Титульный лист программы дисциплины (syllabus)



жүктеу 152,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі152,5 Kb.
#20020




Титульный лист программы дисциплины (SYLLABUS)




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Физика және аспап жасау кафедрасы











ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)
5В071600 «Аспап жасау»

Павлодар, 2013ж.





Лист утверждения программа дисциплины (Syllabus)





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН:

Факультет деканы_________

___________ Н.А. Испулов
«___»_____________2013ж.

Құрастырушы: ф.-м.ғ.к., доцент Н.А. Испулов



Пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Физикалық өрістердің теориясы
5В071600-«Аспап жасау» мамандығының күндізгі оқу түрінің студенттері үшін
Бағдарлама 20__ж. __________ «____» бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленген
2013ж. « » _____ кафедра отырысында ұсынылған

Хаттама №___.

Кафедра меңгерушісі ___________ М.Қ. Жукенов «___»_________2013ж.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 20__ж. «____»_____________ хаттама №_____

ОӘК төрағасы _______А.Б. Искакова «___»_________2013ж.



1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы Физикалық өрістердің теориясы пәні бойынша
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4


Барлық аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде ОСӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы сағат көлемі - 135 сағат



Бақылау түрі

Қорытынды бақылау түрі: емтихан – 4 семестр



Пререквезиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:

1) Математика 1,2; 2) Физика 1,2.


Постреквезиттер

Пәнді оқу кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:



  • ақпарат алудың физикалық негіздері;

  • электроника негіздері.


2. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараты

Аты-жөні, тегі: Испулов Нұрлыбек Айдаргалиевич

Қызметі: ф-м.ғ.к., доцент, ФМжАТФ деканы

Кафедра «Физика және аспап жасау», аудитория А-407а

телефон: 67-36-26
3 Пәні, мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты

Бұзбай бақылауда қолданылатын физикалық өрістерді студенттердің білуі, физикалық өрістер теориясының негізгі түсініктері мен бұзбай бақылаудың әдістерін игеру, студенттердің өлшеуіштік аспаптармен танысуы және осылардың көмегімен ақпараттарды алу икемділігін игеруі.



Пәннің міндеті

Физикалық өрістердің теориясы пәнін оқытудың негізгі міндеті, студенттердің, физикалық өрістер негізі болып табылатын (электростатикалық, электрмагниттік, жылулық, радиациялық және акустикалық), сонымен қатар физикалық өрістер теориясының қатынастарын және негізгі заңдарын білу, физика мен техникада әртүрлі типті толқындардың қолданылуы болып табылады.


4 Студенттердің біліміне, шеберлігіне және дағдыларына қойылатын талаптар

Пәнді оқытуда мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалуы қажетті:

Өлшеуіштік аспаптардың көмегімен зерттелетін объект туралы ақпараттарды ала және бұзбай бақылаудың өлшеуіштік техникасын әрі қарайғы кәсіби іс-әрекетінде қолдана білуі тиіс.

Ғылыми көзқарастың негiздерiн қалыптастыру мәселесiне физикалық құбылыстарды дұрыс түсiндiре бiлуге, атап айтқанда мына қағидаралар негiзiнде:



  • дүние танымдылық және таным процесiнiң диалектикалық сипаты;

  • дүниенiң материалық бiртұтастығы;

  • материя мен қозғалыстың ажырамас бiрлiгi;

- материялық дүниенiң қасиеттерiнiң сарқылмастығы, таным процесiнiң шексiздiгi.
5 Пәнді игерудің тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сабақтардың үлестірілуі




Тақырыптардың атауы

Сабақтардың түрі бойынша бөлінген байланыс сағаттары

СӨЖ

Дәр.

Тәж.

Зерт.

Барлығы


Соның ішінде СОӨЖ

1

Физикалық өріс

4

-

-

15

3

2

Электростатикалық өріс

4

2

-

15

3

3

Электромагниттік өріс

6

3

-

15

3

4

Радиациялық өріс

6

3

-

15

4

5

Жылулық өріс

4

4

-

15

4

6

Акустикалық өріс

6

3

-

15

5,5




Барлығы: 135

(3 кредит)



30

15

-

90

22,5

6. Дәрістік сабақтардың мазмұны


Тақырып 1. Физикалық өріс. «Физикалық өріс» ұғымды енгізу. Табиғаттың фундаменталдық бірлігі. Бұзбай бақылауда физикалық өрістерді қолдану. Бақылау объектінің құрылымы туралы ақпаратты алу.

Тақырып 2. Электростатикалық өріс. Электростатикалық өріс. Электростатикалық потенциал. Күштік сызықтар және эквипотенциал беттер. Пуассон және Лаплас теңдеулері. Нүктелік заряд өрісі, Кулон заңы. Электростатикалық потенциал. Шексіз диэлектриктегі электр зарядтары. Пуассон теңдеулерінің шешулері. Зарядтар жүйесінен үлкен қашықтықтағы электростатикалық өріс. Диэлектрлік ортадағы электростатикалық үлгісі. Электростатикалық өрістің өткізгіштері. Сыйымдылық. Сыртқы электр өрісімен зарядтардың әсерлесу энергиясы. Электростатика есептері және олардың шешулері.

