International Scientific and Practical Conference “WORLD SCIENCE”
ISSN
2413-1032
16
№ 3(7), Vol.4, March 2016
PEDAGOGY
ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Асқарова Г. С., филол.ғ.к., аға оқытушы
Қазақстан, Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі – білімді үздіксіз жетілдіру және
оқыту үрдісін жаңарту болып табылады.
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді» пайдалану арқылы оқытушы мен студенттердің
арасындағы дәстүрлі оқытуға тың ӛзгертулер, жаңалықтар енгізуге болады.
Студенттердің сыни ойлауын дамытуда қолданылатын ең тиімді әдіс – топтастыру
әдісі. Топтық жұмысты енгізбес бұрын студенттерге топпен жұмыс жасаудың мән-жайы,
мақсаты түсіндірілді. Сабақ барысында студенттерді топқа бӛлудің кӛптеген түрлерін
пайдаландым. IV курс, 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, «Түркі халықтар
әдебиетінің тарихы» сабағында Ш.Айтматовтың шығармашылығынан әңгіме, повесть, роман
тақырыптарын тақтаға жазып қойып, сол бойынша студенттер үш топқа бӛлінді. Бұдан соң
«Миға шабуыл» жасалынады. Мысалы, Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романында түрлі
кӛзқарас, талас-тартыс тудыратын, белгілі-бір ортақ пікірге тоқталуға қиындық туғызатын
мәселелерді атаңыз. Студенттер аталған туынды бойынша проблемалық сұрақтарға жауап
іздейді. Студенттердің жауаптарын пайдалана отырып, оларға мынандай тақырыптар берілді: 1.
Ӛз ӛмірін құрбандыққа шалу парыз ба? Ақымақтық па? (Едіге мен Зағипа арасында); 2.
Кеңестік идеологияның адам тағдырына тигізген зардаптары (Әбутәліп пен ревизор); 3. Пайда
ойлама, ар ойла (Сәбитжанның іс-әрекеті). Тақырып бойынша студенттер топ ішінде бірлесіп
жұмыс жасайды. Берілген уақыт біткен соң, бірінші топ ӛз тақырыптары бойынша қорғап
шықты. Ал, қалған екі топ мұқият тыңдады, ӛздерінің қарсы пікірлерін білдіріп отырды және
сұрақтар қойды. Және қойылған сұрақтар, отырған студенттерді ойландыратын, ғылыми
ізденіске жетелейтін, романда кӛтерілген әлеуметтік мәселелерді айқындайтын, автордың
идеясын ашуға бағытталған сұрақтар болды. Осылай үш топ ӛздеріне берілген тақырыпты жан-
жақты талдап, романда кӛтерілген әлеуметтік мәселе кеңінен ашуға тырысты. Автордың басты
идеясы анықталды.
Бұдан соң топты қайта екі топқа бӛлдім. Ол үшін студенттерге екі сұрақ қойылды.
Студенттер аталған сұрақтарға жауап беру үшін ойланды, яғни, Ш.Айтматовтың
шығармашылығын ой елегінен ӛткізіп, дұрыс жауабын табуға тырысты. Енді екі топқа
«SWOT» әдісі бойынша мәңгүрттік тақырыбын талдау тапсырылды. Бірінші топ табиғи
мәңгүрттіктің адам баласына тигізген зардабын, шеккен азабын, залалын «Боранды бекет»
романы бойынша толық, жан-жақты талдады. Табиғи мәңгүрттік жасау технологиясына да
тоқталып, Ә.Кекілбаевтің «Кек» кӛркем фильмінен үзінді кӛрсетті.
Ал екінші топ «SWOT» әдісі бойынша қолдан жасалынған, яғни мәдени мәңгүрттік
тақырыбын талдады. Онда табиғи мәңгүрттік бір адамға ғана залал-зиянын тигізсе, мәдени
мәңгүрттік бүкіл бір елді құртуға бағытталған, елдің болашағына балта шабатын, рухани
құндылықтарға – ата-баба тілі, діні, салт-дәстүрге кӛз жұма қарайтын ұрпақ тәрбиелеуге
бағытталғаны айтылды. Кеңес Одағының жымысқы ойы, зымиян әрекеті әшкерленді. Қазақ
әдебиетінде
мәңгүрттік
тақырыбын
Ш.Айтматовтан
бұрын
кӛрнекті
жазушымыз
Ә.Кекілбаевтің жазғандығы айтылды. Бұл топтың студенттері М.Шахановтың «Рух пен Тіл»
атты ӛлеңін әнмен айтып қорытындылады.
Екі топ ӛздеріне берілген тапсырманы «Галерея» әдісі бойынша қорғады. Сабақ
барысында қолданылған «Галерея» әдісі студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта
отырып, жазылым, оқылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастырды және ӛздерін
әділ бағалауға үйретті. Әрбір тoп ӛзгe тoптaрдың тұжырымдaрын тыңдaды жәнe ӛз
кӛзқaрacтaрын қocып тoлықтырды, түзeтyлeр eнгізді. Сабақ соңында кері байланыстың түрі –
«Екі жұлдыз, бір тілек» орындалды. Студенттер сабақ барысында алған әсерлеріне, сабақта
қолданылған әдіс-тәсілдердердің тиімділігіне және ӛздерінің бірлесіп, топпен атқарған
жұмыстарына баға берді.