Күштік бөлік: L1 дросселінің құрамды басқарылатын транзистордан T11, T 12; Д5 диодын Сж жалғаушы конденсаторынан тұрады(Сурет – 4.29). Т1 күшттік реттелетін транзистордың ауыстырып – қосу процесін көрейік(Сурет – 4.30). t1 моментінде Т1 жабық транзисторының база тізбегіне оның қанығуына жететін Іб.011 тогы берілген. Транзистордың жұмыс нүктесі қиылу ауданынан қанығу ауданына белсенді аудан арқылы орын ауыстырады. t1 – t1 интервалында қосу уақыты аралығында tқос коллектор тогы Ік11мин мәніне жетеді. Қосылу уақыты транзистордың жиілігінің қасиеттеріне байланысты және базадағы ток көлеміне байланысты. Бұл уақыт интервалында диод тогы азаяды. Егер дроссель тогын t1 – t1 интервалындағы өзгеріссіз және Ik11мин - ге тең деп есептесек, кез – келген уақытта диод тогы мен транзистор тогының қосындысы осы интервалда Ік11мин - ге тең болады. t 2 Уақыт моментінде коллектор тогы I к мин - ге тең болады , ал диод тогы 0 -ге дейін азаяды. Осы уақыттан коммутацияланатын Д5 диодтың кері кедергісінің қалпына келу процессі пайда болады . t1 – t2 қалпына келтіру интервалында транзистор белсенді ауданда жұмыс істеуін жаластырады. І к11 тогы көбееді, ал коллектор – эммиттер ауысуындағы кернеу максималды және U01 кіріс кернеу тұрақтандырғышына тең. t2 – t3 интервалындағы диод өзінің бағытын өзгертеді.t3 моментінде қалыптасуының аяқталуына сәйкес келетін коллектор тогы І к11 мин мәніне дейін өзгереді және транзистор қанығу ауданына кіреді. t3 моментінде диод тогы кері ток І кері шамасына дейін азаяды.
Сурет 4.30-дан көріп тұрғандай t2 – t3 интервалында транзистор коллектор-эмиттер (Uк.э11=U01) ауысуындағы максималды кернеу кезіндегі белсенді ауданда жұмыс істейді және оған үлкен қуат таратады.
Диод кедергісінің кері қалыптасу уақыты неғұрлым көп болған сайын , соғұрлым Ік 11макс коллектор тогының максималды мәні көп болады және қуатты тарату уақыты да көп болады.
Егер диодты қалыптастыру уақыты транзистор қосылу уақытын ан көп болса, онда коллектор тоггының максималды мәні к11макс =h 21э11 І б011, ал диод максималды мәні кіріс бағытта Ікері макс = =h 21э11 І б011 - І к11мин .
t3 – t4 интервалында транзистор қанығу режимінде орналасады, коллектор тогы i k11 өседі, D5 диод тогының Ікері тогына тең болады, Uк.э11 кернеуі қанығу кернеуіне тең, ал Uд диодындағы кернеу кіріс кернеу тұрақтандырғышына U01 тең.
t4 моментінде Т4 транзисторының базасына жабылатын кернеуге беріледі және база тогы өзінің бағытын өзгертеді. t4 – t5 интервалында транзистор базасында негізгі емес тасымалдаушылардың артық концентрациясының сорылуы іске асырылады және коллектор тогы i k11 =Ік макс тең. D5 диоды бұл интервалында жабулы.
t5 моменті транзистор соруының аяқталуына сәйкес келеді. Осы уақыт моментінен бастап транзистор белсенді ауданда жұмыс істейді. Коллектор тогы i k11 азаяды, D5 диод тогы көбейеді. Коллектор-эмиттер ауысуындағы кернеу t5 моментінен бастап максималды болады және тұрақтандырғыштың кіріс кернеуіне U01 тең болады. Ал диодтағы кернеу минималды болады. t6 моментінде транзистор қиылысу ауданына өтеді, ал доид D5 тогы өзінің максималды мәніне жетеді Іш макс. t6 моментінен бастап D5 диоды ашық.
Есептеу реті. 1 тұрақтандырғыштың кіріс кернеуінің U01мин минималдысын U01 номиналдысын және U01макс максималдысының мәндерін анықтаймыз:
U01мин (Uшығ макс+ UL1+ Uк э 11 қан + UR7+ U01м1+ U01мu)/макс;
U01= U01мин (1-амин);
Достарыңызбен бөлісу: |