Тақырып 3. Электромагниттік өріс. Электромагниттік өрістің негізгі теңдеулері. Электромагниттік өрістің векторлары. Максвелл теңдеулері. Біртекті изотропты ортадағы Максвелл теңдеулері. Суперпозиция принципі. Ортаның электромагниттік қасиеттері. Ортаның макроскопиялық параметрлері және ортаның түрлері. Ортаның магниттілігі мен үйектелуі. Электромагниттік өрістің векторлары үшін шекаралық шарттар. Электромагниттік өрістің энергиясы. Ом және Джоуль–Ленц заңы. Электромагниттік өрістің энергиясының балансы жіне тығыздығы. Тұрақты токтың электромагниттік өрісі. Айнымалы электромагниттік өрісі және оның негізгі қасиеттері. Электромагниттік өрістің толқындық сипаттамасы. Толқындардың үйектелуі. Толқындардың изотропты өткізгіш ортадағы өшуі. Толқындардың дисперсиясы. Электродинамикалық (кешігу) потенциалдары. Дипольдік жуықтауда электромагниттік потенциал.
Тақырып 4. Радиациалық өріс. Ионизациялайтын сәулелену аумағындағы негізгі түсініктер, анықтамалар, терминологиялар мен физикалық шамалардың бірліктері. Ионизациялайтын сәулеленудің түрлері.

Серпімді әсерлесулер. Резерфорд формуласы. Мотт-Мюллер формуласы. Зарядталған бөлшектердің серпімсіз рассеяниясы. Электрондардың диффузиясы жіне олардың кері шағылуы. Тежегіш сәулеленуге ионизациялық энергияның жұмсалуы. Ұзындықтың радиациялық бірлігі, тежегіш сәулелену спектрлік құрамы. Бірлік ұзындыққа энергияның толығымен жұмсалуы.

Сәулеленудің затпен әсерлесуі. Сәулелену реакциясы. Сәулеленетін сызықтардың ені. Электромагниттік толқындардың зарядтар жүйесімен шашырауы. Фотоэлектрлік эффект. Комптондық шашырау. Затта гамма-сәулеленудің сәулелену коэффициенттері. Кері шашырау өрісінің қалыптасуының негізгі заңдылықтары.



Нейтрондар және олардың классификациясы. Нейтрондық реакциялар. Нейтрондарың шашырауы мен жұтылуы.

Тақырып 5. Жылулық өріс. Жылулық өріс. Температуралық градиент. Жылу ағыны үшін Фурье заңы. Жылуөткізгіштік коэффициенті. Жоғары екпінді стационарлы емес орталар үшін жылуөткізгіштіктің дифференциалдық теңдеуі. Стационарлық режим, 1, 2, 3 текті шектік шарттар. Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары. Кирхгоф заңы. Сәулелену энергияның тепе-теңдік тығыздығының ұғымы. Стефан-Больцман заңы. Вин заңы. Рэлей-Джинс формуласы. Планк формуласы.

Тақырып 6. Акустикалық өріс. Акустикалық өріс. Акустикадағы толқындық теңдеулер. Дыбыс жылдамдығы. Дыбыс толқынының параметрлері. Толқындардың түрлері. Акустикалық сәулелендіргіштер.

7. Тәжірибелік сабақтар (семинар, зертхана), олардың сағаттық көлемі


Тақырып

Мазмұны

Бақылау түрі

Орындау мерзімі

1

2

3

4

1 Электростатикалық өріс


Нүктелік заряд өрісі, Кулон заңы. Электростатикалық потенциал.

Есептер шешу

1 апта

Пуассон және Лаплас теңдеулері жіне оларды Грин формулдар көмегімен шешу.

Есептер шешу

2 апта

Электростатикалық өрістің өткізгіштері. Сыйымдылық. Сыртқы электр өрісімен зарядтардың әсерлесу энергиясы.

Бақылау жұмысы

4-5 апталар

2 Электромагниттік өріс


Электромагниттік өрістің негізгі теңдеулері. Максвелл теңдеулері.

Есептер шешу

3 апта

Ом заңы. Э.Қ.К.

Есептер шешу

3 апта

Айнымалы электромагниттік өрісі және оның негізгі қасиеттері.

Есептер шешу

4 апта

Электромагниттік өрістің энергиясы және оның тығыздығы. Джоуль–Ленц заңы.

Бақылау жұмысы

5 апта

3 Радиациалық өріс.


Фотоэлектрлік эффект

Есептер шешу

6 апта

Комптон эффектісі.


Есептер шешу

6 апта

Радиоактивтілік.


Есептер шешу

7 апта

Сәулеленудің затпен әсерлесу.


Есептер шешу

7 апта

Нейтрондық реакциялар. Нейтрондардың рассеяниясы және жұтылуы.

Есептер шешу

8 апта

Жылулық ағын үшін Фурье заңы. Жоғары интенсивті стацонарлық емес орталар үшін жылуөткізгіштің дифференциалдық теңдеуі.

Бақылау жұмысы

8 апта

4 Жылулық өріс.

Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары.

Есептер шешу

9-10 апталар

Релей-Джинс формуласы. Планк формуласы.

Бақылау жұмысы

11-12 апталар

5 Акустикалық өріс.

Акустикадағы толқындық теңдеуі. Дыбыс жылдамдығы.

Есептер шешу Бақылау жұмысы

13-15 апталар


8. Өздік жұмыс тапсырмалары




СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағаттарда көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

30

2

Практикалық сабақтарға дайндалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

30

3

Аудиторлық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды оқу

Конспект (және т.б.)

Коллоквиум (және т.б.)

20

4

Бақылау шараларына дайындалу




АБ 1, АБ 2, коллоквиум (тестілеу және т.б.)

10

Барлығы

90

Студенттерге өзіндік оқуға арналған тақырыптар:







Тақырып

Мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Бет.

1

2

3

4

5

1

Физикалық өріс

Физикалық өрістің анықтамасы. Фундаменталды әсерлесудің түрлері мен олардың сипаттамалары.

[7]

№ 7


2

Электростатикалық өріс

Гаусс теореманың вакуумдағы өрістерді есептеу үшін қолдануы. Екі диэлектрлік орталардың шекарасындағы шарттар.

[6]

№ 6


3

Электромагниттік өріс

Градиент, ротор және дивергенция ұғымдары, оларды сипаттайтын формулдар және теоремалар. Максвелл теңдеулері және олардың физикалық мағынасы.

[2,9]

№ 2,9,11

.


4

Радиациалық өріс

Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы. Радиацияның көздері.

[7]

№ 7

5

Жылулық өріс

Оптикалық пирометрия. Пирометрлер. Температуралар: радиациялық, түсті, жарықтандырылған.

[6]

№ 6

6


Акустикалық өріс

Дыбыс толқындар. Акустикадағы Доплер эффектісі.

[6]

№ 6,10


9. Курстың саясаты

Оқу пәні толық өтілген матриалдарды қамтитын емтиханмен қорытындылады. Обағдарламада көрсетілген барлық тапсырмаларды орындау емтиханға жіберілудің басты талабы болып саналады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымды сабақтарда орындалған тапсырмалардың орташа арифметикасынан шығарылады.

Кешіктіріліп орындалған тапсырмалар тапсыру мерзіміне байланысты автоматты түрде төмендетілетін болады. Студент СӨЖ тапсырудың күнтізбелік графигіне сәйкес орындау керек. Егер студент тапсырманы 1 аптаға кешіктіріп тапсыратын болса, ол осы тапсырмаға берілген баллдың төрттен бір бөлігін жоғалтады, егер бір аптадан көп уақытқа кешіксе баллдың тең жартысын жоғалтады (мұндай ықпалшаралар дәлелді себеп жоқ студенттерге арналған).

Қорытынды бағаның салмақтық үлесі ЖР үшін 0,6-дан кем, ал ҚБ үшін 0,4-тен кем болмау қажет.

Пән бойынша қорытынды рейтинг 1 кестеге сәйкес сандық, әріптік және дәстүрлік бағаға айналдырылып, «Студенттердің оқу жетістіктерінің журналы» мен «Рейтинг парағына» енгізіледі.
Кесте 1


Балл түріндегі қорытынды бағалау (И)

Балдардың сандық белгілері (Ц)

Әріптік жүйеде бағалау

Дәстүрлік жүйеде бағалау

Емтихан

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Сынақталды

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-

55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

0 – 49

0

F

Қанағаттанарлық-сыз

Сынақталған жоқ


10. Әдебиеттер тізімі

Негізгі :

1 Астахов А.В. Широков Ю.М. Курс физики. Электромагнитное поле, М.: Высш. Школа, 2003.

2 Ландау М.Д., Лившиц Е.М. Теоретическая физика в 10 томах, М.: Мир, 2001.

3 Левич В.Г. Курс теоретической физики. Т.1 и Т.2, 2004. -159 с.

4 Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. Учебное пособие, М.: Мир, 2001 г.

5 Т.И. Трофимова Сборник задач по курсу физики, М.: Высш. шк., 2007 г.

6 Трофимова Т.И. Курс физики, М.: Высш. шк., 2003 г.


Қосымша:

7 Гордиенко В.А. Физические поля и безопасность жизнедеятельности. – М.: АСТ: Астрель, 2006.–316 с.

8 Радиация. Дозы, эффекты, риск. -М.: Мир, 2000.

9 Пеннер Д.И., Угаров В.А. Электродинамика и специальная теория относительности.-М.: Просвещение, 2000.



10 Сулейменов, И. Э. Физика волн и процессы в конденсированных средах: избранные труды/И. Э. Сулейменов; отв. ред.: Ж. Ш. Жантаев, А. Г. Сармурзина.-Алматы, 2004.-198 с.

11 Терлецкий Ю.П., Рыбаков А. Электродинамика.: Учебное пособие.-М.: Наука, 2003.
жүктеу 152,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау