|
Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
|
бет | 1/3 | Дата | 05.10.2022 | өлшемі | 26,72 Kb. | | #39519 |
| метод. по офорлм. УПП
Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 ақпанда № 13004 болып тіркелді
2. Әкімшілік учаске – бұл қалалық немесе ауылдық жер аумағы, оған ауданның (қала, қаладағы аудан) жергілікті полиция қызметі бастығының (бұдан әрі - ЖПҚ) бұйрығымен учаскелік инспектор бекітіледі. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске шекарасының өлшемдерін және учаскелік полиция пунктінің (бұдан әрі – УПП) штат санын ЖПҚ бастығы анықтайды. Қалалық жерде УПП кемінде 7 әкімшілік учаскені, ауылдық жерде әрбір елді мекенді – бір УПП, ол қажет болған жағдайда бірнеше елді мекенді қамтиды.
3. Әкімшілік учаскеге ЖПҚ бастығының бұйрығымен реттік нөмір беріледі. Жаңадан тағайындалған учаскелік инспектордың әкімшілік учаскені қабылдауы ЖПҚ бастығының немесе оның орынбасарының қатысуымен жүргізіледі. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру фактісі туралы Қағидағаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскенің паспортына тиісті жазба жасалады.
4. Учаскелік инспектор бекітілген қызмет көрсететін әкімшілік учаскедегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде оған жүктелген міндеттерді орындайтын аумақтық ішкі істер органының (бұдан әрі – ІІО) негізгі өкілі болып табылады.
5. Учаскелік инспектордың көмекшісі өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді учаскелік инспектордың тікелей басшылығымен орындайтын аумақтық ішкі істер органының өкілі болып табылады, оған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша өз бетінше процестік шешім қабылдауды қоспағанда, учаскелік инспектордың құқықтары мен міндеттері толық көлемде беріледі.
6. Учаскелік инспектордың қызметте көп уақыт (бес жұмыс күнінен артық) болмауы (бос тұруы, демалыста болуы, сырқаты, іссапарда болуы және т.с.с.) кезеңінде әкімшілік учаскеге ЖПҚ бастығының бұйрығына сәйкес іргелес әкімшілік учаскенің учаскелік инспекторы қызмет көрсетеді.
2. УПП тәртіп жұмысын ұйымдастыру
7. УПП ІІО-ның учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар, ІІО-ның басқа қызметтерінің және бекітілген әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруға, құқық бұзушыларды және профилактикада жүрген адамдарды жеткізуге арналған ресми үй-жай (ғимарат) болып табылады.
8. УПП учаскелік инспекторларға, олардың көмекшілеріне (бөлек) бір қызметкерге 7,5 шаршы метр есебіне арналған жұмыс кабинеттерінен, азаматтарды қабылдау және жұртшылықпен жұмыс бөлмелерінен, жеткізілген адамдарға арналған үй-жайлардан, демалу бөлмесінен (бөлек), санитарлық тораптан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|