзі бекіту мүмкіндігі; 
орындалатын жұмысқа қанағаттану сезіміне, кәсіптік  іс- әрекетке тұрақты 
қызығушылығына және оң қатынасқа ие болу. тырысулар, ұмтылыстар, 
табандылық, адалдық пен мақсат қоюға және жетуге бағытталу. 
Когнитивті-
интеллектуал
ды 
Интеллектуалдық  ой-өрісі  мен  танымдық  деңгейінің  кеңдігі,  әдіснамалық 
және  зерттеушілік  дағдысының  болуы,  танымдық  қызығушылығы  жоғары 
болуы, жетекші білімдерді, іргелі теориялы ғылыми білімді игеруі және оқу-
танымдық  қызмет  тәсілдерінің  жүйесін  саналы  меңгеруі  қамтылады,  бұл 
тәсілдер  жаңа  білімдер  мен  әрекет  тәсілдерін  өзбетінше  игеру  біліктерін 
айқындайды.   
Креативті-
рефлексивтік 
Ақпаратты  іздестірудегі,  іріктеудегі  қабілеттіліктер  жүйесі;  зерттеу 
жүргізу  барысындағы  қарым-қатынас  дағдылары,  зерттеу  нәтижелерін 
ауызша  және  жазбаша  талқылау,  сипаттай  алу  қабілеті.  Студенттермен, 
ата-аналармен,  қоғаммен  және  т.б.  өзара  әрекеттестікті  ұйымдастыруда, 
тәрбиелік  іс-шараны  ұйымдастыруда,  сабақты  жобалау  мен  құрастыруда 
педагогикалық 
үдерісте 
шығармашылық 
ойларды 
(жобалық, 
конструктивтік,  басқарушылық,  рефлексивтік)  жүзеге  асыруға  қажетті 
зерттеушілік  біліктер  мен  дағдылар  жүйесі.
  О
йлап  табу  мен  жаңа 
нәтижеге  жету,  мәселені  түсінушілік,  шешім  табудағы  шапшаңдық  пен 
мәселені  шешудегі  икемділіктің  болуы  мен  өзіндік  бағалауға 
рефлексиялық тұрғыдан келуін қамтамасыз етеді. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік 
даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздері көрсеткіштерінің компоненттері үш 
деңгейде сипатталады: бастапқықызметтікілгері
Бастапқы  –  кәсіптік  білім  алу  барысында  зерттеушілік  әрекетке  тұрақсыз 
қызығушылық:  зерттеушілік  тапсырмаларды  орындайды,  зерттеу  әдістерін 
пайдалануды  қажетсіздеп  санайды  және  болашақта  бұл  дағдыларды 
пайдаланбайтынына  сенімді.  Әдетте  оқу  тапсырмаларын  орындауда  үлгілерді 
пайдалану  сияқты  алгоритмді  кәдістерді  пайдаланады.  Зерттеушілік  жұмысты 
тек оқытушының қарамағында ғана орындайды. 
Қызметтік  –  бұл  деңгейді  меңгергендер  зерттеушілік  дағдылармен 
біліктердің  маңыздылығын  жақсы  түсінеді.  Зерттеушілік  әрекетті  орындауға 
деген қажеттілігі бар, жаңа білім алуға ұмтылады. 
Ілгері  студенттер  зерттеушілік  әрекетке  деген  тұрақты  қызығушылықпен 
сипатталады.  Жаңа  білім  алуға,  зерттеушілік  тапсырмаларды  орындауға  деген 
қажеттілікке  ие.  Сапалы  пәндік  білімді,  зерттеушілік  әрекеттің  технологиясын 
меңгерген.  Зерттеуді  өз  бетімен  орындайды  және  орындауда  белсенділік 
танытады.  Тапсырмаларды  орындауда  шығармашылығымен  ерекшеленеді. 
Жұмысты ұсынып қорғауға және критикалы бағалауға қабілетті. 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау