Тұрсынбекова жазира жұмабекқызының Әлеуметтік қызметкердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында әлеуметтік



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/27
Дата14.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#12267
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


ТҰРСЫНБЕКОВА ЖАЗИРА ЖҰМАБЕКҚЫЗЫНЫҢ «Әлеуметтік қызметкердің 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында әлеуметтік 

қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» 

тақырыбындағы  

«6D090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша «бейіні бойынша 

докторы» ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертациялық жұмысының 

АҢДАТПАСЫ  

 

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік 



саясатты  жетілдіру  жағдайында  сапалы  жаңа  деңгейде  медициналық  және 

әлеуметтік  сипаттағы  өзара  байланысты  міндеттерді  шешудің  объективті 

қажеттілігі артады.   

Реформаланатын қоғам, әртүрлі деңгейдегі көмектерге зәру азаматтар 

мен  отбасылар  санының  көп  болуы  жағдайларында  әлеуметтік  жұмыстың 

маңыздылығы арта түседі. Әлеуметтік жұмысты жетілдіру оған жүйелік сипат 

берумен ғана емес, қызмет ісінде де, жеке әлеуметтік қызметкер кәсібилігін 

қамтамасыз  етумен  де  байланысты.  Мұның  барлығы  денсаулық  сақтау 

саласында  жалпы  халықтың  әлеуметтік-психологиялық  қорғалуын  ескере 

отырып  әлеуметтік  саясатты  жетілдіруді,  және  соның  ішінде  кадрларды 

даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіруді талап етеді.   

Әлеуметтік жұмыс айтарлықтай жаңа, кәсіби қызметтің белсенді дамып 

келе  жатқан  саласы  болып  табылады,  және  Қазақстан  Республикасында 

бірқатар  заңдар  (2008,  2014)  қабылдана  отырып  оған  әлеуметтік  өзгерістер 

мен  дамуға,  әлеуметтік  бірлікке,  сонымен  қатар  адам  құқықтарының 

нығайтылуы  мен  кеңейтілуіне  ықпал  ететін  практикалық  кәсіп  (мамандық) 

және академиялық пән ретінде анықтама берілді. Әлеуметтік адалдық, адам 

құқықтары,  ұжымдық  жауапкершілік  және  өзгешеліктерге  деген  құрмет 

қағидаттары    –  әлеуметтік  жұмыс  үшін  ортақ  болып  саналады  (Әлеуметтік 

қызметкерлердің  халықаралық  қауымдастығы 

http://www.iassw-aiets.org

). 


Мемлекеттің  әлеуметтік  саясатының  маңызды  элементі  ретінде  әлеуметтік 

жұмыс  оның  өміршеңдігі  мен  тиімділігін  қамтамасыз  ету  функциясын 

орындайды, ол көмек көрсетудің ұлттық жүйесі ретінде қаралуы мүмкін (Т.Г. 

Гуслякова, 2000).   




Әлеуметтік  жұмысты  кәсіби  қызмет  ретінде  институционалдау 

әлеуметтік  салада  оны  кәсіби  қызметтің  бас  субъекті  ретінде 

анықтайтын, 

әлеуметтік 

қызметкердің 

жаңа 

парадигмасын 

туындатады,  маманның  біліктілігі  мен  моральдық-этикалық  мінез-

құлқына  қойылатын  талаптар  жүйесін  алға  тартады  (Л.Т.  Нұрқатова, 

2010).  Бүгінгі  күнде  әлеуметтік  қызметкер  үшін  адамдарға  гуманистік 

қарым-қатынас таныту жеткіліксіз, сыртқы және ішкі ортаға әсер етуді 

көздейтін  кәсібилік  пен  тұлғалық  құзыреттіліктерге  ие  болуы  қажет 

(Ж.Д.  Тұрсынбекова,  Г.Х.  Құмарова,  А.М.  Әбікенова  және  тағы  басқалары, 

2016).  

 

Осылайша,  диссертациялық  тақырыпты  зерделеу  өзектілігі  мынадай 



жағдайлармен байланысты: 

1)  ірі  қалалар  жағдайында  кәсіби  қызметпен  байланысты,  аурулардың 

дамуымен  –  жұмыссыздық,  кәсіби  мәртебе,  рөлдік  жанжалдар, 

жауапкершілік 

деңгейі,  эмоционалдық 

күйзеліс,  психосоматикалық 

аурулармен; 

2)  әлеуметтік  факторлардың  адамдар  ауруларының  ұлғаюы  және  ағымы 

ретінде де, кейіннен жазылуы ретінде де рөлінің артуымен

3)  емдеу 

ұйымдарының  дәрігерлері  мен  медбикелер  өз  кәсіби 

қызметтеріне  тән  емес  міндеттердің  басым  бөлігін  орындайды,  ол  жұмысқа 

деген  ынтаны  және  емделушіге  (пациентке)  сапалы  қызмет  көрсетуді 

төмендетеді.  Әлеуметтік  қызметкер  үйлестірушінің  рөлін  атқарады:  нақты 

бір адамға немесе топқа және оны іске асыруға ықпала ете отырып кешенді 

медициналық-әлеуметтік  қызметтер  көлемін  анықтай  келе,  медицина 

қызметкерінің жұмысын жеңілдетеді; 

4)  денсаулық  сақтау  мекемелерінің  әлеуметтік  қызметкерінің  практикасы 

дәрігерлердің  диагноздарына,  зертхана  сараптамаларының  көрсеткіштеріне 

ғана  емес,  сондай-ақ  психологиялық-әлеуметтік  зерттеулерге,  әлеуметтік 

күйінің  сараптамасына  және  науқастың  және  оның  жақындарының 

психологиялық жағдайына, олардың отбасындағы жағдайларына сүйенеді;  

5)  кадрларды  жұмысқа  қабылдау,  оларды  аттестациялау,  іріктеу  және 

ауыстыру  барысында  көрінетін,  еңбек  нарығының  кәсіби  маманға  деген 

талаптарының артуымен;  

6)  кешенді медициналық-әлеуметтік жұмыс қоғамдағы оңды өзгерістерге, 

адами өзара қарым-қатынастардағы проблемаларды шешуге, адамның өзіне, 

өзінің денсаулығына, оның лайықты өмір сүруіне деген құқығын нақты іске 

асыруға жауапкершілігін арттыруға ықпалын тигізеді

7)  адами  мінез-құлық  және  әлеуметтік  жүйелер  теориясына  негізделе 

отырып,  әлеуметтік  жұмыс  адам  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынас 

жасаған кездегі, әлеуметтік денсаулық арқылы жекеге, ол арқылы қоғамдық 

денсаулыққа әсер еткенде кездегі процеске енеді;  



8)  әлеуметтік  жұмысты  денсаулық  сақтау  саласындағы  кәсіп  (мамандық) 

ретінде түсіну қиындығы, оның кәсіби құзыреттілігінің зерттелмеуі.   

 

Күшті  аурулардың  алдын  алуға  және  салауатты  өмір  салтын 



насихаттауға, қоғамның мәдени және білім беру әлеуетін арттыруға  қажетті 

деңгейде көңіл бөлінбеуі кезінде тек ауруларды емдеуге бағыттау халықтың 

басым  бөлігінің  мінез-құлқына,  жүріс-тұрысына  жаман  әсерін  тигізеді. 

Денсаулықтың  жоғары  деңгейлеріне  қол  жеткізудің  қазіргі  күндегі  түсінігі 

соншалық  емдік  (дәрігерлік)  емес,  сондай  дамытушы  гуманитарлық 

практикаға ықпал етеді, тіпті ресімделген тиісті ақпараттық технологиялар да 

болуы мүмкін.   

Жалпы  қазіргі  заманғы  қоғамның  тез  даму  қарқыны,  оның  жеке 

салаларында,  бір  жағынан,  адамның  кәсіби  мобильділігі  мен  бейімділік 

қасиеттерге қойылатын талаптардың артқанын білдірсе, ал екінші жағынан – 

көптеген әлеуметтік проблемалардың күшеюін, халықтың, әсіресе әлеуметтік 

осал  топтарының  өмір  сүру  деңгейінің  төмендеуін  туындатады.  Мұндай 

жағдайда  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік  қызметтерді  көрсету 

барысында  әлеуметтік  қызметкер  жан-жақты  білімді  болуы  тиіс    және  өз 

міндеттерін  орындау  үшін  қажетті  дағдыларды  арттыруы  қажет.  Кем 

дегенде, бұл талап ету процесі көп жылдық білімді, оқуды, кеңестерді және 

бақылауды қажет етеді (Frederic G. Reamer, 2010).   

Сәйкесінше,  адамның  денсаулығымен  байланысты  проблемаларды 

шешуіне  арналған  кешенді  тәсіл  керек,  және  акцентті  (назарды)  ауруды 

емдеуге емес оның алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттауға  қою 

қажет,  ол  әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласындағы 

пациенттерге  деген  тәсілдерінің  өзгеруін  көздейді.  Бұл  тұста  денсаулық 

сақтау  саласында  әлеуметтік  қызметтер  көрсету  барысында  әлеуметтік 

қызметкердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  мәселелерінің  өзекті 

екеніне шүбә келтірмейді.  

Проблеманың  ғылыми  өңделу  (пысықталу)  деңгейі.  Қиыр  және  таяу 

шығыстың  кәсіби  құзыреттілік  проблемасымен  айналысатын  ғалымдары 

жұмыстарын теориялық талдау (Л.И. Анциферова, Ш.Пандэй, Ю.В. Варданян, 

П. Вейл, И.Г. Климкович, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Ф. Мерн, М.Х. Меском, 

Л.М.  Митина,  В.И.  Огарев,  Ф.  Хедоури,  М.А.  Чошанов,  Л.Д.  Эно  және 

басқалары)  авторлардың  осы  зерттеу  тақырыбына  сәйкесетін  жалпы 

бағыттары  бар  екенін  көрсетті.  Бірінші кезекте  жиынтық,  біртұтас  сипаттама 

(сапа,  ерекшелік)  ретінде  қарастырылатын,  өзіне  жеке  парсиалдық 




жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау