Утверждена решением



жүктеу 26,46 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі26,46 Kb.
#12493


 



 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ҚАЗПОШТА» АҚ 

 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ, ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ 

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ     

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              

  Астана қ., 2011 жыл 


 



1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

1.  Осы Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау 

саласындағы  саясат  (бұдан  әрі  –  Саясат)  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына және «Қазпошта» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ішкі құжаттарына сәйкес    

мынадай мақсаттарда әзірленген:   

1)  Өндірісте жазатайым оқиғалардың, атмосфералық ауаға санкцияланбаған 

және нормадан жоғары шығарылымдардың алдын алу;  

2)  Қызметкерлердің  өмірі  мен  денсаулығына  зиян  келтіру  мүмкіндігімен 

байланысты қауіптерді төмендету;  

3)  Жұмыс орындарында қауіпсіз жұмыс жағдайларын жасау;  

4)  Қызметкерлердің кәсіптік деңгейін ұдайы арттыру;  

5)  еңбекті  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы  және  қоршаған  ортаны  қорғау 

саласында менеджмент жүйесін ұдайы жақсарту; 

6)  барабар басқарушылық шешімдерді, соның ішінде төтенше жағдайларда.  

2.  Қоғам алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін  мыналарға ниеттенуде: 

1)   қызметкерлердің  денсаулығына  зиян  келтіруі  мүмкін  авариялық 

жағдайлар  мен  инциденттердің  алдын  алу  шараларын  жүзеге  асыру,  ал  олар 

туындаған  жағдайда  –  қызметкерлердің  денсаулығы  мен  қоршаған  орта  үшін 

олардың салдарын азайту бойынша барынша шаралар қабылдауға;  

2)  еңбекті  қорғау  және  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  қауіпсіздік 

шараларына қатысты барлық қолданылатын нормалар мен қағидаларды сақтауға;  

3)  тұрақты мониторинг жүргізуге;  

4)  жұмыс  орындарында  қауіпсіздік  және  алдын  ала  сақтану  шараларын 

жасау; 

5)  еңбекті  қорғау  және  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  қауіпсіздік 



шараларына қатысты Қоғамның барлық персоналын белсенді қатысуына тартуға. 

3.  Қоғам мынадай қағидаттарды ұстанады:   

1)  әрбір  қызметкердің  еңбектің  неғұрлым  қауіпсіз  жағдайында  жұмыс 

істеуге құқығы бар;    

2)  өндірістік  қызметтің  нәтижелеріне  қатысты  қызметкерлердің  өмірі  мен 

денсаулығының басымдығын тану;  

3)    еңбекті  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы  және  қоршаған  ортаны  қорғау 

саласындағы міндеттерді шешуде қоғам ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен 

және қызметкерлермен тығыз байланысты.  

4.  Осы  Саясатта  қолданылатын,  бірақ  анықталмаған  терминдер  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында,  Қоғам  Жарғысында  және  ішкі  құжаттарда 

анықталған терминдерге сәйкес келеді.   

 

2. 

ЕҢБЕКТІ  ҚОРҒАУ, ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ 

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

5.  Қазіргі  күнгі  өндірістің  күрделілігі  еңбек  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы 

және қоршаған ортаны қорғауға кешенді тәсілдерді талап етеді. Мұндай жағдайда  

Қоғам мыналарды жүзеге асырады:  

1)  еңбектің қауіпсіз жағдайын жасауды;  

2)  Қызметкерлерді еңбектің қауіпсіз жағдайына оқыту;  

3)  негізгі  технологиялық  жабдықты  оның  қауіпсіздігін  тиісті  бақылауды 



 

жүзеге  асыру  үшін  паспорттауды  қоса,  өндірістік  жабдықтың  қауіпсіздігін 



қамтамасыз етуді;  

4)  ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;  

5)  жұмыс істеушілерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді;  

6)  еңбек пен демалыстың  оңтайлы режимін қамтамасыз етуді;  

7)  өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;  

8)  өндірістік  жабдықты  қауіпсіздікке  қатысты  кезең-кезеңмен  қайта 

қарауды; 

9)  жазатайым оқиғаларды тексеруді;  

10)  жұмыс орындарын аттестациядан өткізуді. 

6.  Өндірістік  жарақат  алудың  алдын  алу  бойынша  іс-шаралардың  кешенді 

жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз етуді. 

7.  Ластандыру  көздерінің  барлығынан  атмосфералық  ауаға  ластандырғыш 

заттардың шығарындыларының деңгейін төмендетуді.  

8.  Қоғамның  негізгі  назары  өндірістік  жарақат  алудың  алдын  алуға, 

атмосфералық  ауаға  шығарындыларды  төмендетуге  бағытталған.  Аапаттар 

және/немесе оқиғалар туындаған жағдайда Қоғам олардың туындау салдарларын 

жою, зияндарды барынша азайту, себептерін жою бойынша  өз персоналының іс-

әрекетін есепке алады.   

 

3. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

9.  Қоғам  басшылығы  еңбек  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы  және  қоршаған 

ортаны  қорғауды  басқару  жүйесін  талдау  және  қажетті  ресурстар  мен 

жағдайларымен қамтамасыз ету үшін жауапкершілігін өзіне алады.   

10. Қоғам басшылығы қызметкерлерден мыналарды күтеді:  

1)  жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын сақтауды;  

2)  олардың  жеке  қауіпсіздігіне  және  қоршаған  адамдардың  қауіпсіздігіне 

қатысты қажетті деңгейдегі қамқорлықпен іс-әрекеттерді; 

3)  қоршаған ортаны қорғау бойынша нормалар мен талаптарды сақтауды. 

11. Осы Саясат барлық мүдделі тараптар үшін  ашық және қолжетімді болып 

табылады.    

_______________ 



жүктеу 26,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау