Қозғалмайтын өсті айнала қозғалатын дене деп, екі нүктесі қозғалмайтын денені айтамыз. Қозғалмайтын нүктелерді қосатын түзу оның айналу өсі болады.
Қозғалмайтын Qо және Q жазықтықтарының арасындағы екі жақты бұрыш φ қатты дененің айналу бұрышы деп аталады. Бұл бұрыш берілген дененің кез келген уақыт мезгіліндегі орнын бірмәнді анықтайды. Демек, қозғалмайтын өсті айналатын қатты дененің бір ғана еркіндік дәрежесі болады. Дененің қозғалмайтын өс төңірегіндегі орны бір параметрмен анықталады. Мұндай параметр ролін φ бұрышы атқарады. Ол уақыттың бірмәнді функциясы болып келеді.
. (2.61)
Бұл (2.61) теңдеуі қатты дененің айналу заңы немесе айналу теңдеуі деп аталады.
Айналу бұрышы дің таңбасын анықтауда оң бұранда ережесіне сүйенеміз. Егер бұрышы, айналу өсі -оң ұшынан қарағанда қозғалмайтын жарты жазықтықтан жарты жазықтыққа қарай сағат тілінің қозғалысына қарсы бағытта саналатын болса, айналу бұрышын оң таңбалы деп санаймыз. Ал егер ол кері бағытпен анықталса оны “-” таңбамен алуымыз керек. Айналу бұрышы үнемі радианмен өлшенеді.
Д
Достарыңызбен бөлісу: |