Динамика бөлімінен студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Тапсырма қозғалыстың дифференциалдық теңдеулерін пайдаланып машина динамикасын зерттеу әдістемесін оқып үйренуге арналған. Машина қозғалыстары, дифференциалдық теңдеулерді электронды есептеу машинасын пайдаланып интегралдау арқылы анықталады. Машинаның берілген буындарының динамикалық реакциялары есептеу нәтижесінің көмегімен анықталады.
Машиналардың сұлба варианттары 3.31-3.34 суреттерде көрсетілген. Машинаның құрылым элементтері абсолют қатты деп саналады, белдіктер инерциялы емес. Доңғалақтар, белдіктер т.б. сырғанамайды. А жұдырықшасы мен қосиіннің және жылжыманың үйкеліс күштері есепке алынбайды.
Машина электр қозғалтқышта пайда болатын моменті әсерімен қозғалысқа келтіріледі. Пайдалы әсер әр-түрлі варианттарда күшімен немесе моментімен көрсетілген.
Есептеуде тапсырманың берілгенін ретке келтіру 1-кесте және 1-формулалармен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |