1 теорема. Жазық фигураның кез келген нүктесінің жылдамдығы полюс жылдамдығы мен осы нүктенің полюске қатысты алынған жылдамдығының геометриялық қосындысына тең.
Бұл теорема (2.93) немесе (2.98) формуламен өрнектеледі.
Жазық фигура нүктелерінің жылдамдықтарын есептеуге қолданылатын екінші теореманы (2,93) теңдіктен оңай алуға болады. Оның екі жағында ОМ бағытына проекциялаймыз. Сонда:
. (2.99)
2 теорема. Жазық фигураның кез келген екі нүктесінің жылдамдықтарының осы нүктелер арқылы жүргізілген түзу бағытындағы проекциялары тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |