«Ујжді пайымдауды ќалыптастыру жјне пайдалану ќаєидаларын бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Ўлттыќ Банкі Басќармасыныѕ 2019 жылєы 12 ќарашадаєы №189 Ќаулысы Paragraph 2019



жүктеу 117 Kb.
бет2/4
Дата16.01.2022
өлшемі117 Kb.
#32706
1   2   3   4
Ұлттық Банк Төрағасы

Е. Досаев

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық Банкі Басқармасының

2019 жылғы 12 қарашадағы

 № 189 қаулысымен



бекітілді

 

 



Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) алқалы орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) уәжді пайымдауды қабылдайтын органы, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның Басқармасы бекітеді;

2) қадағалау бөлімшесі - уәкілетті органның қаржы ұйымдарының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның уәжді пайымдауының жобасын қалыптастыратын бөлімшесі;

3) уәжді пайымдау - уәкілетті органның алқалы органның негізделген кәсіби пікірі, ол Заңда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) заңдарда көзделген жағдайларда қадағалап ден қою шараларын қолдану және шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

3. Уәкілетті орган уәжді пайымдауды Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға қатысты, қаржы ұйымдары депозиторларының, кредиторларының, сақтанушыларының, клиенттерінің, инвесторларының және корреспонденттерінің заңды мүдделерін қорғау, Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, қаржылық жағдайының нашарлауына және олардың қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ ерте араласу және уақтылы қадағалау әрекеттерін қабылдау мақсатында қалыптастырады және пайдаланады.

Уәжді пайымдауды пайдалану кезінде Заңның 13-5-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген қағидаттар сақталады.

4. Уәкілетті орган уәжді пайымдауды Заңның 13-5-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда пайдаланады.

 

 


жүктеу 117 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау