Тіркеу формасы



жүктеу 140,31 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі140,31 Kb.
#2901


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №28 орта мектептің информатика пәні мұғалімі

Дүйсенова Айнұр Ыбырайқызы
Баяндама

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ.
Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі- практикалық (қолданбалы) мақсаты. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары.

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік бақылау және қосымша тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының және қызықты есептердің жиынтығы болып табылады. Мұндағы жұмыстар әр сыныптағы информатиканы оқытудың жалпы тақырыптық жоспарына сәйкес жазылуы тиіс. Оқу құралы мұғалімдерге жазба жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету және оқушылардың біліміне, біліктігіне, дағдыларына қойылатын талаптардың бағдарын анықтауға мүмкіндік жасай алады.

Өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралы-

ның мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып,

түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс

тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып

беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға

көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.

Дидактикада оқу әдістемелік кешенінде нақты пән бойынша бағдарламаларда көрсетілген білімді меңгеруге және тәрбиелік міндеттерді неғұрлым толық іске асыру мақсатында құрылатын және оқушылардың жеке басының дамуына жәрдемдесетін дидактикалық оқу құралының жүйесін түсіндіреді. Бұндай кешенде оқулық басты рөл атқарады. Оқу әдістемелік кешеніне мыналар жатады:


  • Жұмыс дәптері;

  • Мұғалім үшін әдістемелік материалдар;

  • Оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін дидактикалық материалдар;

  • Өзін-өзі тексеру материалдары;

  • Анықтамалық материалдары, т.б. жатады.

Жеке тұлғаның өзінің іс-әрекетін өз бетімен анықтап, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге жетуі үшін білім беру мазмұнында ғана емес, сонымен қатар, оқушыларды жеке тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін оқушылардың білімін бағалау жүйесінде жұмыс дәптері қолданылып жүр.

Жұмыс дәптері деп оқушылардың білімділік және біліктілік дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқу құралын айтамыз.

Жұмыс дәптерінің міндеті- бағдарламада берілген оқу материалдарының мазмұны мен көлемін бөлшектеп алу және білім беруді жүйелеу болып табылады. Оқушылардың әр қайсысына жұмыс дәптерін тарата отырып олардың білімін өтілген материалдар бойынша қаншалықты игергенін тексеріп, бағалау өте тиімді әдіс болып саналады.

Жұмыс дәптері оқушылардың білімін, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттырып, өтілген материалдарды пысықтауға, бекітуге және оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруына көмектесіп, оқушылардың білімдерін тексеруге арналып жасалынады.

Орта мектепте жұмыс дәптерін қолдану оқушылардың шығармашылық белсенділіктеріне сәйкестендіріліп, олардың жас ерекшеліктерін ескеріліп жасалынуы тиіс. Жұмыс дәптерінде ұсынылатын қосымша тапсырмалар және сұрақтар өте анық, түсінікті, оқушылар ой тұжырымдарын жасауға ыңғайлы болуы тиіс.

Жұмыс дәптері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және түрлі қабілеттерін дамытуға, танымдық мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі және оқушылардың білімін тереңдетуге, дамытуға, өз бетінше жұмыс жасауға, ойлау қабілеттерін арттыруға көмектеседі.

Информатика сабақтарында оқушылардың жеке-дара жұмыс істеуі оқытудың барлық кезеңдерінен бастап, олардың алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау және тексеру қызметтерінде де жүргізіле береді. Оқу процесін ұйымдастыруда жұмыс дәптерін материалдарды қайталауда, бірнеше тақырыптарды өтіп оларды қорытындылау және де білімді тексеру кезеңдерінде пайдаланған жөн.

Жұмыс дәптерінің ерекшелігі-ол әр өтілген материалдар бойынша сыныптағы барлық оқушыларды қамтып, олардың сабаққа қатысуын қадағалап, барлық оқушыларды бағалай алады.

Орта мектептерде информатика пәніне арналып жасалған жұмыс дәптері әр түрлі әдістемелік технологиялар арқылы оқушылардың қабілеттерін тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау әдістеріне мына төмендегілер жатады:


  • Оқулықтағы материалдар бойынша сұрақтарға жауап алу әдісі. Бұл сұрақтарға оқушылар нақты түрде дұрыс жауаптарын жазулары тиіс;

  • Өтілген материалдар бойынша тест алу әдісі. Бұл тест сұрақтарына оқушылар дұрыс жауаптарын көрсетіп қоюлары қажет;

  • Оқушылардың ойлау логикасын қалыптастыруға арналған әдістер. Мұнда оқушыларға арналған сөз жұмбақтар, ребус, фильворд, т.б. беріледі, яғни өтілген материалдарға арналып жасалынады. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылық қабілеттерін арттырады.

Жұмыс дәптері оқулық бойынша мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, оқушыларға жеке-жеке таратылып беріледі. Сабақ соңында мұғалім жұмыс дәптерін жинап алып, жаңа өтілген материалдар бойынша оқушылардың қаншалықты жаңа материалдарды қабылдағанын, сабаққа қатысуын, оқушылардың білімі мен біліктілігін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, әр сабақ сайын сабаққа қатысқан оқушыларды үнемі қадағалап, олардың білім деңгейін бағалап отырады.

Осындай жұмыс дәптерін информатика пәнінен жетінші сынып оқушыларының білімін тексеруге пайдалану тәсілі төмендегі үлгіде көрсетілген.

1-сабақ.

Адам. Ақпарат. Компьютер.



    1. Ақпарат.

Тапсырмалар:

  1. Ақпарат дегеніміз не? Дұрыс жауабын жаз.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  1. Ақпаратты жеткізу арнасы деген не? Дұрыс жауабын жаз.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3. Ақпаратты өңдеу дегеніміз не? Дұрыс жауабын жаз.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................


  1. Ақпараттық процесс деген не? Дұрыс жауабын жаз.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................
5. Адам ақпаратты қалай қабылдайды? Дұрыс жауабын жаз.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................

6. Адам ақпаратты сақтау, жеткізу, өңдеу процестеріне мысал келтір.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................

7. Адам ақпараттарды қалай қабылдай алады? Дұрыс жауабын жаз.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................

8. Адам қабылдайтын ақпараттардың түрлерін ата?

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................

9. Бейнелік ақпарат және таңбалық ақпарат деген не? Дұрыс жауабын жаз.

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................……



10. Мына ребусты шеш.
,,,,, ,, , , ,,,


Мұғалімнің қойған бағасы:_______ ( ______________ ) ________



    1. Ақпаратты түрлендіру.

Тапсырмалар:

  1. Кодтау дегеніміз не? Дұрыс жауабын жаз.

.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................... Кодтау кезінде бит деген не? Дұрыс жауабын көрсет.

.....................................................................................................................................................................................................................................................................………………………

3. Жай екілік таңбалар қандай таңбалар арқылы белгіленеді? Дұрыс жауабын көрсет.

а) 0 және 1

ә) 1 және 2

б) 0 және 2

4. Байт дегеніміз не? Дұрыс жауабын көрсет.

...............................................................................................................................................................................................................................................................................………………

5. Ағылшын тілінде екілік кодтауды қалай атаймыз? Дұрыс жауабын көрсет.

а) бит


ә) байт

б) мега


6. Кодтау кестесі деген не? Ол қанша бөліктен тұрады? Дұрыс жауабын жаз.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................…………

7. «АВС» әріптерін екілік кодқа айналдырып жаз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................………


8. «4+А-В=С» теңдеуін екілік кодқа айналдырып жаз.

..................................................................................................................................................................................................................................................................................................……

9. Мына берілгендерді битке айналдырып жаз.

1 байт =?

1 Мбайт =?

1 Кбайт =?

1 Гбайт =?

10. «АВС+Д» мына берілгендерді екілік кодта жазып бер.

...................................................................................................................................................................................................................................................................................……………

11. Сингал деген не? Дұрыс жауабын жаз.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................……………

12. Сигналдардың қанша түрі бар? Дұрыс жауабын көрсет.

а) 2

ә) 3


б) 1

13. Сигналдардың қандай түрін білесіз? Дұрыс жауабын жаз.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................

14. Ақпарат көлемі дегеніміз не? Дұрыс жауабын жаз.

.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................…

15. ASCII кодын пайдаланып, мына 8F-80-90-92-80 берілгендерді жай сөзге айналдырып жаз.



…………………...........................................….........................................................................................................………………..............................................................................................
Мұғалімнің қойған бағасы_______ ( ______________ ) ________
Қазіргі кезде қазақ тілінде информатика пәніне арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік

құралдар, дидактикалық материалдардың тапшылығы белгілі. Информатика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге көмек ретінде, оқушылардың қызығушылықтарын дамытуға арналған дидактикалық материал ретінде осы жұмыс дәптерін қолдану тәсілін ұсынуға болады.
жүктеу 140,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау