Типовая форма



жүктеу 62,58 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі62,58 Kb.
#12837
түріКонкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ

« » наурыздағы 2017 ж.
«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:

1. «Қызылжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ тілдерді дамыту бойынша бас маман, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға және атқарушы билік органдарына, халыққа қызмет көрсетудің түрлі салаларына, бұқаралық ақпарат құралдарына, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне практикалық көмек көрсету;

Халықтың түрлі жастағы топтарын мемлекеттік тілге үйретуді ұйымдастырады;

Мемлекеттік, орыс және басқа да тілдерді дамыту бойынша жұмысты үйлестіреді, мемлекеттік тілдің, ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды қолдану аясын кеңейту мәселесі бойынша мемлекеттік басқару органдарымен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесе қызмет етуді жүзеге асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «білім» (қазақ тілі мен әдебиеті) бейіні бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «білім» ( қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі) білімі барларға бейндері бойынша мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда  рұқсат етіледі.

Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ іс жүргізу және нотариалдық әрекет бойынша бас маман, «E-G-3» санаты, 1 бірлік. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Құжаттау және екі тілде іс жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік апараттың қызметінде жиналған құжаттардың сыныптауышын әзірлейді және жасайды. Ауылдық округтің аппарат қызметшілерін шешімдермен, өкімдермен және басқа да құжаттармен таныстырады. Азаматтардан өтініштер, арыздар, ұсыныстар қабылдап, оларды тіркейді, оларды белгіленген мерзімде құзыретті мемлекеттік органдарға жібереді. Азаматтармен өткізілген жиналыстардың хаттамаларын ресімдейді. Кадрлар есебін жүргізеді, ауылдық округі әкімі аппараты қызметшілерінің жеке іс парақтарын рәсімдейді, нотариалдық істер мәселесімен айналысады. Азаматтардың жеке қабылдануын ұйымдастырады. Әкімнің жеке қабылдауында болған азаматтардың өтініштерінің, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалайды. Іс номенклатурасын құрастыру, тізімдемелік мұрағат құжаттарын жүргізу. Қолданыстағы номенклатураға сәйкес істер қалыптастырады, материалдарды мұрағатқа дайындайды және аудандық мұрағатқа тапсырады, орындаушыға уақытша пайдалануға істерді береді.

Статистикалық есеп беру. Қарастырылған заңнамаға сәйкес азаматтарға анықтамалар береді. Сайлаушылар тізімін құрастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «білім», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «құқық», немесе «техникалық ғылымдар» (құрылыс) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағат құжаттарын жүргізу және құжаттарды басқару, қаржы, экономика) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «білім», немесе «құқық» немесе «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» Құрылыс және ғимарат эксплуатациясы (техник-құрылысшы), «сервис, экономика және басқару», (Іс жүргізуші және мұрағат жүргізу (салалары бойынша), (қаржы (салалары бойынша), немесе экономика (салалар бойынша), немесе (аударма ісі (түрлері бойынша)) білімі барларға бейндері бойынша мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша  функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу E-R-4, Е–G-3 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оны   «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына
мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде.

Анықтамаларды телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
жүктеу 62,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау