Тұтынушылардың электр қондырғыларының релелі қорғанышы,
электроавтоматика, телемеханика және екінші реттік тізбектері
270. Тұтынушының қосалқы станциялары, электр тораптары, электр қондырғыларының электр тогын беретін электр жабдығы белгіленген қағидаларға сәйкес қысқа тұйықталудан, релелі қорғаушы құрылғылардың қалыпты режимдері бұзылуынан автоматты айырғыштар немесе сақтандырғыштар арқылы қорғалуы, сондай-ақ, электроавтоматикасы және телемеханикамен жарықтандырылады.
Құрылғылардың әрекет ету қағидаттары, сипаттамалары және шығу әсері бойынша электр қондырғылардың бастапқы схемалары мен жұмыс режімдеріне сәйкес келуі қажет.
271. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғылары (бұдан әрі - релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика) мен олардың екінші реттік тізбектеріне техникалық қызмет көрсетуді, сынауды және өлшеуді тұтынушының релелі қорғанышы автоматика және өлшеу қызметінің персоналы жүзеге асырады. Релелі қорғаныш автоматика және телемеханика құрылғыларына қызмет көрсетуге басқа да қызметтер қатысатын жағдайда жергілікті нұсқаулықтарға сәйкес олардың арасындағы міндеттер мен қызмет көрсету аясы шектеледі.
Тұтынушыда қойылған релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларына қызмет көрсету үшін жұмыстардың аталған түрін жүргізуге лицензиясы бар, мамандандырылған ұйымдардың тартылуы мүмкін.
272. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларындағы жұмыстар электр қондырғыларын пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтауымен тиісті құрылғыларға өз бетінше техникалық қызмет көрсетуді оқытылған персонал орындайды.
273. Энергетикамен жабдықтаушы ұйымдармен тұтынушының байланыс желісі релелі қорғаныш автоматика құрылғыларының, сонымен бірге, энергетикамен жабдықтаушы ұйымдар диспетчерінің жедел қарамағында немесе жедел басқаруында болатын тұтынушының қосалқы станцияларындағы трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) қосымша қойылуы, энергетикамен жабдықтаушы ұйымның тиісті релелі қорғанышы автоматика қызметімен келісіледі.
Релелі қорғанышын реттеу талаптары бойынша және мүмкін болатын пайдаланушы режімдері есебімен электр желілері қоректенуші элементтерінің шекті мүмкіндігі шектеулі жүктемелері және энергетикамен жабдықтаушы ұйымның диспетчерлік қызметі тұтынушысымен өзара келісіледі, сондай-ақ, мерзімді қайта қарастырылады.
Қосымша қойылуын таңдау кезінде резервті автоматты қосу және автоматты қайта қосу құрылғыларының болуын есепке ала отырып, әрекет ету іріктелушілігімен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, бірнеше пункттің орталықпен жедел байланысы бойынша қойылуын анықтау кезінде технологиялық автоматика құрылғыларының жұмысы мен цехтық агрегаттардың және басқа да механизмдердің блокталуы ескеріледі.
Пайдалану кезінде релелі қорғаныш, электроавтоматика, телемеханика құрылғылары мен екінші реттік тізбектердің қалыпты жұмысына (рұқсат етілген температура, ылғалдылық, дірілді тербеліс, жұмыс өлшемдерінің бастапқы деңгейінен ауытқуы, кедергілер деңгейі, т.б.) арналған шарттары қамтамасыз етіледі.
274. Жедел ток тізбектерінде қорғаушы аппараттар әсерінің (сақтандырғыштар мен автоматты айырғыштардың) бір бағытқа шоғырлануы қамтамасыз етіледі. Сақтандырғыш қалыптарының автоматты айырғыштары, қосылымы және нақты көрсеткішті токтың атауын көрсетуімен таңбалануы болады.
275. Пайдалануда болатын релелі қорғаныш автоматика және телемеханика құрылғылары электр торабының тағайындалуы мен әсер ету қағидаты, жұмыс режимі және бір бағытқа шоғырлануына сәйкес жұмыстан алынып тасталатын құрылғылардан басқасы тұрақты жұмыс жағдайында тұрады.
Релелі қорғаныш автоматика және телемеханика құрылғыларының жұмыстан жоспарлы алынып тасталуы тиісті тапсырыс арқылы рәсімделіп, жоғарғы жедел персоналының (құрамында болуы бойынша) рұқсатымен жүргізіледі.
Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғысының жарамсыз болып қалу қаупі туған жағдайда, жоғары тұрған жедел персоналының рұқсатынсыз, бірақ жергілікті нұсқаулыққа сәйкес және өтінімді рәсімдеумен, оны әрі қарай хабардар ету арқылы, аталған құрылғы жұмыстан алынады. Бұл кезде жұмыста қалған релелі қорғаныш құрылғы электр беретін желілер мен электр жабдығын бұзатын барлық түрлерінен қорғауды толықтай қамтамасыз етуге тиіс. Егер мұндай шарт (жағдай) сақталмаса, онда уақытша қорғау немесе қосылым өшіріліп тасталынады.
276. Апаттық және ескертпе сигнал беру құрылғылары жұмысқа және мерзімді сынақ жасауға үнемі дайын күйінде болуы қажет.
Жедел токтың болуына, екінші реттік тізбектердегі сақтандырғыштар мен автоматты айырғыштардың, сонымен бірге, айырғыштар арқылы басқару тізбектерінің жарамдылығына айрықша көңіл бөлген жөн.
277. Жаңадан құрастырылып жиналған релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғысы мен екінші реттік тізбектер реттеу және тапсыру-қабылдау сынақтарына жатады.
278. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларында мамандандырылған ұйым реттеу жұмыстарын жүргізген кезде, оларды тұтынушының релелі қорғаныш автоматика және телемеханика құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырушы персонал жүргізеді.
Тұтынушыда мұндай персонал болмаған кезде, оларды энергия беруші ұйымның персоналы қабылдайды.
Жаңадан құрастырылып жиналған құрылғыларды пайдалануға енгізуге рұқсат ету аталған тұтынушы (жоғары тұрған ұйым) өкілінің және реттеуші ұйымның жауапты атқарушысы қолдарын қоюымен релелі қорғаушы автоматика және телемеханика журналына жазу арқылы рәсімделеді.
279. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларын пайдалануға қабылдау кезінде тұтынушыға келесі техникалық құжаттама беріледі:
1) монтажды және реттеуші ұйымның монтаждау және реттеу кезіндегі түзету енгізілген жобалық материалдары (сызбалар мен схемалар, жазбаша түсіндірмелер, кәбілдік журнал және т.б.);
2) монтаждау ұйымының зауыттық материалдары (пайдалану бойынша нұсқаулық пен техникалық сипаттамасы, электр жабдығы мен аппараттардың паспорттары, т.б.);
3) реттеуші ұйымдар немесе тұтынушы қызметінің реттеу және сынау хаттамалары.
Егер тұтынушыда релелі қорғаныш автоматикамен бағдарландырылатын микропроцессорлық құрылғысы қойылатын болса, онда оған қосымша материалдар және қосымша көрсетілетін қызметтер ұсынылады:
1) релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғылары мен жабдығын жеткізіп берген дайындаушы зауыттың сынау хаттамалары;
2) пайдаланушыға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқаулықтары;
3) релелі қорғаныш, автоматика құрылғылары, қуыстық және ток беретін жабдығы оның ішінде сызбалық, басқа да қажетті редакторлар қызметін үйлестіруді жүзеге асырудың бағдарламалық қамтамасыз етілуі.
Қажет болған жағдайда, пайдаланушы ұйымның персоналына микропроцессорлық қорғаушы техникалық және пайдаланушылық қызмет көрсету әдістемесімен мамандандырылған оқыту жүргізіледі.
280. Тұтынушының пайдаланылуында болатын релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғысының әрқайсысында келесі техникалық құжаттама сақталынады:
1) паспорт-хаттама;
2) техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар немесе әдістемелік нұсқаулар, құрылғылардың картасы немесе қойылу кестесі (немесе сипаттамалары) түріндегі техникалық деректер мен параметрлер, жедел қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар;
3) қағидаттық, монтаждау немесе қағидаттық монтаждау схемалары;
4) құрылғылар тізбесінің бағдарламаларын энергетикалық кәсіпорын немесе энергетикалық нысанның техникалық басшысы құрастырмай, тек бекітілетін ток тізбегі мен кернеуі жабдықпен басқарылатын тізбектің релелі қорғаушы автоматика құрылғысының жұмысында олардың тізбектерін артта қалғандарынан ажырату тәсілі мен орнының жүйелілігін көрсету арқылы релелі қорғаушы автоматиканың күрделі құрылғысын тексеруге арналған кірмесінің жұмыстық бағдарламасы.
Құрылғыға техникалық қызмет көрсету кезінде мерзімді тексеру нәтижелері паспорт-хаттамаға енгізіледі.
281. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханиканың қойылатындарын жедел персоналы өзгеретіндерінен басқа реле, аппараттары және көмекші құрылғыларын, осы құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырушы жұмыскерге ашып қарауға рұқсат беріледі.
282. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларының шкафтары мен қалқанды бөліктері, сигнализация, сонымен қатар, басқару пульттері мен қалқанды бөліктерінің беткі және артқы жақтарында диспетчерлік атауларына сәйкес, олардың тағайындалуын көрсетуші жазылымдар, оларға қойылған аппараттарда - схемаларына сәйкес жазылым мен таңба (шкафтың қалқанды бөлігі мен ішінде) қойылады.
Жедел персонал басқаратын құрылғылардағы жазылымдар құрылғының тағайындалуын және жедел жағдайларын көрсетеді.
Бір қосылымды релелі қорғаушы, автоматика және телемеханиканың әр түрлі құрылғыларына немесе әр түрлі қосылымына жататын, әрқайсысы бөлек тексерілуі мүмкін аппаратты қалқанды бөліктерінде айқын шектеуші сызықтары немесе белгілері қойылады. Бөлек құрылғыларды тексеру кезінде қоршауларды қою мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
283. Қысқыштардың құрастырылуына (қатарларына) қосылатын сымдардың схемаларға сәйкес таңбалары болады. Бақыланатын кәбілдерде таңбалануы олардың қабырғалары төбелері арқылы өтуі кезінде кәбілдердің екі жағынан да тарамдалып, қиылысатын тұстарындағы ұштарында орындалады. Кәбіл талсымдарының бос ұштары ток соқпайтындай оқшауланған.
Жерге қатысты релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларының екінші реттік тізбектерімен электрлік байланыстырылған, сонымен бірге, электрлік байланыстырылмаған, әр түрлі мақсаттағы тізбектер (өлшегіш тізбектер, жедел ток тізбектері, сигнализация) арасындағы оқшаулама кедергісі әрбір қосылым шегінде кемінде ІМОм деңгейінде ұсталуы керек, ал телебасқарудың шығу тізбектері мен кернеуі 220 В телемеханика құрылғыларының қоректік тізбектерінде - кемінде 10 МОм.
Жеке ток көзі немесе таратқыш трансформаторлар арқылы коректенуші 60 В және жұмыстық кернеуге есептелінген, релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларының екінші реттік оқшауламасының кедергісі 0,5 МОм деңгейінен кем ұсталынбайды.
Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларының тізбектері, телебасқарудың шығу тізбектері және 220 В-пен қоректенуші тізбектердің оқшаулау кедергісі 1000-2500 В кернеуде мегаометрмен, ал жұмыстық кернеуі 60 В және төмен болатын релелі қорғаныш, автоматика құрылғыларының тізбектері мен телемеханика тізбектері — 500 В мегаомметр арқылы өлшенеді.
Шағын электрондық базадағы кернеуі 24 В және төмен құрылғылар тізбектерінің оқшаулау кедергісін өлшеу дайындаушы зауыт нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі. Егер нұсқаулықтар болмаса, осы тізбектердің жерде тұйықталмағандығы 15 В-ға дейінгі кернеуде омметр арқылы тексеріледі.
Екінші реттік тізбектер, оның ішінде, шала өткізгішті және шағын электронды элементтері оқшаулауын тексеру кезінде осы құрылғылардың бұзылуын болдырмау үшін нұсқаулықтарға сәйкес қарастырылған шаралар қолданылады.
Ток тізбектері мен электр есептегіштердің немесе ваттметрлердің кернеулері оқшаулауды тексеру уақытында біріктіру керек.
284. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларына жаңадан қосылу және бірінші рет алдын алу сынау кезінде релелі қорғаушы автоматика және телемеханиканың электрлік байланыстырылған тізбектері мен әрбір қосылымның барлық басқа да екінші реттік тізбектерінің жерге қатысты оқшаулануы, сонымен қатар, 60 В және төмен жұмыстық кернеуге есептелінген элементтердің тізбектерін қоспағанда, бір қалқанды бөлік шектерінде болатын электрлік байланыстырылмаған тізбектердің арасындағы оқшаулауына айнымалы токтың бір минут ішіндегі 1000 В кернеуімен сыналады.
Бұған қоса, айнымалы токтың 1000 В кернеуімен тұйықталудың зардаптары қиын болатын (жедел ток көзі ретінде пайдаланылатын газдық қорғаушы тізбектері конденсаторлар тізбектері) ықтималдығы жоғары, сол тізбектердің бақыланатын кәбіл талсымдары арасында оқшаулау бір минут ішінде сыналады.
Кернеуі 60 В және төмен тізбектерді қоспағанда, релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика тізбектерін оқшауламасы келесідей пайдалануға айнымалы токтың бір минут ішіндегі 1000 В кернеуі секілді мегаомметр немесе арнайы қондырғыны пайдалану арқылы 2500 В-қа түзетілген кернеумен өлшеу кезінде байқап көруге рұқсат етіледі.
Кернеуі 60 В және одан төмен релелі қорғаныш автоматика және телемеханика тізбектерін оқшаулау сынақтары оның кедергісін 500 В мегаметрмен өлшеу барысында жүргізіледі (382-т. қараңыз).
285. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларының іске қосылу дұрыс және теріс жағдайын, сонымен бірге, олардың жедел және техникалық қызмет көрсету барысында анықталған ақауларын (бұзушылықтарын) қызмет көрсетуші персонал мұқият талдап, ескереді. Персонал ақаулардың бәрін де жояды.
286. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғылары мен екінші реттік тізбектері, көлемі мен кезеңділігі қолданысты қағидалар және нормативтік құжаттар арқылы анықталатын техникалық қызмет көрсетілуінен өтеді.
287. Релелі қорғаныш пен автоматиканың тез әрекет етуші құрылғысының және резервтік құрылғыларының болуы кезінде айырғыштың жұмыс істемей қалған жағдайында желілер, шина және электр жабдығын қосу бойынша оларды жөндеу немесе өшіру, сондай-ақ ажыратқыштар және айырғыштар арқылы атқарылатын барлық операциялар шапшаң әрекетті құрылғылардың болуы кезінде релелі қорғаныш, автоматика құрылғысының әрекет етуге енгізгеннен соң жүзеге асырылады. Оларды енгізу мүмкін болмағанда, резервтік қорғауды жылдамдату немесе уақытша қорғау (соның ішінде іріктелмейтін) орындалу қажет.
288. Қалқанды бөліктерінде (шкафтарда) және релелі қорғаныш, электроавтоматика және телемеханиканы басқару тізбектеріндегі жұмыс кезінде жабдықты байқамай, жаңсақ өшіруге қарсы шаралар қабылданады. Жұмыстар тек оқшаулау құралымен ғана орындалады.
Бұл жұмыстарды атқару схемаларынсыз, ал релелі қорғаушы автоматика және телемеханиканың күрделі құрылғыларға арналған жұмыстардың жүйелі көлемімен берілетін бағдарламаларсыз орындауға рұқсат етілмейді.
Жұмыс аяқталған соң ток тізбектері қосылуының, кернеу мен жедел тізбектердің жарамдылығы мен дұрыстығы тексеріледі. Релелі қорғаушы және автоматиканың жедел тізбектері мен басқару тізбектері әрекет етуін сынап көру жолымен тексеріледі.
289. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларында қосылымдарын өшіруге (қорғалатын немесе аралас), сонымен қатар, басқа да қарастырылмаған әсер етуге олардың іске қосылуы туындататын жұмыстар осы мүмкіндіктерін ескерумен рұқсат етілген тапсырыс бойынша жүргізіледі.
290. Ток трансформаторларының екінші қабаттық орамалары әрдайым реле мен құрал-жабдықтарға тұйықталуы немесе қысқартылуы керек. Ток трансформаторларының екінші қабаттық тізбектері мен кернеулері және жоғары жиілік арналардың екінші қабаттық орамалары жерге қосылады.
291. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғысының дұрыс істемей қалуы немесе іске қосылуы тоқтап қалған соң ақаудың себептерін іздестіріп табу және жою үшін авариядан кейінгі тексеріс жүргізіледі.
292. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларына жоспарлы-техникалық қызмет көрсету, сынау және авариядан кейін тексеру аяқталған соң хаттамалар құрастырылып, релелі қорғаушы электроавтоматика және телемеханика журналына, сонымен қатар, паспорт-хаттамаға жазылып қойылады.
293. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика схемалары және қосымша қойылымның өзгерісі кезінде журнал мен паспорт-хаттамадағы тиісті жазулар жазылып, сондай-ақ, құрылғыларды пайдалану бойынша қағидаттық, монтаждау схемалары мен нұсқаулықтарына түзетулер енгізіледі.
294. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларын тексеруге арналған сынау қондырғылары техникалық қызмет көрсетуді атқару кезінде осы мақсат үшін басқару қалқандары үй-жайларында, қосалқы станциялардың таратқыш құрылғыларында және басқа да орындарда қойылатын розеткалар немесе қалқандар арқылы қосылады.
295. Релелі қорғаныш, электроавтоматика мен телемеханиканың қалқанды бөліктері (шкафтар) және басқару пульттерінің беткі жағын және соларға орнатылған аппараттарды арнайы оқытылып үйретілетін персонал шаң-тозаңнан мезгіл-мезгіл тазалап отырады.
Ашық жасалған аппараттарды, сондай-ақ, осы қалқанды бөліктер (шкафтар) мен пульттердің артқы жағын релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларына қызмет көрсетуші персонал тазалайды.
296. Жедел персонал мынадай шараларды жүзеге асыруы керек:
1) басқару және релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика қалқанды бөліктеріндегі (шкафтарда) ток бағытын өзгерткіш құрылғылар мен сынау блоктарының қақпақтары жағдайларының дұрыстығын, сондай-ақ, басқару және релелі қорғаушы автоматика және телемеханика тізбектеріндегі автоматты айырғыштар мен сақтандырғыштардың жарамдылығын бақылау;
2) сыртқы сигнализация құрылғыларының аппараттары мен қалқанды бөліктеріндегі (шкафтарда) болатын базадағы релелі қорғаушы автоматика және телемеханика құрылғыларының жай-күйін бақылау;
3) жоғары вольтті айырғыштар мен басқа да аппараттарды, сонымен бірге, автоматты қайталап қосу, резервті (іріктеп қалу) автоматты қосу және белгілеуші құрал-жабдықтарды (индикаторларды) сынап байқау;
4) жоғары желілікті қорғауыштарды сигналмен алмасу және жоғары жиілікті телеөлшегіш құрылғыларды, автоматика арналарының төменгі жиілікті аппараттарын, өртке қарсы автоматиканың жоғары жиілікті аппараттарын бақылайтын параметрлерді өлшеу;
5) шина қорғауышындағы теңгірімі жоқ токты және кернеулі трансформаторлардың ажыратылып жіберілген үшбұрышындағы теңгерімі жоқ кернеуін өлшеу;
6) аварияны жазып алатын және т.б. автоматты осциллографтардың сағаттарын бұрау.
Бақылау және басқа да операциялардың кезеңділігі, сондай-ақ, қызметшінің әрекет ету тәртібі жергілікті нұсқаулықтарда белгіленеді.
297. Телебасқару құрал-жабдығын автономды басқаруға және керісінше ауыстыру диспетчердің немесе тұтынушының электр шаруашылығына жауапты тұлғасының рұқсатымен жүргізіледі.
Қосалқы станциялардағы телебасқарудың шығу тізбектерін жұмыс істеуінен шығару үшін жалпы кілттер немесе өшіретін құрылғылар қолданылады. Телебасқару немесе бөлек қосылудың телесигнализациясы тізбектерін өшіру алынбалы қысқыштарда немесе жеке өшіру құрылғыларда жүргізіледі.
Телебасқару және телесигнализация тізбектеріндегі жеке өшіруші құрылғылармен, телебасқарудың жалпы кілттерімен жасалатын барлық операцияларды тек диспетчердің (жедел жұмыс атқарушы қызметшінің) нұсқауы немесе рұқсаты бойынша орындауға рұқсат етіледі.
298. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларының басқару пульттері мен қалқанды бөліктерінің (шкафтардың) құрамаларында (қатарларында) қысқыштар тым жақын орналасқан жедел ток тізбектерінде немесе қосарлы генератордың (электр қозғалтқыштың, компрессордың) қоздыру тізбектерінде қысқа тұйықталуы, қосылымның өшірілуі немесе қосылуын туғызушы жағдайда болмауы керек.
299. Бақыланатын металл қабықты кәбілдің бұзылуын жою кезінде немесе олардың талсымдары қосылуы өрши түскен жағдайда, саңылаусыз муфталар қойылуымен немесе осыларға арналған қораптардың көмегі арқылы жүзеге асырылады. Аталған муфталар мен қораптардың есебі арнайы журналда жүргізіледі.
Поливинилхлорид және резеңке қабықты кәбілдер эпоксидті немесе терможайғастыру жалғамалы муфталар көмегімен немесе қысқыштардың өтпелі қатарларында жалғасады. Бір кәбілдің әрбір 50 метрінде орта есеппен жоғарыда көрсетілген жалғамадан біреуі орындалады.
Қысқыштардан шеткі бөліктеріне дейінгі талсымдар учаскелерінде ауа, жарық және майдың әсер етуі арқылы талқандалып бүлінген, оқшаулауымен бақылау кәбілдерді қолданған жағдайда, осы талқандалуын бөгейтін қосымша жабын енгізіледі.
300. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларының қалқанды бөліктерінде (шкафтарында) жедел персоналмен кілттер, түйіспелі жапсырмалары және басқа да икемді тетіктерінің көмегімен орындауы кезінде пайдаланылатын режимдерге арналатын релелі қорғаныш автоматика және телемеханика құрылғыларының ток бағытын ауыстыруы көрсетілетін жағдайларының кестелері, сонымен қатар, күрделі ауыстырулар үшін бағдарламалары қолданылады.
Ток бағытын ауыстыру бойынша операциялар туралы жедел журналда жазылып қойылады.
301. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырушы ұйым қызметінің персоналы барлық қалқанды бөліктерін басқару пульттерін, релелі қорғаныш, электроавтоматика, телемеханика, сигнализацияның қалқанды бөліктерін (шкафтарды) кезеңді қарап шығады. Бұл кезде ауыстырушы құрылғылардың (өшіргіштер, басқару кілттерінің түйіспелі жапсырмалары және т.б.) және сынау блоктарының қақпақтары жағдайларының, сондай-ақ олардың электр жабдығы жұмысының режимдері және схемалары жағдайларына сәйкес келу дұрыстығына айрықша көңіл бөлінеді.
Жергілікті нұсқаулықта айқындалған мерзімді тексеруді тұтынушының электр шаруашылығына жауапты тұлғасы бекітеді.
Жедел персоналға мерзімді қарап шығуларды релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика қызметінің жұмыскері атқарғанына қарамастан, оған операцияларды орындау рұқсат етілгендіктен, релелі қорғаныш автоматика және телемеханиканың сол элементтерінің жауапкершілігі жүктеледі.
302. Қосалқы станциялар немесе таратқыш құрылғыларда қойылған авариялық режимдерде жазып алуды автоматты шапшаңдатып, өзі жазатын құралдар апатты жазбалардың автоматты осциллографтары, оның ішінде, оларды жүргізетін құрылғылар, белгілеуші құралдар (индикаторлар) және релелі қорғаушы автоматика және телемеханика құрылғысының жұмысын талдау және электр тогын беретін әуе желілерінің бүлінген орындарын анықтау үшін пайдаланылатын басқа да құрылғылар әрдайым жұмысқа дайын тұрады. Аталған құрылғылардың жұмысқа кіруі мен шығуы тапсырыс бойынша жүзеге асырылады.
Жерге тұйықтау құрылғылары
303. Осы тарау әлеуетті теңестіргіш жүйедегі жерге тұйықтау құрылғыларын (бұдан әрі - жерге тұйықтау құрылғылары) барлық түріне қолданылады.
304. Монтаждау ұйымы жерге тұйықтау құрылғыларын тапсыру кезінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес құжажаттама ұсынылады.
305. Жерге тұйықтау өткізгіштердің құрылымдарына қосылуы пісіріп дәнекерлеумен орындалуы керек, ал ең бастысы: жерге тұйықтау қысқышына, аппараттар, машиналар корпусына және әуе желілері тіректеріне бұрандалы жалғамалы (өлшем мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін) түйіспелі жалғама мемлекеттік стандарттардың талаптарына толық жауап беруге тиіс.
306. Жерге тұйықтауды, жерге тұйықтау өткізгіштерді монтаждау, жерге тұйықтау өткізгіштердің жерге және құрал-жабдыққа қосылуы белгіленген талаптарға сәйкес орындалады.
307. Жерге тұйықтау немесе нольдік жағдайға келтіруге жататын электр қондырғыларының әрбір бөлігі жекелеген өткізгіштің көмегі арқылы жерге тұйықтаумен немесе нольдік жағдайға келтірілу торабына қосылады. Электр қондырғысының бірнеше элементтерін жерге тұйықтау (нольдік жағдайға келтірілу) өткізгіштерімен бірізділікті жалғауға рұқсат етілмейді.
Жерге тұйықтау мен нольдік қорғаушы өткізгіштер қимасы Электр қондырғылар құрылғыларының қағидаларына сәйкес орындалады.
308. Ашық салынып жерге тұйықтау өткізгіштері тот басудан сақталады және қара түсті бояумен боялады.
309. Жерге тұйықталатын құрылғылардың техникалық жай-күйін анықтау үшін көзге көрінетін бөлігін шолып қарау және топырақты ішінара ашып, жерге тұйықталатын құрылғыларды қарап шығу, электр жабдығына сынақ жасау нормаларына сәйкес жерге тұйықталатын құрылғылардың параметрлерін өлшеу жүргізіледі.
310. Жерге тұйықталатын құрылғылардың көрінетін бөлігін қарап шығуды тұтынушының электр шаруашылығына жауапты адамы немесе ол уәкілеттік берген қызметкер алты айда бір рет кесте бойынша жүргізеді.
Қарап шығу кезінде түйіспелі жалғамалар мен қорғаушы өткізгіш және жабдық арасындағы жай-күйі, тот басуға қарсы жабынның болуы, үзілмеуі бағаланады.
Қарап шығудың нәтижелері жерге тұйықталатын құрылғылардың паспортына енгізіледі.
311. Топырақты ішінара қарап шығу тот басуға неғұрлым көбірек ұшыраған орындарында, сондай-ақ ток беретін трансформаторларды бейтарапты жерге тұйықтауына жақын тұста, ал асқын кернеудің айырғыштары мен шектегіштері қосылымы жоспарлы - алдын алу жұмыстарының кестесіне сәйкес, бірақ 12 жылда бір рет жүргізілуі керек. Топырағы ішінара ашылуға ұшыраған жерге тұйықталатын құрылғылардың учаскесінің шамасы (елді мекендердегі әуе желілерден басқа 360-тармақты қараңыз) тұтынушының техникалық басшысының шешімімен анықталады.
312. Топырақтың ішінара ашылуы тұтынушы электр қондырғыларының барлық жерге тұйықталатын құрылғыларында жүзеге асырылады; елді мекендердегі әуе желілері үшін топырақты ашу жерге тұйықталатын құрылғылар болатын тіректердің 2%-да ішінара жүргізіледі.
313. Топырақтың өршуі жоғары жерлерде техникалық басшының шешімі бойынша топырақты ішінара ашу арқылы мерзімді қарап шығумен жиі белгіленеді.
Топырақты ашу кезінде жерге тұйықтау жай-күйін аспапты бағалау және түйіспелі жалғамалардың тот басу деңгейін бағалау жүргізіледі.
Жерге тұйықтау элементі, егер оның қимасының 50%-дан астамы бүлінген болса, алмастырылады.
Қарап шығудың нәтижелері актілермен рәсімделеді.
314. Электр жабдығын сынау нормаларына сәйкес жерге тұйықталатын құрылғылардың техникалық жай-күйін анықтау үшін мынадай шарттар атқарылады:
1) жерге тұйықталатын құрылғылар кедергісін өлшеу;
2) жанасу кернеуін өлшеу (электр қондырғыларында жанасу кернеуіндегі нормалары бойынша атқарылатын жерге тұйықталатын құрылғылар), жерге тұйықталатын құрылғы мен жерге тұйықталатын элементтер арасында, сонымен қатар, жерге тұйықталатын құрылғыларды табиғи жерге тұйықталатын жалғамалар тізбектерінің бар болуын тексеру;
3) электр қондырғыларының қысқа тұйықталған токтарын өлшеу асқын кернеуі кезінде ажыратып жіберетін сақтандырғыштардың жай-күйін тексеру;
4) жерге тұйықталатын құрылғылар аумағындағы топырақтың үлестік кедергісін өлшеу.
Әуе желілері үшін өлшеу жыл сайын ажыратқыштары, аралық қорғауыштары, айырғыштары болатын тіректерде, нольдік сымды қайтадан жерге тұйықтау, сонымен қатар, елді мекендердегі темір құйматасты және металл тіректердің 2%-на ішінара жасалынады.
Өлшеулер топырақтың неғұрлым кеуіп қалған кезеңінде жүргізілуге тиіс.
Өлшем нәтижелері хаттамалармен толтырылады.
Негізгі төмендеткіш және трансформаторлық қосалқы станцияларда жерге тұйықтау құрылғыларын жабдықтан ажыратып алу мүмкін болмаған жағдайда, электрмен жабдықтаудың сипаттылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша жерге тұйықтау құрылғысының техникалық жай-күйі өлшем нәтижелері бойынша және 355-357-тармақтарына сәйкес бағалануы қажет.
315. Жерге тұйықталатын құрылғылардың өлшемдерін өлшеу оның кедергісі, жанасу кернеуі, жерге тұйықтайтын элементтер арасында тізбектердің болуын тексеру, сондай-ақ, әуе желілерін электр доғасы оқшаулауларын қайта жабу немесе бүлінуін байқаған кезінде жерге тұйықтайтын құрылғыларды жаңартып жөндегеннен соң жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда жерге тұйықталатын құрылғылардың өлшемдерін нормалық деңгейіне дейін жеткізу шаралары қолданылады.
316. Қолданыстағы жерге тұйықталатын әрбір құрылғыда мынадай шарттар қамтылатын паспорт болады:
1) күрделі құрылыстарда бекітілуімен құрылғының атқару сұлбасы;
2) жерүсті және жерасты коммуникацияларына және басқа да жерге тұйықталатын құрылғыларына байланысты нұсқау;
3) пайдалануға енгізудің айы-күні;
4) жерге тұйықтағыштардың негізгі өлшемдері (материалы, пішіні, сызықты өлшемді мөлшерлері);
5) жерге тұйықталатын құрылғылардың ток жайылу кедергі шамасы;
6) топырақтың үлесті кедергісі;
7) жанасу кедергісі бойынша шамасы (қажет болған кезде);
8) жасанды жерге қосқыштардың тот басу деңгейі бойынша деректері;
9) жабдықтың жерге тұйықтау құрылғыларымен металды байлам (бекітілу) кедергісі бойынша деректері;
10) қарап шығу және айқындалған ақаулардың ведомосі;
11) ақаулар мен ескертпелерді жою жөніндегі ақпарат.
Паспортқа сыртынан қарап шығу, топырақты ашу арқылы қарап шығу нәтижелері, жерге тұйықталатын құрылғы өлшемдерін өлшеу хаттамалары, құрылғы құрылымына енгізілетін өзгерістер мен жөндеу сипаты туралы деректері де қоса беріледі.
317. Электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталатын токты автоматты ажыратқыштарының қосымша қойылатын ағытқыштары немесе сақтандырғыш ендірмелерін балқытатын токтарға сәйкес кезеңді, бірақ екі жылда бір рет тексеру үшін қысқа тұйықталуы кезінде қорғауыштың өздігінен қосылуы, оның ішінде фаза - ноль ілмектің өлшеу нәтижелері бойынша тексеру жүргізіледі.
318. Электр жабдығының ауыстырылып қойылған және жаңасы құрастырылып жиналған соң (1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында) оны токқа қосар алдында қысқа тұйықталуы кезінде қорғаныштың өздігінен қайта қосылуға жарамсыз болуын тексеру керек.
319. 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында жерді фазалық немесе нольдік сым ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
320. Электр қондырғысында қорғауышты өшіру құрылғысын пайдалану кезінде оны электр жабдығының сынау нормалары және дайындаушы зауыт ұсыныс-кеңестеріне сәйкес тексерілуін жүзеге асырылады.
321. Оқшауланған бейтарапта 1000 В-қа дейінгі желілер токты ажыратып жіберетін сақтандырғыштар арқылы қорғалады. Сақтандырғыш трансформатордың төменгі кернеуі жағындағы бейтарап немесе фазасына орнатылады. Бұл кезде оның бүтіндігі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |