Титульный лист программы дисциплины (syllabus)


Жергілікті қазына мыналарды қамтиды



жүктеу 1,03 Mb.
бет2/2
Дата25.05.2018
өлшемі1,03 Mb.
#17136
түріБағдарламасы
1   2

Жергілікті қазына мыналарды қамтиды:


  • жергілікті бюджеттің қаражаттары;

  • коммуналдық меншікке жататын оқушауландырылмаған мүлік.

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістер ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

Мемлекеттің кірістері деп- экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы.

Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды ролді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.

Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.

Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады.

Орталықтандырылмаған қаржы кірістері кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады. Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірісі алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекет кірістерінің көзі- ұлттық табыс болып табылады, ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржы ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар, эмиссия болып табылады.

Мемлекет кірістерінің жүйесінде орталық орынды салықтар алады. Олар нарықтық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағыттарына қарамастан мемлекет кірістерінің негізі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс- мемлекеттік қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әртүрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отар.

Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі- эмиссия, оның үстінде тек қағаз-ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады. Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігіне байланысты болса, экономикада инфляциялық процестердің күшеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.

Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсаты бағыттылығын, қалыптасу қағидаларын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін береді.

Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:



  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;

  • жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;

  • халықтың салық төлемдерінін;

  • кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;

  • қоғамдық ұжымның салық түсімдерінен.

Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттік кірістері:

  • матермалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістері;

  • өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.

Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:

  • салықтық;

  • салықтық емес (мемлекет илігінен алудан және жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай –заттай латерейлардан түсетін табыстар және т.б.).

Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктеледі.

Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:



  • өнім өнімділігін арттыру (өнім өндірудің көлемін арттыруды қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын төмендететін);

  • өнім өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарын үнемдеу;

  • өнім сапасын жақсарту;

  • негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

  • табиғи өндіріс жағдайлары.



Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

  3. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

Қосымша

1 Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

3 Баймуратов У. Б. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

4 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008
8 Тақырып. Үй шаруашылықтарының қаржысы – 2 сағат.

Мазмұны:

Үй шаруашылықтарының қаржысының мәні, олардың функ- цияларының мазмұны.

Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстарының ұғымы, олардың құрылымы мен құрамы. Үй шаруашылықтарының бюджеті. Үй шаруашылықтарының табыстары және оларды сыныптау.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Халықтың түрмыс деңгейін мемлекеттік ретгеу. Күнкөріс минимумы және түтыну себебінің қүны, оларды анықтаудың амалдары. Кедейлік, кедейлік индикаторлары. Мемлекеттік әлеуметгік трансферттер. Зейнетақымен қамсыздандьтру. Мемлекеттік жәрдемақьшар.

Халықтың әлеуметтік топтарының табыстарын салықтық- бюджетгік реттеу. Лоренстің ауытқымасы.

Үй шаруашылықтарынын шығыстары, олардың сыныптамасы және қүрылымы. Ақшалай шығыстар. Түпкі түтыну мен қорлануға жүмсалатын үй шаруашылықтарының шығыстары.


Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады. Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. XXI ғасырдың басында экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді:

Үй шаруашылықтары экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешімдер қабылдайды. Ақыр аяғында барлық экономикалық ресурстар үй шаруашылықтарына жатады, бірақ бұл ресурстар олардың арасында өте әркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады. Рыноктық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын және өндіріс факторлары рыногында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары әр түрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты экономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде болып келеді. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы рыноктық экономикада сұранымды қалыптастырады.

Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады.

Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы әлементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.

Үй шаруашылықтары қаржысын «адами капиталдың» дамуы тұрғысынан қарастырған маңызды. «Адами капитал» тұжырымдамасы өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының басында тұңғыш рет Т.Шульц ұсынды. «Адами капитал» деп жұмыскерлердің қабілеттілігін, білімін және іскерлігі түсініледі, олар жұмыскерлерге әлеуметтік және экономикалық салаларда белсенді іс-әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сапалар, бірінші кезекте, ұлттың білім және денсаулық деңгейімен айқындалады. Адами капиталдың негізгі әлементтеріне, Г.Беккердің ұсынылымына сәйкес мыналар жатады:

  • білім капиталы (жалпы және арнаулы білімдер);

  • өндірістегі даярлық капиталы (біліктік, машық, өндірістік тәжірибе);

  • денсаулық капиталы;

  • экономикалық мәнді ақпараттарға ие болу (бағалар мен табыстар туралы ақпараттылығы);

  • көші-қон капиталы (жұмыскерлердің жұмылдырылғыштығын қамтамасыз етуші);

  • экономикалық қызметтің уәждемесі.

Осыдан «адами капитал жұмсалатын инвестиция» яғни адам дамуына қаражаттар жұмсау, қызметтің таңдамалы сферасында шеберлікті арттыру, адами тұрмысының рухани және табиғи жақтарын жетілдіру ұғымы дамыды. Адами капиталға жұмсалатын инвестициялардың жалпы экономикалық сипаттамасы олардың рентабелділігі нақты капиталдағы пайдалылықтан әлдеқайда көп болып табылатындығына. Бұл тұжырымдар дамыған капиталистік елдерде ағарту және кадрлар даярлау сферасынын теңдесті дамуы үшін теориялық негіздеу болды. Адами капиталдың бірнеше қағидатты маңызды қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

  • адами ресурстарды сақтау және дамыту қоғамның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін негіз болып табылады;

  • адами капиталдың сапасы Ұлттық білім, ғылым, мәдениет және денсаулық денгейімен айқындалады;

  • адами капитал ұдайы өндірілетін капиталдың кез келген басқа нысаны сияқты, тозуы мүмкін және тұрақты қолдауды талап етеді;

  • адами капитал құнсызданады, егер оның сапасына (білім, денсаулық, ғылым және басқалары) әсер ететін факторлар нашарласа.

Ішкі мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін үй шаруашылықтарының едәуір әлеуеті жөнінде ІЖӨ-дегі үй шаруашылықтары жасайтын өнім мен қызметтердің салыстырмалы жоғары және әрдайым көбейіп отырған үлесі растайды (17,6 %, соның ішінде: 16,9 % үй шаруашылықтарының секторы бойынша және 0,7 % үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарының секторы бойынша). ІЖӨ-ні нақты түпкілікті тұтынуға пайдалануда үй шаруашылықтарының секторы 50,7 %-ды алады.

Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г. Б. Поляктың пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.

Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті. Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды:

1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі;

2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі;

3) ақшалай қордың - материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.

Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:

1) осы шаруашылық бірлігімен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен - бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады.

2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай қорларды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.

Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану. Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.
Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

Қосымша

1 Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 Баймуратов У. Б. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

3 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008
7. Тәжірибелік (семинарлық, зертаналық, жеке, студиялық) сабақтардың мазмұны, сағаттағы олардың көлемі
1 Тақырып. Қаржы және оның экономикалық гылымдар жұйесіндегі рөлі – 1 сағат.

Мазмұны:

Қаржыны зерделеудің диалектикалық әдісі, қаржылық қагы- настардың объектілері мен субъектілері, теория мен практика- ның, қаржы және қаржы жүйелерін зерделеу кезіндегі логикалық және тарихи тәсілдемелердің бірлігі.

Қаржы функцияларына экономистер кезқарастарының эволюциясы. Қаржының экономикалық категориялармен өзара оайланысы. Қаржыны үйымдастырудың әлемдік тәжірибесін қазақстандық практикаға бейімдеу.

Нарықгық экономика жағдайында теориялык қайта ойлаудың критерияларын, түрін, әдістерін, үдерістерін және оларды үлттық қаржы үлгісінде қолдану.



Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:



  1. Қаржылық қатынастардың теориялық негіздері

  2. Нарықгық экономикада қаржьшық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары

  1. Қаржылық қатынастардың предметі, объектілері және субъектілері

  2. Қаржыны зерделеудің әдіснамасы және әдістемесі


2 Тақырып. Қоғамдық ұдайы өңдірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі – 2 сағат.

Мазмұны:

Ақша қаржының бастапкы категориясы ретінде. Ақшаның, қаржының, рыноктық ортадағы олардың модификацияларының қазіргі түсіндірмесі (интерпретациясы). Ақшалай қосалқы категориялардың, соның ішінде қаржынын іс-әрекетінде ақша функ- цияларының дамуы. Категориялар мен қосалқы категорияларды шектеудің проблемалары. Нарықтық экономикада қоғамның міндеттерін жүзеге асыруға ақшаның, кредитгің, қаржының, олардың туынды нысандарының бағытгылығы. Макроэкономикалық реттеуде ақша мен қаржыны пайдалану. Мемлекеттің құрылымдык-инвестициялық саясаты. Экономика дамуының қазіргі кезеңінде инфляцияны басқару саясаты.

Қаржьшық ресурстар жэне қорлар қаржьшық қатынастардың материалдық - заттай алып жүрушілері ретінде. Қаржылық ресурстардың көздері. Қаржылық ресурстар өсуінің факторлары.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:


  1. Қоғамдық ұдайы өндірісте қаржы қатысуының сипаты

  2. Қоғамдық өндіріс ауқымдарын өлшеу

  3. Қаржының мәні және оның функңиялары

  4. Қаржы функцияларына әкономистер көзқарастарының әво- люциясы

  5. Қаржының ұдайы өндірістік тркырымдамасының қағи- далары


3 Тақырып. Қаржының қазіргі тұжырымдамалық теориясы – 2 сағат.

Мазмұны:

Қазіргі экономикалық теориялар және жаңа нысандар, қаржының теориялық қағидаларының көріну әдістері. Қаржының батыстық теорияларының тұжырымдамалық негіздері. Қаржының теориялық қағидалары көрінісінің қазіргі экономикалық теориялары мен жаңа нысандары, әдістері.

Қаржының батыстық теорияларының тұжырымдамалық негіздері: классикалық мекгеп, қазіргі неоклассикалық теориялары; кейнстік, посткейнстік теориялар; монетаризм; «жалпыға ортақ береке мемлекеті» теориясы; үсыным экономикасының теориясы; оңтайлы болжамдар теориясы, институтционализм, тұрақты даму теориясы, неолибералдық бағыт. Қаржының теориясы мен практикасы саласындағы ресейлік және отандық ғалымдардың ғылыми зертгемелері.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:



  1. Қаржының теориялық қағидаларының көрінуінің қазіргі экономикалық теориялары және жаңа нысандары, әдістері

  2. Қаржының батыстық теорияларының тұжырымдамалық негіздері


4 Тақырып. Қаржы жүйесі – 2 сағат.

Мазмұны:

Қаржы және коғамдық ұдайы өндіріс. Қоғамдық өңдіріс ауқымдарын өлшеу. Ұдайы өндірістік үдерісті камтамасыз ететін экономикалық категорияның өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті. Қоғамның экономикалық ресурстарының күрамды бөлігі ретінде қаржылық ресурстардың үдайы өсуі.



Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:



  1. Қаржы жүйесі «Қаржы» экономикалық категориясы меха- низімінің жұмыс істеу нысаны ретінде

  2. «Тар» және «кең» түсініктегі қаржы жүйесі. Мемлекетгің жиынтық ақша-қаржы жүйесі

  3. Қазақстан қаржы жүйесінің жалпы сипаттамасы


5 Тақырып. Қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықгық негіздері – 2 сағат.

Мазмұны:

Қаржылық қатынастарды күқықгық реттеу. Қаржылық қүқық және оның қүрамдас бөліктері. Қаржылық-қүқықтық нормалар, олардың түрлері. Қаржылық-қүқықтық реттеудің әдістері. Мемлекеттің қаржылық қызметі, оны жүзеге асырудың әдістері. Қаржылық-қүқықгық акгілер, олардың түрлері.

Қаржылық бақылау үғымы, оның объективтік шарттастығы, жүргізу алгышарттары. Қаржылық бақылау іс-әрекетінің айрыкша өзгешелігі және сферасы. Қаржьшық бақылаудың қағидаттары мен міндеттері. Нарықгық экономикадағы каржылық бақьшау және оның сыныптамасы. Аудит, оның ерекшеліктері, міндеттері, үйымдастырылуы, тиімділігі.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:



  1. Қаржылық саясат және оны іске асырудың механизімі

  2. Қаржыны басқару


6 Тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының теориялық аспектілері – 2 сағат.

Мазмұны:

Меншіктің әртүрлі нысандарының шаруашылық органдар қызметінің үйымдық қүқықтық аспектілері. Меншікті өзгертудің қаржьшық аспектілері: мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, қайта қүрьшымдау.

Мемлекеттік кәсіпорындардың каржысы. Ұлтгық компаниялар мен холдингтер қаржысы. Коммерциялық негіздерде жүмыс істейтін шаруашьшық жүргізуші субъектілер қаржысын үйымдастыру қағидатгары. Коммерциялық (шаруашылық) есеп.

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъекгілердің қаржы қорлары, оларды қалыптастыру мен пайдаланудың негіздері.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары. Жалпы табыс, таза табыс, оны бөлу. Компаниялардағы, фирмалардағы қаржылық менеджмент, оларды жүзеге асырудың шарттары. Коммерциялық емес қызметгің сипатгамасы, олардың түрлері.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:



  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы: жүмыс істеу, үйымдастыру және басқару негіздері

  2. Меншікті қайта қүру және оның қаржылық аспектілері

  3. Қазақстандагы шаруашылық жүргізуші субъектілер қар- жысьш үйымдастырудың жаңа нысандары


7 Тақырып. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қаржысы – 2 сағат.

Мазмұны:

Мемлекеттік бюджеттің мәні, оның айырмашылық белгілері. Мемлекеттік бюджеттің күрылымы, кірістері мен шығыстары, олардың қүрамы мен қүрылымы. Бірыңғай бюджеттік сыныптама. Бюджетаралық қатынастар. Бюджеттік үдеріс, оның кезендері. Жергілікті қаржылардың мәні, қаржы жүйесі қүрамындағы оның орны. Жергілікгі бюджеттердің кірістері мен шығыстары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттігі және мәні. Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы. Әлеуметтік бюджетген тыс қорлар. Экономикалық арналымның бюджетген тыс қорлары. Үлтгық әлауқат қоры. Қазақстан Республикасының ұлттық қоры. Мемлекеттік кредиттің мәні мен маңызы, функциялары; түрлері, нысандары, және, әдістері. Қазақстанда сырткы әконо- микалық қызметгің даму бағыттары.



Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:



  1. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

  1. Мемлекеттің табыстары мен шығыстары

  2. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

  3. Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі

  4. Жергілікті қаржыларды ұйымдастыру


8 Тақырып. Үй шаруашылықтарының қаржысы – 2 сағат.

Мазмұны:

Азаматгардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Халықтың түрмыс деңгейін мемлекеттік ретгеу. Күнкөріс минимумы және түтыну себебінің қүны, оларды анықтаудың амалдары. Кедейлік, кедейлік индикаторлары. Мемлекеттік әлеуметгік трансферттер. Зейнетақымен қамсыздандьтру. Мемлекеттік жәрдемақьшар.

Халықтың әлеуметтік топтарының табыстарын салықтық- бюджетгік реттеу. Лоренстің ауытқымасы. Үй шаруашылықтарынын шығыстары, олардың сыныптамасы және қүрылымы. Ақшалай шығыстар. Түпкі түтыну мен қорлануға жүмсалатын үй шаруашылықтарының шығыстары.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:



  1. Халықтың (үй шаруашылықгарының) қаржысы - қаржы жүйесі әлементгерінің бірі.

  2. Үй шаруашылықтарының қатысуымен ресурстардың то- лық айналымы

  3. Үй шаруашылықгарының қаржысының функциялары

  4. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары


8. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1 Тақырып. Қаржы және оның экономикалық гылымдар жұйесіндегі рөлі – 7 сағат.

  1. Қаржылық қатынастардың теориялық негіздері

  2. Нарықгық экономикада қаржьшық қатынастарды үйым- дастырудың нысандары

  3. Қаржылық қатынастардың предметі, объектілері және субъектілері

  4. Қаржыны зерделеудің әдіснамасы және әдістемесі


2 Тақырып. Қоғамдық ұдайы өңдірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі – 7 сағат.

  1. Қаржы табиғатының дамуының қазіргі үрдістері

  2. Қоғамның экономикалық ресурстарының құрамды бөлігі ретіндегі қаржылық ресурстардың ұдайы осуі

  3. Үдайы өндірістік үдерісті қамтамасыз ететін экономикалық категориялардың өзара байланысы

  4. Негізгі экономикалық категориялардың екіжақты іс-әрекеті

  5. Экономикалық категориялардың іс-әрекеті әдістеріндегі айырмашылықтар


3 Тақырып. Қаржының қазіргі тұжырымдамалық теориясы – 7 сағат.

  1. Қаржының теориясымен практикасы саласында ресейлік және отандық ғалымдардың ғылыми әзірленімдері

  2. Монетарлық және фиксалдық саясаттардың келісімі

  3. Дағдарысқа қарсы сезіну тұжырымдамалары

4 Тақырып. Қаржы жүйесі – 7 сағат.

  1. Қаржы жүйесін үйымдастырудың негізгі қагидаттары

  2. Нарықтық тұрпаттағы экономиканы қүрудағы қаржы жүйесінің рөлі

  3. ҚР қаржы жүйесі және дагдарыс жагдайларындагы оның рөлі


5 Тақырып. Қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықгық негіздері – 8 сағат.

  1. Қаржылық жоспарлау мен болжаудың негіздері

  2. Қаржылык қатынастарды қүқықтық қамтамасыз ету

  3. Қаржылық бақылау


6 Тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының теориялық аспектілері – 8 сағат.

  1. Мемлекеттік кәсіпорындардың, үлттык компаниялардың және холдингтердің қаржылары

  2. Коммерңиялық негіздерде жүмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы

  3. Коммерциялық емес үйымдар мен мекемелердің қаржысы


7 Тақырып. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қаржысы – 8 сағат.

  1. Қазакстанның қазынашылық жүйесі

  2. Мемлекетгік бюджетген тыс қорлар

  3. Мемлекетгік кредит және мемлекеттік борыш

  4. Экономиканы мемлекеттік қаржьшық реттеудің түрпатта- ры, түрлері, нысандары және әдістері

  5. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметтің дамуы және оны қаржьшық реттеудің әдістері

  6. Елдің төлем баланысы


8 Тақырып. Үй шаруашылықтарының қаржысы – 8 сағат.

  1. Үй шаруашылықтарының бюджеті, олардың кірістері мен шығыстары

  2. Зейнетақымен қамсыздандыру. Мемлекеттік жәрдемақы- лары

  3. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі

  4. Халықтың түрмыс деңгейін мемлекетгік реттеу

  5. Мемлекеттік әлеуметгік трансферттер


10 Кеңес беру кестесі СӨЖМ (СӨЖМ СӨЖ-дің 25 % құрайды)




Оқу түрлері

Дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс бойынша кеңес







12.35

13.25











2.

Семинар бойынша кеңес беру




12.35

13.25














3.

СӨЖ бойынша кеңес беру










12.35

13.25








5.

Тест тапсырмалары бойынша кеңес беру

12.35

13.25

















11. Оқушының білімін тексеру кестесі

Дәріске бару және тәжірибелік (семинар, лабораторлық, жеке, студиялық) 0-100 баллмен бағаланады.


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

1

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Қаржы және оның экономикалық гылымдар жұйесіндегі рөлі

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

1 апта



2-ші апта

2

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Қоғамдық ұдайы өңдірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі

  1. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

1 апта




3 апта

3

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Қаржының қазіргі тұжырымдамалық теориясы

  1. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

  2. Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 апта




4- апта

4

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Қаржы жүйесі

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

2 апта




5-апта




Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

Глоссарий

Реферат. Эссе





  1. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

  2. Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 апта




6- 7 апта

5

Межелік бақылау

Модуль 1,2

  1. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.




тест

8-апта





Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі










  1. Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005










6

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы, глосарий

Қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықгық негіздері

  1. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

2 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008

2 апта




9-10- апта

7

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының теориялық аспектілері

  1. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана. Научно-практи- ческий журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»

  2. Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

1 апта




11 апта

8

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қаржысы

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

1 апта




12- апта

9

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Үй шаруашылықтарының қаржысы

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

1 апта




13- апта




Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

Глоссарий

Реферат. Эссе





  1. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

1 апта




14-апта

10

Межелік бақылау

Модуль 3,4

  1. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

2 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008




тест

15-апта

12. Оқушылардың білімін бағалау критерийлері
Пәнді зерттеу барлық өткен материалды қамтитын тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Емтиханға кіру рұқсатының міндетті шарты болып бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау табылады.

Әр ссабақ 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингісі барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық түрінде шығарылады (дәріске бару, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары,тәжірибе тапсырмалары, межелік бақылау және т.б.).

Пән бойынша қорытынды бақылауға оқу бағдарламасының барлық тапсырмаларын орындаған магистранттар жіберіледі (барлық зертханалық жұмыстардың, СӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы), курстық жобаны қорғау үшін оң баға алғандар және жіберурейтингін жинаған дар ( баллдан кем емес).

Әрбір пән бойнша магистранттар оқу жетістіктерінің деңгейі (сондай-ақ қорытынды бақылау формасы МЕ болып табылатын пәндерден) ЖБ мен ҚБ (емтихан, сынақ, курстық жобаны қорғау) бағаларынан тұратын және олардың салмақты үлесін ескере отырып (ЖРСҮ және ҚБСҮ) қорытынды бағамен анықталады (Қ).
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақты үлестері жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6-дан, ал ҚБ үшін 0,3-тен артық болмауы керек.

Пән бойынша қорытынды бақылау тек қана оқушы жіберу рейтингі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оңтайлы баға алған жағдайында ғана қорытынды баға саналады. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына теңестіріледі. Пән бойынша аралық аттестациялау мен емтихан нәтижелері магистрантқа сол күнде не келесі күні, егер емтихан күннің екінші жартысында өткізілсе жеткізіледі.

Қорытынды бағаның дұрыс есептелуі үшін межелік бақылау мен қорытынды емтиханда 0-ден 100 балл аралығында бағаланады.

Межелік бақылау бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылау бағаларынан құралады. Оқу жетістіктері, яғни «Қаржы» мамандығы бойынша магистранттың білімдері, машықтары, мүмкіндіктері және біліктілігі сандық эквивалентіне және дәстүрлі баға шкаласына сәйкес келетін көпбаллдық әріптік жүйе бойынша бағаланады.





Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Үздік

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясат пен үрдістер
Оқушылармен барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуы міндетті болып табылады. Сабақты босату жағдайында деканатпен бекітілген тәртіппен өтеледі . Максималды тұрғыда екі сабақты босату рұқсат етілген. Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақты босатуға теңестіріледі. Екі реттен көп сабақты босату кезінде оқытушы магистрантты келесіде сабаққа кіргізбеуге құқылы (мәселені әкімшілік түрде шешуге дейін баруға құқылы). Дәрісте болуға топ магистранттарға жатпайтын тыс тұлғаларға тыйым салынады. Тапсырмаларды уақытында тапсыруы тиіс. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең ақырғы күні – емтихан сессиясының басталуына 3 күн бұрын.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған магистрант емтиханға жіберілмейді..

Әрбір оқу сабақтары бойынша тақырыпты қайталау мен өткен материалдарды өтеу міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тесттермен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Магистранттарды тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Мұғалімнің жетекшілігімен магистранттардың өздік жұмысын орындау кезінде (СӨЖМ) келесі төрт негізгі функцияны ескеру қажет.

Бірінші – оқу пәндері бойынша белгіленген сабақтар аралағында алынған оқытушының ақпараты магистрантпен белсенді қабылдауын жүзеге асыруды болжайды.

Екінші функция мынаны болжайды: магистранттар оқытушының ұсыныстары негізінде өздігінен әдістемелік-нұсқаулық құралды, оқу әдебиеттерін зерттейді, үй тапсырмасын орындайды,бақылау және курстық жұмыстарын орындайды. Бұл кезеңде магистрантпен жұмыс жасау тәсілдерін білуді, қиыншылықтарды шешуі мен өзін-өзі ұйымдастыруы мен өздік тәртіп талап етіледі.

Үшінші функция магистранттардың өзінің қиын жағдайларын жүйелеу мен талдаудан,қиындықтардың себептерін анықтау мен оқу материалдарын ұғу мен меңгеруден, басқа оқу істерінен тұрады. Магистранттар шешілмейтін қиындықтарды оқытушы сұрақтар жүйесіне аударады (реттеп, ресімдейді), өзіндік жауап нұсқаларын құрастырады.



Төртінші функция оқытушыларға кеңес, түсіндірулер үшін бет бұруы..
14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі

  1. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері : ЖОО-ға арналган оқулық. – Алматы: ТОО «Издательство БЕМ», 2009

  2. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д. ҚАРЖЫ. – Түркістан : Тұран, 2009. – 197 бет.

  3. Каржы-Каражат - Финансы Казахстана : Научно-практический журнал. – Алматы: ТОО «Финәк»


Қосымша

1 Бернстайн П. Фундаментальные идеи финансового мира: Әволюция / Пер с англ.. - М.: Альпина Бизнес Букс, 2009

2 Баймуратов У. Б. Деньги и финансы: нелинейная система: научно-популярное издание. Том – Алматы: Экономика, 2005

3 Баймуратов У. Б. Финансы Казахстана // Том 2. Избранные Нзучные труды. - Алматы: БИС, 2005

4 Васильева М. В. и др. Финансовая политика. - Ростов н / Дону; Феникс,2008


SYLLABUS-ты алу және танысу парағы

Құжатпен танысқан тұлғаның аты-жөні

тобы

Құжатпен танысу күні

Қолы

































































































































































































































































































жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау