58
жылдамдығы 0,25 м/с артық емес; суық мезгілдегі көрсеткіштері: 20-22° С,
30-45 % және 0,1-0,15 м/с есептеледі. Бөлмедегі микроклиматтың қолайлы
болуы үшін арнайы жүйелер қолданылады: суық мезгілде – жылыту жүйесі:
газды, отын немесе көмір пештері, орталықтандырылған су сирек кезде бу
жылыту жүйесі (тұрмыстық және қоғамдық ғимараттарға қолдануға
болмайды); калориферлер және электроқыздырғыштар. Желдендіру жүйесі,
ауаны ылғалдау жүйесі. Жылы және ыстық мезгілде желдендіру және
кондициялау жүйесін қолдану қажет.
Ауаның жоғары температурадағы салыстырмалы ылғалдығының төмен
болуы шырышты қабыршықтың құрғақтығына әкеледі. Ауаның жоғары
ылғалдығымен төмен темпратураның қатар болуы ағзаның тез сууына себеп
болады. Жоғары ылғалдылықпен жоғары температурада адам өзін нашар
сезеді, себебі буланудың әсерінен жылу беру қиындайды. Бұл жағдайларда
жалпы
сезімталдық
нашарлайды,
жұмыс
қабілеті
төмендейді.
Сезімталдықтың нашарлауының себебі желдендіру нашар болған кезде адам
денесінің айналасында қозғалмайтын ауалы қабырщық пайда болады. Ол өз
кезегінде су буының температурасын өзіне қабылдап, жылу беруді азайтады.
Ал, ауаның шектен тыс қозғалыста болуы, әсіресе суыту кезінде
конвекцияның жылужоғалтуын арттырады және адам ағзасының тез сууына
себеп болады. Температураның жоғары болуы, жұмыс істеп жатқанның тез
шаршауына, ағзаның қызуына және ауруға шалдықтыруы мүмкін. Қолайлы
жағдайлар туғызу үшін адам ағзасынан шығатын жылумен қоршаған ортаға
берілетін жылу арасында жылу балансын сақтау керек. Бөлмелердегі
микроклимат мәндерін реттеу арқылы жылу балансты қамтамасыз етуге
болады.
Ол
параметрлерге:
температура,
ауаның
салыстырмалы
жылдамдығы, ауаның қозғалыс жылдамдығы жатады. Осы параметрлердің
оптималды көрсеткіштерінде ұстау келесі қағидаларға байланысты: 1)
Бөлменің жақсы желденуі, жиі желдету. Ең көп тарағаны ауа тартқыш
желдену, онда таза ауа бөлмеге беріліп, ластанған ауа бөлмеден шығады. 2)
Ауаны кондициялау, яғни сыртқы параметрлердің өзгеруінен тәуелсіз.
Бөлмелерде микроклиматтың оптималды мәндерін автоматты қолдау.
Кондициялау кезінде ауа температурасы, оның салыстырмалы ылғалдылығы
және бөлмеге беретін жылдамдығы автоматты түрде реттеледі. Кондициялау
желдендіруге қарағанда әлдеқайда қымбат, бірақ адам өміріне, әрекетіне ең
жақсы жағдайлар туғызады.
Жетекші инженер мен желі администраторының жұмысы 8-сағаттық
және 5 күндік күндізгі апталық жұмыс. ГОСТ 12.1.005-88-қа сәйкес, жұмыс
санатын көрсететін мәлімет кестеде көорсетілген. Бұл ортадағы адамдар
жұмысы екінші санатқа тиесілі.
Еңбек өнімділігін және жасалатын жұмыстардың сапасын жоғарылату
жұмыс қызметкеріне ең қолайлы әрі жағымды еңбек жағдайын тұрғызумен
қол жеткізіледі. Дене бітіміндегі мүшелер жүйесінің, соның ішінде
психологиялық жүйке-жүйесінің шаршауына алып баратын еңбектік үрдістің
59
өндірістік технологиямен тығыз байланыста екені белгілі. Еңбектің
санитарлы-гигиеналық шарттарына мыналар жатады: адам организміне
метеорологиялық
факторлардың
(температура,
дымқылдық,
ауа
қозғалысының жылдамдығы) әсері; ауаның бумен, газбен, шаңмен ластануы;
шу, діріл, радиацияны иондармен қанықтыратын электромагнитті сәулелену
және т.б. Сонымен қатар, жұмыс аймағындағы ауаның қалыпты
микроклиматтық жағдайын қамтамасыз ететін жүйені қарастыру қажет.
Мұндай универсалды жүйе ретінде керекті сипаттамалар мен талаптарға ие
автономды салқындатқыштар есептеледі.
4.1 Kесте – Жұмыс санатының сипаттамасы
Жұмыс санаты
Организмнің
энергиялық
шығындары, ккал/сағ
Жұмыс сипаттамасы
Физикалық (1б)
138 – 172
Физикалық отыру, тұру
не жүру күйінде іске
асады
Ауа температурасы адам жұмысының нәтижесі мен коңіл күйіне
айтарлықтай әсер береді. Төмен температура организмнің суынуына алып
барады да, тұмау ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Жоғары температура да
организмнің қызуын көтеріп, тердің шығуын жоғарылатып, жұмыс істеу
қабілетін томендетуі мүмкін. ГОСТ 12.0.003-74 ССБТ-қа сәйкес ортадағы
микроклиматтық шарттарды оңтайлы түрде сипаттауға болады.
4.2 Кесте – Оңтайлы микроклиматтық параметрлер
Микроклиматты параметрлер
Жыл мерзімдері
Салқын
Жылы
Ортадағы ауа температурасы
22…24 ºС
23…25 ºС
Салыстырмалы ылғалдылық
40…60 %
40…60 %
Ауа қозғалысының жылдамдығы
0,1 м/с дейін
0,1…0,2 м/с
Жұмысшылардың
қызметтік
компьютерлері
профилактикалық
тексерістен өткізіледі, сондықтан өмірге және денсаулыққа аса қауіп
төндірмейді. Алайда жұмыс күнінің ішінде жұмыс үрдісі компьютер арқылы
жүргізілетіндіктен, қызметкердің көру мүшелеріне белгілі бір салмақ
түсіріледі деп есептеуге болады. Және қызметтік компьютерлерді (ҚК) қазіргі
уақытта адам денсаулығына әсер ететін негізгі зиянды фактор ретінде
қарастыруға болады. мәселен, дисплей экраны қолданушының көзінен 50 см-
лік қашықтықтан ары (70 см-ден жақын емес) орналасуы шарт болып
табылады. Қалыпты еңбек жағдайын туғызуда жұмыс орындарының