Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет261/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   262

540 

 

ғылымың бір  бағыты ескерткіштану  ғылымы қалыптасты. Өздерінің зерттеулері мен 



олар баяғыда-ақ сакральды обьектілер рухани мұраның тізіліміне кіре алатынына, кіру 

керектігін  айтқан  болатын.  Кейбір  обьектілер  ЮНЕСКО-ның  тізіміне  кіріп  қалуы  да 

ғажап емес. Ғалымдардың айтуынша олар барлық аймақтарды қамтымақшы Алтайдан 

Каспийге дейін және Жетісудан Сарыарқаға дейін [4]. 

Сакральды география ғылыми немесе діни жоба емес. Бұл танылып келе жатқан 

мемлекеттің  тарихын ұлттық мәдени құндылықты дәріптейді.  

Қазақстанның  тарихи-мәдени  мұрасы  мен  әлеуметтік-саяси  өміріндегі  маңызды 

орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық 

бірлік  пен  жаңғыру  символы  ретінде  көрінетін мемлекеттің  әлеуметтік-саяси  өмірінде 

маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді.  

Еліміздегі барлық қасиетті нысандар бес топқа жіктелді: [5].  

1.  Ерекше  бағаланатын  табиғи  мұра  ескерткіштері.  Ел  аузында  киелі  аталып 

кеткен, кейбіреуі қазірдің өзінде мемлекет қарауында тұрған табиғат құбылыстарының 

нәтижесінде пайда болған орындар.  

2.  Археологиялық  ескерткіштер  және  орта ғасырлық  қалалық  орталықтар. 

Бұл  топқа  қалашықтар,  бекіністер,  петроглифтер,  қорымдар,  халқымыздың 

қалыптасуында  ерекше  рөл  атқарған,  қазақ  мемлекетінің,  Ұлы  Жібек  жолының 

құрылуына ұйытқы болған орта ғасырлық қалалар кіреді.  



3.  Діни  және  ғұрыптық  орындар.  Бұндай  қасиетті  орындарды  әулие 

феноменімен  байланыстыруға  болады.  Түркі  кезеңіне  дейінгі  дәуірдегі  аттары  аңызға 

айналған,  көне  түркі  дәуірі  және  орта  ғасырлардағы,  сонымен  бірге  XIX  аяғы  -  XX 

ғасырдың басына дейінгі тарихи тұлғаларды қамтиды.  



4. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Қазақстан тарихында елеулі 

орын алатын, бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы мен егемендігіне арнап, үш жүздің 

батыр-билерін  жиып,  елдік  маңызды  мәселелерді  шешкен  хандар,  қазақ  хандығының 

тәуелсіздігі  үшін  күрескен  қазақтың  батырлары,  ұлт-азаттық  қозғалысының 

жетекшілері, қолбасшылар, ғылым мен білімге, мәдениетке үлес қосқан мемлекет және 

қоғам қайраткерлері, ақындар, ғалымдар, ағартушылар туралы мәні зор жерлер алынып 

отыр. 

 5. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Қазақ даласында 

қазақ  халқының  бірлігі  үшін  болған  шайқастарды,  ерлікті,  батырлықты,  қайсарлықты 

насихаттайтын,  елдің  бірлігін  білдіретін  ескерткіштер  мен  ел  жадында  өшпес  із 

қалдырған  қасіретті  орындар.  Қоғамның,  мемлекеттің  тарихында  ерекше  орны  бар 

мемлекетіміздің жаңа нышандары еніп отыр. 

Патриоттық азаматты тәрбиелеу - мектептің стратегиялық мақсаты – болып келді 

және болашақта да солай болады. 

Біздің  азаматтарымыздың  патриоттық  сезімі  қоғамның  рухани-адамгершілік 

бірлігі  негіздерінің  бірі  болып  табылатын  ең маңызды  құн  болып  қала  береді.  Қазіргі 

заманғы  мәдени  адам  тек  білімді  адам  ғана  емес,  сонымен  қатар  өзін-өзі  құрметтеу 

сезімі бар және басқалар құрметтейтін адам.  

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  әлемдік  қауымдастыққа  белсене  қатысады.  Елдің 

әлемдік  деңгейдегі  рөлі  мен  маңызы  артуда.  Отанына  деген    мақтаныш  сезімін 

тудыратын  көбірек  мысалдар  бар.  Балалар  өздерінің  ұлы  елі  мен  кішкентай  Отаны 

туралы    мүмкіндігінше  көбірек  білгісі  келеді.  Олар  еліміздің  батырлық  тарихымен, 

сәулет  ескерткіштерімен,  мәдениет  пен  өнердің  ұлы  жетістіктерімен  танысып, 

Қазақстанның байлықтары мен керемет сұлулығын мақтан тұтады. 

Жалпы мектеп  курсында сакральды география немесе киелі жерлер  географиясы 

материалдарын  қолданудың  мәні  зор.  Өз  өлкесінің  тарихи-  мәдени  байлықтарымен 

танысу,  олардың пайда болуы т.б. оқушының ой-өрісін кеңейтеді, олардың танымдық  




541 

 

қабілетінің  дамуы үшін кеңінен қажеттігін ашады, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін 



арттырады.  Сакральды  география  материалдарын  сабақта  пайдаланғандағы  ең  үлкен 

жетістік өлкедегі нысандарды қорғаудың қажет екені бірден айқындала түседі. 

Мектептік  география  курсын  талдай  отырып  келесі  қорытынды  жасауға  болады. 

Тоғызыншы  сыныптың  «Қазақстанның  экономикалық  әлеуметтік  географиясы» 



(Е.Ахметов,  Н.Кәрменова,  Ш.Кәрібаева,  Б.Асубаев.,  2013  ”Мектеп”  баспасы)  [6]  

оқулығында  айтылған  тақырып  бойынша  ақпарат  «Инфрақұрылымдық  кешен» 

тарауында  және  сегізінші  сыныптың    «Қазақстанның  физикалық  географиясы» 

(Бейсенова  Ә.,  Карпеков  Қ.,  2016  «Атамаұра»)[7]  оқулығы  бойынша  «Қазақстан 

аумағын  физикалық-географиялық  аудандасытру»  ,  «Табиғатты  қорғаужәне  табиғат 

қорларын тиімді пайдалану» тарауларында кездеседі. 

Қазақстан  Республикасының  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтары  экологиялық, 

ғылыми  және  мәдени  жағынан    құнды  ұлттық  байлығымыз  болып  саналады.  Қазіргі 

кезде  бір-бірімен  тығыз  байланысы  табиғат  құрамбөліктерінің  жүйесі  ретінде 

ландшафтыларды  қорғау  мәселесі  ғылыми  бағыт  алды.  Қазақстан  Республикасының  

1997  жылғы  15  шілдедегі  қабылданған  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы» 

Заңы  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  қызметінің  құқықтық,  экономикалық, 

әлеуметтік  және  ұйымдық  негіздерін  белгілейді.  Осы  Заңның  1-  бабында  ерекше 

қорғалатын  аумақтарға  мынадай  анықтама  берілген:  «Ерекше  қорғалатын  табиғи 

аумақтар-  ерекше  құқықтық  қорғау  режимі  бар  немесе  мемлеккеттік  табиғи  қорық 

қорын  сақтау  мен  қалпына  келтіруді  қамтамасыз  ететін  шаруашылық  қызметі 

режимімен  реттелетін  жер,  су,  орман  және  жер  қойнауы  үлескілері».  Сонымен  қатар 

бұрыннан  бар  қорғалатын  аумақтардың    санын  арттырып,  аумағын  ұлғайту  мәселесі 

қойылуда [7]. 

Туған  жерге,  оның  мәдениетіне,  салт-дәстүріне  деген  ерекше  қарым-қатынас- 

патриотизмнің  маңызды  бір  бөлігі.  Өкінішке  орай  біздің  қоғамда  әлі  күнге  дейін  

құндылық, тіл, дәстүр, саяси оқиға жайлы түсінік ақсап ұр. Бұл  түсініктер біріктіріліуі 

керек. Бұл бағдарламаның орындалу уақытымен шектелмейді. Ол тұрақты болуы керек. 

Ешкім Отанын сүюге мәжбүр ете алмайды ол үшін ынталандыру, қызығушылық 

қажет.  Өкінішке  орай,  қазіргі  уақытта  мемлекет  пен  қоғамның  құндылықтары  соңғы 

орында.Алғашқы бестікте рухани құндылықтардың болуы өте маңызды. 

Біз  құндылықтарды  біріктірмейінше,  барлық  нәрседен  қиыншылық  көреміз. 

Рухани  құндылықтың  жоқтығы,  адамның  әртүрлі  діни  ағымдар  мен  секталардың 

ықпалына ұшыратады. Бұл нені көрсетеді? Бұл біздегі тәрбие мен  діни жұмыстардың 

әлсіздігі.Сондықтан  мектептерде,  жоғары  оқу  орындарында  жас  ұрпақтарға      рухани 

құндылықтарды сіңіртуі қажет. 

Өз  еліне,    жеріне  сүйіспеншілігі  бар  патриотты  тұлғаны  қалыптастыру 

мақсатымен,  мектеп  курсынан  бастап  Қазақстанның    киелі  жерлері  туралы  

мәліметтерді  белсенді енгізуді қолға алу керек  деген ойымызды ұсынғымыз келеді. 

 

 



Әдебиеттер: 

1. 


РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУДЫҢ  НЕГІЗІ  –  ТАРИХИ  ТАНЫМ.  [электронды 

ресурс] http://syrboyi.kz/kogam   (қаралған күні: 10.04.2018 ж.) 

2. 

Мыңжылдық  тарихымызда  біз  алғаш  рет  осындай  ауқымды  жобаны 



жасап отырмыз 

[электронды ресурс] 

http://abai.kz/post/68079

  (қаралған күні: 10.04.2018 



ж.). 

3. 


Сакральная география и религиозный туризм И.В. Гурова Киев, Украина 

[электронды ресурс] 

http://elib.bsu.by/bitstream

  (қаралған күні: 10.04.2018 ж.). 

4. 

С научным подходом   /  Абжанов  Ханкельды  //  Казахстанская  правда  .  - 



2017.- 19 мая (№ 94). - 5


жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау