Универсальные стандарты управления социальным воздействием



жүктеу 434,5 Kb.
бет3/4
Дата26.01.2020
өлшемі434,5 Kb.
#27350
1   2   3   4


7 MIX кадрлардың ағымдылығы коэффициентін төмендегі түрде есептейді: Кадрлардың ағымдылығы коэффициенті = кезеңде ұйымнан кеткен қызметкерлердің саны / орташа (есепті кезеңнің соңындағы қызметкерлер саны + бір жылда немесе одан ұзақ мерзімде жұмысқа қабылданған қызметкерлер).
6 БӨЛІМ: Әлеуметтік және қаржылық нәтижелер балансы


Стандарт

6a

Өсу қарқыны өзі шығынын өзі өтеуге мүмкіндік береді және нарықтағы жағдайға сәйкес келтіреді , ал ол қызмет көрсетудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.

Негізгі компоненттер




6a.1 Ұйым ішкі факторлар (мысалы, кадрлармен жинақтау, ақпараттық жүйелер, қаржыландыру) мен қатар сыртқы факторларды (мысалы, бәсекелестік, нарықтың толуы, клиенттердің шамадан тыс борыштары) ескере отырып, барлық бөлімшелер/аймақтар үшін, барлық өнімдер үшін өзін-өзі өтеуді қамтамасыз ететін өсу қарқынын белгілейді.
6a.2 Ұйым келесідей жолдарды пайдалана отырып, өсумен байланысты тәуекелдерді басқарады: 1) қысқа мерзімді өсуге құрбандыққа ұзақ мерзімді келешекте өзін-өзі өтеу де, клиенттердің жағдайы да ұшырамайтынын қамтамасыз ету үшін нарықтағы шарттарды бағалау, 2) барлық департаменттер мен бөлімшелерде өсу саясатының сәйкестігін тексеру.
6a.3 Ұйым тоқсан сайын барлық бөлімшелер/аймақтардағы өсу қарқынына талдау жүргізеді, себебі жыл сайынғы талдау жеткіліксіз (ол артынан түсу болатын маңызды өсулерді белгілеуге мүмкіндік бермейді) және күтпеген және рұқсат етілмеген өсуді анықтауға мүмкіндік беретін мониторинг жүйесі болады.
6a.4 Ұйым ішкі әлеуеттің (мысалы, ақпаратты басқару жүйелері, тәуекелдерді бсқару рәсімдері, қызметкерлер құрамын оқыту) клиенттердің санына және несиелер көлеміне қатысты ұйымдастырушылық өсуге қаншалықты сәйкес келетіндігіне мониторингті жүзеге асырады және егер қажет болса, әлеуетті дамыту бойынша шаралар қабылдайды.





Стандарт

6b

Ұйымның қаржыландыру құрылымы екі жақты мақсаттардың сәйкес келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, әр түрлі көздер мен шарттардың ұсынылуының арқасында табыстылыққа да әр түрлі талаптар қойылады.

Негізгі компоненттер




6b.1 Ұйымның және оның инвесторларының табыстың қалайтын деңгейіне қатысты күткені, сол табыстың қалай бөлінуі тиістігі (мысалы, пайданы клиенттердің немесе акционерлердің пайдасына пайдалану), оның ұйымның әлеуметтік мақсатына сәйкес болу тиістігі. Бұл күтілімдер пайдаға қатысты нақты ұйымдастырушылық шешімдерге жол ашады (мысалы, ағымдағы жылдағы түскен пайданың қай бөлігі дивиденттерді төлеуге, клиенттер үшін пайыздық мөлшерлемені түсіруге, өнімдерді жетілдіруге, қызметкерлерге сыйлықақы беруге пайдаланылатын болады).
6b.2 Басқарма тәуекелге түзету енгізе отырып активтердің рентабельдігіне (ROA) қатысты жоспарлы көрсеткіштерді, және тәуекелге түзету енгізе отырып капиталдың рентабельдігіне (ROE) қатысты жоспарлы көрсеткіштерді, сонымен қатар рентабельділіктің басқа да көрсеткіштерін анықтайды, және қаржылық және әлеуметтік мақсаттарды тепе-теңдікте ұстауға мүмкіндік беретін тек осындай жоспарлы көрсеткіштерді таңдап алғанын негіздей алады.
6b.3 Ұйым инвестиция мерзімі бойынша және шығу стратегиясы бойынша күтілімдері ұйымның әлеуметтік мақсаттары мен даму дәрежесіне сәйкес келетін инвесторлармен ынтымақтастықта болады.
6b.4 Ұйым клиенттерге қандай шығындарды салатынын түсіну үшін қаржыландыру құрылымы туралы шешімдерді қабылдағанда капиталдың жалпы сомасын назарға алады.

6b.5 Ұйымды қайта қаржыландырудың құрылымы ашық, ол капитализация коэффициентін есептеуге қаржыландырудың барлық баланстан тыс көздерін кіргізу дегенді білдіреді.

6b.6 Ұйымды қаржыландырудың моделі клиенттердің салымдары мен ақшалай кепілдерді қорғауға мүмкіндік береді.

6b.7 Ұйым қаржылық тәуекелді басқарудың жүйесін қалыптастырды (мысалы, Активтер мен міндеттемелерді басқару жөніндегі басқарманың ресми комитеті немесе жоғарғы басшылық деңгейіндегі сол сияқты құрылым).8



Клиенттерді қорғаудың тиісті тәсілдері:

6b.8 Қаржылық ұйым пайданың бөлігін тұтынушыларға қосымша қолайлы жағдай жасауға инвестициялайды, мысалы, пайыздық мөлшерлемені түсіруге немесе өнімдер мен қызметтерді жетілдіруге.( 4 клиенттерді қорғау қағидаты)



8 Егер міндеттемелерді орындау мерзімі активтер мерзімімен сәйкес келмесе, ұйым клиеттерге кері әсерін тигізуі мүмкін өз міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті қаражат түсірудің басқа жолдарын іздестіруге мәжбүр болады (мысалы, соманы үлкейту және мерзімді қысқарту жағына қарай несиелік өнімдерді қайта қарау, жалпы қоржын сегментін жою).


Стандарт

6c

Пайда табуға ұмтылыс ұйымның ұзақ мерзімді өз шығынын өзі өтеуіне және клииенттердің тұрмыс жағдайына кедергі келтірмейді.

Негізгі компоненттер




Өнімдер мен қызметтердің бағасын белгілеу жауапты әрекет (мысалы, несие бойынша тиімді пайыздық мөлшерлеме, ақша, сақтандыру сыйлықақысын аударғанға комиссия), ол мынаны білдіреді:

6c.1 Клиенттер төленген ақша үшін тұтынушылық құныдылықты алады.

6c.2 Төменгі тиімділік үшін ақы клиенттерге салынбайды.
6c.3 Ұйымның пайдасы қызмет етуді қолдауды және өсуді қамтамасыз етеді, және соған қоса, сол сияқты ұқсас ұйымдардың пайдалылығынан қатты ерекшеленбейді.9 (4 клиенттерді қорғау қағидаты).
6c.4 Ел ішінде бағалар нарықтық және бәсекелік болып табылады, олар субсидтелмейді. Қоржынның 25% астамын құрайтын өнімдер бағалауға жатулары тиіс (APR (жылдық пайыздық мөлшерлеме)сияқты EIR (тиімді пайыздық мөлшерлеме) ретінде де қарау керек. (4 клиенттерді қорғау қағидаты)
6c. 5 Басқарма пайдаға қатысты ұйымның саясатына баға деңгейінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. (6b қараңыз).

6c.6 Ұйым клиенттер үшін көрсететін қызмет жоғары деңгейде болуы үшін, клиенттер мен несиелік мамандардың сондай деңгейде болуын қолдайды.






Стандарт

6d

Жоғарғы топ басшылығының еңбек ақысының деңгейі екі мақсаттағы ұйымның мәртебесіне сәйкес келеді.

Негізгі компоненттер




6d.1 Ұйым егер реттейтін органдар, донорлар мен инвесторлар еңбек ақының (жалақы, жеңілдіктер, акциялар алуға опциондар мен артықшылықтар) деңгейі туралы ақпаратты сұратса, ондай ақпаратты ашық жариялайды.

6d.2 Ұйым жоғарғы топтағы басшылар (мысалы, бас директор, қаржылық директор) мен қатардағы қызметкердің еңбек ақысының орташа айрмашылығын есептейді, және сол айырмашылық ұйымның пайымдауына, әлеуметтік мақсаттарына және қызметкерлерге адал қарауға ұмтылуға сәйкес келе ме, жоқ па, сонны талдайды.





9 «Ұқсас ұйымдар» (бірдей топ) бір елде бір тұрпатты клиенттерге бағытталған бірдей ұқсас модельдер мен қызмет көрсету каналдарын пайдаланатын шамамен бірдей көлемдегі қаржылық ұйымдар. Бірдей топпен салыстыруды жүзеге асыру үшін, ең аз дегенде бес ұйым керек. Бір елдің аясында бірдей топ құруға мүмкін болмаған жағдайда, бірдей топты аймақтан қарау керек.
ҚОСЫМША: Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер
Бұл БӨЛІМДЕ Стандарттардың әр қайсы үшін «қосымша алдыңғы қатарлы тәсілдер» келтіріледі. Біз осы тәсілдерді енгізуді ұсынар едік, алайда, әлеуметтік әсер ету арқылы сапалы басқару үшін негізгі емес, және әр түрлі бағытта қызмет ететін ұйым үшін жарауы міндетті емес.

1 БӨЛІМ: Әлеуметтік мақсаттарды анықтамасы және мониторингі


Стандарт

1a

Ұйыммен әлеуметтік мақсаттарға жету стратегиясы қалыптастырылған.

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер




1a.7 Ұйымның пайымдауын анықтағанда әлеуметтік мақсаттар (не), мақсатты клиенттер (кім), өнімдер мен қызметтер (қалай), мақсатты клиенттер үшін күтілетін пайда (неге) қалыптастырылды.
1a.8 Ұйым өзінің стратегиясына ең аз дегенде үш жылда бір рет талдауды жүзеге асырады (оған әлеуметтік пайымдауы да кіреді).

1a.9 Ұйым өзінің стратегиясына ең аз дегенде бір жылда бір рет талдауды жүзеге асырады.

1a.10 Ұйым әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу стратегиясын барлық деңгейдегі қызметкерлерден алынған ақпаратты пайдалана отырып әзірлейді.
1a.11 Стратегия ең аз дегенде мына құжаттардың біреуінде көрсетіледі: стратегиялық/бизнес жоспарда, ұйымның жарғысында, құрылтайшы/инвестициялық шартта.





Стандарт

1b

Ұйым клиенттер деңгейінде өзінің әлеуметтік мақсаттарына қатысы бар деректерді жинақтайды, осы деректерді есептері үшін пайдаланады және олардың дәлдігін қамтамасыз етеді.

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер




1b.7 Ұйымның ішкі жүйелері әлеуметтік және қаржылық деректерді біріктіре отырып талдауға мүмкіндік береді.
1b.8 Ұйымның детектерін басқарудың ішкі жүйелері (мысалы, ИСУ) белгілі бір уақыт өте келе клиенттердің көрсеткіштерін қадағалауға мүмкіндік береді.
1b.9 Ұйым төменде берілген тәсілдердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалана отырып, клиенттердің деректерінің нақтылығын қамтамасыз етеді:

a) Интервью фактісін растау үшін клиенттердің кездейсоқ таңдауға кіру;

b) Деректер жинауды жүзеге асыратын қызметкерді бақылау және оның жұмысының нәтижелерін бағалау;

c) Нақтылықты растау үшін, деректерді енгізуге жауапты қызметкермен жүйеге енгізілген деректерді кездейсоқ таңдауды тексеру.



2 БӨЛІМ: Басқарманың, басшылықтың және қызметкерлердің әлеуметтік әсер ету идеяларына шынайы берілуі


Стандарт

2a

Басқарма мүшелері ұйымның әлеуметтік пайымдауына шынайы берілген.

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер




2a.3 Басқарманың бір немесе бірнеше мүшелеріңің әлеуметтік әсер етудің белгілі бір аспектілерінде тәжірибелері бар (мысалы, мироқаржыландырудағы іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі, нарықтарды зерттеу тәжірибесі, кадрлармен жұмыс істеу тәжірибесі).

2a.4 Басқарма мүшелерінің клиенттермен байланыс жасауды жүзеге асыруға арналған механизмі бар (мысалы, клиенттің өкілдерімен кездесу үшін басқа жерге бару).





Стандарт

2b

Басқарма мүшелері ұйымның әлеуметтік пайымдауға және әлеуметтік мақсаттарға берілгендігін бақылайды.

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер




2b.6 Басқарма тиісті түрде ұйымдастырылған (мысалы, әлеуметтік әсер ету комитеті, Басқарманың бір мүшесін «әлеуметтік әсер ету үшін жауапты» етіп тағайындау, аудит үдерісіне УСВ енгізу), ол Міндетті компонент ретінде келтірілетін әлеуметтік әсер етуге жататын деректерге талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
2b.7 Басқарудың тиімділігін бағалау жүзеге асырылады (ішкі немесе сыртқы) және осындай бағалау әлеуметтік әсер етумен байланысты критерийлерді кіргізеді (мысалы, әлеуметтік әсер ету мәжілістерде жиі қарала ма, әлеуметтік пайдаға сәйкес пайдаларды бөлу туралы шешім).

2b.8 Басқарма әлеуметтік аудитті немесе ұйымға жасалған әлеуметтік рейтингтік бағаны талдайды (мысалы, әлеуметтік әсер ету саласындағы сертификацияны).






Стандарт

2c

Жоғарғы топтың басшылығы ұйымның өз әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізуі жөніндегі стратегиясын анықтайды және осы стратегияға сәйкестікті бақылайды.

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер




2c.6 Жоғарғы топтың басшылығы клиенттердің әр түрлі топтары үшін нәтижелерге және шығу көрсеткіштеріне талдауды жүзеге асырады (сегментация).

2c.7 Ұйым күшті және әлсіз тараптарды анықтау және жетілдіруді талап ететін басым бағыттарды анықтау мақсатында әлеуметтік аудит және/немесе әлеуметтік рейтингтік бағалау жүргізеді.



2c.8 Ұйым әлеуметтік әсер етудің ашықтығы үшін әлеуметтік рейтингтік бағалауды жүзеге асырады.




Стандарт

2d

Қызметкерлер әлеуметтік сияқты қаржылық критерийлерге сәйкес таңдап алынады, бағаланады және көтермеленеді.

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер




Талқылану үдерісінде.


3 БӨЛІМ: Клиенттерге жауапты қарым-қатынас жасау


Стандарт

3a

Ұйым клиенттің шамадан тыс борышкер болмай несие төлеу мүмкіндігін, әрқашан анықтайды. Ұйым нарықтағы несиелік тәуекелді басқару бойынша шарттарға қатысады (2 клиенттерді қорғау қағидатын төменде келтірілген компоненттердің бәріне қолдануға болады)

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер




Талқылану үдерісінде.




Стандарт

3b

Ұйым клиентке ақпарттанған шешім қабылдауға мүмкіндік беру үшін оларға нақты, толық көлемде, уақытында олар түсінетін тілде ақпарат жеткізеді. (3 клиенттерді қорғау қағидатын төменде келтірілген компоненттердің бәріне қолдануға болады)

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер

Талқылану үдерісінде.







Стандарт

3c

Ұйым және оның агенттері клиенттерге әділ және құрметпен қарайды, кемсітуге жол берілмейді. Ұйымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау және күрес жүргізу, сонымен қатар қызметкерлер құрамы мен агенттер тарапынан, әсіресе несие беретін немесе мерзімі өткен борышты жинаған кезде агрессивті және кемсіту мінез көрсетудің алдын алатын механизмі бар. (5 клиенттерді қорғау қағидатын төменде келтірілген компоненттердің бәріне қолдануға болады)

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер




Талқылану үдерісінде.



Стандарт

3d

Ұйым заңдарға және нақты юрисдикция нормативтеріне сәйкес, тұтынушылардың деректерінің құпиялығын сыйлайды және осы деректерді осындай ақпаратты жинаған кезде айтылған мақсаттар үшін ғана, не егер клиент басқа мақсаттарда оның деректерін пайдалануға келісім бермеген болса, заң талаптарына сәйкес пайдаланады. (6 клиенттерді қорғау қағидатын төменде келтірілген компоненттердің бәріне қолдануға болады)

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер

Талқылану үдерісінде.







Стандарт

3e

Ұйымда клиенттердің шағымдарын уақытында және тиімді қарау және клиенттердің проблемаларын шешу механизмі жұмыс істейді. Мұндай механизмдер жекелеген проблемаларды шешу үшін, сонымен қатар өнімдер мен қызмет көрсетуді жетілдіру үшін қолданылады. (7 клиенттерді қорғау қағидатын төменде келтірілген компоненттердің бәріне қолдануға болады)

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер

Талқылану үдерісінде.





4 БӨЛІМ: Өнімдердің, қызметтердің, модельдер мен қызмет көрсету каналдардың клиенттердің сұранысы мен қалауына сәйкестігін қамтамасыз ету

Стандарт

4a

Ұйым әр түрлі клиенттердің сұраныстары мен қалауын түсінеді.

Қосымша алдыңғы қатарды тәсілдер




4a.4 Ұйым жер-жерлердегі қызметкерлердің жинақтаған клиенттердің керектері мен қалаулары туралы пікірлерін зерделейді.

4a.5 Ұйым қазіргі уақытта ұсынылмайтын қызметтер мен өнімдердің клиенттерге керектігін түсінеді.



4a.6 Ұйым белгілі бір клиенттер топтарын қамтуға немесе шығаруға оның әдістемесі қандай жолмен әсер ететін түсінеді.

жүктеу 434,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау