Утверждено



жүктеу 239,65 Kb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата17.11.2017
өлшемі239,65 Kb.
#1131
1   2   3   4   5   6   7

 

11 


4) ақпаратты жеткізудің тиімді және қауіпсіз арналары құрылып, тӛмендегі  шаралар 

жүзеге асырылады:  

бүкіл  қызметшілер  құрамы  олардың  міндеттері  мен  жауапкершіліктеріне  қатысты 

қабылданған саясаттар мен рәсімдер жӛнінен хабардар етіледі;  

қажетті ақпараттардың тиісті персоналға тез де дәл жеткізілуі үшін керекті шаралар 

жүзеге асырылады; 

Қоғамның  ақпараттық  жүйелері  мен  барлық  қызмет  түрлерінің  тиісті  деңгейі 

қамтамасыз етіледі;  

Ақпараттық  жүйелердің  қауіпсіздігі  қамтамасыз  етіліп,  оқтын-оқтын  тексеріліп 

отырылады;  

5) ішкі бақылаудың тиімділігіне тәуелсіз мониторинг жүргізіледі және сол мақсатта: 

Күн сайын ең тәуекелді операцияларға мониторинг жасалады;  

Қоғамның іс-қызметтеріне әрбір тәуекелді жағдайдың қалай әсер ететіні анықталып, 

тәуекелді  жәйттерге  ең  озық  әдістемелер  мен  бақылау  шаралары  негізінде  барынша 

ауқымды бағалау шаралары жүргізіледі;  

Ішкі бақылау жүйелеріне барынша ауқымды және тиімді ішкі аудит жүргізіледі;  

Ішкі  бақылаудың  осал  тұстары  туралы  ақпараттар  Қоғам  басшылығының  тиісті 

деңгейіне уақтылы жеткізіліп және дұрыс бағытталып тұрады;  

Ішкі  бақылау  саласындағы  кемшіліктер  мен  оның  тиімділігіне  берілген  баға 

Қоғамның директорлар кеңесіне жеткізіліп тұрады. 

Ішкі  бақылаудың  тиімділігі  және  лайықтылығын  анықтау  барысында  менеджмент 

пен  Қоғам  басшылығының  ішкі  бақылауды  барлық  бизнес  үрдістерге  кіріктіру 

бағытындағы  әрекеттері  (немесе  әрекетсіздігі)  және  тәуекелділіктерді  уақытында  бағалай 

білуі  және  олардың  әсерін  бәсеңдету  үшін  қолданған  шараларының  тиімділігі  бірінші 

кезекте назарға алынуға тиіс.  

Ішкі аудиторлар Қоғамда барлық ажырамас тәуекелділіктер ескерілмей және оларға 

лайық  рәсімдер  бизнес-үрдістердің  бәріне  кіріктірілмей  нарыққа  жаңа  қызмет  түрлерін 

шығарылмауын  қамтамасыз  ететін  белгіленген  рәсімдердің  бар  екендігіне  кӛз  жеткізуге 

тиіс.  Ішкі  аудиторлардың  анықтаған  олқылықтары  Қоғамдағы  ішкі  бақылаудың  жаңсақ 

әрекет  етуі  немесе  мүлде  болмауына  байланысты  түйткілдердің  бар  екендігін  кӛрсететін 

белгі болуы мүмкін.  

Қызмет  ішкі  бақылау  жүйесі,  бақылау  рәсімдері  белгіленген  кездерде  кеңес  беріп, 

қолдау  кӛрсетуі  мүмкін;    алайда  ішкі  бақылау  жүйесін  жасау/құру,  оның  тиімділігін 

қамтамасыз  ету  және  үйлестіруге  қатысты  жауапкершілік  алмауға  тиіс,  ӛйткені  ол  Қоғам 

басшыларының тікелей және нақты міндеті болып табылады.  

Сонымен  бірге,  ішкі  аудиторлар  ӛз  жұмысын тек  олқылықтар  мен  келеңсіздіктерді 

анықтауға  бағытамағаны  жӛн,  олардың  қызметі  Қоғам  құндылығын  ұдайы  жетілдіріп, 

арттыруға бағытталуы тиіс, ал бұл Қоғам қызметінің нәтижелігі мен тиімділігін арттыратын 

кез-келген оң ӛзгерістердің кӛрінісі болып табылады.  

71.  Ішкі  аудиторлар  Қоғамда  ақпараттық  ағымдарды  бақылауды  жүзеге  асыру 

(ақпараттарды  алу  және  жеткізу)  және  ақпараттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін 

керекті  регламенттелген  рәсімдердің  бар  екендігіне  кӛз  жеткізуге  міндетті.  Бұл  тұста 

күтпеген  жағдайларда  атқарылуға  тиіс  әрекеттердің  нақты  жоспарлары  жасалып, 

қосақталған  (резервтегі)    автоматталған  жүйелердің  және/немесе  басқа,  соның  ішінде 

сыртқы  жабдықтаушы    (провайдерлер)  тарапынан  да  қолданылатын  Қоғам  қызметі  үшін  

ӛзекті қызмет түрлерін қалпына келтіре  алатын құрылғылардың да орнатылғанын және де 

ондай  жоспарлар  мен  құрылғылар  күтпеген  жағдайлар  пайда  болғанда  тиісті  деңгейде 

әрекет ете алатынына кӛз жеткізуі керек.   

72.  Ішкі  аудит  анықтаған  барлық  олқылықтар  аудиторлық  дәлелдемелерге  арқа 

сүйеуге тиіс және де олар ішкі аудит нәтижелері мен ұсынылатын кеңестерге негіз болады. 




 

12 


Демек,  ішкі  аудиторлар  аудит  қорытындыларын  растауға  керекті  ақпараттарды  жинауға, 

сараптауға, бағалауға және құжаттауға тиіс.  

73.  Аудиторлық  дәлелдемелер  білікті  әрі  жеткілікті  болуға  тиіс.  Ол  үшін  әртүрлі 

(сыртқы  және  ішкі)  ақпарат  кӛздерінен  жиналған  дәлелдемелер  бірізді,  орынды,  мәнді 

болуға тиіс.  

Аудиторлық дәлелдемелердің біліктілігі деп олардың тиісті аудиторлық рәсімдердің 

кӛмегімен алуға болатын сенімділігі айтылады.   

Аудиторлық  дәлелдемелердің  жеткіліктігі  деп  олардың  шынайылығы  мен 

нанымдылығы  айтылады,  соның  арқасында,  тиісті  ақпарат  алып,  хабардар  болған  басқа 

адам да ішкі аудитор келген қорытындыларға келетіндей болуға тиіс.   

74.  Ішкі  аудиторлар  анықталған  жағдаяттарды  сәйкессіздік  себептерін  анықтау 

үшін  тиісті  шараларды  қолдануға  міндетті  тұлғалармен  талқылауы  керек.  Анықталған 

барлық  олқылықтар  мен  сәйкессіздіктер  себептерін  ішкі  аудиторлар  жұмыстық 

құжаттамалардың шаблонында (8 қосымшаның формасы бойынша) тіркеуге және шұғыл 

түрде аудиторлық тапсырманың басшысына жеткізуге міндетті.  

75.  Анықталған  олқылықтар  бойынша  жұмыс  құжаттамасының  рәсімделген 

шаблоны  аудит  нысанасының  басшылығына  ұсынылуға  тиіс,  басшылық  ӛз  кезегінде  2 

жұмыс  күнінің  ішінде  құжаттамамен  келісетінін  не  келіспеушілігін  білдіріп,  құжаттама 

формасына  қол  қояды.  Аудит  нысанасының  басшысы  тиісті  жұмыс  құжаттамасына  қол 

қоюдан  бас  тартқан  жағдайда,  кӛрсетілген  мерзім  ішінде  ӛз  ұстанымының  негіздемесін 

келтіруге тиіс.   

76.  Аудиторлық  тапсырманың  басшысы  анықталған  барлық  сынды  және  елеулі 

жағдаяттардың  бәрін  олардың  пайда  болуы  қалпында  аудит  нысанасының  басшысымен 

талқылауға  тиіс  және  оларды  ағымдағы  аудиторлық  файлда  тіркеп  отыруға  тиіс.  Шағын 

олқылықтарға  байланысты  (аудиторлық  тапсырманың  басшысының  келісімімен)  ауызша 

түрде берілген кеңестер де тиісті жұмыстық құжаттамаларда кӛрсетілуі керек.  

77.  Ішкі  аудитті  ӛткізу  барысында  ішкі  аудиторлар  әрдайым  аудиторлық 

тапсырманың мақсатын есте ұстауға міндетті және сол мақсаттарды тиісті сапамен орындау 

үшін керекті жұмыс кӛлемін ғана атқаруға тиіс,  және, сол  үшін, басымдылықтарды дұрыс 

анықтау арқылы алға қойылған мақсаттарды орындауға кететін  уақытты  тиімді пайдалана 

білуі керек.  

78.  Аудиторлық  тапсырманың  басшысы  ішкі  аудиттің  ӛткізілуін  бақылау  үшін 

мониторинг жасау арқылы  мына мәселелерді назарында ұстауға тиіс:  

1)  атқарылған  жұмыс  ауқымын  жоспарланған  ауқыммен  салыстыру  арқылы 

қадағалауы;  

2)  аудиторлық  тапсырманың  ішкі  аудитті  ӛткізуге  кететін  шығынды  есептеулерге 

сәйкес болуын қадағалауы; 

3)  аудит  біткеннен  кейін  әлдебір  қалыптан  тыс  жағдайлардың  пайда  болмауы  үшін 

орындалған жұмысты уақтылы тексеріп отыруы керек.   

79.  Қоғамның  орналасқан  жерінен  бӛлек  жердегі  аудит  нысаналарына  ішкі  аудит 

жұмыстарын  жүргізу  үшін  сол  жерге  бару  қажеттігі  туған  жағдайларда,  Қоғамның  ішкі 

құжаттары бойынша қалыптасқан үрдіспен алдын-ала қызметтік іссапарлар рәсімделеді.  

80.  Қажет болған жағдайларда, аудиторлық тапсырманы іске асыру мерзімі Қызмет 

басшысының  шешімімен,  аудиторлық  тапсырманың  басшысының  қызметтік  жазбасы 

негізінде  ұзартыла  алады  және  аудиторлық  тапсырмаларға  тиісті  қосымшалар  енгізу 

арқылы жүзеге асырылады.  

81.  Қоғамның  орналасқан  жерінен  бӛлек  жердегі  аудит  нысаналарына  ішкі  аудит 

жұмыстарын жүргізу мерзімін ұзарту Қоғамның директорлар Кеңесінің тӛрағасы/Қоғамның 

директорлар Кеңесінің аудит бойынша Комитетінің келісімімен жүзеге асырылады.       



жүктеу 239,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау