В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет28/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65

66 
3)  үдерістік  бөлім  -  технологиялық  үдеріс:  оқу  үдерісін  ұйымдастыру; 
студенттердің  оқу  әрекетінің  әдістері  мен  түрлері;  оқытушының  материалды 
игеру үрдісін басқарудағы іс-әрекеті; оқу үрдісінің диагностикасы. 
Қазіргі  заманғы  аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  озық  білім 
берудің  педагогикалық  технологиялары  төмендегідей  негізгі  әдістемелік 
талаптарға сай болуы тиіс: 
1. Технологиялық сызба - технологиялық үрдісті, оны жеке функционалды 
бөліктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу 
арқылы көрсететін шартты белгісі№ 
2.  Әр  педагогикалық  технология  тәжірибе  игерудің  белгілі  бір  ғылыми 
тұжырымдамасына  негізделуі  тиіс:  білім  беру  мақсаттарына  жету  үрдісінің 
ғылыми негіздемесі болуы керек. 
3.  Педагогикалық  технологияның  барлық  жүйелік  сипаттары:  үрдістің 
логикасы, барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы. 
4.  Оқу  үрдісін  жобалау,  жоспарлау,  мақсатын  анықтау  мүмкіндіктері 
ескерілуі  керек;  кезеңді  диагностика,  нәтижелерді  түзету  мақсатында  әдістер 
мен  құралдарды  түрлендіру  мүмкіндігі  қаралу  қажет.  Педагогикалық 
технологияның осы сапалары оған басқарушылық сипат береді. 
5.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  бәсекелестік  жағдайда 
қызмет етеді. Сондықтан, белгілі білім стандартына сай оқыту кепілдігін беріп, 
нәтижесі тиімді, шығыны аз болуы керек. 
6.  Педагогикалық  технологияны  басқа  білім  беру  мекемесінде  басқа 
субьектілердің  де  қолдану  мүмкіндіктері  ескерілуі  керек,  яғни,  ол  қайта 
қолданылатындай болуы тиіс. 
Педагогикалық  технологияның  өзіндік  ерекшелігі  оқу  үрдісінің  қойылған 
мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. Мақсатқа жетудің негізгі бағдары-кері 
байланыс.  Осыған  сәйкес,  оқытуға  технологиялық  қатынаста  мыналарды  атап 
өтуге  болады:  мақсат  қою  және  нақтылау,  мақсатты  нәтижеде  табысқа  жетуге 
орай  айқындау;  оқытудың  барлық  барысын  және  оқу  материалын  оқу 
мақсатына  сәйкес  дайындау,  ағымдағы  нәтижені  бағалау,  қойылған  мақсатқа 
жету жолында оқытуды өзгерту; нәтиженің қорытынды бағасы. 
Педагогикалық  технология  студенттің  оқу  танымдық  қызметінің 
құрылымы  мен  мазмұнынан  көрінеді.  Сонысымен  де,  ол  әдістемеден 
ерекшелінеді. М.А. Чошанов «оқыту технологиясы» мен «әдістемелік жүйенің» 
негізгі  айырмашылықтары  әрбір  белгінің  байқалу  дәрежесімен  анықталады 
[127] дейді. 
Оқытудың ұстанымдары туралы көзқарасты талдай келіп, Ғ.М. Құсайынов 
жаңа  педагогикалық  технологияны  жобалаудың  төмендегідей  ұстанымдарын 
ұстанады [128]: 
1.  Оқытуда  жоғары  түпкі  нәтижеге  ұмтылу.  Бұл  ұстаным  оқытудың 
мынадай  мәнінен  туындайды:  оқыту  аяқсыз  қалмау  керек,  студент  өтілген 
материал бойынша белгілі бір білім мен білікті игеруі тиіс. 
2. Білімді синхромды тасымалдау. 


67 
3.  Жалпыға  бірдей  ынтымақтастық  және  өзара  көмек  ұстанымы.  Бұл 
жағдайда  студент  іс-әрекеті  барлығы  әр  адамның,  әр  адам  барлығының 
мүддесін ойлау тұрғысынан ұйымдастырылады. 
4.  Ұжым  құрамының  әртүрлі  жас  және  әртүрлі  деңгейде  болу  ұстанымы. 
Ұжымдағылардың  жас  ерекшеліктерінің  әртүрлі  болуы  ондағы  әлеуметтік-
психологиялық ахуалға игі әсер етеді. 
5.  Оқытудың  әр  қатысушының  қабілетіне  қарай  жекелік  ұстанымы.  Әр 
адамда  белгілі  бір  табиғи  шығармашылық  болады,  тек  жаңа  педагогикалық 
технологияға  көшу  арқылы  ғана  әр  студентінің  бойындағы  қабілет  ашылуына 
мүмкіндік туады. 
6.  Оқу  тапсырмаларының  әртүрлі  болу  ұстанымы.  Жаңа  педагогикалық 
технология  еңбекті  әркімнің  қабілетіне  қарай  бөлмей  жоғары  тиімділікке  жету 
мүмкін емес. 
ХХІ ғасырда білімнің құнды капиталға айналуын және қоғамның өзгерісіне 
сай оның сұранысын қанағаттандыратын білім беру қажеттілігі туындауда. 
Білім  берудегі  технологиялық  әдіс  айтулы  білімнің,  білім  беру  мазмұны 
мен мақсатының негізінде білім беру үдерісін құрылымдауды қамтамасыз етеді. 
Озық  білім  беруді  жүзеге  асыру  танымдық  және  басқа  да  салаларда  жүйелік 
тәсілдеме  мен  жүйелі  ойлау  дағдыларын,  біліктілігін  және  жүйелі  ұғынуды 
дамытуды  қамтамасыз  ететін,  сәйкес  технологиялар  мен  тәсілдерді  әзірлеуді 
және білім беру үдерісін айқын түрде өзгертуді талап етеді.  
В.  Оконьның  пікірі  бойынша,  білім  беру  мазмұнына  деген  жүйелік 
тәсілдеме келесілерді жорамалдайды [129]: 
1)  жүйелік  тұғырлар  мен  оны  құрылымдау  технологиясының  кеңінен 
қолданылуын;  
2)  қарапайым  жүйелер  мен  құрылымдардың  күрделіге  ауысуын,  біршама 
нақтыдан жалпыға және керісінше ауысымдарды;  
3)  оқытудың  көп  пәндері  үшін  ортақ  құрылымдарды  шекті  деңгейде 
ескеруді.  
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде озық білім беру мазмұнының 
жүйесі  оқу  үдерісі  барысында  жүзеге  асырылған  жағдайда  оқыту  міндеттері 
мен  мақсаттарының  нәтижелілігі  мен  сапасын  қамтамасыз  ететін,  жүйелік 
тәсілдеме  негізінде  реттелген,  өзара  байланысты  элементтердің  жиынтығын 
көрсетеді.  
Білім  берудің  мазмұны  бейнеленетін  осындай  жүйелердің  құрылымы  оқу 
материалын  зерделеу  үдерісін  жеңілдетіп  және  айтарлықтай  тездетіп  қана 
қоймай,  сонымен  қатар  ең  маңызды  қызметі  білім  беру  мазмұнының 
субъектілерін  тәуелсіз  түрде  құрылымдау  болып  табылатын,  танымдық 
саладағы өзін-өзі басқару дағдылары мен икемділігін тиімді түрде дамытады.  
Озық  білім  беру  технологиясы  мен  қызметтік  тұғырды  жүзеге  асырудағы 
теориялық негіздеменің бірі ретінде ақыл-ой әрекеттері мен ұғымын жоспарлы 
түрде қалыптастыру теориясы қызмет етеді. осы теорияға сәйкес:  
-  бірінші кезең іс-әрекетті меңгеруге ынталандыруға арналған; 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау