3.2.10. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясының
өзгеруі туралы теорема
Механикалық жүйесінің кинетикалық энергиясы және есептеуге керекті формулалар
Анықтама. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы деп ондағы барлық материялық нүктелердің кинетикалық энергияларының қосындысына тең скаляр шаманы айтамыз.
Массасы әрбір материялық нүктенің кинетикалық энергиясы:
(3.111)
Онда, анықтама бойынша, n материялық нүктеден тұратын механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы осылардын арифметикалық қосындысына тең:
. (3.112)
немесе
. (3.113)
Кинетикалық энергия қозғалыс мөлшерімен қатарлас келетін жүйе қозғалысының негізгі екі өлшемінің бірі болып табылады. Жоғарыда айтқанымыздай, жүйенің қозғалыс мөлшері оның ілгерілемелі қозғалысын сипаттайды. Ал кинетикалық энергия механикалық қозғалысты толық көлемінде тереңірек сипаттайды.
Өзгермейтін механикалық жүйенің (абсолют катты дене) қозғалысы үшін (3.111) өрнегін қолдануға ыңғайлы түрге келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |