20
2. Негізгі процестердің іске асуын қамтамасыз ететін қосымша іс-
шаралар (құжаттау, конфигурацияны басқару, сапаны қамтмасыз ету,
нақтылау, аттестация, бағалау, аудит).
3.
Ұйымдастыру
процестері
(жобаларды
басқару,
жобаның
инфрақұрылымын жасау, тіршілік циклін жақсарту, үйрету).
АЖ тіршілік циклінің құрылымы:
АЖ толық тіршілік циклі стратегиялық жобалау, анализ, жобалау, іске
асыру, енгізу, қолдану сатыларынан тұрады. Бағдарламалық қамсыздандыру
нарқындағы жетекші фирма Rational Software АЖ:
1. Басталуы.
2. Нақтылау.
3. Құрастыру.
4. Қолданысқа өту.
Бастапқы сатысы – бастапқы кезде жүйенің барлық функционалды
мүмкіндіктері анықталып, арасында маңыздылары сипатталады, қауіп-
қатерлерге баға беріліп, жасап шығару үшін ресурстары анықталады, негізгі
кезеңдерінің аяқталу мерзімі жоспарланады.
Нақтылау сатысы – бұл сатыда қолданбалы аймақтар сарапталады, АЖ
архитектуралық негізі, қауіп-қатердің басты элементтерін болдырмау әдістері
жасалады.
Құрастыру сатысы – бұл сатыда тұтынушыға берілуге дайын ақырғы
өнім құрастырылып, кезеңнің аяғында жасалған АЖ жұмысы тексеріледі.
Қолданысқа ену сатысы – жасалған өнім тұтынушыларға беріледі.
2.1.4 АЖ тіршілік циклінің моделдері
Ақпараттық жүйе тіршілік циклінің модельдерінің түрлері:
- каскадты модель;
- спиральды модель.
АЖ тіршілік циклінің моделі дегеніміз – АЖ тіршілік циклінің
барысында іске асырылатын процестерді, әрекеттер мен міндеттерді жүзеге
асыру ретін анықтайтын құрылым. Тіршілік циклінің моделі АЖ
ерекшеліктері мен оның жұмыс жасау және құрылу жағдайларына
байланысты.
Каскадты модель – жұмыстардың ретімен ұйымдастырылуын
қамтамасыз етеді. Бұл жағдайдағы негізгі ерекшелік – өңдеу жұмыстарының
сатыға бөлінуі, сатыдан сатыға өтуі алдындағы кезеңдегі жұмыстар
аяқталмайынша жасалмайды. Әр сатысы келесі кезең мамандарымен
жұмысты жалғастыру мүмкін болатындай құжаттардың толық кешенінің
шығарылуымен аяқталады.
21
Сурет 2.1.4.1– Каскадты модель
Каскадты модельді қолдану барысында іс жүзінде тұрақты жасап
шығару этаптары құрылды:
1. Тапсырыс берушінің талаптарын сараптау.
2. Жобалау.
3. Өндіру жұмыстары.
4. Тестілеу және тәжірибелік жағдайда қолдану.
5. Дайын өнімді беру.
Каскадты модельдің негізгі артықшылықтары:
1. Әр сатыда толыққандық пен келісімділікті қамтамасыз ететін
жобалық құжаттардың толық жиынтығы жасалады. Ақырғы сатыда
стандарттарға сай келетін тұтынушылық құжаттар жасалады.
2. Логикалық бірізділікпен жасалатын жұмыстар аяқталу мерзімдері мен
шығындарды жобалауға мүмкіндік береді.
Каскадты модельді қолдану жасау барысында барлық талаптарды толық
әрі нақты қалыптастыруды талап ететін, алайда өндірушілердің іске асыру
еркіндігін беретін АЖ жобалауда аса маңызды. Ондай АЖ күрделі есептеу
жүйелері және шынайы уақыт жүйелері жатады.
Каскадты модельдің кемшіліктері:
1. Нәтижелерді алудың елеулі кідіруі.
2. Қателіктер мен кемшіліктер келесі сатыда ғана анықталады.
3. Жоба бойынша жұмыстарды белгілеу қиындығы. Әрдайым жобаның
әртүрлі бөлімдерін келістіріп тұру керек. Бірізді жасау кезінде алдындаңы
сатының кемшіліктерін түзету қиындыққа соғады.
4. Әр сатының ақпараттық шектен тыс қанығуы. Бұл қиындық
өндірушілердің әр түрлі топтарынң арасындағы тәуелділіктің болуына
байланысты туындайды.
5. Жобаны басқару қиындығы.
6. Қауіп-қатерлер деңгейінің жоғары болуы және салымдардың
сенімсіздігі.
7. Адами фактор.
22
2.1.5 Өмірлік циклдың спиралдық моделі
Спиралдық модель өзімен ақпараттық жүйені құрудың итерациондық
процессін түсіндіреді. Сол кезде өмірлік циклдың бастапқы деңгейлерінің
саны өседі, мысалы анализ және жобалау. Итерация – бұл қайталау деген
мағынаны білдіреді (ағыл. Iteration).
Әрбір итерация өзімен жұмыстың аяқталған циклін түсіндіреді. Ол цикл
аяқталған жүйе болу үшін бір итерациядан екінші итерацияға дамитын
бұйымның ішкі немесе сыртқы нұсқасының шығарылуыне әкеледі.
Яғни, әрбір спиралдың түйіні бағдарламалық бұйымның фрагменті
немесе нұсқасының құрылуына сәйкес келеді. Онда жобаның мақсаты және
сипаттамасы белгіленеді, оның сапасы анықталады, келесі спиралдың бір
түйінінің жұмысы жобаланады. Әрбір итерацияда жобаның егжей-тегжейлігі
кезекпен тереңдетіліп, айқындалады. Нәтижесінде, тиянақты нұсқасы
таңдалады, кейін ол да ақырғы жүзеге асыруға жеткізіледі. Спиралдық
моделді қолдану жұмыстың толықтай аяқталмағанына қарамастан жобаның
орындалуының келесі деңгейіне өтуін қамтамасыз етеді, бітпей қалған
жұмысты келесі итерацияда аяқтауға мүмкіндік береді. Әрбір итерацияның
басты міндеті – жүйені қолданушыларға көрсетуге болатын жұмысқа қабілетті
өнімді тезірек құру.
Спиральді модельдің артықшылықтары:
1. Итерациондық жұмыстар жобаға өзгерістерді енгізуді айтарлықтай
жеңілдетеді.
2. Спиралдық модельді қолдану кезінде ақпараттық жүйелердің
жекелеген элементтері біртіндеп біртұтас болып интеграцияланады.
3. Қауіптің төну деңгейін төмендету. Бұл артықшылық алдыңғының
нәтижесі болып табылады, себебі қауіп итерация кезінде табылады.
Сондықтан да қауіп деңгейі жобаны ұйымдастырудың басында максималды
болып келеді.
4. Итерациялық әзірлеу жобаны басқару кезінде үлкен икемділікті
қамтамасыз етеді. Жүйенің функционалдылығын төмендету және оның
қосалқы бөлігі ретінде жеке өнімнің орнына басқа фирмалардың өнімін
пайдалану әзірлеудің уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл
бәсекелестердің өнімінің дамуына жол бермеу үшін бәсекелестік шарт
жағдайында өзекті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |