«Сейфуллин оқулары – 12: Ғылым жолындағы жастар-болашақтың инновациялық әлеуеті» атты
Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары = Материалы Республиканской
научно-теоретической конференции «Сейфуллинские чтения-12: Молодежь в науке -
инновационный потенциал будущего" . – 2016. – Т.1, ч.3 – Б.374-377
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТӘСІЛДЕР
Уразмагамбетова Э.У.,Садыкова К.Қ.,
Жароева А.Г.
Өмір талабына сай елімізде білім саласында енгізіліп жатқан жаңа
педагогикалық
технологиялар
білімді
демократияландыруға
және
ізгілендіруге, оқытудың сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге,
білім алушылардың дамуына бақылау жасауға негізделген. Жоғары оқу
орындарында студенттерді ХХІ ғасырдың ақпараттық заманында еркін өмір
сүруге, өмірде еркін бағдар жасай алатындай және өзінің жеке ойы мен пікірі
қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың алар орны
ерекше.
Білім саласында болып жатқан өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне
дүниежүзілік деңгейдегі мәдениет пен білім қорын жинақтаған, өз бетінше шешім
қабылдай алуға, әр істе белсенді шығармашылықпен әрекет жасауға қабілетті ұрпақ
тәрбиелеу міндетін қоюда. Ғылым жаңалықтарының техника арқылы
қоғамның өндірісті күшіне айналуы оларды практикада кеңінен қолдану
қажеттігін туындатты. Сол тарихи қоғамдық және объективті қажеттілікті
қанағаттандырудың басты жолы білім беру жүйесінің кеңінен дамып,
өмірмен, яғни өндіріспен тығыз, әрі нақты байланыста болуына әкелді. Білім
беру жүйесі бірнеше сатыға бөлінді. Жоғарғы оқу орны сол дамудың аса
құнды бөлімін құрады.
Жалпы адамзаттың ХХI ғ. кезеңіне дейінгі даму тарихының басты
сапалық жағының бірі – оның танымдық, рухани-мәдени құндылықтарының
үздіксіз дамуында. Соның ең басты негізін адам санасының, оның ойлау
қабілетінің дамуы құрайды. Қоғамымыздағы интеллектуалдық еңбек үлесінің
өсуі нәтижесінде өмірге араласатын жеткіншектердің білім деңгейіне, әр
адамның қабілеті мен шығармашылық әлеуетінің дамуына, оның кәсіптік
икемділігіне қойылатын талаптар да күннен күнге арта түсуде.[1]
Жоғары оқу орнында
инновациялық
тәсілдерді
енгізу
білім
берудің тиімділігін арттыруда
маңызды
рөл
атқарады. Білім беруде
инновацияға деген ұмтылыс бұқаралық сипат алуда. Жаңа білім алуға және
жоғары мектептегі оқытушының инновациялық білімдарлығы мен
мәдениетіне деген қажеттілік артып келеді.
Жоғарғы оқу орындарының оқу үдерісіндегі кредиттік технология
бойынша тәжірибе сабақтарын өткізуде жаңа инновациялық тәсілдер де
осы талаптардан туындайды. Білім берудің инновациялық тәсілі – оқу
материалын игеру үдерісінің практикалық қызметіндегі жаңалықпен
айқындалатын «оқытушы-студент» қарым-қатынасындағы жаңа әдістер. [2]
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда уақыт талабына сай жаңа
терминдер, жаңа ұғымдар пайда болып, педагогика ғылымының басқа да
пәндермен байланысын тағы да толықтырып отыр.
Мысалы, ағарту саласында жиі қолданылып жүрген «инновация»
(латынның innove – жаңа, жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама)
терминінің өзі ауызекі тілдік айналымда ХVІІІ ғасырдың өзінде пайда болса,
ХІХ ғасырда ол ғылыми арнада кеңінен қолданыла бастаған.
Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын
жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделінген әдістер.
Жаңа технологиялар оқытушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні интерактивті тақта ақпаратты оқыту технологиясында ерекше
орын алып отыр. Интерактивті тақта оқыту үдерісінде web-сайттар мен басқа
да электронды ресурстарды пайдалана отырып, оқу материалын тиімді және
серпінді түрде беруге мүмкіндік береді. Студент интерактивті тақтамен жаңа
материалдарды арнаулы бағдарламамен мүмкіндігінше пайдалана алады. [3]
Қазіргі заман-математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.
Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар
ауадай қажет.
Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім
беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, тірек
белгілер арқылы оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы және
жобалап оқыту технологиялары кіреді. Осы технологияларды пайдалана
отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияның озық жетістіктерін
математика сабағында қолдану арқылы, танымдылық іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы студенттердің құзіреттілігін дамытуға болады. [4]
Дәрісте студентке берілген білім, біліктілік пен дағдыларды тәжірибе
сабақтарында тереңдетіп оқытуға, түсінігін нығайтуға, өз бетінше ізденуге
ынталандыратын әдіс пайдалану оқытушының шеберлігіне байланысты.
Математикадан тәжірибе сабағында студенттің шығармашылық
қабілеті есеп шығара білуден басталады. Дәрісте алған білімді тереңдету,
нығайту, студенттің оқу материалы бойынша өзіндік жұмысының тиімділігі
мен нәтижелілігі, оның ізденіс дағдыларын қалыптастыруға, оқу материалын
жинақтау мен түсіндіре білуге, өзіндік көзқарасын дәлелдей білуге үйрету
тәжірибе сабағының міндеттері болып саналады. Ал студентке тиімді білім
беру үшін қазіргі кезде сабақта жаңа технологияның түрлерін қолдану
студенттердің мүмкіндіктері мен талаптарын жүзеге асыруды жылдамдатып,
болашаққа қарай екпінді қадам жасап отыр.
Сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу -
студенттің өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз
сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Алға қойған
мәселені шешу мақсатындағы топтық жұмыс - оқытудың өте ықпалды
тәсілдерінің бірі.Тәжірибе сабағында студенттерді тақырыпқа байланысты
топтарға бөліп, әр топқа бөлек-бөлек тапсырмалар береміз. Студенттер
тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл
тәсіл оқытушыларға уақытты ұтымды жопарлауға, инновациялық
көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға, топтағы жұмысқа дейін
қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажеттігін анықтауға, топ
ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.)
немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға, тапсырмаларды
орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірлескен топ
жұмысында студенттертақырып бойынша берілген есептерді шығарып, сол
тақырып бойынша теориялық материалды еске түсіріп, бір-бірімен ой
бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,
талдап, синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге
келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген
оқытушы студентін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге
дағдыландырады. Нәтижесінде студент еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық
жеткізе білетін, сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып
қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы студенттер есеп шығару барысында
біріне бірі көмектесіп, келесі топтан қалып қоймауға тырысады, әрқайсысы
өз ойымен бөлісіп, өзгелердің ойына сыни тұрғыдан қарап, естіген-білгенін
топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі
зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға тырысады. Сабақ соңында әр топ өз
тапсырмаларын түсіндіріп, тақырыпты жақсы ашып беруге тырысады және
өздерін өздері еңбектенулеріне қарай бағалайды. Топ болып жұмыс жасауға
бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім.
[5]
Оқытушының шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан
басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесін
дайындау,
студенттерге
қабілеттерін
ескере
отырып,
жеңілден
қиынғаауысатын есептер құрастыру, техникалық құралдарды, дидактикалық
материалдарды пайдалану. Оқытушының шығармашылық әрекеті арқылы
студенттің шығармашылық қабілеті қалыптасады.
Бұл технологияның дәстүрлі технологиядан артықшылықтары:
· Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады.
Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды.
Мақсат дәл болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
· Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету
үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы
тексеріледі.
· Үшіншіден, оқытушы дайындықсыз оқыту үдерісін жүзеге асыра
алмайды.
· Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары – оқытушының жоспары,
оқыту үдерісінде жұмыс істейтін оқытушы. Ал технологияда студенттердің
оқу іс-әрекетінің түрлері және керекті жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр
оқытушы сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта студенттердің іс-
әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Инновациялық технологияның кезеңдері:
· оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
· жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
· диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою.
Технологияда студентте қалыптасқан сапа, іскерлік, қасиетанық
суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы студенттің сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері,
даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Студенттің деңгейі бұрынғы
деңгейімен салыстырылады,жаңа мақсат қойылады. Сонымен, мақсат анық
болмаса оқу үдерісінің жетілдірілуіне кедергі жасалады. [6]
Сонымен, университетте білім беру үдерісінде оқытушы мен
студент қарым-қатынасы қандай маңызды болса, олардың арасындағы
байланысты нығайтуда тәжірибе сабақтарының да маңызы соншалықты
болмақ. Яғни тәжірибе сабақтары оқытушы – студент, студент – оқытушы
арасындағы байланысты нығайтып қана қоймастан, пәннің студент алдына
қоятын мақсаты мен міндетін айқындауда, дәріс барысында аталған
мәселелерге жауап іздеп, шешу жолдарын іздестіруде, соңында студенттің
парасаттылық қабілетін арттыруда да маңызды саналмақ. Студенттің білім
өресі мен деңгейі тек тапсыратын емтихан, не бақылау жұмыстарынан ғана
емес, олардың ертеңгі қоғамға пайдалы, білікті маман болып қалыптасуынан
да көрініс табуы тиіс. Егер математика пәні бойынша жүйелі, жан-жақты
терең білім берілсе, жаңа ақпаратты технология арқылы студенттердің
шығармашылығы қалыптасса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен
білім алу, сол білімді нәтижелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына
сай, бәсекеге қабілетті және құзіретті тұлға болып қалыптасады.
Әдебиеттер тізімі
1. Е.Ә. Ақжігітов, М.Ш.Тілепиев, Э.У. Уразмагамбетова, А.Г. Жароева.
Кредиттік
оқыту
технологиясы
бойынша
болашақ
мамандарды
дайындаудағы математиканы оқыту мәселері. // С.Сейфуллиннің 120
жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары-10: Мемлекеттің индустриалды-
инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабылетті кадрларды дайындау
келешегі мен ғылымның рөлі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық
конференция. 1 том, 3 бөлім (23-24.10.2014) – Астана қ. ҚАТУ,2014.5-7 б.
2. А.К.Мынбаева, З.М. Садвакасова. Инновационные методы обучения,
или как интересно преподавать. Алматы, 2007. – 5 с.
3. Vadim Marmer, Taisuke Otsu. Optimal comparison of misspecified moment
restriction models under a chosen measure of fit. Jornal of Econometrics. Elsevier,
2014, Volume 45, Issue 6, pp. 538-550.
4. А.П.
Панфилова. Деловая коммуникация в профессиональной
деятельности. Учебное пособие. – СПб.: ИВЭСП, 2001. – 23-24 с.
5. MarkWeyers. Преподавание в малых группах – активное обучение в
аудитории// Фокусировать деятельность студента // Центр по продвижению
обучения и преподавания (CentrefortheAdvancementofLearningandTeaching
(CALT, UCL), 2008.
6. Н.Е.
Жақсылықова.
Жоғары
оқу
орындарындағы
оқытудың
инновациялық әдістері. Алматы. 2014. //Республикалық білім беру жүйесінің
басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру
институты (РБЖ БАИ).ЖОО педагогика мамандығының оқытушыларына
біліктілікті көтеру бағдарламасы.
Достарыңызбен бөлісу: |