Тєжірибелік сабаќтыњ єдістемелік н±сќамасы



жүктеу 100,5 Kb.
Дата08.02.2020
өлшемі100,5 Kb.
#28615
түріПрезентация

Усенова Гульзира Рискалиевна
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе медициналық колледжінің

информатика пәнінің оқытушысы

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Сабақтың тақырыбы : Презентация құру техникасы: слайдтарды құру
Сабақтың мақсаты:

білімділік:Оқушыларға слайдтарды құрудың техникасын үйрету

дамытушылық: Студенттердің талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту

тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – иллюстративті, жарым жартылай ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: ЭЕМ, үлестірме қағаздар

Сабақтың өту уақыты: 90 минут

Пәнаралық байланыс: қолданбалы математика

Пәнішілік байланыс: MS WORD мәтіндік редакторы

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:Байжұманов М.Қ. «Информатика»

Қосымша: Ахметов Б.С., Ерекешова М.М. «Информатика»

Студент білуге тиіс: PowerРoint терезесінің құрылымын.

Студент істей білуі тиіс: Слайдқа түрлі нысандарды енгізу.

Сабақтың құрылымды-логикалық сызбасы мен хронокартасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 15 мин

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30 мин

IV. Жаңа тақырыпты бекіту – 35 мин

V. Қорытындылау – 5 мин

VI. Үйге тапсырма – 2 мин


Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

а) оқу кабинетінің сабаққа даярлығын тексеру

б) студенттерді түгендеу

в) жаңа сабақтың мақсаты, тақырыбын хабарлау


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ – жауап:




  1. Презентация деп нені айтады ?

  2. Microsoft Office дестесінде презентация даярлау құралы қалай аталады?

  3. Power Point құралының басқа программалармен байланысы қанлай ?

  4. Power Point құжатына қолданбалы программалар объектісін қалай енгізуге болады ?

  5. Бос слайд деп нені айтады ?

  6. Power Point құжатының құрылымы қандай ?

  7. Слайдқа қандай объектілер орналастыруға болады ?

  8. Power Point объектілерінің өзіне тән қандай ерешеліктері бар ?

  9. Power Point интерфейсінде құжатты бейнелеудің қандай режімдері бар ?

  10. Презентация құру қандай кезендерден тұрады ?


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Презентация даярлау кезеңдері
Power Point программасында презентация даярлауға кіріспестен бұрын ,сізге оның мазмұнды бөлігі дайын болуы қажет.Презентация даярлау төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  • Презентацияның мазмұнын,мақсатын жоспарлап алу;

  • Оның құрылымын даярлау;

Автомазмұн шеберімен жұмыс
Power Point программасын іске қосқаннан кейін оның сұхбат терезесі ашылады.Онда келесі ауыстырып-қосқыштар орналасқан:

  • Автомазмұн шебері/мастер автосодержания/

  • Презентация үлгісі/шаблон презентации/

  • Бос презентация /пустую презентацию/

  • Презентацияны ашу/открыть презентацию/



Файл=> Құру командасының көмегімен Презентацияны даярлау сұхбат терезесі ашылады.Соның ішінен Автомазмұн шебері /Мастер автосодержания/қыстырмасын таңдап аламыз.Сондағы үлгілерді толтырып,Ары қарай батырмасын басу арқылы келесі жұмыс кезеңіне көшеміз.
Мәтіннің мазмұнымен жұмыс істеу
Әрбір слайдтың төменгі колонтитулында презентацияның тақырыбын көрсету керек.Тақырып презентацияның тақырыбымен дәл келуі қажет.

Экранның сол жағында барлық слайдтардың таңбашалары мен онда орналасқан мәтін көрсетіледі.Автомазмұн шеберімен жұмыс істеген кезде дайын толтырылған үлгі ұсынылады.Үлгіге өз мәтініңізді енгізсеңіз болғаны.Бұл кезде мәтіндік редактордағы барлық амалдар орындалады.



Power Point- та мәтінмен жұмыс істеудің ең маңызды құралы -орфографияны тексеру құралы.
.
Кестелермен жұмыс істеу
Power Point-та кестелер бірнеше әдіспен құрылады:

  • слайдтар өрісінде Кестелер мен Шекаралар

Диаграммалармен жұмыс істеу


Слайдта тікелей диаграмма тұрғызу Microsoft Graph –тың көмегімен жүзеге асырылады. Оны іске қосу үшін Power Point- тың аспаптар панеліндегі диаграмма батырмасын басу қажет.Диаграмма тұрғызудың екінші әдісі- Excel –де тұрғызылған дайын диаграмманы бізге белгілі әдіспен қою арқылы.
Анимациялармен жұмыс
Power Point- ғы анимация деп слайдтағы объектілердің шығу ретін айтамыз.Слайдты әрбір объектінің анимация параметрлері өз алдына жеке бапталынады.Топталынған объектілер бір объекті болып есептелінеді. де,анимация оларға бірге жасалынады.Мәтіндік обектілердегі әрбір азат жолды ,әрбір сөзді және әрбір әріпті жеке анимациялауға болады . Бірақ анимация әсерісің сипаты тұтасымен алынған мәтіндік обьектіге қолданылады . Мысалы : Слайдтағы бір азат жолға сол жақтан ұшып шығу ( Вылет слева , екіншісіне жоғарыдан пайда болу ( Вылет сверху ) анимацияларын тағайындай алмаймыз . Басқа қолданбалардан импортталған мәтінге де анимация әсердерін қолдануға болады .

IV. Жаңа тақырыпты бекіту:

Зертханалық жұмыс:

Тақырыбы: Презентацияны безендіру


Еуразиялық ұлттық университеті тақырыбына дайындалған презентацияңыз көптеген студенттер мен оқытушылардың көңілінен шығып , сізге оның безендірілуін жақсартуды тапсырды.

  1. Power Point 2000 программасын іске қосыңыз

  2. Сақталған Менің университетім презентациясын ашыңыз (Файл-Открыт- Имя файла)

  3. Кәдімгі (Обычный) режимде тұрып, Фон сұхбат терезесін ашыңыз (Формат-Фон). Үлгінің фонын алып тастау (Исключить Фон образца) жалаушасын орнатыңыз.

  4. Ашылған Фонды бояу (Заливка фона) тізімінен Бояу әдістері сұхбат терезесіндегі Градиенттік қыстырмасына көшіңіз. Түстер тобына Дайындық (Заготовка) ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. Ашылған Дайындық атаулары тізімінен Поздний закат бөлімін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіп, терезені жабыңыз. Фон терезесінде Қолдану (Применить) батырмасын шертіңіз

  5. Екінші слайдқа өтіңіз. Жоғарыда айтылған әдістердің көмегімен, басқа фон құрыңыз, мысалы:

  6. Үшінші және төртінші слайдтарда басқа әдістермен даярлаған фон құрыңыз. Таңдаған фон экранда жақсы көрінетініне көз жеткізіңіз.

  7. Бірінші слайдқа өтіңіз. WordArt аспаптар панелінде WordArt объектісін қосу (Довабить объект WordArt ) батырмасын шертіңіз. WordArt жинағы (Коллекция WordArt) терезесінен керекті жазу стилін таңдаңыз, сосын ОК батырмасын шерткеннен кейін шыққан WordArt мәтінін өзгеру (Изменение текста WordArt) терезесіне презентация тақырыбы- Еуразиялық Ұлттық университеті мәтінін енгізіңіз. Қаріп өлшемін 66 етіп алыңыз. Ок батырмасын шертіп, терезені жабыңыз.

  8. Еуразия ұлттық университеті атты ескі тақырыпты өшіріп оның, оның орнына жаңа дайындалған WordArt объектісін орналастырыңыз. Жаңа тақырыпқа анимацияның Айналу әсерін орнатыңыз.

  9. Екінші слайдқа ауысыңыз. Нөмірленген тізім ретінде дайындалған мәтінге параметрлері мынадай: Оң жақтан (справа), Бәрі бірге (все вместе), Азат жол бойынша (по абзацам), 1-ші деңгей (1-го уровня) болатындай Ұшып шығу (Вылет) анимация әсерін тағайындаңыз.

  10. Үшінші слайдқа көшіңіз. Кестедегі сол жақ бағанды таңдап, Кесте пішімі (Формат таблицы) терезесінің Бояу (Заливка) қыстырмасында градиенттік бояу фонын тағайындаңыз (Формат→Цветв линии). Тура осы әдіспен оң жақ бағанды безендіріңіз.

  11. Төртінші слайдқа ауысыңыз. Диаграмма фонын градиенттік құюмен безендіріңіз.

  12. Презентацияны бұрынғы атпен сақтаңыз (Менің университетім).

Бақылау сұрақтары:




  1. Автомазмұн шеберімен презентация қалай даярланады ?

  2. Мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін атаңыз ?

  3. Power Point – та диаграмма қалай тұрғызылады ?

  4. Иллюстрациялармен жұмыс істеу тәсілдері қандай?

  5. Анимация деп нені айтады ?

  6. Иллюстрациялармен жұмыс істеу тәсілдері қандай?

  7. Анимация деп нені айтады?

  8. Слайдтарды автоматты түрде және қолмен басқаруды қалай орнатамыз?

  9. Формат – Фон командасының көмегімен қандай безендірулер орындауға болады?

  10. Презентацияларды көрсету қалай орындалады?


V. Қорытындылау:

Тапсырманы орындаған, компьютерде жұмыс жасаған оқушыларды бағалаймын.


VI.Үйге тапсырма:

Байжұманов М.Қ. «Информатика» оқулығынан 177-180 беттердегі тақырыпты оқып келу және еркін тақырыпқа слайд құрастыру.
жүктеу 100,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау