Утверждено



жүктеу 239,65 Kb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата17.11.2017
өлшемі239,65 Kb.
#1131
1   2   3   4   5   6   7

 

4)  Қоғамның  бюджетінің  құны  мен  құрылымын,  Қоғамның  еншілес,  және,  қажет 



болғанда, тәуелді және ортақ бақылаудағы ұйымдарын;   

5) Қоғамның корпоративтік құрылымдағы ӛзгерістерді;  

6)  Қоғам қызметінің нақты бағыттарына қатысты ақпараттарды, атап айтқанда, ішкі 

бақылау жүйесінің сапасы жӛнінде, және соңғы  уақытта  ішкі бақылау жүйесіне енгізілген 

ӛзгерістер хақындағы Қызметтің қолында бар ақпаратты;  

7)  модификацияланған  және  енгізуге  және  ӛңдеуге  дайындалып  жатқан 

үрдістер/жобаларды шолу нәтижелерін;  

8)  Қоғам және оның құрылымдық бӛлімшелері  басшыларының аудит ӛткізу туралы 

ұсыныстарын; 

9) Қызмет басқа, мәселен, сыртқы аудиторларды, реттеу және қадағалау органдарын, 

сарапшыларды, бағалаушыларды жұмысқа тарту мүмкіндігінің деңгейін анықтауға тиіс. 

32.  Жылдық  аудиторлық  жоспарды  құру  барысында,  Қызмет,  тӛмендегідей 

міндеттерге қол жеткізу үшін корпоративтік басқару үрдісін жетілдіруге бағытталған тиісті 

бағалар мен ұсыныстар беруге қажетті мӛлшерде назар аударуға тиісті: 

1)  Қоғам аясында лайықты этикалық стандарттар мен құндылықтарды енгізу, сақтау 

және дамыту;  

2)  Қоғамның  тиісті  органдары  мен  бӛлімшелерін  тәуекелділік  пен  бақылау 

мәселелері бойынша керекті ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету;  

3)  Директорлар  кеңесі,  Қоғамның  атқарушы  органы,  сыртқы  және  ішкі 

аудиторлардың іс-әрекеттерін тиімді түрде үйлестіріп, ӛзара ақпарат алмасуын қамтамасыз 

ету;  

33.  Қоғамның  тәуекелді  жәйттерге  байланысты  қызметі  Қызмет  тарапынан,  кем 



дегенде  жылына бір рет тексерілуге тиіс, және Қызметтің іс-әрекетін жоспарлау барысында 

ондай бағалау нәтижесін пайдаланудың қисындылығы расталуы керек.  

34.  Жылдық  аудиторлық  жоспар  (алдағы  жылға  арналған)  Қоғамның  директорлар 

кеңесі  тарапынан  бекітілуі  үшін  1  желтоқсаннан  қалмай  ұсынылуға  тиіс.  Және  де, 

аудиторлық тапсырмалардың мерзімдері аудит нысанасының ағымдағы қызметіне барынша 

аз ықпал етуі қадағалануға тиіс.   

35.  Жылдық  аудиторлық  жоспар  жобасымен  бірге  Қызмет  аудиторлық  жоспар 

негізделген  сараптамалық  жазбаны  ұсынады;  онда  аудиторлық  жоспарға  енгізілмеген 

салалар  және  олардың  не  себепті  енгізілмегені  кӛрсетіліп,    Қоғамның  директорлар 

Кеңесінің  аудиторлық  жоспар  қамтымайтын  салаларға  қатысты  тәуекелді  жәйттерді 

бағалауына жәрдем етіледі.  

36.  Қызмет  басшысы  қажет  болған  жағдайда  және  қабылданған  тәртіп  бойынша 

жаңа  тәуекелді  жәйттердің  анықталуы  және/немесе  ағымдағы  тәуекелділіктердің  қайта 

бағалануы  себепті  туындаған  ӛзгерістерді  енгізу  үшін,  сондай-ақ  Қоғамның  директорлар 

Кеңесінің  Қызмет  тарапынан  қосымша  ресурстарды  қажет  ететін  жаңа  тапсырмаларын 

енгізу мақсатында жылдық аудиторлық жоспарды оқтын-оқтын қайта қарап отыруға тиісті. 

37.  Қызмет басшысы директорлар Кеңесі тарапынан бекітілген жылдық аудиторлық 

жоспарды хабардар ету мақсатында Қоғам басқармасының Тӛрағасына ұсынуға тиіс.  

    Жылдық аудиторлық жоспар негізінде Қызмет тоқсандық аудиторлық жоспар

1

  жасайды, 



ол Қоғамның директорлар Кеңесінің тӛрағасы тарапынан бекітілуге тиіс. 

38.  Тоқсандық  аудиторлық  жоспар  аудиторлық  тапсырмалардың  күнтізбелік 

графигі болып табылады және оған тӛмендегілер енеді:  

1) аудиторлық тапсырмалардың атаулары; 

                                                

1

 Тоқсандық аудиторлық жоспар жылдық аудиторлық жоспарға енгізілген аудиторлық тапсырмалардың 



күнтізбелік графигі болып табылады; оны жасау мақсаты аудиторлық жоспарға барынша икемділік сипат 

беру; себебі (жылдық аудиторлық жоспар бойынша қарастырылған) аудиторлық тапсырмалардың орындалу 

кезегі  жыл бойында алынған жаңа ақпараттарға сай  және Қоғамның директорлар кеңесінің тапсырыстарына 

орай Қоғамның директорлар Кеңесінің тӛрағасымен келісе отырып ӛзгертілуі мүмкін.  




 

2) аудитке салынатын бизнес үрдістер (аудит нысаналары) тізімі; 



3) аудиторлық тапсырмалардың орындалу мерзімі; 

4) аудиторлық тапсырмалардың мақсаттары. 

                     

4.2. Жеке аудиторлық тапсырманы жоспарлау 

39.  Ішкі  аудиторлар,    ішкі  аудитты  тиімді  ӛткізу  мақсатында,  әрбір  аудиторлық 

тапсырманы  жоспарлау  барысын  ойластыруға  және  құжатпен  рәсімдеуге  тиісті. 

Аудиторлық  тапсырманың  басшысы  жеке  аудиторлық  тапсырманы  ӛткізу  шығындарын 

есептеп шығарады. (4 қосымшаның формасы бойынша). 

40.  Аудиторлық тапсырманы жоспарлау үрдісі мынадай сатылардан тұрады:  

1)  аудиторлық тапсырманың мақсаттарын анықтау; 

2)  аудиторлық  тапсырманы  алдын-ала  жоспарлау,  соның  ішінде  аудиторлық 

бағдарлама мен ішкі аудитті ӛткізуге қажетті уақыт шығынын есептеу; 

 3) аудиторлық тапсырманы орындауға керек мүмкіндіктерді анықтау; 

4)  аудиторлық тапсырманы жоспарлау туралы меморандум құру;  

5) аудиторлық тапсырманы құру. 

41.  Аудиторлық тапсырманы жоспарлауды аудиторлық тапсырманың басшысы ішкі 

аудиторларды тарта отырып жүзеге асырады.  

42.  Аудиторлық  тапсырманы  жоспарлау  үрдісі,  әдетте,  тоқсандық  аудиторлық 

жоспарға сәйкес аудиторлық тапсырманы жүзеге асырудан он бес күн бұрын басталуға тиіс.  

43.  Аудиторлық  тапсырманы  жоспарлауға  қатысты  материалдар  аудиторлық 

тапсырма  жүзеге  асыра  басталуынан  5  жұмыс  күні  бұрын  Қызмет  басшысының  назарына 

ұсынылады.  

44.  аудиторлық тапсырманың сапасы, толықтығы  және дер кезінде жүргізілуі үшін 

жауапкершілік аудиторлық тапсырманың  басшысына жүктеледі.  

45.  Қызмет  аудиторлық  тапсырманың  негізінде,  жоспарлау  рәсімін  жүргізбей-ақ, 

(оны  орындауға  берілген  уақыттың  тапшылығы  себепті)  жоспардан  тыс  аудиторлық 

тапсырманы немесе мүліктер мен жауапкершіліктерді инвентаризациядан ӛткізуге құқықты. 

 

 

Аудиторлық тапсырманың мақсаттары 



 

46.  Әрбір  аудиторлық  тапсырманың  нақты  мақсаты  анықталуға  тиісті.  Ол 

жүргізілетін  аудиттің  түріне  байланысты:  операциялық  немесе  қаржылық  аудит, 

белгіленген талаптарға сайма-сайлық аудиті (комплаенс-аудит); немесе ақпараттық жүйелер 

(ақпараттық  технологиялар)  аудиті.  Аудиторлық  тапсырманың  мақсаттары  ішкі  аудиттің 

тиімділігін  қамтамасыз  ететін  жоспарлау  үрдісінің  негізін  құрайды.  Мақсаттар  нақты 

анықталып,  ішкі  аудиторларға  да,  аудиторлық  есептің  адресаттарына  да  ұғынықты  болуға 

тиіс.  


47.  Операциялық  аудиттің  мақсаты  (Қоғамның)  аудит  нысанасын  басқару 

тиімділігіне  деген  сенімділік  дәрежесі  туралы  пікірді,  соның  ішінде  ішкі  бақылау 

жүйелерінің сенімділігі туралы бағамды растау болып табылады 

48.  Қаржылық  аудиттің  мақсаты  аудит  нысанасының  есептік  жазбалары  дәл  де 

уақтылы  екеніне,  және  солардың  негізінде  құрастырылған  есептердің  шынайылығына  кӛз 

жеткізу болып табылады.  

49.  Комплаенс-аудиттің  мақсаты  заң  талаптары  мен  Қоғамның  ішкі  құжаттарының 

орындалуын тексеру, және осы талаптарға сай болуды қамтамасыз ету үшін қолданылатын 

жүйелер мен рәсімдердің лайықтылығына кӛз жеткізу болып табылады.  

50.  Ақпараттық  жүйелер  (ақпараттық  технологиялар)  аудитінің  мақсаты  Қоғамның 

ақпараттық  жүйелерінің  қауіпсіздігін  (қорғалуын)  тексеру  және  олардың  тиімді 

пайдаланатынына кӛз жеткізу болып табылады.  




жүктеу 239,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау