V ќазаќстан республикасыныѕ єылым жјне білім министрлігі


Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы



жүктеу 1,6 Mb.
бет2/5
Дата29.05.2018
өлшемі1,6 Mb.
#18295
түріДиплом
1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы

Шағын кәсіпкерлік субъектілерішаруашылық кешеннің барлық салаларында және республика өңірлерінде құрылып, қызмет етеді. Олардың көпшілігі тұтынатын әр түрлі тауарларды өндірумен айналысады, қызметтердің кең спекторын өсіреді, сауда делдалдық, коммерциялық, және қаржылық қызметпен айналысады.Шағын кәсіпкерліктің даму жағдайын және тенденцияларын талдау 2001 – 2005 жылдар аралығында жүргізілді.

Шағын кәсіпкерлік қызметін белсендетудің негізгі нәтижелері 2– кестеде көрсетілген.

2 кесте - 2005 жылға есептелген аймақтар бойынша шағын бизнес кәсіпорындарының саны





Тіркелгені

Жұмыс істеп тұрғандары

Бірлік

Қорытын-дысына, %

Барлығы

Олардан белсенділері

Бірлік

Қорытын-дысына, %

Бірлік

Қорытын-дысына, %

Қазақстан Республикасы

145087

100,0

103291

100,0

51339

100,0

Акмола

4790

3,3

3534

3,4

2473

4,8

Ақтөбе

5487

3,8

4298

4,2

1952

3,8

Алматы

6108

4,2

4574

4,4

3084

6,0

Атырау

3735

2,6

3245

3,1

1375

2,7

Шығыс Қазақстан

9569

6,6

6838

6,6

3845

7,5

Жамбыл

4206

2,9

2990

2,9

1161

2,3

Батыс Қазақстан

3039

2,1

2586

2,5

1141

2,2

Қарағанды

9129

6,3

6649

6,4

3116

6,1

Костанай

5551

3,8

4332

4,2

2275

4,4

Қызылорда

2762

2,0

2349

2,4

1513

2,9

Маңғыстау

3936

2,7

3282

3,2

1181

2,3

Павлодар

6962

4,8

4749

4,6

2635

5,1

Солтүстік Қазақстан

3496

2,4

2725

2,6

1442

2,8

Оңтүстік Қазақстан

13248

9,1

9194

8,9

4407

8,6

Астана қаласы

11953

8,2

9950

9,6

5010

9,8

Алматы қаласы

51116

35,2

31996

31,0

14729

28,7

Мәлімет көзі:Стат.жинағы,2004,№3


Статистикалық тіркелім деректеріне сүйенсек, республика бойынша 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызына дейін шағын кәсіпкерлікпен айналысатын 145,1 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш 2004 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызындағы деңгейден 10,9 пайызға жоғары. Тіркелген кәсіпорындардың 71,2 пайызға жақыны жұмыс істейтін (экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 51 мыңнан астамы белсенді жұмыс істейтін (экономикалық қызметін нақты жүзеге асырған) кәсіпорындар қатарын құрайды. Өңірлер бойынша белсенді кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласына (29,1%) және Астана қаласына (9,8 %), сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан (8,4%) және Шығыс Қазақстан (7,4%) облыстарының үлесіне келеді.
3 кесте - 2005 жылдың 1 шілдесіндегі шағын бизнес кәсіпорындары санының өзгеруі, пайызбен




Тіркелген кәсіпорындар

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар

өткен айға

өткен жылға

Барлығы

Олардан белсенділері

өткен айға

өткен жылғы тиісті күнге

өткен айға

өткен жылғы тиісті күнге

Қазақстан Республикасы

1,0

10,9

0,3

10,5

-1,5

11,1

Акмола

2,3

11,3

3,2

1,6

-0,4

14,7

Ақтөбе

0,8

12,5

-0,9

14,4

3,0

29,4

Алматы

0,5

6,6

0,9

0,2

-5,3

0,5

Атырау

1,4

11,4

-0,1

12,7

-1,4

31,1

Шығыс Қазақстан

1,4

7,5

0,1

8,4

-1,2

6,8

Жамбыл

0,5

5,0

0,8

4,0

-1,1

1,8

Батыс Қазақстан

0,5

6,3

0,1

7,6

-19,1

-11,2

Қарағанды

-0,2

7,6

2,4

1,6

-0,1

10,4

Костанай

-0,6

4,4

-0,9

7,8

-0,4

24,3

Қызылорда

1,5

7,9

1,9

10,6

1,7

17,1

Маңғыстау

1,0

9,0

1,6

13,3

-15,8

-5,4

Павлодар

0,3

7,3

-11,0

-4,3

-4,8

-6,9

Солтүстік Қазақстан

4,4

15,3

-1,7

11,3

2,1

17,0

Оңтүстік Қазақстан

1,1

12,1

1,9

20,8

2,3

40,4

Астана қаласы

1,1

20,5

1,4

17,4

0,6

10,2

Алматы қаласы

1,0

12,3

0,9

13,7

-0,7

9,6

Мәлімет көзі:Стат.жинағы,2005,№3

Жоғарыдағы кестедегі мәліметтер бойынша 2005 жылы 1 қаңтарда алдыңғы жылмен салыстырғанда, ең үлкен ауытқулар Астана, Алматы қалаларында Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Ал жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар ішіндегі ең белсенділері қатарына Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстары жатады. Ақтөбеде 29,4 % - ға, Оңтүстік Қазақстанда 40,4% - ға, Қостанайда 24,4% - ға артқан.

4 кесте – Аймақтар бойынша шағын бизнес кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері






01.01.2005ж. қызметкерлер саны

2004 ж. желтоқсанындағы өнім (тауар, қызмет) өткізуден түскен

мың адам

%- бен

млн. тенге

%- бен

өткен айға

өткен жылғы тиісті күнге

өткен айға

өткен жылғы тиісті күнге

Қазақстан Республикасы

524,6

100,2

108,7

55976,5

100,6

116,5

Акмола

17,1

103,2

100,4

1298,9

103,1

127,3

Ақтөбе

32,8

99,1

113,0

1520,3

105,7

138,9

Алматы

24,2

100,9

99,0

2734,1

97,1

104,4

Атырау

19,9

99,9

111,4

2140,7

101,2

140,7

Шығыс Қазақстан

43,2

100,1

107,1

4697,8

100,4

114,3

Жамбыл

16,7

100,8

102,8

840,9

99,6

112,7

Батыс Қазақстан

22,6

100,1

106,3

1148,5

82,4

97,5

Қарағанды

38,9

102,4

100,4

3414,9

102,8

119,5

Костанай

25,4

99,1

106,5

3031,8

98,2

125,8

Қызылорда

9,2

101,8

109,3

597,3

103,6

127,8

Маңғыстау

17,7

101,6

112,0

1456,7

88,0

100,3

Павлодар

20,3

89,0

94,6

2336,7

98,9

99,3

Солтүстік Қазақстан

23,3

98,3

110,0

2049,8

104,4

130,4

Оңтүстік Қазақстан

35,9

101,9

119,3

2944,6

105,2

147,3

Астана қаласы

43,5

101,4

116,0

5501,6

103,0

113,7

Алматы қаласы

133,9

100,9

112,3

20261,9

101,5

113,9

Мәлімет көзі: Стат.жинағы,2005,№3

Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2005 жылы 1 қаңтарында 524,6 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2004 жылдың 1 қаңтарындағы деңгейден 8,7 пайызға артты.

Өткізілген өнімнен түскен табысқа келсек, 2005 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,5%- ға көтеріліп, 55976,5 мың тенгені құрды.




  1. «ПРОГРЕСС – СМ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК- ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ


2.1. «Прогресс-СМ» ЖШС өндірістік- ұйымдастырушылық қызметін талдау

1997 жылы «РМЗ» ААҚ – ы сегменттелді, басқаша айтқанда ЖШС-

рге бөлініп шықты. Ол профиль жасаумен, стандартты емес құрылғылар дайындаумен, профиль жасаумен, оттегі жіберумен айналысты.

2003 жылы ақпанда қайта тіркеу жүргізілді. 1997 жылмен салыстырғанда құрылтайшылар құрамы өзгерді, саны өсті, қызмет түрлері кеңейді. Олар арнайы профиль дайындай бастады, жеке тапсырыстар бойынша қызмет атқарыла бастады. Кәсіпорынның оттегі станциясы бар, зауытты жалға алады.

Кәсіпорын жарғысы заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастыру құқықтық нысанында құрылған.

Серіктестік құрамының өзгеруіне байланысты қайта тіркеу өтеді.

Серіктестіктің фирмалық атауы: «Прогресс – СМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

«Прогресс – СМ» ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады, ол шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы Заңына сәйкес және басқа да заң актілеріне, сонымен қатар жарғы негізінде жүргізеді. Серіктестіктің активтері 1 жыл ішінде 60000 еселенген көрсеткіштен аспауы керек, серіктестіктің жұмысшыларының саны, оның ішінде уақытша мерзіммен, келісімшартпен, қосымша істеуші 50 адамнан аспауы керек.

Серіктестіктің мекене жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы

облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Комарова көшесі, 1.

Серіктестіктің қызметі шексіз.

Меншік түрі – жеке меншік.

Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес серіктестік заңды тұлға

болып табылады, серіктестік шаруашылық есеп принциптнрімен жұмыс істеп, өзін - өзі қаржыландыруда қолданады, оның дербес мүлкі, дербес балансы, банкілік есепшоты, өзінің дөңгелек мөрі, эмблемасы, фирмалық бланкісі, басқа реквизиттері бар. Өз атынан келісім шартты жасайды, м үлік алуға құқықты және оған өзінің жеке құқығы мен міндеттері де бола алады.

Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады.

Қатысушылар серіктестіктің міндеттері бойынша жауап бермейді, ол серіктестік қатысушылардың өз борыштары бойынша жауап бермейді.

«Прогресс – СМ» ЖШС – ң қызметінің мақсаты мыналар:


  • жарғылық қызметке сай заңды тұлғалардың және тұрғындардың сұрауларын қанағаттандыру арқылы пайда табу;

  • серіктестіктің жұмысшыларының әлеуметтік мәселелерін шешу үшін және жаңа жұмыс орнын құру үщін.

Мақсатына жету үшін төмендегі негізгі қызметтеріді орындайды:

  • құрылыс және технологиялық жұмыстарды жасау;

  • темірден халық тұтынатын тауарларды және бұйымдарды өндіру;

  • көтерме және бөлшек сауда;

  • делдалдық сауда қызметі;

  • сыртқы экономикалық қызмет.

Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған қызметінің барлық түрімен шұғылдануға, оның азаматтық құқы бар және оның қызметіне байланысты міндеттерге жауап береді.

Серіктестік құқылы:



  • заңды және жеке тұлғалармен республиканың ішінде жеке одан тыс келісім шарт жасауға;

  • құрылыс салуға, сатып алуға, жалға беруге, ғимараттарды, жабдықтарды, көлік, басқа да қозғалатын жеке қозғалмайтын мүлікті сатуға;

  • қаржылық – шаруашылық қызметін өз бетімен жоспарлауға;

  • сенім хат беруге;

  • республиканың заңдарында анықталғандай несие алуға, облигация шығаруға құқықты;

  • басқа шаруашылық серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың құрылтайшысы бола алады;

  • Қазақстан Республика аумағында, шет елде еншілес серіктестіктер, фирмалар, өкілдіктер құруға.

Жарғылық капитал мөлшері – 82300 тенге. Мемлекеттік тіркеу кезеңінде жарғылық капиталтолығымен құрылған болатын.

Құрылтайшылар үлестері келесідей бөлінген:

1. Ега й А.Д. – 20%

2. Байтаев Б.И. – 15%

3. Новмкова А.В. – 15%

4. Решетников А.В. – 10%

5. Лучкин А.П. – 10%

6. Казанкапов А.Н. -10%

7. Бейсембаев К. – 10%

8. Батраченко Н.А. -10 %

Мұндай бөлу құрылтайшылар шартында көрсетілген.

Жарғылық капитал серіктестіктің пайдаланылған таза табысынан немесе табысқа қатысқан қаржының есебінен өзгеруі мүмкін.

Серіктестіктердің органдары боп табылады:


  1. Серіктестіктің жоғары органы – қатысушылардың жалпы жиналысы.

  2. Атқарушы органы – директор

  3. Бақылаушы органы – ревизор.

Серіктестіктің таза пайдасы серіктестіктің осы жылғы қызметінің нәтижесін бекітетін жалпы жиналыстың шешіміне сай бөлінеді.

Әрбір қатысушылар бөлінетін пайдадан өз үлесін алуға құқылы.

Төлемді шешім қабылданғаннан кейін 1 ай ішінде ақшалай төлеуге міндетті.

Шығындар резервтік капиталдан жабылады.

Резервтік капитал жарғылық қордың 25% құрғанша жыл сайын таза пайданың 5% кем емес мөлшерінде аударылады. Жетпеген жағдайында шығындар басқа фондтармен жабылады.

Өндірілетін өнім тізімі:

- арнайы профиль

- остнастка

- стандартты емес құрылғы

- металлопрокат

- швеллер

- құлыптар

- профлист

- ролликтер

- қызметтер

Негізгі қызметі – арнайы профиль шығару. Остнастка профиль бойынша тек қажет болған жағдайда ғана дайындалады. Стандартты емес құрылғылар тапсырыс бойынша, басқалары да тапсырыспен шығарылады. Құлыптар профильге, профильдің қорабына орнатылып, ал ролликтер – жеке дайындаумен шығарылады. Мысалы, тапсырыспен металдан жасалған шкаф шығарылуы мүмкін.

Арнайы профиль ассортиментіне келсек, ол тек размерлер бойынша бөлінеді. Ол технологиялық процесстер құжаттарында және прайс – листерде көрсетілген.

Профиль: - ПЖ – 28,5 х 17,5, ПЖ – 40 х19 х 7,5 , ПЖ – 16 - ПЖ – 33 х 20 , ПЖ – 26 х 24 х 22 х 13 , ПЖ – 35 х 30 х 19, ПЖ – 30 х 21,5 х 9, ПЖ – 32,5 х 20 х 16, ПЖ – 15,5 х 34,5, ПЖ – 35 х 30 х 20 х 10, ПЖ – 35,3 х 30 х 38,5, ПЖ – 24,5 х 34,5, ПЖ – 25 х 35, ПЖ – 35 х 32, ПЖ – 19 х 59, ПЖ – 33 х 45, ПЖ – 17 х 63, ПЖ – 35 х 62,5, ПЖ – 50 х 50, ПЖ – 56 х 56.

Профиль ассортименті тапсырыс берушілердің қолдауына байланысты болуы мүмкін.

Профиль парақтарының размерлері бір, ұзындықтары әр түрлі. Көрсетілетін қызметтер, яғни тапсырыс берушінің материалдарынан профиль дайындау.

Енді кәсіпорынның өнім өндіру туралы есеп беруіне сүйене отырып, талдау жасайық.

2001 жылы арнайы профильдің көтерме бағадағы көлемі (мың тг.) есепті жылғы қолданыстағы бағамен – 13458,4 құрады, бұл көрсеткіш 2002 жылы – 5682, 2003 жылы – 75471 болды. Барлық қызмет түрлерін қоса алғанда, барлығы – 2001 жылы – 13539, 2002 жылы – 28192, 2003 жылы – 92997 мың теңге құрған. Мұнда 2002 жылы өткен жылғымен салыстырғанда көтерме бағадағы өнім көлемі (акциздер мен ҚҚС – сыз) өскен. 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 64805 мың тг-ге көбейген. Бұл көрсеткіштің өсу себебі – кәсіпорын өніміне сұраныстың артуы, кәсіпорынға келіп түскен тапсырыстар санының артуы.

Кәсіпорын өнімінің сапасы, яғни техникалық жағдай бойынша анықталады. Мұнда техникалық талаптар, мысалы, профильдердің размерлерінің шекті ауытқулары номеналды размерлерінен ұзындығы бойынша плюс 40 мм-ден аспау керек. Сонымен бірге онда қауіпсіздік талаптары, қабылдау талаптары көрсетілген.

2004 жылдан бастап «Прогресс - СМ» ЖШС «КҚС» ЖШС – мен келісімшартқа отырды («Қазақстандық сертификация орталығы»). Келісімшарттың пәні – «Тапсырыс беруші», мұнда – «Прогресс - СМ» ЖШС, ал «Орындаушы» «КЦС» өзіне аралық, сертификациялық тексерулер жүргізуді артады.

Кәсіпорынның өнім өндіру нарығындағы рөліне, алатын орнына тоқталсақ. Кәсіпорын өнімі сұранысты қанағаттандыруға қабілетті және өткізу нарықтары тек Үштөбе, Талдықорған қаласын қамти қоймай, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Теміртау және Өзбекстан, яғни сыртқы нарықты да қамтиды.

«Прогресс - СМ» ЖШС– нің тұрақты тұтынушыларына әр түрлі құрылыс кәсіпорындары жатады. Мысалы: «Қали» ЖШС-і, «Реал-Пласт» ЖШС-і, «НОРЕ» ЖШС-і, «Ас-Ай» компаниясы, «Иртыш-Комплект» ЖШС-і, «Меркур Строй Сервис» ЖШС-і, «СОНЕТ» ЖШС-і, «Гепро-Терезе» ЖШС-і, «Алматы-Пласт» ЖШС-і, «Тамшылар» ЖШС-і, «PAKPEN» АҚ-ы, «Қаз. инвест. компан. «ХУАСИН» ЖШС-і, «Металпласт» ЖШС-і, «Россика Пласт» ЖШС-і, «Выбор» ЖШС-і, «ALUWIN» ЖШС-і, «Сто Пласт» ЖШС-і, «W&B» ЖШС-і, «Trans Petroleum» ЖШС-і, «Компания Строй Центр» ЖШС-і, «S.B.» ЖШС-і, «Риик» ЖШС-і, «ЦЕНТРПЛАСТ» ЖШС-і, «Рейз Алпласт» ЖШС-і, «ЭМЗ» ЖШС-і, «Каратал Пласт» ЖШС-і, «Таир-СВ» ЖШС-і, «Версия LTD» ЖШС-і, «Век» ЖШС-і, «Эммануил» ЖШС-і, «Асыл» ЖШС-і.

Кәсіпорынның нарықта нығаюын байқауымызға болады: тапсырыстардың өсуі, мысалы, клиенттер санының өсуі және олардың тұрақты клиенттерге айналуы.

Материалдармен «КарМет» сауда үйі ЖШС және «Оптимум Контракт» ЖШС жабдықтайды. Материал дайын рулон түрінде болады

Технологиялық процесстің сипаты.

Профильдер болаттан, цинкіленген болаттан жасалады. Технологиялық процесс 2 этаптан тұрады.



  1. рулондарды штрипстерге кесу процесі

  2. цинкленген болаттан профиль шығару прцесі, яғни штрипстерден майысқан профиль дайындау.

Технологиялық процесс барысы:

  1. тасымалдау. Кранмен складтан штрипстерге кесу сызығына тасымалдау

  2. дайындау. Рулонды троспен 2000-300 мм-ге көтеру (дұрыстығы мен беріктілігін тексеру үшін) және рулонды тарқатышқа тасымалдау

  3. рулонды штрипстеге кесу. Бұл процесс 12 адамнан тұрады.

  4. кесілген штрипстерді түсіру.

  5. тасымалдау. Штрипстерді сақтау қондырмаларына жеткізу. Жүк айналымы толық жүктелгенге дейін 1-3 рет қайталанады.

  6. профильдеу. Станды қосу. Штрипсті станнан өткізіп, берілген профиль нысанын алады. Ұзындықтарын жөндеу.

  7. кесіп алу және түсіру. Кескіш штампта профильдің қажетті ұзындығын кесіп алу, дайын профильді рольгангке түсіру, торцтарды түзету және профильді тараға жатқызу.

  8. балқытып бекітілген штрипстердің торцтарын кесу.

  9. штрипстерді балқыту.

  10. профильдеу

  11. бақылау. Сызбаларға сәйкес размерлердің шектеулі ауытқуларын бақылау. Қалындығы бойынша шектерді, ауытқұларды, айналдыру 1˚ - 1 м-ге болу керек, соны бақылау, сонымен бірге ұзындығы бойынша. Ақауларды болдыртпау.

  12. қораптау – орамалау. Профильдерді пакеттермен орамалайды. Пакеттер берік байланған болу керек. Ол ұзындыққа байланысты. 3000 мм-ге дейін - 2

3000 мм – 6000 мм - 3

6000 мм-ден жоғары - әр 1500 мм сайын.

13. маркілеу. Маркілеу келесі реквизиттерді қамту керек:

- дайындаушы – кәсіпорын аты, адресі

- тауарлық белгісі (егер бар болса)

- профильдің шартты көрсетілуі

- пакеттегі профильдердің жалпы саны (м)

- қазіргі кездегі техникалық жағдайдың белгіленуі.

«Прогресс – СМ» ЖШС – ң негізгі қызметі – профиль дайындау. Цинкіленген болаттан жасалынған рулондар – шикізат көзі ретінде пайдаланылады. Ғимаратты келісім шарт бойынша жалға алып отыр. 2 цех бар: 1) негізгі цех – профиль дайындау цехы; 2) құрал – жабдықтар жөндеу, стандартты емес цех қызмет көрсетумен айналысатын механикалық учаскі.

Негізгі өндіріс – цинкіленген болаттан дайын майысқан профильдер жасап шығару. Қосымша өндіріс – профильдер дайындауда қолданылатын әр түрлі құрал – жабдықтар дайындау. Бұл өндіріс өзіндік капитал есебінен жүргізіледі. 2001 жылдан бері қосымша өндіріс жүргізіліп, өзінің пайдалы нәтижелерін әкелуде. Осы арқылы кәсіпорын пайдасы 2001-2003 жылдарды салыстырғанда әлдеқайда артқан. Қосымша өндіретін құрал – жабдықтарға: тарқатқыш, орағыш, дискіленген қайшы, электро – магнитті плиталар, компрессор, жылу генераторы, профильдейтін беттің станы.

Өндірістік көмекші және қызмет көрсету процесстерінің ұйымдастырылуын зерттеу – жөндеу өндірісі. Жөндеу жұмыстарын кәсіпорын басқа кәсіпорындардың қызметін қолданбай, өзі жүргізеді. Жөндеу жұмыстары негізгі өндіріс қызметімен айналысатын жұмысшылармен өндіріледі. Бұл құрал – жабдықтарды жөндеу бойынша. Кәсіпорында өздері өндіретін (көмекші өндіріс) құрал – жабдықтарды, сонымен бірге сырттан алып келетін, яғни сатып алынатын құрал - жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сатып алынатын құрал – жабдықтарға әр түрлі токарьлық – винторездік, сверилдік, фрезерлік, сылып тегістейтін станоктар, гидропресс, механикалық ара, кран – балка, балқытқыш автомат, балқытқыш түзулеткіш, балқытқыш трансформатор, т.б. жатады.

Кәсіпорында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, егер қажет болған жағдайда ғана. Құрал – жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жұмысшылар атқарады. Және ол үшін ақы төленеді. Ал косметикалық жөндеу жұмыстары үшін сырттан қызметкерлер жалданады. Мысалы, алдыңғы жылы, яғни 2004 жылы ғимаратқа косметикалық (сылау, ақтау, бояу) жөндеу жүргізілген болатын.

Құралдар өндірісі. Кәсіпорында құралдар өндірісі атап айтқанда жол. Құралдар шаруашылығы жүргізіледі. Құралдар сатып алынып, жұмысшыларға пайдалануға беріледі.

Энергетикалық өндіріс жоқ. Бірақ қосымша қызмет көрсету өндірісі ретінде электрик жұмыс жасайды.

Қойма шаруашылығы бар. Онда сырттан алып келінетін тауарлар механикалық учаскі есебіне, мысал, жабдықтар және егер орамды болат болса, немесе штрипстер болса, профильдер дайындау цехінің есебіне кірістіріледі. Дайын профильдер қоймадада тасымалданғанға дейін сақталады. Бірақ олардың қоймада сақталу мерзімі ұзақ емес. Себебі кәсіпорын тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Сондықтан профильдің қоймада жатып қалуы мүмкін де емес. Тек форс – мажорды, яғни күтпеген жағдайлар нәтижесінде ғана болмаса.

Көлік жағдайына келсек, кәсіпорын «Восток - СХП» ЖШС – мен тасымалдау туралы келісімшартқа отырған. Әр орындалған рейс үшін «Тапсырыс берушімен» орындалған жұмыстар актісі жасалынып, «Орындаушыға» беріледі. Келісім шарт бойынша «Восток - СХП» ЖШС тасымалдау жұмыстарын Алматы облысы бойынша: қала ішінде (Үштөбе), Талдықорған қаласына, Алматы қаласына дейін жүзеге асырады. Қазақстан бойынша басқа қалалардағы клиенттер профильдерді келісімшарт бойынша өздері тасымалдайды, өздері қоймадан алып кетеді. Сондай – ақ Алматы қаласындағы 5 кәсіпорынмен «Прогресс - СМ» Тасымалдау келісімдерін құрған. «Восток - СХП» ЖШС Алматы қаласына дейін тасымалдайды. Ал 5 кәсіпорынның 1 – і қала ішіндегі клиенттерге дайын профильдерді келісілген мерзімде жеткізіп отырады.

Кәсіпорын қызметін басқару. «Прогресс - СМ» ЖШС – ң мүшелері болып табылады:

«Прогресс – СМ» ЖШС – ң мүшелері болып табылады.



  1. Серіктестіктің жоғарғы органы – қатысушыларының жалпы жиналысы

  2. Атқарушы (жеке ) органы - директор

Бақылауцшы органы ревизор болып табылады.

Жалпы жиналыстың нақтылы құзырына мыналар жатады:



    1. Серіктестіктің жарғысын өзгерту, оның жарғылық капиталын өзгерту, мекен жайын, фирмалық атауын және серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;

    2. Серіктестіктің атқарушы органын ревизорын сайлау және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру және осы өткізудің шартын анықтау;

    3. Жылдық қаржылық есебін бекіту, және оның таза табысын бөлу;

    4. Ішкі қызметін реттеу туралы құжаттарға ішкі ережені бекіту;

    5. Басқа шаруашылық серіктестіктерге және коммерциялық емес уйымдарға қатысыуына шешім қабылдау;

    6. Серіктестікті қайта құру, тарату туралы шешім қабылдау;

    7. Қызметінің негізгі бағытын анықтау;

    8. Барлық мүлікті кепілге беруді шешу;

    9. Филиалдар мен өкілдіктер, еншілес кәсіпорындар құру, қайта құру, тарқату, олардың ережесін бекіту,... т.б.

Серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысы жарты жылда 1 ретен кем емес шақырылады. Жылдық қаржылық есепті бекітуге арналған жиналыс қаржылық жыл аяқталғаннан кейін 3 ай өтпей шақырылуға тиіс.

Серіктестіктің қызметіне ағымдық басшылықты директор жүргізеді.

Директор жалпы жиналысқа жылына 1 реттен кем емес өзінің қызметінің нәтижесі тұралы есеп береді.

Директордың компетенциясы:



  • өзіне берілген өкілеттік шегінде сенімхатсыз серіктестіктің атынан барлық іс - әрекет жасауға құқылы;

  • сенімхат беруге, соның ішінде қайта сенім артуға құқығымен

- сенімхаттар береді;

  • қатысушылардың келісімімен мүлікке, ақшаға билік жасауға;

  • келісімшарт жасауға;

  • банкілік шоттар ашуға.

Серіктестіктің атқару органының қаржылық – шаруашылық қызметін қадағалау үшін ревизор сайланады.

Директор ревизор бола алмайды.

Ревизордың қызмет мерзімі – 1 жыл.

Ревизор атқарушы органының қаржылық – шаруашылық қызметіне әр уақытта тексеру жасауға құқығы. Оның талабы бойынша директор оған жазбаша немесе ауызша түсініктеме беруге міндетті.



Қатысушылардың жалпы жиналысы

Директор

Ревизор

2 сурет - «Прогресс-СМ» ЖШС-ң мүшелері

Ұйымдастыру құрылымына талдау жасасақ, мұнда функционалды және иерархиялық басқаруды қарастыруға болады. Мысалы, бас бухгалтер, бас экономист, кадрлар бөлімінің инспекторы, әрқайсысы өздерінің функциясын атқарады: Ал, иерархиялық басқаруға келсек, директор профильдер дайындау цехының басшысына қандай – да бір тапсырыс бойынша і – түрлі, п – санды – профиль дайындауға тапсырма береді. Цех басшысы функциялары бойынша қызметкерлердің жұмысын басқарады, қадағалайды, соған директор алдында жауап береді.

Кәсіпорында жекелеген бөлімдердің болмауы себебінен басқару құрылымы - өте қарапайым, бұл шағын кәсіпкерлік субъектісіне тиімдідеуге болады. Себебі басқару иерархиясы қатал емес, жұмыскерлерге қызметтерін жасауға еркіндік беріледі және кәсіпкерлік дамуын ынталандырады.






3 сурет- «Прогресс – СМ» ЖШС –ң басқару және ұйымдастырылу құрылымы
Мамандарға деген қажеттілікке келсек, кәсіпорынға қажетті штаттық кесте толығымен қамтылған. Штаттық кестенің қарапайымдылығы және бірнеше мамандықтардың 1 адамда үйлестіруі (экономист – кассир; секретарь – іс өндіруші – курьер – компьютерде жұмыс – істеу; басқарушы – қаржы – директор – маркетолог), т.б., осының барлығы – бұл кәсіпорынның құрылымының ерекшелігі және жұмыстарын тиімді жүргізу тәсілі десек қателеспейміз. Қоса кететін жағдай:

  • жақсы психологиялық климат; қызметкерлердің тату, ұйымшыл команда ретінде қызмет етуі;

  • төмен әкімшілік – басқарушылық шығындар;

  • кәсіпкерлік рухының сақталуы;

  • т.б.

Лауазымдық өсу қамтылмаған, өйткені штат толығымен бар. Бірақ мамандық жағынан жыл сайынғы Алматы қаласындағы семинар өткізіледі. Кәсіпорын ішінде ұйымдастыру сұрақтары жайлы жиналыстар өткізіледі.

Кәсіпорында маркетинг қызметімен айналысатын арнайы бөлім жоқ. Бірақ маркетинг қызметі жүзеге асырылады. «Прогресс-СМ» ЖШС кәсіпорын директоы Егай А.Д. атынан «АSV-снаб» ЖШС - мен келісімге отырған. Келісім бойынша «ASV- снаб» ЖШС келесі қызметтерді атқарады:



  1. өнімді өткізу нарығын зерттеу бойынша маркетингтік қызметтер

  2. кіріс құжаттарымен бекітілген тапсырыстарға сәйкес қажетті материалдармен қамтамасыз ету бойынша қызмет

  3. жаңа тұтынушыларды іздеу және олардың тапсырыстарын «Тапсырыс берушінің өніміне орналастыру

  4. шығаратын өнім номенклатурасының жарнамасын шығару және орналастыру

  5. қарыздарды төлеуді жылдамдатуға дебиторлармен жүргізілетін жұмыстар

  6. «Тапсырыс беруші мен тұтьынушы арасындағы өткізу бойынша делдалдық қызметтер атқарады.

«Орындаушы» көрсетілетін қызметті сапалы және барынша оперативті, әрі тиімді жүргізуге міндетті. Сонымен бірге клиенттермен жұмыс жасау процесінде пайда болған өзгерістер, ұсыныстар немесе даулар, және олар болатын мүмкіндіктер туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді.

«Тапсырыс беруші» өз алдына келісімде көрсетілгендей есеп беруден кейін 3 күн ішінде «Орындаушы» жұмысына ақы төлеуге міндетті. Және «Орындаушының» қызметіне араласпай, жұмыс сапасын, бпрысын кез келген уақытта тексеруге құқылы.

Менің ойымша, мұндай тәсіл- өте тиімді. Неге ? Себебі «Прогрнсс- СМ» ЖШС клиенттерінің көбісі- Алматы қаласында, тіпті одан да алшақ: Теміртау, Қарағанды, Павлодар қалаларында. Сондықтан маркетингтік зерттеулер жүргізу Алматы облысының Үштөбе қаласымен қарағанда Алматы қаласында салыстырмалы түрде тиімдірек болар:


  • жоғары сапалы маркетологтардың болуы;

  • ақпараттардың қол жетерліктей болуы;

  • ақпарат құралдарын, интернетті қолдану жеңілдігі;

  • т. б.

Жалпы «Прогресс-СМ» ЖШС- ң өнімді өтеу нарығының аясы кең болғанымен, бәсекелестік қазіргі нарық жағдайында кең өріс алуда. Сол себепті нарықты зерттеу жұмыстары, сұоанысты алдын- ала зерттеу, тұтынушы талғамын білу, клиенттерді қызықтыру - «ASV- снаб» ЖШС - не артылған үлкен міндет. Өйткені «ASV- снаб» ЖШС - ң жүргізіліп отырған саясатына «Прогресс- СМ» ЖШС - ң өндіріс деңгейі тәуелді. Мысалы, тапсырыстар азайса немесе бір мезгіл болмаса өндіріс уақытша тоқтап қалуы мүмкін, ал бұл өз алдына үлкен шығындарға алып кеуі мүмкін.



    1. жүктеу 1,6 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау