Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері: - Зығыр, мақта иірімжібі, мохер, жүн иірімжібі, ангор, кашемир, альпак, вискоза, фасонды иірім жіп. Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай - ақ бұрын бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта қолдануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б. Жүн - жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой, ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп, мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні - күзем және жабағы жүнінен бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді. Ұршық - жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл - қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30 см шамасында, сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі - 2,5 мм, ал, сыртқы өлшемі - 30 мм.
Зығыр – зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар.Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 – 100 см., жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры – шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі – қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр (L. usіtatіssіmum) өсіріледі. Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т.б. Салалы зығыр – бір жылдық өсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы өседі. Салалы зығыр салқынға шыдайды. Вегетациялық өсу мерзімі 75 – 90 тәулік. Өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін. Майлы зығыр (шашақты зығыр) – бір жылдық, жылу сүйгіш, ылғалды аса қажет етпейтін (салалы зығырмен салыстырғанда) өсімдік. Вегетациялық мерзімі 150 тәулік. Желмен тозаңданады. Майлы З-дың тұқымында 52%-ке дейін май болады. Салалы зығырдың майы сияқты мұны да олифа, лак, бояу дайындауға және тағамға пайдаланады. Зығыр күнжарасы – өте құнарлы мал азығы талшығының бір гектарынан 7 – 11 центнер өнім алынады. Зығыр тұқымы мен зығыр майын медицинада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланады. Маусым айынан гүлдеп, шілденің аяғында жеміс береді. Қазақстанда аудандастырылған сорттары: “Сибиряк”, “Авангард”, “Қарабалық 3”, “ВИР-1650”, т.б. Негізгі зиянкестері: зығыр бүргесі, көк көбелек, трипстер; аурулары: антракноз, фузориоз.
Мақта-маталарын дайындаудың классикалық тәсілдері ӨңдеуИірімжіпті дайындау үшін табиғи текстиль талшықтарын (мақта, жүн, зығыр талшықтары, табиғи жібек қалдықтары т.б.) штапельді химиялық талшықтар және элементарлы химиялық жіптердің жгуттарын қолданады.Жүннен жасалған иірімжіп келесілерге бөлінеді [1,2]: Қолданылатын шикізат түріне байланысты:таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас);жүн талшығының түріне байланысты – қой, ешкі, түйе жүнді;белгіленуіне байланысты – тоқыма, трикотаж және кілем өндірістеріне арналған;иіру әдісіне тәуелді – жіңішкетарақты, ірітарақты, жартылайтарақты және аппаратты;құрылымына тәуелді – біржіпті, ширатылған (екі және одан көп жіптерден ширатылған), фасонды;өңдеу әдісіне тәуелді – боялмаған, ағартылған, боялған, бастырылған, меланжды, мулине.
Түрлі жіптерден тазажүнді және жартылай жүнді маталар ассортименті өндіріледі. Иіру процессі иіру машиналарында іске асады; оның мәні тегіс таспаны қажетті сызықтық тығыздыққа дейін созу, оны ширатып иірімжіп қалыптастыру, собыққа орау. Сақиналы иіру машиналарында иірімжіп ұршыққа қондырылған собық түрінде паторонға оралады. Соңғы кезде сызықтық тығыздығы бойынша тегістігі жоғары, берік иірімжіп алуға мүмкіндік беретін иірудің ұршықсыз әдісі кеңінен қолдана бастады. Таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас) маталар келесі түрлерге бөлінеді:белгіленуі бойынша – көйлектік, костюмдік, пальтолық және т.б;шикізаттың түріне және сапасына байланысты – 60к және одан жоғары сапалы жүннен өндірілген, 50к-58к жіңішке жүннен өндірілген, 50к-58к жартылай жіңішке жүннен өндірілген, 44к-48к жартылай дөрекі жүннен өндірілген, 36к-40к дөрекі біртекті жүннен өндірілген, жіңішке жүнмен химиялық талшықтардан өндірілген, дөрекі жүнмен химиялық талшықтардан өндірілген,өндіру әдісіне байланысты – тарақты камволды иірімжіп, аппаратты әдіспен өндірілген шұғалы, аппаратты және тарақты иірімжіптер комбинирленген;өңдеу әдісіне байланысты – боялмаған, тегіс боялған, фасонды, меланжды, түкті;қосымша өңделген – қыртыстанбайтын, шуымайтын, су сіңірмейтін және т.б.айқаспа түріне байланысты – майда өрнекті, ірі өрнекті (жаккардты), күрделі, қарапайым.
Достарыңызбен бөлісу: |