І. Мектеп жүйесінің жұмысымен таныстыру.
1. Базалық мектеп жұмысының бағыттарын оқып-үйрену немесе зерттеу .
Әдістемелік нұсқау: Әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен және білімді реформалау жағдайында мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен танысу. Танысқан ақпараттарды студент-практикант буклет жасақтау.
2. Мамандық бойынша оқу пәнінің Мемлекеттік стандартымен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Мемлекеттік стандарттың негізін өз пәні бойынша конспект жасау, студент-практикант портфолиосына жинау.
3. Мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесін зерттеу.
Әдістемелік нұсқау: директордың, директордың орынбасарының іс-әрекетімен танысу және жұмыстардың кейбір ерекше мазмұндарына қарай конспект жасау, студент-практикант портфолиосына конспект жинау.
4. Мектептің санитарлық - гигиеналық жағдайымен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Сабақ кестесі, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, физикалық даму ерекшеліктерімен және дәрігер кабинетімен танысу.
5. Мектептің психологының жұмысымен танысу .
Әдістемелік нұсқау: Мектеп психологының жұмысының мақсаты оның ерекшелігі, түрлерімен танысу.
Зерттеу жұмыстары
І. Ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану.
1.1. Оқушы портретін құрастыру.
Әдістемелік нұсқау: бақылау әдісінің негізінде өзіңе бекітілген кластан қазіргі заманның оқушысы портретін келесі берілген схема бойынша құрастыр:
1.2. Ортақ мәселе: (Оқушының фамилиясы, аты-жөні, туған жылы, сыныбы, ортақ дене дамуы, денсаулығы, жанұядағы жағдайы мен тұрмысы, жанұядағы орынды тәрбие алу жайы ).
1.3. Ұжым арасындағы өзара қарым-қатынасы мен мектепке деген ынта, көзқарасы:
- Оқушының класс ұжымында алатын орны /өзіне баға беруі және кластастарының көзқарасы/ ?
- Кластастарымен қарым-қатынасы /оларды ұнатады, көңілі бейжай, ұнатпайды, ұжым ұсынысымен санасады ма? Достары бар ма? Достарымен байланысы?
- Мектепте оқыған ұнай ма? Неге?
- Мұғалімдермен қарым-қатынасы, тіл табысуы, сүйіспеншілігі, сыйластығы қандай?
1.4. Оқу: Білімі, ой-өрісі және оқуға деген ынтасы мен көзқарасы /қызығып оқи ма, қандай пәнге ынтасы бар, бағаға қалай қарайды, ата-ана мен оқытушының мақтауы мен ескертуіне қалай қарайды, оқуға деген ең басты мәселенің мотиві/.
Достарыңызбен бөлісу: |